Сабақ әзірлемесі байқауының ережесі жалпы ережелер



Дата01.06.2017
өлшемі67,79 Kb.
#17415
№1-қосымша
Бағдарламаның түйінді идеялары қолданылған «Үздік сабақ әзірлемесі» байқауының

ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ережелер
1.1. Ереже «Үздік сабақ әзірлемесі» байқауының өткізілу тәртібін анықтайды.
1.2. Байқауға 3 (базалық), 2 (негізгі) және 1 (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен педагог қызметкерлер қатыса алады.

1.3. Байқауға қатысуға негіздеме қатысушының жеке өтініші бола алады.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Бағдарлама идеяларын оқыту үдерісіне енгізуде педагогтардың уәжін арттыру.

2.2. Жеке даму, біліктілікті арттыру және педагог кадрлардың кәсіби шеберлігінің артуы.

2.3. Бағдарлама идеяларын оқыту үдерісіне енгізген педагогтердің тәжірибесін насихаттау және тарату.

2.4. Сабақ әзірлемелерінің әдістемелік қорын жасау және педагогтар қауымдастығына тарату.

3. Байқау номинациялары

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту;

Орыс тілі мен әдебиетін оқыту;

т.с.с басқа да пәндер бойынша

....

4. Конкурс шарттары

4.1. Байқауға қатысушы жеке әрі дербес орындалған бір (1) жұмысын ұсына алады. 4.2. Жұмыс бұрын жарияланбаған болуы шарт.
4.3. Байқау қатысушысы байқауға ұсынған материалының ПШО-ның білім беру сайтында, ПШО-ның Тараз қаласындағы филиалы дайындап шығаратын әдістемелік материалдар жинағына енуіне келісімін беруі қажет.
4.4. Байқауға ұсынылған жұмыстың титул парағында «Байқауды өткізу ережесі мен тәртібімен таныстым және келісемін» деген мәтін болуы шарт.
4.5. Байқауға ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.


5. Байқауға ұсынылған жұмысты бағалау критерийлері

5.1. Байқау талаптарына сай болу (негізгі тақырыбы, ресімделуі). Байқау талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстар қаралмайды.

5.2. Әдістемелік құндылығы.

5.3. Дидактикалық құндылығы.

5.4. Практикалық маңызы, оқыту үдерісінде шынайы қолдану мүмкіндігі. 

5.5. Қосымша көрнекі материалдарды негізді қолдану. 

5.6. Байқау материалдарының сынақтан өткізілуі туралы ақпарат (өткізілген сабақ бойынша мектеп директоры орынбасарының немесе бірлестік жетекшісінің қысқаша рецензиясы).

6. «Үздік сабақ әзірлемесі» байқауының өткізілу тәртібі, мерзімі

1. Байқау 2015 жылы 11 қараша күні Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің базасында сырттай өткізіледі.
2. Байқауға қатысқысы келетін педагогтер 10 қарашаға дейін өтініш жазады, байқауға ұсынатын жұмысын электронды және қағаздағы нұсқада өткізеді. Материалдарды ұсыну форматы осы Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.

3. Байқау комиссиясы материалдардың экспертизасын 2015 жылдың 11 қараша күні жүргізіп, 12 қарашада байқау қорытындысын шығарады.


7. Байқау қорытындысын шығару

7.1. Байқаудың қорытындысы бойынша жұмыстары әділқазылар тарпынан үздік деп танылған барлық қатысушылар аудандық білім бөлімінің және ПШО Тараз қаласындағы филиалының дипломдарымен марапатталады.
7.2. Ұйымдастыру комитеті жариялауға ұсынған бар материалдары филиал шығаратын әдістемелік жинаққа енеді.


8. Байқау материалдарын ресімдеуге арналған техникалық талаптар

Байқауға материалдар электронды және қағаз тасымалдағыштарда ұсынылады.

8.1. CD-дискте:
  • Байқау жұмысының конспектісі, 1 қосымшада көрсетілгендей ресімделеді. Мәтіндік редактор Word 2010 және мәтін шрифті Times New Roman, өлшемі - 12 пт, азат жолдары 2 см, түсі – қара, жоларалық интервал – бірлік.


  • Тексте қолданылатын графикалық нысандар JPEG, TIFF форматта жеке файл ретінде тіркеледі.


  • Таныстырылым Power Point 2010 орындалады және 5-тен 20-ға дейін слайд болады, көлемі – 40 Мбайттан көп емес. (Байқау жұмысының көлемінің артық болуына негізделген жағдайда ғана жол беріледі)




8.2. Қағазда: байқау жұмысының конспекті (1 қосымшаға сәйкес ұсынылуы тиіс).


Қосымша 1

Байқау жұмысын баспа түрінде ұсыну сызбасы:



  1. Титульдық парақ (2 қосымшаны қараңыз)

  2. Сабақтың конспекті:
  • сабақтың мақсаты;


  • сабақтың типі;


  • сабақтың жоспары (кезеңдері мен уақыты көрсетілген);


  • сабақ барысының конспекті. Оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті жеке ұяшықтарға жазылады (үлгісі берілген). 




Слайд нөмірі
(таныстырылым болған жағдайда)


Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Слайд 1

әрекет 1

әрекет 1

әрекет 2

әрекет 2



Слайд 2

әрекет 1

әрекет 1

әрекет 2

әрекет 2





3. Байқау материалдарының сынақтан өткізілуі туралы ақпарат (өткізілген сабақ бойынша мектеп директоры орынбасарының немесе бірлестік жетекшісінің қысқаша рецензиясы).

Қосымша 2

(Білім беру мекемесінің толық атауы)
«Үздік сабақ әзірлемесі» байқауы 2015-2016 оқу жылы
Номинация
Жұмыстың атауы (сабақтың тақырыбы, пәні, ОӘК көрсетілген)


Автор туралы ақпарат:
  • Т.А.Ә. 

  • Туылған жылы.

  • Жұмыс орны.


  • Лауазымы.


  • Педагогикалық өтілі.


  • Біліктілік санаты.


  • Байланыс телефоны.


  • Байланыс E-mail.



Байқауды өткізу шарттары мен тәртібімен таныстым және келісемін

Мерзімі Қолы

ПШО-ның Тараз қаласындағы филиалы дайындап шығаратын әдістемелік материалдар жинағына жұмысымды енгізуге келісемін.

Мерзімі Қолы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет