Сабақ: Иррационал теңдеулер Мектеп: «мдшо бар №9 орта мектеп»кмм күні: 15. 11. 2016ж



бет1/4
Дата09.08.2017
өлшемі0,57 Mb.
#23070
түріСабақ
  1   2   3   4


11 «А» сыныбында «Иррационал теңдеулер»

тақырыбында өткізілген ашық сабақтың рефлексивті есебі

математика пәнінің мұғалімі: Р.Байдилданова


Сабақ: Иррационал теңдеулер

Мектеп: «МДШО бар №9 орта мектеп»КММ

Күні: 15.11.2016ж.

Мұғалім: Байдилданова Роза Толеубековна

Сынып: 11 «А»

Қатысқандар саны:13

Қатыспағандар саны: 2

Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

Математика сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда топтық жұмыстың ықпал етуі

Сабақ мақсаттары:

Оқушыларды иррационал теңдеу анықтамасын, оны шешудің әр түрлі тәсілдерімен таныстыру. Теңдеудің бөгде түбірі ұғымымен танысып, иррационал теңдеулерді шешкенде түрлендірулер нәтижесінде пайда болатын бөгде түбірлерді анықтау үшін айнымалы орнына табылған түбірлерді қойып тексеру керектігін ұғыну.


АКТ- ны тиімді қолдану. Өзгенің пікірімен санаса алуға, топтық бағалай алуға баулу.

Барлық оқушылар: Иррационал теңдеу анықтамасын, оны шешудің әр түрлі тәсілдерімен танысу. Теңдеудің бөгде түбірі ұғымымен танысып, иррационал теңдеулерді шешкенде түрлендірулер нәтижесінде пайда болатын бөгде түбірлерді анықтау үшін айнымалы орнына табылған түбірлерді қойып тексеру керектігін ұғынады.

Оқушылардың басым бөлігі: Иррационал теңдеу анықтамасын, оны шешудің әр түрлі әдістерімен танысу, анықтамасын білуі және оларды есептер шығару барысында пайдалана алады. Бірін - бірі бағалауға үйренеді.

Кейбір оқушылар: Өзгенің пікірімен санаса алуға үйренеді, формулаларды қорыта алады,күрделі есептерді шығаруға талпынады.

Тілдік мақсат:

Иррационал теңдеу анықтамасын, оны шешудің әр түрлі тәсілдерімен танысады, анықтамасын біледі және оларды есептер шығару барысында пайдалана алады.АКТ- ны қолданады. Өзгенің пікірімен санасып,топта бағалай алатын болады.

Оқушылар:Иррационал теңдеу анықтамасын, оны шешудің әр түрлі әдістерін біледі. Анықтамаларды, формулаларды пайдаланып есептер шығарады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Иррационал, бөгде түбір,жаңа айнымалы енгізу,дәрежеге шығару.

Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Ашық-жабық сұрақтарда,миға шабуылда,презентацияда, топпен,жұппен жұмыста көрініс табады.

Талқылауға арналған тармақтар:

Иррационал теңдеу анықтамасын, оны шешудің әр түрлі әдістерін біледі. Анықтамаларды, формулаларды пайдаланып есептер шығарады

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Постер құру,ой –түрткі сұрақтар мен жауаптар, тест сұрақтары



Алдыңғы оқу

6,7,8-сынып курсынан теңдеу түрлерін қайталап келу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар


Басталуы

І.Ұйымдастыру (3 минут)

    1. Сәлемдесу ;

1.2 Сынып тізімін тексеру;

1.3Жағымды психологиялық ахуал туғызу



« Капитан » ойыны

ІІ. Үй тапсырмасы (2 минут)

«Миға шабуыл» әдісі

-Балалар, осы иррационал деген ұғым сендерге таныс па? Иррационал сандарды еске түсірейік. Енді осы уақытқа дейін теңдеулердің қандай түрлерін өттік тағы да еске түсірейік.Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Иррационал теңдеулер».

Үй тапсырмасын ауызша сұрау арқылы оқушыларды диалогқа тарту.


Оқулық,

11сынып,


А.Е.Әбілқасымова,К.Д.Шойынбеков, М.И.Есенова,

З.А.Жұмағұлова Алматы «Мектеп»2015 , интернет желісі АКТ



Ортасы

-Бүгінгі тақырыпты ашу өздеріңе жүктеледі. Өткен сабақта үйден осы тақырыпты жақсылап оқып, шамаларың жеткенше түсініп келуді тапсырғанмын. Қазір әр топқа тақырыпты бөліп беремін, өздерің бір-бірлерінің пікірлеріңді ортаға салып, тақырыпты қорытып шығарыңдар.

(Алдын ала сынып екі топқа бөлініп,әр топқа үй тапсырмасына бірдей иррационал теңдеуді шешудің екі түрлі тәсілмен шешіп, зерттеп келу берілді.) 

III.Топқа бөлу (Стикерлер арқылы бөлінеді). «ИКС» тобы, «ИГРЕК» тобы. (1 мин)

Мақсаты:Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың келісімге қол жеткізулеріне ықпал ету.Оқушылардың белсенділіктерін арттыру.

ІV. Топтық жұмыс «Иррационал теңдеулер» тақырыбын өздері түсіндіреді (16 минут)

( презентация және постер қорғау) 1-топқа: «Бірдей дәрежеге шығару тәсілін» қорғау, 2-топқа: «Жаңа айнымалы енгізу тәсілін» қорғау тапсырылады.



Мақсаты: Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру.

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген тақырыпты оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. Топ басшысы бағалайды.

Бақылаушының бағалау парағы






«Миға шабуыл»

Тақырыптың ашылуына үлес қосу

Есептер шығару

Тест

Қорытынды







Бағалау өлшемдері

2 ұпай

5 ұпай

3 ұпай

5 ұпай







1






















2





















Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау, барлық айтылған

ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру


Интерактивті тақта

Презентация


Стикерлер


Оқулық,плакаттар,маркерлер,стикерлер, ноутбук

үлестірме парақтар ,бақылаушының бағалау парағы




Аяқталуы


V.Жеке жұмыс:«Есептер шығару» оқулықпен жұмыс (10 мин)

Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен есеп шығару білік, дағдыларын қалыптастыру.

А тобы №120-1,2 №121-1,2 №123 -1,2

Мұғалім оқушыларға бөгде түбір табудың тағы бір әдісін көрсетеді.

VI.АКТ көмегімен сабақты бекіту (презентация). (2 мин)

Тест тапсырмасы (5 тапсырма) (5 мин)

VII.Бағалау (топ басшысының бағалауы) (3мин)

VIII.Кері байланыс: Оқушылар сабақта алған білім деңгейлеріне қарай стикерге жазып «Тілек ағашына» жапсырады ( Нені білдім?, Нені түсіндім? Нені білгім келеді?) (3 мин)

IX.Үйге тапсырма:

8.Иррационал теңдеулер тақырыбын оқу.

А тобы №120-3,4 №121-3,4 №122 -1,2


Оқулық,

11сынып.


А.Е.Әбілқасымова

К.Д.Шойынбеков,

М.И.Есенова,

З.А.Жұмағұлова Алматы «Мектеп»2015


Слайд көрсетіледі
Слайд көрсетіледі
Есептердің жауаптары интерактивті тақтада көрсетіледі.
Сурет,стикерлер

Қосымша ақпарат : Интернет желісі

Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс.

Құндылықтардағы байланыс

Ғаламтор көздерін , іздендіру-зерттеу тапсырмалары, шығармашылық жұмыстар

Бағалау парағы арқылы бағалау,мадақтау, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау,смайликтермен бағалау.

Топ ережесін бекіту; презентация жасай алады

Рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты нақты құрылды.Оқушылар «Иррационал теңдеу» анықтамасын, оны шешудің әр түрлі әдістерімен танысты. Теңдеудің бөгде түбірі ұғымымен танысып, иррационал теңдеулерді шешкенде түрлендірулер нәтижесінде пайда болатын бөгде түбірлерді анықтау үшін айнымалы орнына табылған түбірлерді орнына қойып тексеру керектігін ұғынды ,анықталу облысы арқылы таба алады..
есептеуді біледі.Сыныпта «Капитан » тренингін өткізу арқылы психологиялық ахуал туғыздым.Мен жоспарлаған топпен жұмыс тиімді болды.Сынып ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс жасады.Топтық жұмыс кезінде сыни ойлауға,диалогтік оқытудың тиімділігін,жеті модульдің элементтерін енгіздім.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Топтардың тақырып бойынша постер қорғауы,презентация жасауы.

2:Топтардың бір-бірін шынайы бағалауы

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:АКТ қолдану,топтық жұмыста бірлескен жұмыс;

2:Жеке жұмыста дарындылықты анықтау;
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Топтық,жұптық жұмыстарда бірлесіп, ынтымақтасып жұмыс істеудің тиімділігі.



Оқушылардың сабаққа, білім алуға деген көзқарастарына өзгеріс енгізе отырып, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі бойынша білім беруді жоспарлауда оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларға психологиялық жағымды ахуал қалыптастырудан бастадым.



Сыныппен амандасып, еркін отыруларын сұрап, өмірмен байланыс ретінде «Құтқару» ойынын ойнатудан бастауды жөн көрдім. Оқушылар бұл ойынды қызығушылықпен орындап, әр топ белсенділік пен ұйымшылдық танытты.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет