Сабақ «Қысқаша көбейту формулалары»



Дата13.08.2017
өлшемі127,02 Kb.
#23309
түріСабақ
Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

№9 орта мектеп

Ашық сабақ



«Қысқаша көбейту формулалары»

Математикалық пойыз ойыны

7 «б» сынып

Алгебра


Математика пәнінің мұғалімі:

Көшімова Гүлсім

7.02.2014 жыл

Тақырып: Қысқаша көбейту формулалары


Білімділік: Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді ықшамдауда және көпмүшелерді көбейткіштерге әртүрлі тәсілдермен жіктеуде қолдану біліктіліктерін тексеру, жалпылау; есептеу дағдыларын тереңдету.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру, алгебраға деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: компьютер, мультимедиа, тапсырмалары бар карточка , таратпа материал, MyTest бағдарламасымен құрылған тестік тапсырмалар.
Сабақ типі: Білімді жүйелеу және жалпылау сабағы.

Сабақ жоспары

1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. (1 мин.).

2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау. Сабақ кіріспесі. (1мин.).

3. Бекеттер бойынша жұмыстар

Билетке тапсырыс беру – «Тестік тапсырма» (10 мин.).

1. Бекет– «Деңгейлік тапсырма» (7 мин.).

2. Бекет – «Олимпиадаға дайындық» (11 мин.).

3. Бекет – «Ауызша сұрақтар» (9 мин.).

4. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы (1 мин.).

Сабақтың барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.

Сынып бөлмесі мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ басталмастан бұрын үй жұмысын тексеріп алу.

  1. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау.

Кіріспе

Мұғалім бүгін алгебра курсының негізгі тарауларының бірі - «Қысқаша көбейту формулалары» тарауын қайталайтынын хабарлайды.

7 сынып курсы бойынша көптеген маңызды тақырып қарастырылғанын және де оларды білмей алгебра курсын әрі қарай оқу мүмкін еместігін ескертеді. Сабақ ойын түрінде өтетінін және ойынның жүргізілу тәртібімен таныстырады. Сабақ соңында әр оқушының «Білім» қаласына қай вагонмен келгенімен бағаланатынын ескертеді. Ол үшін алдымен билетке «тапсырыс береді»: формулаларды бекіту мақсатымен оқушылар компьютермен MyTest бағдарламасымен құрылған тестік тапсырмаларын орындайды. Білімдерін компьютер бағалайды. Алған бағалары бойынша математикалық поездың сәйкес вагонына орналасып, «Білім» қаласына аттанады.

«5»-тік баға алған оқушы купе вагонымен;

«4» -тік баға алған оқушы плацкарт вагонымен;

«3» -тік баға алған оқушы жалпы вагонмен аттанады,

ал «2» -лік баға алған оқушы «Білім» қаласына сапарға аттана алмайды.

Сонымен қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы өз вагондарынан басқа вагондарға ауыса алады. Мысалы деңгейлік тапсырмалардың үшеуі дұрыс орындалса, жалпыдан→ плацкартқа; плацкарттан→купеге; екеуі дұрыс орындалса, өз вагонында қалады, ал егер біреуі дұрыс орындалса, керісінше

купеден→ плацкартқа; плацкарттан→жалпыға ауысады. Басқа бекеттердегі тапсырмаларды өз сұраулары бойынша орындайды және вагондарға ауысу тәртібі тапсырмалары дұрыс орындалса ғана жүзеге асады.

Сәт сапар тілейміз!

Тест


  1. Екі өрнектің квадраттарының айырмасы неге тең?

А. a2+2ab+b2 В. a2-2ab+b2 С. (a-b)(a+b)

2. Екі өрнектің айырымының квадраты неге тең?

А. а2+ав+в2 В. a2-2ab+b2 С. (a-b)(a+b)

3. Теңдеуді шешіңдер:  х2 – 16 = 0

А) 16;   - 16               Б) 0                   В) 4;   - 4

4.Көбейткіштерге жіктеңдер:  25х2 – у2

А) (5х – у)(5х + у)        Б) (5х – у)2            В) (5х + у)2

5. Екімүшенің квадраты түрінде жазыңдар: а2 +12а + 36

А) (а – 6)2              Б) (а + 6)2             В) (а + 18)2

6. Көпмүше түріне түрлендіріңдер: (а + 9в)2

А) а2 + 9ав + 81в2        Б) а2 – 18ав + 81в2         В) а2 + 18ав + 81в2

7. Көпмүшеге түрлендіріңдер: (7 – 3у3)2

А) 49 + 21у3 + 9у6           Б) 49 – 21у3 + 9у6             В) 49 – 42у3 + 9у6

 

3. Бекеттер бойынша тапсырмалар орындау



  1. Бекет– «Деңгейлік тапсырма»

C деңгей-

купе вагондағы оқушыларға

1. Тепе-теңдікті дәлелдеңдер: (х – 1)(х+1)(х2+1)(х4+1)=х8-1.

Дәлелдеуі: (х2 – 1)(х2+1)(х4+1)= (х4 – 1)(х4+1)= х8-1.

х8-1=х8-1∎



2. Амалдарды орындаңдар:

Шешуі:

Жауабы: 80

3. Теңдеуді шешіңдер: 4х2-9=0

Шешуі: 4х2-9=0

(2х-3)(2х+3)=0

2х-3=0 2х+3=0

2х=3 2х=-3

x=1,5 х=-1,5

Жауабы: x1=1,5, х2=-1,5

В деңгей

Плацкарттағы оқушыларға

1.Санды өрнектің мәнін табыңдар: (2 – 1)(2+1)(22+1)(24+1)(28+1)–216

Шешуі: (2 – 1)(2+1)(22+1)(24+1)(28+1)–216=(22–1)(22+1)(24+1)(28+1)–216=

=(24-1)(24+1)(28+1)–216=(28-1)(28+1)–216=216-1–216= –1

Жауабы: -1

2. Бос орындарды толтырыңдар:

(*+*)2=*+84x2y3+49y6

Жауабы:


(6х2+7у3)2=36х4+84x2y3+49y6

3.Көбейткіштерге жіктеңдер: 64a6-125b9

Жауабы:

64a6-125b9=(4a2-5b3)(16a4+20a2b3+25b6)


A- деңгей

Жалпыдағы оқушыларға

1. Көбейткішке жікте:36х2 -400с2=(6х-20с)(6х+20с)

2. (5х-2)(х+1)-(5-2х)2 өрнегін стандартты көпмүшеге түрлендіріңдер.

Жауабы: х2+23х-27

3. Бос орындарды толтырыңдар:

(3m2-*)2=*+6m2t3+*

Жауабы:

(3m2 –t3 )2=9m4-6m2t3+t6

2. Бекет – «Олимпиадаға дайындық»

№8.14 Есептеңдер:



№7.10


Х62у4 өрнегін көбейткіштерге жіктеңдер:

Шешуі:х22 –у2 )(х22)

. №9.22

(х-2у)3 = өрнегін көпмүше түрінде жазыңдар.



Шешуі: х3-6х2 у+12ху2 -8у3 екі өрнектің айырымының кубы формуласы арқылы

3. Бекет – «Ауызша тапсырмалар»

  • Қысқаша көбейтудің қандай формулаларын білесіңдер?

  • Оларды неге қысқаша көбейту формулалары деп атайды?

  • Қысқаша көбейту формулалары қандай мақсатта қолданылады?

1.Қысқаша көбейту формулалары жақшаларды ашуда қолданылады:

(а±b)2; (а-b)(а+b); (а±b)3, (а±b)n, (a±в±с)2,... .

2.Көбейткіштерге жіктеуде қолданылады: а2±2аb+b2; а2-b2 ; а3 ±b3; а3-b3

аn +bn , n-тақ сан болғанда және аn-bn

3.Өрнектерді оқыңдар. Бірінші мен екінші өрнекті атап және оларды квадраттаңдар: (2+х)2, (2х+3)2, (0,5у2+1)2;

4.Көбейтуді орында: (х-2)∙(х+2), (0,2-с2)∙(0,2+с2), (7+х)∙(х-7);

5.Көбейткіштерге жіктеңдер:

а2+18аb+81b2, с4 – 121, х3+8, а2+2аb+b2–9; х4 – 125х; 27а3 – а5 , 9 – (х-2)2.

Шешуі: Топтастыру арқылы

Қосымша тапсырмалар

№31.28


теңдеуді шешіңдер: (х+2)(х2-2х+4)-х(х-3)(х+3)=26

Жауабы: 2

№31.34

843+243⋮1944 екендігін дәлелдеңдер.



7. Үйге тапсырма.

Егер «Білім» қаласына:



Купе вагонымен келсеңіз:

Паскаль үшбұрышын қолданып, келесі екімүшелерді 4,5,- дәрежелерге шығарып, көпмүше түрінде көрсетіңдер: (у-2), (с+1), (а23), (в+3)



Плацкарт вагонымен келсеңіз:

Диофант есебі.

Қосындысы 20, ал көбейтіндісі 96 болатын екі санды табыңдар.

Диофант осы есепті шешу үшін квадраттар айырмасы формуласын қолданды. Сендер де солай шығарып көріңдер.

Шешуі: (10+х)(10–х)=96

х=2

Жауабы: 12 және 8



Жалпы вагонымен келсеңіз:
п-нің қандай мәнінде:

(2п-1)2-(2п-1)2 өрнегі 8-ге бөлінетіндігін дәлелдеңдер.



Қосымша тапсырма

Қысқаша көбейту формулаларын қайталау. №218, № 219 есептерін шешу



4. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы. Рефлексия. Мұғалім бүгінгі сабақта әр оқушының өз білімін қалай көрсеткені туралы қорытындылайды.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет