Сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратушы



Дата16.12.2021
өлшемі18,96 Kb.
#101626
түріСабақ
Байланысты:
fd36b086-f2b7-40ce-90e5-b74f12618006
fd36b086-f2b7-40ce-90e5-b74f12618006

Дәріс тақырыбы: Оқытуды ұйымдастыру нысандарының тарихы.

1.Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние

жүзінің мектептеріне таратушы.
1-сұрақ. Оқыту жұмысының нәтижесі белгілі дәрежеде қолданылатын ұйымдастыру түрлеріне, әдістеріне және тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі.

Я.А.Коменский оқушылардың таным қабілеттіліктерін дамытуға ұмтылып отырды.

Коменскийді сол кезде үстемдік еткен оқытудың түрі де, оқытудың қолданылатын әдістері де ешқандай да қанағаттандырмады. Оқытудың түрі оқушыларға негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан сабақ сұраумен шектелді.

Ал педагогика тарихында тұңғыш рет әртүрлі әдістерді қолдана отырып, жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсынды, оның ішінде көрнекті оқыту әдістеріне ерекше орын берді. Я.А.Коменский алғаш рет жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсына отырып, төмендегі негізгі мәселелерге ерекше назар аударды:

1) оқу жылы белгілі жыл мезгілінің тек ғана бір күні басталуы қажеттігін ұсынды;

2) ғылыми білімнің барлық жиынтығы сыныптарға дәл бөліну туралы;

3) уақыт сондай дәл бөлінген болу керек, әрбір жыл, ай, күннің өзінің ерекше міндеттері болу керек.

Я.А.Коменский оқу жылы және оның оқу тоқсандарына бөлінуі ұғымын алғаш рет бекітті, оқу демалыстарын (каникулдары) енгізді, оқу күнін ұйымдастыруды анықтады (4 сағат ана тілі мектебінде, 6 сағат латын мектебінде) теориялық тұрғыдан сынып-сабақ жүйесінің негізін салды және оны тәжірибеде қолданды, іске асырды.

Я.А.Коменскийге дейін мектептерге шәкірттерді қабылдау әртүрлі уақытта, бүкіл оқу жылының бойында жүргізілді. Шәкірттер сыныпта бірге отырғанмен, бірақ сыныптағы барлық оқу шәкірттермен көп жағдайда ұжымдық сабақ болмады. Мұғалім әр шәкіртпен жеке жұмыс жүргізді. Сонымен, Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесінің негізін сабақты қалай жоспарлау, өткізу керек, шәкірттерден сұрап отыруға, сонымен қатар сабақта жаңа материалды түсіндіріп отыруға және жаттығуларға ерекше көңіл бөлді.

Сабақты жүргізуде мұғалімнің атқаратын қызметі ерекше. Кітаптар, оқулықтар – бұл тілсіз мұғалімдер. Тек ғана мұғалімнің сабақта материалды түсіндіргеннен кейін ол шәкірттің жан дүниесінде жаңарып, терең із қалдырады. Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым-қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл-оспағымен түсіндіру арқылы шәкірттердің сабаққа деген ынтасын оятады. Сабақтағы шәкірттердің зейініне ерекше мән берді. Ал зейінді жарықпен салыстырады. Әсіресе, сабақты ойдағыдай меңгеру шәкірттің сабаққа зейін аударуына тікелей байланысты. Я.А.Коменский мұғалімдерді шәкірттермен, сыныппен жұмыс істей білуге үйретті.Я.А.Коменский мұғалімге ерекше мән берді. Мұғалім мамандығының өте құремтті, абыройлы мамандық екеніне тоқтала келіп, оны өте жоғары бағалады: «Оларға (мұғалімдерге) тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес», - деген болатынды. Бұл мұғалімге, оны ұлы мәртебелі ісіне жаңаша, прогрессивті көзқарас болып табылады. Бұл мәселе күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей отырған өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Я.А.Коменский: «мұғалім - ол әруақытта да таза, белсенді, табанды, шәкірттерге адамгершілік қасиеттің үлгісін көрсетуі тиіс, сонымен қатар білімді, еңбек сүйгіш болуы керек» - деп жазды.

Я.А.Коменский теориялық оқулық қандай болу керектігі туралы құнды теориялық ойларды ұсынды және бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, осы теориялық қағидаларын іс жүзіне асырды. Оның айтуынша, оқулықтар дәл және түсінікті тілмен жазылуы керек, оның сыртқы түрі балалар үшін өте тартымды болуына тоқталды.

XVII ғ. Я.А.Коменский сол облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің «Великая дидактика» кітабында сынып-сабақ жүйесін дәлелдеді, оның кезеңдерін түсіндірді:

- оқу материалдарын баяндау;

- жеке және барлық оқушылардың жұмысын бақылау;

- оқушылардан оқу материалын сұрау.

Сабақта әр түрлі дидактикалық принциптер (оқытудың көрнекілік, жүйелілік, тиянақтылық принциптері) пайдаланылды. Оқу сабақ формасында сыныпта оқушылардың белгілі кұрамымен кесте бойынша жүргізілді. Бұл жүйе оқытудың сынып-сабақ формасы деп аталды.

Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір он балаға бөледі, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы-декурион жүргізеді.


Бақылау сұрақтары:

1.Сынып-сабақ жүйесін зерттеп, әлемге таратқан кім.

2. Я.А.Коменский жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсынуда, қандай негізгі

мәселелерге ерекше назар аударды.

3. Сынып-сабақ жүйесінің кезеңдері.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. Педагогика. –Астана. 2014.



2. Құрманалина Ш., Ғалымова Ә. Педагогика. –Астана. 2016.

3.Әбенбаев СМ. Педагогика. -Астана. 2015.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет