Сабақ жоспар Тақырыбы: Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу. Гиподинамияның салдары



Дата13.02.2020
өлшемі21,48 Kb.
#57908
түріСабақ
Байланысты:
00051661-c41952fa
00051661-c41952fa, 1 ҚЫРКҮЙЕК СЦЕНАРИЙ-2019, аке жауапты лауазым, 800 сұрақ жауабымен (7) (2)-1, Педагогика ЖАҢА 2019, Педагогика ЖАҢА 2019, 1 Қазақ әдебиеті. 7 сынып. Қ. Қайсенов. Жау тылындағы бала. 4 сабақ ҚМЖ (2), Дебаттың ойын ережесі (1), 1сентябрь куратор сағаты, Жас маман, срмп11, Өмірзая. Баққожа Мұқай, оқу Жылдамдығы
Қырық құдық ауылы орта мектебі

Сабақ жоспар

Тақырыбы:Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу. Гиподинамияның салдары.

Биология және химия пән мұғалімі: Абилова Ғазиза Исматовна


2015-2016 оқу жылы


Оқу ісінің меңгерушісі: Айгисова С.Е.

Сабақ№28 Сынып:8 Күні:15.12

Тақырыбы:№28 Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу. Гиподинамияның салдары.

Сабақтың мақсаты:      1. Оқушыларға  дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың аллдын алудың маңызын түсіндіру .

  2. Бұлшық еттердің атқаратын қызметін салыстыра  отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін

қалыптастыру.

3. Адамгершіліке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:                 Аралас сабақ. 

Пәнаралық байланыс:     қазақ әдебиеті, география, салауаттану, сурет.

 

Ұйымдастыру кезеңі:     -    Амандасу



  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ.Үй жұмысын тексеру

1.Бұлшықеттердің топтарын атаңдар.

2.Қолды бүгетін,жазатын бұлшықеттер топтары қай жерде орналасқан?

3.Бұлшықеттердің қажуы қандай жағдайларға байланысты?

4.Бұлшықеттердің бірбасты,екібасты,үшбасты және төртбасты деп бөлінуін түсіндіріңдер,олар дененің қай жерінде орналасқан?

5.Бұлшықеттердің гигиенасын қалай сақтауға болады?



ІІІ.Жаңа сабақ

Дене бітімінің түзу,әрі сымбатты болуы,жүрісінің жеңіл болуы адамды әдемі етіп көрсетеді.Алайда,әрдайым осылай бола бермейді.Кейде әдемі,сұлу адам бүкірейіп,аяғын сүйретіп,әрең жүреді.Сымбат неліктен бұзылады?

Сымбаттылық омыртқа жотасының жағдайына байланысты.Қалыпты жағдайда омыртқаның мойын,арқа және бел иірімдері болады.Міне омыртқаның осы жағдайы әдемі сымбаттылық түзеді және ішкі мүшелерді қорғайды.

Бүкірліктен және омыртқаның бір жағына қисаюынынң сымбат түзеді.Сымбаттың бұзылуының себептері:



  • Бұлшықет жүйесінің жеткіліксіз және дұрыс дамымауы;

  • Үстел мен орындықтың оқушы бойына сәйкес келмеуі;

  • Ауыр заттарды бір қолмен ғана көтеруге әдеттену;

  • Үйде және мектепте үй тапсырмасын орындаған кезде партада дұрыс отыру ережесін сақтамау болып табылады.

Сымбатты сақтау үшін күн тәртібін орындау керек.Денені шынықтыру,оқу жиһазы мен жабдықтардың бойға сай таңдалып алыну сымбатты сақтаудың тәсілдері болып табылады.Партада отырғанда аяқты түзу қойып,кеудені тіремей түзу отыру керек.Дәптерге аса жақын еңкеймеу керек.Көз бен дәптер арасындағы қашықтық 30 см болуға тиіс.Егер сымбаттылық бұзылса,онда оны дер кезінде емдік гимнаститикалық жаттығулар орындау арқылы түзетуге болады.

Қалыпты сымбаттылық мынадай көрсеткіштер арқылы қалыптасады:

1.басты түзу ұстау;

2. иықтардың бір деңгейде болуы;

3. екі жауырынды бірдей деңгейде ұстау;

4. омыртқа иірімдерінің біртекті болуға тиіс.

6.жамбас сүйектерінің көлбеу деңгейлерінің бірдей болуы;

7.аяқтардың ұзындығының және ек і табанның симметриясы бірдей болуы;

8.қаңқаның екі жағындағы бұлшықеттердің симмметриясы бірдей болуы;

9. сымбат үшін табанның сипатының мәні зор,себебі жалпақ табандылық сымбаттылықты бұзады.


Жалпақтабандылықтың алдын алу.

Баланың сымбаттылығының қалыптасуы мен дамуына аяқтың табандардың жағдайы үлкен әсер етеді.Егер бұлшықеттер мен буындар әлсіресе,дененің барлық салмағы буынға түседі де,ол созылады.Соның нәтижесінде табан жалпаяды,яғни жалпақтабандылық пайда болады. Жалпақтабандылық дамыған кезде табанның тірек қызметі бұзылады,ал ол сымбаттың бұзылуына әкеліп соғады.Аяқтың, буын мен белдің ауыруы қанайналудың бұзылуынан болады.

Жалпақтабандылықты болдырмаудың жолдарының бірі- табанның буындары мен бұлшықеттерін нығайту жаттығуларын жасау болып табылады.Баланың аяқ киімі тар болмауы керек.Аяқ киім табанға сәйкес келуі тиіс.Өте тар аяқ киім табанның пішінін өзгертеді,одан кейін қанайналым нашарлайды.Аяқ киімнің кішкентай өкшесі болуы керек.Қыздарға өкшесі өте биік аяқ киімдерді киюге болмайды,одан жүрісі өзгереді.

Жалпақтабандылықты болдырмау үшін мынадай жаттығулар жасау керек:



  • аяқтың ұшымен жүру;

  • табанның екі шетімен жүру;

  • допты,шеңберді өкшемен айналдыру;

  • таста,құмда, жерде жалаң аяқ жүру.

Бұл жаттығулар табанның буындарын нығайтады.Тілерсек пен табанды уқалап, салқын ванна қабылдау керек.

Гиподинамияның салдары.

Ертедегі гректер «Денің сау болсын десең-жүгір,әдемі болғың келсе-жүгір,ақылды болғың келсе-жүгір»деген екен.Шындығында,соңғы кездердегі тәжірибелерден байқалып отырғандай,адам денсаулығы қимыл белсенділігіне тікелей байланысты.Қимыл белсенділігі қазіргі заманғы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.Адамдар көп уақытын қозғалыссыз өткізеді. «Гиподинамия»ұғымы туралы әдебиеттерде,теледидарда және радиохабарларда жиі айтылып жүр. Гиподинамия-қазіргі заманғы аурулардың негізгі себептерінің бірі.Дене күшінің,бұлшықет қызметінің кемуі қозғалыстың аздығынан екені анық сезілуде.

Қозғалыс кезінде бүкіл организмнің белсенділігі артады:жүйке жүйесі мен жүрек жұмысы реттеліп,қуат және оттегімен қамтамасыз ету белсенділігі күшейеді.Дене аз қозғалған жағдайда өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды,бұлшықет дамымайды,жүректің қызметі нашарлайды.

Егер бұлшықет ұзақ уақыт бойы аз қозғалыста болса,ол болбырап,әлсірей бастайды,көлемі азаяды.Қаңқа бұлшықеті қозғалысының жеткіліксіз болуы гиподинамия деп аталады.Ал,қозғалыстың мөлшері мен ауытқу деңгейі шектелген жағдай гипокинезия деп аталады.Бұл жағдайда жұмысқа бұлшықеттің аздаған бөлігі ғана қатысып,қалған бөлігі жеткілікті дәрежеде қозғалмайтындығы анықталды.Аз қозғалатын адам тез шаршайды,басы жиі ауырады,жүрек ауруына бейім болады. «Кім көп қозғалса,сол көп өмір сүреді» деген мақалды есіңде сақта.

Дене жаттығуларының мынадай түрлері болады:

-әуелі буынды жаттықтырудан баста.Бұл бұлшықетті қыздырады және оны керіліп-созылуға дайындайды.

-бұлшықетті дамытудың дұрыс әдісі-оны жұмысқа біртіндеп және баяу қатыстыру.Бұлшықетті ешқашан ауырғанша созба.

- қайталау санын біртіндеп ұлғайтуға болады.

-жаттығуларды жарты сағаттан аптасына екі рет жүйелі түрде жүргізу керек.

-егер белгілі бір бұлшық еттер ауырсынып қалса,басқасын жаттықтыр.Ауырған бұлшықетті жаттықтыруға асықпаған жөн.

-егер бір бұлшық ет басқалардан әлсіздеу болса,оны көбірек жаттықтырған жөн.

Жаттығулар:

Аяқ бұлшықеттерін созу. Қабырғадан 15-20 см қашықтықта тұрып,оған қолыңды тіре.Басыңды қолыңа қой.Бір аяғыңды тізеден бүгіп,екінші аяғыңды табаныңды еденнен алмай артқа қарай соз.

Қолыңды және иықты созу.Оң қолыңды басыңның үстіне қойып,оң жақ шынтақтан ұста да,оны иық керілгенше тарт.Оны жағдайда 10сек тұр.Осы жаттығуды екінші қолыңмен жасап көр.

Арқаны созу. Шалқаңнан жатып,оң жақ тізеңді екі қолыңмен ұстап,оны кеудеге қарай тарт.Арқаңды көтермей,10 сек.ұстап жат.Содан соң жаттығуды екінші аяғыңмен орында.

Бүкіл денені созу.Шалқаңнан жатып,қолыңды жоғары соз.Енді қолың мен аяғыңды қарама –қарсы жаққа созып 10 сек. ұста,содан соң бұрынғы қалпыңа кел.

Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттықтырудың әсері.

Денсаулықты нығайту және ұзақ өмір сүрудің бірден-бір жолы –дененің қимыл белсенділігі екені ежелден белгілі.Дене жаттығулары адамның денсаулығын нығайтады,көңіл-күйін жа қсартады.Денсаулыққа тек дене шынықтыру жаттығуларын жасау,дененің қимыл белсенділігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Жаттығулардың мынадай түрлері бар:


  • жалпы дамыту жаттығулары;

  • таңертеңгілік гигиеналық жаттығулар;

  • өндірістік жаттығулары;

  • сауықтыру-емдеу жаттығулары;

  • атлетикалық жаттығу;

  • ырғақты жаттығулар

  • жүзу;

  • спорт ойындары-футбол,баскетбол,волейбол,теннис және т.б.

Жаттығулардың әрқайсысының өзіндік мақсаты және адам ағзасы үшін атқаратын қызметі болады.

Жалпы дамыту жаттығулары бұлшық ет жүйесін дамытады,тамырларды қатайтып,олардың серпімділігін күшейтеді.Бірқалыпты дене қозғалысы қанмен қамтамасыз етуді және қан тамырлардың қоректенуін,бұлшық еттің созылғыштығын жақсартады.

Емдік жаттығу омыртқаның қисайған да жалпақ табандылықты қалпына келтіруге ұсынылады.Жаттығулармен айналыса отырып,көкірек бұлшық еттерін дамытуға,терең тыныс алуды реттеуге болады.Емдік жаттығулар жүрек,қан тамыр жүйесін,бауыр,бұлшық ет және жүйке жүйесін нығайтады.

Таңертеңгі жаттығу дене шынықтырудың ең көп таралған түрі.Онымен әрбір адам айналысуы тиіс.Ол ағзаны күнделікті қуатпен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.Түнгі ұйқы кезінде ағзаның қызметі баяулайды.Ертеңгілік жаттығу адамның оянуын жеделдетіп,ұйқысын ашады,ми толық оянады.Жаттығу жүрек,қан тамыр және тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартып,мүшелерді оттегімен қамтамасыз етеді.

Жаттықтыру сәті:

а)алғашқыда баяу жүр 10 минут, содан соң жүрісіңді жылдамдат, яғни көңіл күйіңе байланысты 5-15 минут, одан кейін терең тыныс алып, қайтадан баяу жүр. 10 минут

б)екінші кезеңде- 20-25 минут бойы алғашқыда шапшаң, соңында баяу журу керек.

в)үшінші кезеңде-шапшаң жүру үздіксіз жалғасып,1 сағатқа созылады.

Ертеңгілік жаттығуды жасағанда қозғалу жылдамдығын бірте-бірте көбейтіп,содан соң азайтып жай жүріспен аяқтау керек.Жаттығудан кейін салқын сумен жуынып-шайыну керек.Ертеңгі жаттығуды таза ауада немесе жақсы желдетілген бөлмеде өткізген жөн.

Жүзу көкірек қуысын дамытып,жүйке жүйесін нығайтады.Арқаны түзеп,омыртқа бұлшықетін күшейтеді,сымбатты жақсартады.Өкпенің тіршілік сыйымдылығын арттырып,тыныс алуды күшейтеді.

Шаңғы тебу ептілікті,тепе-теңдікті,икемділікті,сымбаттылықты дамытып,аяқтың бұлшықетін нығайтады.

Волейбол мен баскетбол жүректің жұмысын күшейтіп,арқа бұлшықеттерін дамытады,сымбатты жақсартады,ептілікке баулиды.

Дене шынықтыру нәтижесінде:


  • денсаулық нығаяды,дене дұрыс дамиды,жұмыс істеуге қабілеттілік артып,ағзаның ауруларға қарсылығы күшейеді.

  • адамның жігері шыңдалып,ерік күші тәрбиелене бастайды;

  • денсаулық үшін маңызы зор гигиеналық дағдылар мен әдеттер қалыптасады;

  • адамда дене тәрбиесіне,спортқа,салауатты өмір салтына қызығушылық пен сүйіспеншілік тәрбиеленеді.

IV.Қорытынды

V.Бағалау.



VI.Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып, музыкамен жаттығулар үйреніп келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет