Сабақ жоспары №1 Күні-айы: 23. 10. 2015 Топ: эд-03 Курс: I мамандығы: 1114000 дәнекерлеу ісі



Дата22.06.2017
өлшемі41,92 Kb.
#19560
түріСабақ
БЕКІТЕМІН

«Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК аға шебері:

______________ Тукеева Ж.С.

Сабақ жоспары № 1
Күні-айы: 23.10.2015 Топ: ЭД-03 Курс: I

Мамандығы:1114000 – дәнекерлеу ісі

Бөлімнің тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың тақырыбы: Еңбек, өрт қауіпсіздіктерін сақтау, шеберханалардың қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Студенттерге техникалық және санитарлық-гигиеналық қауіпсіздікті сақтауды, жалпы жұмыс орнындағы қауіпсіздік талаптарын орындауға үйрету.

Дамытушылық:Студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік:Іскерлікке, ұқыпты, жинақы, сонымен қатар ұшқыр ойлы болуға, жеке бас қауіпсіздігін сақтай алатындай азамат болуға тәрбилеу.

Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету

Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау)

Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар:плакаттар, оқулықтар, кестелер, үлестірмелі материалдар.

Өткізілетін орны: Дәнекерлеу ісі мамандығының шеберханасы.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3.Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру.



2.Кіріспе нұсқау: (45 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;

1) Қауіпсіздік ережесі не үшін қажет?

2) Шеберханада студенттер қандай міндеттер мен ережелерді білуі керек?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;

Өндірістік шеберхана ережесі

Жалпы ереже

1. Студенттер өндірістік оқыту шеберінің рұқсатынсыз шеберханаға кіруге болмайды.

2. Студенттер өндірістік оқыту шеберінің рұқсатынсыз шеберханадағы құрал- жабдықтарға тиісуге болмайды.

3. Жұмыс бастар алдындағы қауіпсіздік нұсқауларымен танысуы қажет.

Электр және газ дәнекерлеу жұмыстары кезіндегі жалпы техника қауіпсіздігі.

Дәнекерлеу, пісіру өндіріс орындарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын білу керек.

Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде тыйым салынады :

- электрдәнекерлеуші және көмекші жұмысшыларға шлемсіз, қорғанғыш қалқаннемесе жарық сүзгісісәйкес келмейтін көзілдіріксіз жұмыс істеуге;

- жабдықтардың ток жүретін бөлігінің қоршауын ашып, жабуға немесе шешуге;

- дәнекерлеу қондырғысына жөндеу жүргізуге;

- қысыммен тұрған аппараттар ыдысын, құбырларда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге;

- тез тұтанатын немесе өртке қауіпті заттардан 6 метрден жақын жерде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге.

- электрмен дәнекерлеуші жазатайым оқиға кезінде адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелері мен тәсілдерін білуге міндетті.

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

1) Дәнекерлеу жұмыстары қолайсыз ауа райы кезінде жүргізіледі ме?

2) Шеберханада жұмыс бастамас бұрын қандай әрекеттер орындалуы тиіс?

3) Жеке бастың қауіпсіздігін сақтау үшін не істеу керек?

2.7.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;



3.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат)

3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

1) Қауіпсіздік талаптарын жеке-жеке талдау.

2) Өрт қауіпсіздігі, өртті болдырмау амалдарын саралау.

3) Жарақат алған жағдайда алғашқы көмек көрсете білу іс-шаралары.

3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):



  • жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;

  • еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;

  • технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;

- жұмыстарды қабылдау.

4. Қорытынды нұсқау (15 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау;

4.2.Жіберілген қателерді талдау;

4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;

4.4. Үй тапсырмасы:



1) Жалпы қауіпсіздік ережелері мен талаптарын жаттау.

5.Жұмыс орнын жинастыру.

Ө/о шебері: _______________Бердимуратова А.О.
Каталог: uploads -> doc -> 0334
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0334 -> Сабақ жоспары Оқытушы: Шаймурат Бауыржан Пән: Информатика Сабақтың тақырыбы : Microsoft Word 2013 мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік Топ : ЕҚ-16 Күні
0334 -> Сабақ тақырыбы: Алтын балта


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет