Сабақ жоспары №34 Күні Топ 03. 2016 231 Пән: Химия



Дата22.08.2017
өлшемі228,7 Kb.
#23789
түріСабақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАПШАҒАЙ КӨПСАЛАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МКҚК



Келісілді: Қаралды: Бекітемін:

Әдістемелік колледж әдіскері Колледж директоры

жетекші ________ А. Раймова __________________

______ Х. Сатбаева «___» «_______»2016 ж К.Б. Кажияхметов

«___» «_______»2016 ж «___» «_______»2016 ж


Тақырыбы: «Сабын және синтетикалық жуғыш заттар»
Пәні «Химия»


Оқытушы К .О. Суртаева

2016 ж


САБАҚ ЖОСПАРЫ № 34

Күні

Топ

3.03.2016

231



Пән: Химия

Сабақ тақырыбы: Сабын және СЖЗ ( синтетикалық жуғыш затар)

Сабақ түрі: аралас

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Білім алушыларға сабын беттік белсенді заттар,жуғыштық қасиеттері жайлы түсінік қалыптастыру, гидролиз, гидрлену реакцияларының мәнін түсініп , реакция теңдеулерін жаза білу.

Дамытушылық: өз бетінше ойлап, өз бетінше білім алу дағдылрын , белсенділіктерін арттыру , шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетімен білім алуға тәрбиелеу, бір- бірімен іскерлік қарым-қатынас жасай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, экологиялық, экономикалық, эстетикалық тәрбие беру.

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

А. Көрнекті құралдар: видео проектор слайд, сабын дистилденген су және кермек су, парашок.

Б. Негізгі әдебиет: Химия Н.Нурахметов,Қ.Бекішев, Н,А Заграничная

В. Пәнаралық байланыс: тарих әдебиет

Г. Сабақтың әдісі Фронтальды сұрақ, проблемалық сұрақ жауап.

Сабақты жүргізу кезеңдері

I. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру ( Ой шақыру) (7 мин)

Алған білімді еске түсіру үшін фронтальды сұрақтар қою. 
1.Майлар табиғатта кайда кездеседі?

2.Майлардың физикалық қасиеттері және биологиялық маңызы қандай?

3.Майлар қайда қолданылады?
Сынып екі топқа бөлінеді

3 минут уақыт беріледі осы үш минут аралығында бірінші топ А-дан- З- ға дейігі аралықта осы әріптерден басталатын, ал екінші топ И-дан Ф-ға дейінгі аралықта осы әріптерден басталатын «Күрделі эфирлер. Майлар» тақырыбына байланысты сөздер құрау керек, қай топ көп сөз құраса сол топ жақсы деген бағамен марапатталады.




ІІІ.Жаңа тақырыпты баяндау (20 мин )

Адамға өмір бойы серік болатын заттар бар

Жұпар иісі аңқыған

Тазалықты сақтаған

Жасасын бұл құдіретті

Әлемді кірден арылтқан

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?



Слайд 1 (тақырыбы)

Мақсаты:

Сабын және СЖЗ заттардың адам өміріндегі маңызы қандай.

Сабын және СЖЗ –ның құрылысын, қасиетін және қолданылуын танып білу

Слайд 2 « сабақтың жоспары»

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін сыныпты 2 топқа бөліп,алдын-ала тапсырмалар беріледі: 
Сұрақтарға жауап беру үшін оқулық,қосымша әдебиеттер,ғаламтор-ресурс қолдануға болады. 

Сабын тобына:сабынның тарихы, алынуы, құрамы, қасиеті, қолданылуы. Қоршаған ортаға әсері 


СЖЗ тобына: синтетикалық жуғыш заттардың алынуы, қасиеттері, құрамы қолданылуы, қоршаған ортаға әсері.  
Топтар берілген тапсырмалардың мәтіндерін оқып, бір-біріне айтып талдайды, өз ойларын бөлісіп,түсінгендерін талқылайды.Әр топтан 1-2 оқушыдан шығып,берілген тақырыпты толық баяндап айтып шығады. 
Сабын тобы.
Сабынның тарихы 
Сабын жасау ісімен адамзат баласы бұдан бұрын 6000 жыл бұрын айналысқаны белгілі. 
Т.Эберстің медициналық ежелгі египеттік трактатында сабын дәрілік препарат ретінде айтылады. 
Орта ғасырлара бізге жеткен жазбаларда сабын туралы мәлімет берілмеген. Бұл – түсінікті де, таңғаларлық жайт емес. Жаңалық атаулы дін тарапынан қудаланған, қатал жазаланған, сол бір қиын – қыстау жылдары тазалық, гигиена туралы түсінік кейінге ысырылды. 
Сабын қайнату Европада тек ХІV ғасырда пайда болды. 
Ресейде сабын өндірісін І Петр жолға қойған болып есептелді.Ал қазақ халқының сабынды қай кезде жасағаны туралы дәл мәлімет жоқ,бірақ Бұқар жырау(1668-1781) жырының: 
Қара қойдың терісін 
Сабынмен жусаң ағармас..... 

Шал Құлекеұлының(1748-1818): 
Сабының сақар болды.....-деген жыр жолдарына қарағанда, ерте кезден-ақ халқымыздың пайдаланғанын білеміз .Сабын - тілімізге арабтың «сабун»деген сөзінен енген тәрізді.Сабын сілтінің және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін, кір жууға арналған жұмсақ кесек немесе қоймалжың сұйық зат. 
Ертедегі қазақтар Кеңес үкіметі орнағанға дейін сабынды өздері жасағаны белгілі. Сабын жасау барысында қазақ халқы көптеген химиялық реакцияларды жасауына тура келді. Өсімдіктерді өртейді, оның күлін алып қайнатады, сосын оны тұндырады, тұнбаны суалтады, оны тағы қайнатады, май қосып араластырады да, қайнатып, суалтады, сүзіп алып кептіреді. 
Сабын өндірісінің ғылыми негізі ХIХ ғасырдың басында ғана қойылды. Бұған француз химигі Мишель Шеврельдің майлар химиясы туралы көптеген зерттеулері себеп болды. 
 
Құрамы: 

Слайд 4 «Сабынның формуласы»
Сабын – жоғары карбон қышқылының тұздары RCOOMe. Сабынның құрамында пальмитин С15Н31СООН және стеарин С17Н35СООН қышқылдарының тұздары(негізінен, натрий және калий тұздары)кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындығы металл катионына байланысты болады. Сұйық сабынның құрамына калий, қатты сабынның құрамына натрий катиондары кіреді. 

Слайд 5 «алыну реакция теңдеуі»
Сабынның алынуы. Тәжірибе (май + NaOH → глицерин + сабын) 

Сабындану реакциясын майды натрий гидроксидімен немесе натрий карбонатымен қыздыру арқылы жүргізеді. Реакция нәтижесінде глицерин мен жоғары карбон қышқылының натрий тұзы (сабын) түзіледі: 

CH2 – O – OC –C17 H35 CH2−OH 
| t | 
CH−O −OC−C17H35 +3 NaOH → CH−OH+C17H35COONa (натрий стеараты) 
| | сабын 
CH2−O−OC−C17H35 CH2−OH 
тристеарин (май) глицерин 
Түзілген сабынды бөліп алу үшін реакция өнімдеріне натрий хлоридін қосады, сонда сабын қоспаның бетіне қалқып шығып, глицерин астында қалады. Сабынды жинап алып, оған пішін береді. 

Қасиеттері 
а)Сабынды кермек суда сынау.Тәжірибе. Сабын кермек суда неге көпірмейді? 
Кермек суда сабын «іріп кетеді», себебі кермек суда карбон қышқылының кальций, магний тұздары тұнбаға түседі: 

Слайд 6 «реакция теңдеуі»
2С17Н35СООNa + CaCl2 → (C17H35COO)2 Ca↓+ 2NaCl 

б)Қышқылдармен әрекеттесуі.Тәжірибе. 
C17H35COONa + HCl→C17H35COOH↓+ NaCl 

Сыныпқа проблемалық сұрақ: сабынды кермек суда қалай көпіртуге болады? 
Суды жұмсарту,яғни судағы Са2+,Мg2+иондарын жою(байланыстыру) арқылы жүзеге асырылады. 

Сабынның тазартқыштық әрекеті 

Сабынның тазартқыштық әрекеті – күрделі процесс.Жоғары карбон қышқылы тұзының молекуласының полярлы бөлігі(-COO-;Na+)және полярсыз бөлігі (12-18 C атомы бар көмірсутек радикалынан тұратын) бар. 

Полярлы бөлігі суда ериді(гидрофильді), ал полярсыз бөлігі майда немесе полярлығы аз басқа заттарда(гидрофобты) ериді. 
Кәдімгі жағдайда май бөлшектері бірігіп, жабысып,жеке фаза түзеді.Ал сабын болғанда басқаша жағдай болды.Сабын молекуласының полюссіз бөлігі еріп, полюсті бөлігі су ерітіндісінде қалады. Аттас зарядтардың тебісуі әсерінен тамшы ұсақталып бөлшектенеді. Олардың әрқайсысының анион(-COO-)қабықшасы болады .Осы қабықша тамшыларды бірігуден сақтайды және суда майдың тұрақты эмульсиясын түзеді.Кірі бар майдың эмульсиялануы сабынның тазартқыштық әрекетін көрсетеді 


Қолданылуы 

Слайд 7 «Қолданылуы жайлы суреттер»
Жоғары карбон қышқылдары тұздарының қолданылуы жуғыш заттар ретінде шектелмейді.Кальций тұзын мұнай майларына қосып, солидол жағар майын алады.Тығыз маталарды алюминий сабынымен(тұзымен) өңдеп,су өткізбейтін брезенттер жасайды. Қорғасын, марганец сабындарын майлы бояулар дайындағанда пайдаланады.

 
СЖЗ тобы сөз кезегі
Синтетикалық жуғыш заттар,алынуы,қасиеттері 
Синтетикалық жуғыш заттар ( СЖЗ ), негізінен,анионбелсенді заттар- алкилсульфат немесе алкилбензолсульфонаттардың натрий тұзынан тұрады. RO-SO2- ONa немесе RC6H4SO3Na. R- құрамында 8-18 көміртек атомы бар көміртек радикалы. 
СЖЗ алу үшін әуелі спирт пен күкірт қышқылын әрекеттестіріп, күкірт қышқылының күрделі эфирін алады: 
Слайд 8 «Реакция теңдеуі»

Оқушы қосымша тақтаға жазады
R-OH+HO-SO2-OH→ R-O-SO2-OH+H2O
 

Түзілген алкилсульфаттан күрделі эфирдің натрий тұзын алады: 
Слайд 9 «Реакция теңдеуі»
R-O-SO2-OH+NaOH →R-O-SO2-ONa+H2O 

СЖЗ көмірсутектің ұзын тізбегі® мен ерігіш функционалдық топтан тұратындықтан, сабын сияқты жуғыштық қасиеті жоғары, кермек суда да жуғыштық қасиетін жоймайды. 
Кермек суда және дистилденген суда көрсетеді
 
Синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсері 
СЖЗ-тарды пайдалану кезінде олар ыдырап,бұзылмайды-сумен бірге ағып көлдерді,өзендерді,яғни қоршаған ортаны ластауы мүмкін.Сол себепті ақаба(кір)суларды тұндырғыштарда тұндырып,балдырларда болатын биологиялық бактериялар көмегімен тотықтыру арқылы тазалайды.Олар органикалық заттарды көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдыратады.Алкилсульфаттар мен алкилбензолсульфонаттарды ыдырататын бактериялар штамдары әзірленген,осылар арқылы микробиологиялық тазарту іске асады. Сондықтан жоғары жуғыштық қасиетімен қатар, биоыдырауға бейім келетін заттар алу көзделеді. 
Табиғи жағдайда кейбір организмдер әсерінен биоыдырау процесі жүретін жаңа препараттар алу - өмірдің басты талабы. 



IV.Жаңа тақырыпты бекіту (10 мин )

Вен диаграммасын толтыру

V. Үй тапсырмасы (2мин)

§10.4 оқу,5 -жаттығу

VІ.Сабақты қорытындылау ( 3 мин)

Сабын адамзат үшін ең қажетті зат деп тануымыз керек, себебі әр адамның өз мәдениетіне баса назар аударуы қажет. Сондықтан да бүгіні сабағымызда сендер өздеріңе қажетті барлық ақпаратты алдыңдар деп ойлаймын.


Бағалау. Оқушылардың жауап беру деңгейіне қарай және бекіту тапсырмасын орындауына

қарай бағаланады


Оқытушы _______ К. Суртаева



Сабақтың тақырыбы: 
Сабын және синтетикалық жуғыш заттар 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:техникада майларды өңдеу, осы мақсатта сабынның алынуы, құрамы,қасиеттері туралы білім беру; синтетикалық жуғыш заттар туралы мағлұмат беру; гидролиз, гидрлену реакцияларының мәнін түсініп, реакция теңдеулерін жаза білу. 
Дамытушылық: өз бетінше ойлап,өз бетінше білім алу дағдыларын,белсенділіктерін арттыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік:Өз бетімен білім алуға тәрбиелеу, бір – бірімен іскерлік қарым – қатынас жасай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, экологиялық, экономикалық, эстетикалық тәрбие беру. 
Сабақтың типі:аралас сабақ 
Оқыту әдістері: фронтальды сұрақ, тест, проблемалық,сұрақ-жауап,зертханалық тәжірибе,топтық жұмыс,сыни тұрғыдан ойлау. 
Пәнаралық байланыс:тарих,әдебиет 
Көрсетілім:Сабын, синтетикалық жуғыш заттардың қасиетін салыстыру,олардың индикаторға әсері 
Құрал-жабдықтар мен реактивтер: проектор,компьютер,экран, 
май, су, HCl, H2SO4, NaOH, NaCl ерітінділері, индикаторлар, сабын, синтетикалық жуғыш заттар, сынауықтар, құтылар. 
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі.(2минут) 
ІІ.Ой шақыру.( Үй тапсырмасын тексеру) 
Алған білімді еске түсіру үшін фронтальды сұрақтар қою. 
а) Майлар дегеніміз не? 
ә) Майлардың қандай мыңызы бар? 
б) Ересек адам тәулігіне 70 – 90 майды керек етеді. 1г май тотыққанда 9ккал жылу бөлінсе, 90 г май тотыққанда қанша энергия бөлінеді? (810ккал) 

Тест 
1. Күрделі эфирді алу қандай реакцияға жатады? 
а) бейтараптану; ә)полимерлеу; б) этерификация; в)гидрлеу 
2. Этилацетат изомерінің атын атаңдар. 
а) бутан қышқылы; ә) полимер; б )сірке қышқылы; в )құмырсқа қышқылы 
3. Қай қышқыл глицеринмен әрекеттесіп май түзеді? 
а) азот қышқылы; ә)тұз қышқылы; б) олеин қышқылы; в) сірке қышқылы. 
4. Май гидролизденгенде қандай заттар алынады? 
a)этиленгликоль; ә)глицерин; б)сірке қышқылы; в)пальмитин қышқылы 
5. Майды ыдырататын фермент 
a)амиалаза; ә)өт; б)липаза; в)протеаза 
6. Қай ғылым майды синтездеу арқылы алды? 
а)Бутлеров; ә)Бертло; б)Шеврель; в)Бертолле; 
7. Сұйық майларды қатты майға айналдыратын реагент 
a)бром; ә)сутек; б)натрий гидроксиді; в)күкірт қышқылы 
8. Не себепті өндірісте сұйық майларды қатты майларға айналдырады? 
a)глицерин; ә)сабын алу үшін; б)маргарин алу үшін; в)пальмитин алу үшін 
Жауаптары:1-б, 2-а, 3-б, 4-ә,в, 5-б, 6-ә, 7-ә, 8-ә,б. 
Бағалау: “5”- қатесіз,“4”- екі қате болса, “3”- төрт қате болса 
ІІІ. Мағынаны ашу: 
-Адамға өмір бойы серік болатын заттар бар 
Жүпар иісі аңқыған, 
Тазалықты сақтаған. 
Жасасын сабын құдіретті 
Әлемді кірден арылтқан! 
Бүгінгі сабағымызды осы затқа арналады. 
Тақырып: Сабын және синтетикалық жуғыш заттар. 
Мәселе қою: Сабын деген не? 
Ол қалай алынады? 
Не себепті сабын жуғыштық қасиетке ие? 
Синтетикалық жуғыш заттар, олардың сабыннан айырмашылығы. 
Қойылған мәселелер сабақ барысында шешіледі. 

Сабақтың жоспары сызбанұсқа(слайд) түрінде ұсынылады: 

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін сыныпты 3 топқа бөліп,алдын-ала тапсырмалар беріледі: 
Сұрақтарға жауап беру үшін оқулық,қосымша әдебиеттер,ғаламтор-ресурс қолдануға болады. 
Ақпараттық топқа:сабынның тарихы, құрамы, қолданылуы. 
Химиктер тобына: сабынның алынуы, қасиеттері; синтетикалық жуғыш щаттардың алынуы, қасиеттері. 
Зерттеушілер тобына:сабынның тазартқыштық әрекеті, қоршаған ортаға әсері. 
Топтар берілген тапсырмалардың мәтіндерін оқып, бір-біріне айтып талдайды, өз ойларын бөлісіп,түсінгендерін талқылайды.Әр топтан 1-2 оқушыдан шығып,берілген тақырыпты толық баяндап айтып шығады. 
Ақпараттық топ 
Сабынның тарихы 
Сабын жасау ісімен адамзат баласы бұдан бұрын 6000 жыл бұрын айналысқаны белгілі. 
Т.Эберстің медициналық ежелгі египеттік трактатында сабын дәрілік препарат ретінде айтылады. 
Орта ғасырлара бізге жеткен жазбаларда сабын туралы мәлімет берілмеген. Бұл – түсінікті де, таңғаларлық жайт емес. Жаңалық атаулы дін тарапынан қудаланған, қатал жазаланған, сол бір қиын – қыстау жылдары тазалық, гигиена туралы түсінік кейінге ысырылды. 
Сабын қайнату Европада тек ХІV ғасырда пайда болды. 
Ресейде сабын өндірісін І Петр жолға қойған болып есептелді.Ал қазақ халқының сабынды қай кезде жасағаны туралы дәл мәлімет жоқ,бірақ Бұқар жырау(1668-1781) жырының: 
Қара қойдың терісін 
Сабынмен жусаң ағармас..... 

Шал Құлекеұлының(1748-1818): 
Сабының сақар болды.....-деген жыр жолдарына қарағанда, ерте кезден-ақ халқымыздың пайдаланғанын білеміз .Сабын - тілімізге арабтың «сабун»деген сөзінен енген тәрізді.Сабын сілтінің және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін, кір жууға арналған жұмсақ кесек немесе қоймалжың сұйық зат. 
Ертедегі қазақтар Кеңес үкіметі орнағанға дейін сабынды өздері жасағаны белгілі. Сабын жасау барысында қазақ халқы көптеген химиялық реакцияларды жасауына тура келді. Өсімдіктерді өртейді, оның күлін алып қайнатады, сосын оны тұндырады, тұнбаны суалтады, оны тағы қайнатады, май қосып араластырады да, қайнатып, суалтады, сүзіп алып кептіреді. 
Сабын өндірісінің ғылыми негізі ХIХ ғасырдың басында ғана қойылды. Бұған француз химигі Мишель Шеврельдің майлар химиясы туралы көптеген зерттеулері себеп болды. 

Ақпараттық топ 
Құрамы: 
Сабын – жоғары карбон қышқылының тұздары RCOOMe. Сабынның құрамында пальмитин С15Н31СООН және стеарин С17Н35СООН қышқылдарының тұздары(негізінен, натрий және калий тұздары)кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындығы металл катионына байланысты болады. Сұйық сабынның құрамына калий, қатты сабынның құрамына натрий катиондары кіреді. 

Химиктер тобы 
Сабынның алынуы. Тәжірибе (май + NaOH → глицерин + сабын) 

Сабындану реакциясын майды натрий гидроксидімен немесе натрий карбонатымен қыздыру арқылы жүргізеді. Реакция нәтижесінде глицерин мен жоғары карбон қышқылының натрий тұзы (сабын) түзіледі: 

CH2 – O – OC –C17 H35 CH2−OH 
| t | 
CH−O −OC−C17H35 +3 NaOH → CH−OH+C17H35COONa (натрий стеараты) 
| | сабын 
CH2−O−OC−C17H35 CH2−OH 
тристеарин (май) глицерин 
Түзілген сабынды бөліп алу үшін реакция өнімдеріне натрий хлоридін қосады, сонда сабын қоспаның бетіне қалқып шығып, глицерин астында қалады. Сабынды жинап алып, оған пішін береді. 

Қасиеттері 
а) Сабын ерітіндісінің ортасын анықтау. Тәжірибе жасау. 
Оқушылар сабын ерітіндісінің ортасын әмбебап лакмус қағазының көмегімен анықтайды. Неге лакмус қағазы көгереді? (сабын ерітіндісінің ортасы сілтілік болғандықтан) 

Сабын гидролизінің теңдеуі: 
C17H35COONа + Н2О ↔ С17Н35СООН + NaOH 
ә)Сабынды кермек суда сынау.Тәжірибе. Сабын кермек суда неге көпірмейді? 
Кермек суда сабын «іріп кетеді», себебі кермек суда карбон қышқылының кальций, магний тұздары тұнбаға түседі: 
2С17Н35СООNa + CaCl2 → (C17H35COO)2 Ca↓+ 2NaCl 

б)Қышқылдармен әрекеттесуі.Тәжірибе. 
C17H35COONa + HCl→C17H35COOH↓+ NaCl 

Сыныпқа проблемалық сұрақ: сабынды кермек суда қалай көпіртуге болады? 
Суды жұмсарту,яғни судағы Са2+,Мg2+иондарын жою(байланыстыру) арқылы жүзеге асырылады. 
Зерттеушілер тобы 
Сабынның тазартқыштық әрекеті 

Сабынның тазартқыштық әрекеті – күрделі процесс.Жоғары карбон қышқылы тұзының молекуласының полярлы бөлігі(-COO-;Na+)және полярсыз бөлігі (12-18 C атомы бар көмірсутек радикалынан тұратын) бар. 

Полярлы бөлігі суда ериді(гидрофильді), ал полярсыз бөлігі майда немесе полярлығы аз басқа заттарда(гидрофобты) ериді. 
Кәдімгі жағдайда май бөлшектері бірігіп, жабысып,жеке фаза түзеді.Ал сабын болғанда басқаша жағдай болды.Сабын молекуласының полюссіз бөлігі еріп, полюсті бөлігі су ерітіндісінде қалады. Аттас зарядтардың тебісуі әсерінен тамшы ұсақталып бөлшектенеді. Олардың әрқайсысының анион(-COO-)қабықшасы болады .Осы қабықша тамшыларды бірігуден сақтайды және суда майдың тұрақты эмульсиясын түзеді.Кірі бар майдың эмульсиялануы сабынның тазартқыштық әрекетін көрсетеді 

Ақпараттық топ 
Қолданылуы 
Жоғары карбон қышқылдары тұздарының қолданылуы жуғыш заттар ретінде шектелмейді.Кальций тұзын мұнай майларына қосып, солидол жағар майын алады.Тығыз маталарды алюминий сабынымен(тұзымен) өңдеп,су өткізбейтін брезенттер жасайды. Қорғасын, марганец сабындарын майлы бояулар дайындағанда пайдаланады. 

Ақпараттық топ 
Синтетикалық жуғыш заттар,алынуы,қасиеттері 
Синтетикалық жуғыш заттар ( СЖЗ ), негізінен,анионбелсенді заттар- алкилсульфат немесе алкилбензолсульфонаттардың натрий тұзынан тұрады. RO-SO2- ONa немесе RC6H4SO3Na. R- құрамында 8-18 көміртек атомы бар көміртек радикалы. 
СЖЗ алу үшін әуелі спирт пен күкірт қышқылын әрекеттестіріп, күкірт қышқылының күрделі эфирін алады: 

R-OH+HO-SO2-OH→ R-O-SO2-OH+H2O 

Түзілген алкилсульфаттан күрделі эфирдің натрий тұзын алады: 

R-O-SO2-OH+NaOH →R-O-SO2-ONa+H2O 

СЖЗ көмірсутектің ұзын тізбегі® мен ерігіш функционалдық топтан тұратындықтан, сабын сияқты жуғыштық қасиеті жоғары, кермек суда да жуғыштық қасиетін жоймайды. 

Зерттеушілер тобы 
Синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсері 
СЖЗ-тарды пайдалану кезінде олар ыдырап,бұзылмайды-сумен бірге ағып көлдерді,өзендерді,яғни қоршаған ортаны ластауы мүмкін.Сол себепті ақаба(кір)суларды тұндырғыштарда тұндырып,балдырларда болатын биологиялық бактериялар көмегімен тотықтыру арқылы тазалайды.Олар органикалық заттарды көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдыратады.Алкилсульфаттар мен алкилбензолсульфонаттарды ыдырататын бактериялар штамдары әзірленген,осылар арқылы микробиологиялық тазарту іске асады. Сондықтан жоғары жуғыштық қасиетімен қатар, биоыдырауға бейім келетін заттар алу көзделеді. 
Табиғи жағдайда кейбір организмдер әсерінен биоыдырау процесі жүретін жаңа препараттар алу - өмірдің басты талабы. 

ІV.Сабақты қорытындылау.Ой-толғаныс:(оқушылардың жаңа сабақты қалай менгергенің анықтау үшін арнайы сұрақтар мен тапсырмалар орындалды) 
Сұрақтар: 
1.Қай ғалым сабын өндірісінің ғылыми негізін жолға қойды?(М.Э.Шеврель) 
2.Майлар гидролизденгенде қандай заттар түзіледі?(глицерин, жоғары карбон қышқылдары) 
3.Натрий стеаратының формуласы(C17H35COONa) 
4.Сабының синтетикалық кір жуғыш заттардан (СЖЗ)қандай айырмашылығы бар? 

Сабын бойынша қысқаша «синквейн» жазу. 
- жуғыш зат; 
- қатты және сұйық болады; 
- жоғары карбон қышқылдарының (пльмитин және стеарин) натрий,калий тұздары; 
- кермек суда көпірмейді; 
- гидролизденеді; 
- гидрофобты және гидрофильді бөліктен тұрады; 
- майға және натрий гидроксидін қосу арқылы алады. 
Венн диаграммасын толтыру 
Сабын ортақ белгілері СЖЗ 

Бағалау: Оқушыларды жауап беру деңгейіне қарай бағалау. 
Үйге тапсырма:11.4(8-12) 
Шығармашылық тапсырма:СЖЗ-тар туралы мәлімет дайындау
Каталог: uploads -> doc -> 034b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
034b -> «Көркем негізгі мектебі»
034b -> Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен өлеңдері. Сабақтың мақсаты
034b -> Пән мұғалімі: бекітемін
034b -> «ms word мәтіндік редакторында кесте құру» 1 2


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет