Сабақ жоспары. Алматы қаласы. Білім басқармасының ҚббжтғӘО қолдауымен жасалды. 4-тоқсан



бет1/2
Дата01.05.2020
өлшемі25,27 Kb.
#65301
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
10-сабақ. 5 сынып Қазақстан тарихы Чабденова -152 МГ


Чабденова Гаухар Дидаровна 152 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі.

Сабақ жоспары.Алматы қаласы. Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен жасалды.

4-тоқсан

10-ші сабақ.

6.1.

Пәннің атауы: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:

Сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылық өмірі

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың барысында, сендер, сарматтардың археологиялық ескерткіштерін сипаттау арқылы олардың шаруашылығы мен қоғамдық құрылысымен танысасыңдар

Сабақтың барысы:

Қысқаша конспект.

Сарматтардың Қазақстандағы археологиялық ескерткіштері Жайық, Елек, Жем өзендерінің жағалауларында орналасқан.

Сарматтардың Бәйте, Терең атты ескерткіштерін зерттеу барысында ас беруге, құрбандық шалуға арналға ғибадатханалары табылды. Табылған ғибадатханалардың ішіне тас төселіп, дөңгелек дуалдар мен құрбандық шалуға арналған тас үстелдер қойылған. Айналасына адам бейнелі діңгек тастар орнатылған. Ғибадатханаларда от жағылған орындардың қалдықтары көп кездеседі.

Сарматтардың маңызды ескерткіштері – Бесоба, Сынтас, Аралтөбе қорымдары. Бұл ескерткіштер көбінесе топырақтан немесе тастан үйілген. Бұл обалардың сыртқы пішіні, үйінділерінің көлемі, бірге көмілген заттардың әртүрлілігі әлеуметтік теңсіздікті айқын көрсетеді.



Сынтас обасында үш сармат сарбазы жерленген. Олардың екеуі өздерінің қолбасшысын қорғау үшін қоршап жатқан қатардағы жауынгерлерге ұқсайды. Обаны зерттеу нәтижесінде жауынгерлердің жанынан жебелердің қола ұштары, темір қанжарлар, ауыздықтар, пышақтар, қыш ыдыстар, сүйек қасықтар табылды.

Бесоба обасы бөренеден салынып, үстіне тал, шөп төселіп, топырақпен жабылған. Обада әйелдер жерленген. Ол жерден қола айна, алтын сырғалар, моншақтар, үш аяқты құрбандық тақта табылды. Бұл табылған жәдігерлер олардың абыз болғанын көрсетеді. Аралтөбе обасында сармат көсем мен оның әйелі ерекше құрметпен жерленген. Сармат көсемінің сырткиімі, қару-жарағы, қорамсағы және асатаяғы ал- тынмен зерленген. Көсемнің жанынан екі арғымақ пен қыран құстың сүйектері, жүзден астам жебесі бар қорамсақ, қыш құмыра, қылыш табылды. Қорымның айналасына тас мүсіндер қойылған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет