Сабақ жоспары Бастауыш сынып мұғалімі: Мейрхан Алмагул



бет8/11
Дата21.07.2017
өлшемі1,57 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3 - санына байланысты:

Мысалы: қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық .

Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет.

Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат.

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл
Үш із: бала, байлық, бақыт – білім.

Үш ғайып: қонақ, несібе, ажал.

Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы.

Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ.

10

Бір және қырық сандары


«Бір күн тұзың татқанға қырық күн сәлем»
Бір және жүз сандары:
«Бір жақсы дос, жүз туыстан артық»
Бір және мың сандары:
«Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді»
Аталған әдістерді сабақ барысында ғана пайдаланып қоймай, соны - мен қатар сыныптар арасында жарыстарда, сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастырғанда кеңінен қолдануға болады.
Мысалы, мынандай математикалық ойын өткізуге

болады. Бүкіл класс оқушылары үш немесе төрт топқа бөлінеді. Әр топтың басшысы, үстел үстінде жатқан төменгі бетінде жасырын саны бар шаршы қағазды кезек - кезегімен алады. Айталық шаршы қағазда «3» саны жазылған.

Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады. Мысалы: 1 саны батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады. 2 саны сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән. 3 саны ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны. 4 саны жұмбақ сан. 5 саны тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны. 6 саны әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес. 7 саны әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал. 8 саны басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар.

23


*** *** ***
Отыз ұлың болғанша, бір жаман шалың болсын.


40 - санына байланысты:
Жақсы кісі қырық жасында толады,
Жаман кісі қырық жасында солады.

*** *** ***


Жақсы әке жаман балаға қырық жыл ризық.

Сол сияқты, кейбір санның қолданыстағы баламасы болып келетін сөздерді үйрету мақсатында мына төмендегідей мақалдарды пайдалануға болады.
«Бір - жалғыз – бүтін» сөздері:
Жалғыз ағаш орман емес, жалғыз кірпіш қорған емес.
Қайыр қылсаң бүтін қыл.
«Екі – егіз - қос» сөздері:
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
Табақты үйдің тауығы – қос жұмыртқа табады.
Сонымен бірге, салыстыру мақсатында қолданыс тапқан сандар кездесетін мақал - мәтелдерді айтқызып, олардың мәнін талдап түсіндіруге болады:
Мысалы: Бір және екі сандары:
Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала.
Бір және үш сандары:
Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолға азық ал.

Бір және жеті сандары:
«Бір түлкі жеті бөріні алдайды»
Бір және он сандары:
«Бір тал кессең он тал ек»

22
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық.

Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із, Ел қазынасы – көне сөз, Тіл қазынасы – ескі сөз.

Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту

Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті .

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет.

Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар.

Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы.


3 санына байланысты мақал - мәтелдер

Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

*** *** ***
Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.

*** *** ***


Ат баспаймын деген жерін үш басады.

11



4 санының қадір-қасиеттері:

Төрт тұлға: от, су, жел, жер.

Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік.

Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс.

Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара, Жылқы пірі – Қамбар ата, Сиыр пірі – Зеңгі баба, Қой пірі - Шопан ата, ешкі пірі –Шекшек ата.

Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.

Төрт асыл: 1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-Шапағат.

Төрт ұры: 1. Азғырушы шайтан. 2. Күпірлік. 3. Тәкаппарлық. 4. Мейірімсіздік.

Төрт дария: 1. Ніл. 2. Фират. 3. Жейхун (Амудария) . 4. Сейхун (Сырдария).

Төрт бейғамсыздық: 1. Өлімді ойлау. 2. Залым адаммен отырмау . 3. Онымен сөйлеспеу. 4. Аулақ жүру.

4 санына байланысты мақал – мәтелдер:
Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды.

*** *** ***


Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.

12

10 - санына байланысты:


Он саусақтың саны бірдей болғанымен, тұрқы бірдей емес.

*** *** ***


Он рет айтқанынан бір рет көрсеткен артық.

*** *** ***

Он бала бір әкеге жүк болмайды,
Бір әке он балаға жүк болады.
12 - санына байланысты:
Су кезегінен қалған, он екі ай аш қалады.

*** *** ***


Он екі де бір гүлі ашылмаған.

*** *** ***


Шындық он екі қабат шынжырды үзеді.

15 - санына байланысты:


Болар бала он бесінде баспын дейді,
Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді.

*** *** ***


Ұл он беске келгенше, қолыңдағы қобызың,
Он бес жастан асқан соң, тіл алмаса доңызың.

*** *** ***


Он бесте отау иесі.


30 - санына байланысты: Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

*** *** ***


Отыз күн оразаның бір күн айты бар,
Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.
21



Каталог: uploads -> doc -> 0ee3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ee3 -> Сабақ жоспары пән аты: Информатика Тексерілді: Сыныбы/мерзімі
0ee3 -> «Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет