Сабақ жоспары бекітемін келісемін мектеп директоры: Қ. Ражанов Оқу ісінің меңгерушісі: А. М.Әбдіғапар



Дата07.09.2017
өлшемі452,78 Kb.
#29972
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

БЕКІТЕМІН КЕЛІСЕМІН

Мектеп директоры: Қ.Ражанов Оқу ісінің меңгерушісі: А.М.Әбдіғапар

«___»______ 2016 ж «___»______ 2016 ж

Пән мұғалімі: Ә.Қ.Молдаш



23.02.2016ж

Әдебиеттік оқу

4 - сынып

Сабақтың тақырыбы

Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»

Сабақтың мақсаты

Өлеңнің мазмұнын меңгере отырып, табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты меңгереді.

Табиғаттың адам өміріне, жан-жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады. Тақырып бойынша білім алады. Оқушы алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Қарлығаш құсын қастерлеуге тәрбиеленеді, қарлығаш құсына деген сүйіспеншілігін арттырады.

Сілтеме

4-сыныпқа арналған ана тілі оқулығы. « Атамұра» баспасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей),


Сабақта қолданылатын материалдар

Интербелсенді тақта, оқулық, стикер.

Тапсырмалар

  • Оқулықпен жұмыс, топтық тапсырмалар, сурет салу, сұрақтарға жауап іздеу.

Сабақта қолданылатын әдістер

Топтық жұмыс, 4- модуль. АКТ интерактивті тақта.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрәкеті

І. Ұйымдастыру бөлімі

(2 мин)


Психологиялық дайындық.
Смайликтер артындағы сандармен топқа бөлу

Интерактивті тақта арқылы психо-логиялық дайындықты оқушылар қайталайды.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

(7-8 мин)



«Жаралы торғай» өлеңін мәнерлеп оқу.

Жіңішке «ия», «жоқ» сұрақтарын қою



Оқушылар мәнерлеп оқып береді.

Оқушылар жауап береді.



ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

(18 мин)


«Жұмбақтар шешейік» арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Өтебай Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылығын айту.
Әр топқа жаңа тақырыпты жеке – жеке оқып түсініктерін бір – біріне айтуға тапсырма беріледі.
Қарлығаш, дәуіт, жылан жайлы түсінік беру.
Топтарға сұрақ – жауап әдісін қолдану.

Топтар жұмбақ шешеді.

Оқушылар Ө. Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылығымен танысады.

Әр топ оқулықтан оқып,түсінгеніндерін бір – біріне айтады.

Оқушылар топтастыру арқылы жазып көрсетеді.

Оқушылар сұраққа жауап береді.


Сергіту сәті

(2 мин)


4- модуль. АКТ. Интерактивті тақта

(«Күміс құмған – ай» сергіту сәті)



Интерактивті тақта арқылы бейне сергітуді оқушылар қайталайды.

IV Бекіту

(4мин)


Әр топ өз топтарының аттарын қорғау үшін тапсырма беріледі.

Дәуіт- пайғамбар есімі, араб тілінен аударғанда «сүйкімді,тартымды» деген мағынаны білдіреді.

Жыланға ақ құйып шығару- үйге еклген қонаққа міндетті түрде ертеде ақтан ауыз тигізетін болған, міне үйге келген жауға да ақ құйып құрметтеу дегеннен шыққан екен.

Бүкіл ел көшіп бара жатқанда Төле бидің үйінің шатырына қарлығаш ұя салып, содан Төле би қарлығаштың балапандары әбден қанаттанғанша көшпей қалып қойған, содан «Қарлығаш әулие атанып» кеткен.



V  Қорытынды

(4мин)


Кубизм әдісі арқылы жаңа сабақты қорыту.



VI Үйге тапсырма беру

(2мин)


Өлеңнің өзіне ұнаған 3 шумағын жаттау.

Ұнаған кейіпкеріне әңгіме құрастыру.




Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


VIІ Бағалау

(3мин)


Қалыптастырушы бағалау: өзін – өзі бағалау, топтық бағалау, мұғалімнің бағалауы .

Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау.

VIІІ Рефлексия

(2мин)


Жыланды көргенде қарлығаштың қатты қиналған жерін тауып оқу.

Оқыған кезіндегі сезімдерін стикерге жазып беру.

Каталог: uploads -> doc -> 049d
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
049d -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы сауданың дамуы Сабақтың мақсаты
049d -> Реферат «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры»
049d -> Зерттеу жұмысының тақырыбы: Қымыз-шипалы сусын Зерттеудің өзектілігі
049d -> Сабақтың дамытушылық мақсаты: музыкалық қабілеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұштау. Сабақтың типі: Аралас сабақ
049d -> Сабақтың түрі:қайталау Сабақтың типі: сайыс сабақ Пайдаланған көрекілігі: дана сөздер > ж. Баласаұғын


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет