Сабақ жоспары «Бекітемін» Пән мұғалімі 2016 ж. Пәні



Дата13.08.2017
өлшемі44,66 Kb.
#23678
түріСабақ
Сабақ жоспары
«Бекітемін»

_____________

Пән мұғалімі

«___» _______2016 ж.


Пәні: Информатика

Сыныбы:

5 «А»

5 «Ә»

5 «Б»

Күні:

04.04.2016 ж.

15.03.2016 ж.

18.03.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Блокнот және Калькулятор.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушыларды калькулятор программасын таныстыру, калькуляторды іске қосуды онымен жұмыс жасауды және сандық ақпараттарды өңдеуді үйрету, арифметикалық амалдарды қолданып есептер шығару. Блокнот және Калькулятор қолданбаларының міндеттері үйрету;
Дамытушылық: Оқушыларды калькулытор қолданбасымен жұмыс жасауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап;

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд, оқулық;
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу;
Оқушыларды тізім бойынша тексеру;
Оқушылардың сабаққа дайындалуы;

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Суретті, картинканы қалай кірістіруге болады?

2. WordArt мәтінін қалай кірістіруге болады?

3. Жазбаны, автофигураны қалай кірістіреміз?

4. Суретті мәтінге қосудың тәсілдері.

5. Құрал-саймандар тақтасы не үшін керек?

6. Пішімдеу тақтасы не үшін керек?

ІІІ. Жаңа сабақ

Енді дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазайық. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Блокнот және Калькулятор». Блокнот-мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым программа. Оның ерекшелігі – онда әріпті немесе абзацты пішімдеу мүмкіндігі қарастырылмаған. Блокноттың қызметі – мәтінді, мәтіндік пішімде сақтау. Осының арқасында Блокнотта сақталған файл дискіде ең аз орын алады. Блокноттың басқа мәтіндік редакторлардан артықшылығы – ол өте жылдам жүктеледі. Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз. Пуск - Программы - Стандартные - Блокнот. Блокнот қолданбасының терезесі. Формат-Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз. Файл – Сохранить как командасы арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *txt болады. Файл – Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз. 
Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа программаларға беруге болады. Сонымен қатар калькулятор сандық ақпаратты өңдеуге арналған. Калькуляторды іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор. Осы программаның кейбір мүмкіндіктері мен оны қолдану тәсілдерін қарастыру. Сандар мен арифметикалық амалдардың таңбаларын тышқанның көмегімен программаның терезесіндегі батырмаларды шерту арқылы немесе пернетақтадан енгіземіз. 
Калькуляторды іске қосу үшін, мына тізбекті орындау қажет:
Пуск - Все программа - Стандартные - Калькулятор.
Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда Қарапайым калькулятор шығады, сонан соң сендер соңғы рет жұмыс істеген калькулятордың нұсқасы көрінеді.
Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.
Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Вид менюінен оның сәйкес типін (түрін) таңдау арқылы орындалады.


Калькулятормен жұмыс жасау
Бұл калькулятормен жұмыс жасаудың принципі кәдімгі қалта калькуляторға  енгізу тышқанның сол ждақ батырмасымен калькулятордың батырмаларын шерту немес пернетақтадағы сәйкес цифрлы батырмаларды басу арқылы орындалады. Пернетақтаның сандық блогын сандарды енгізу үшін Num Lock пернесін басыңдар. Енгізілген цифрлар индикация өрісінде пайда болады.
Калькуляторды пайдаланып, арифметикалық амалдар орындау мысалдарын қарастырайық:
1.    756,87 және 849,03 сандарын қосу
Ол үшін калькулятордың сәйкес батырмаларында тышқанмен шертіп 756,87 санын теріңдер. Бұл санды тергеннен кейін «плюс» батырмасын шертіңдер.


ІV. Тапсырмалар

Кітаптан 194-195 беттердегі деңгейлік тапсырмаларды орындау.

V. Қорытынды

• Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай? 
• Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз? 
• Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін қалай өзгертеміз?
• Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу, әрекеттері қалай орындалады? 
• Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай? 
• Калькулятор программасының бірнеше терезесін бір уақытта ашуға бола ма? 

VI. Үйге тапсырма

§27 Блокнот және Каькулятор тақырыбын оқу 191-193 бет.

193 бет түйінді жазу.

VII. Бағалау

Оқушыларды үй жұмысы мен практикалық тапсырмалары бойынша бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 024b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
024b -> Сабақтың тақырыбы: Қысқы пейзаж


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет