Сабақ жоспары География пәнінің мұғалімі: Зейноллова жаркын Канаткызы



Дата06.07.2018
өлшемі44 Kb.
#47917
түріСабақ
«PISA халықаралық зерттеулері аясында ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған география 8 сынып бойынша сабақ жоспары»

География пәнінің мұғалімі:Зейноллова жаркын Канаткызы

Павлодар, 2015

Сабақтың тақырыбы: Отын – энергетикалық кешеннің ерекшелігі мен маңызы.
Мақсаттары:
Білімділік: ОЭК кешеннің құрамы мен құрылымы, маңызы туралы білім алу.
Дамытушылық: ОЭК салаларының өзара байланысын көрсететін тірексызба, диаграммалар құрастырып, талдауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық тәрбие беру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдістері: «Миға шабуыл», «ыстық картоп», коллобаративті шешу, Венн диаграммасы.
Құрал – жабдықтар: ОЭК қабырға карта, атлас, интернет – ресурстардан шағын фрагмент.
Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру 2 минут


ІІ. Мотивациялық кезең 3 минут
ІІІ. Материкке шолу 13 минут
IV. Бекіту 4 минут
V. Қорытындылау. Бағалау 3 минут
VI. Үйге тапсырма беру

Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалім оқушылармен амандасып, түгендейді және эммоционалды көңіл – күй жағдайын туғызады. Бағалау парағын таратады.
ІІ. Мотивациялық кезең

Отынның адам өмірінде маңыздылығын түсіндір.

«Миға шабуыл»


ІІ. Мағынаны ажырату:
Тапсырма № 1
«Ыстық картоп» стратегиясы § 17 мәтінің 1 тақырыпшасын оқып және 70-суретті талдап, отын – энергетика кешенінің салалық құрамы мен құрылымын анықта.
Тапсырма № 2
Венн диаграммасы стартегиясы § 17 – нің 2 тақырыпшасын оқып, 72 – суретті және атласты пайдаланып, Қарағанды мен Екібастұз көмір алаптарын салыстыр.
Тапсырма № 3
Сен білесің бе? – қосымша материалды пайдаланып Коллобаративті шешу стратегиясы арқылы көмірдің сапасы оның өзіндік құнына тигізетін әсерін дәлелде
Тапсырма №4
Тест тапсырмасы:


  1. Қарағанды көмір алабы қай жылдардан бастап кеңінен игеріле бастады?

А) 1920

В) 1930


С) 1950

D) 1960
Дұрыс жауабы: В) 1930




  1. Екібастұз көмір алабы қай жылдардан бастап кеңінен игеріле бастады?

А) 1920

В) 1930


С) 1950

D) 1960
Дұрыс жауабы: С) 1950




  1. Қоңыр көмірді қандай алапта және кең орында өндіреді?

А) Қарағанды

В) Қаражыра

С) Екібастұз

D) Майкүбі
Дұрыс жауабы: D) Майкүбі


  1. Қайсы алапта көмірді шахталық әдіспен өндіреді?

А) Қарағанды

В) Қаражыра

С) Екібастұз

D) Майкүбі
Дұрыс жауабы: А) Қарағанды


  1. Өзіндік құны ең арзан көмір қай алапта?

А) Қарағанды

В) Қаражыра

С) Екібастұз

D) Майкүбі
Дұрыс жауабы: С) Екібастұз


  1. Отын – энергетика балансын анықтау үшін барлық отын түрлерін неге ауыстырады?

А) Шартты отынға

В) Электр қуатына

С) Отын түрлеріне

D) Минералды шикізатқа
Дұрыс жауабы: А) Шартты отынға

ІІІ. Бекіту кезеңі
Қазақстанның басты көмір алаптарын кескін картаға түсір. Оқушылар кескін картаны пайдаланып, тапсырманы орындайды

БББ кесте толтыру




Білемін

Білдім

Білгім келеді










Кестені толтырады


ІV. Бағалау кезеңі
Бағалау парағын талдап, оқушыларды мадақтайды

Бағалау парағын толтырады


V. Үй тапсырмасын беру кезеңі
«Көмірдің қоршаған ортаға тигізетін әсері» эссе жазу

Оқушылар тапсырманы жазып алады.
Каталог: uploads -> doc -> 1084
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет