Сабақ жоспары Күні: 20. 12 Сабақ: 2 Сабақтың тақырыбы



бет1/3
Дата26.08.2017
өлшемі1,43 Mb.
#27873
түріСабақ
  1   2   3
Келісемін: Қазақ тілі. 11-«Б» «А» сыныбы.

Сабақ жоспары

 


Күні:20.12

Сабақ: 2

Сабақтың тақырыбы:

Шешенге қойылатын талаптар. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық.

Жалпы мақсаты

 


Шешенге қойылатын талаптарды білу, шешен сөйлеудің әдістерін меңгеру; шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру;

Оқу  нәтижесі:

 


Шешенге қойылатын талаптарды меңгеріп, көпшілік алдында сөйлей алу дағдысы қалыптасады, іскерлік қабілеті дамиды.

 


Түйінді  идея

 

 



 

«Біле бер қанша білсең, тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле».

   Ж.Баласағұн



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

  Мұғалім немен айналысады.

Оқушылар  немен айналысады

 


Мұғалімнің көшбасшылығы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Құрметті 11А сынып оқушылары, әріптестер, армысыздар. Қазақ тілі сабағымызға қош келіпсіздер! Бүгінгі сабақта әр оқушы өзін танытып, жан-жақты білімін көрсете алады деп сенемін. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!



Психологиялық дайындық. (оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, ынтымақтастық ортаны құру).

 

«Мен туралы басқалар не деп ойлайды?» ..........................................................

Барлық оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірінің бір қасиетін атайды. (1 минут)

Топқа бөлу. «Атомдар мен молекулалар»

Шарты: Мұғалім «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды. (АКТ көңілді әуен жіберіледі) 1 минут.

Мұғалім сабақты эпиграфтан бастайды: «Шешеннің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес. Адамзат баласының даналық мәйектерін толық меңгерген әрі сөздің таңғажайып қуатын өткір сезінген шешен даңқ тұғырына көтеріледі, көптің құрметіне бөленеді және мемлекетке бақыт әпереді, жақсылыққа кенелтеді».

Марк Туллий Цицерон

 

Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?



Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Шешенге қойылатын талаптар. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық». Бұл сабақтан сендер шешен болу үшін қандай талаптар қойылады және шешендердің шешендік сөздерін оқи отырып тіл тазалығын сақтап, көпшілік алдында әдеби тілде сөйлеуге үйренесіздер. (2 минут).



Топ басшыларға бағалау парағы тапсырылады:
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты есімізге түсіріп, қайталап өтейік.  Ол үшін сиқырлы сандықшадағы жасырынып тұрған сұрақтарға жауап беру керек. (М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы бойынша «Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойыны) 5 минут

1.      Шешендік немесе шешендік өнер дегеніміз не?

2.      Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді? Ата.

3.      Қазіргі шешендіктің түрлерін ата.

4.      Шешендік өнердің дамуына қажетті қандай алғышарттарды білесің?

5.      Троп дегеніміз не? Түрлерін ата.

6.      Фигура дегеніміз не? Түрлерін ата.

7.      Тіл тазалығы дегенді қалай түсінесің?

8.      Шешендік сөздің сапаларын атап бер.

Жақсы,балалар. Не себепті біз суырылып шешен сөйлей алмаймыз? Себебі, шешендік сөзге (шешенге) қойылатын талаптарды біле бермейміз.

Ендеше қалай ойлайсыңдар шешенге қандай талаптар қойылады? Көпшілік алдында қалай сөйлеу керек?

СТО. Ой шақыру. 5 минут.

Оқушылар сұраққа жауап беруге дайындалады:

Топта талқылайды, спикер өз ойын айтады

Әр топтың ойы тыңдалады.

Оқушыларға ресурс таратылады:

Шешенге қойылатын талаптар үш түрлі бөліктен тұрады.

1.      Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық.

2.      Білімін көтеру.

3.      Сөйлеу мәдениетін көтеру

Кез-келген адам ортаға шығып сөйлерде қатты толқиды, өзіне – өзі сенімсіздік білдіреді. Тіптен білімдар, қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді билік иелерінің өзі де кей жағдайда көпшілік алдында қысылып, үзіп-жұлып жүйесіз сөйлеп жатады. Ондай жағдайды болдырмас үшін:

  Қатты ойланбау керек  Өзіне-өзі сену керек

 Психологиялық дайындық керек  Көңіл-күйі мен сезімін билей алу керек

Сөйлеуге жақсы дайындалсаң, өзіңе сенімді боласың. Сөйлеуге дайындық – жауапты іс. Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза, және образды, эмоционалды сөйлеу керек. Сабақ кезінде, достарыңның, туыстарыңның арасында жиі сөйлеу қажет. Ол сені дамытып, сөйлеу мәдениетін көтереді.

Білімін көтеру.Шешен адам тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып дәл сөйлеу керек, тауып сөйлеу керек. Ол үшін ойың айқын болу керек. Білімің терең болса, ойың айқын болады. Білімің терең болу үшін көп оқу керек. Көп оқу үшін іздену керек. Іздену үшін рух мықты болу керек. Рух мықты болса ғана жолда кездескен кедергілерді жеңе аласың.

Сөйлеу мәдениетін көтеру.  Ең бірінші кезекте тіл тазалығын сақтауымыз керек. Керегі жоқ жерде жөн-жосықсыз орыс сөздерін кіргізбеу керек. Қыстырма сөздерді көп қолдану сөйлеушінің тілін кедейлендіріп, тыңдаушыны мезі қылады. 

   Жаргон сөздерді, дөрекі, тұрпайы сөздерді айтудан аулақ болу керек. Адамның тәрбиесі, мәдениеті, сауаттылығы оның сөйлеу тілінен аңғарылады.  Мәдениеті жоғары, білімді, тәрбиелі оқушы ауызекі сөйлегенде де әдеби тілдің нормаларын сақтап, дөрекі, жаман сөздерді араластырмай ойын мәдениетті түрде жеткізеді. Сөйлеу мәдениетің жоғары болса, жақсы өмір сүресің және шешендікке қол жеткізесің. Сол себепті шешендік - тіл мәдениетінің жоғарғы формасы болып табылады.



Оқулықпен жұмыс: 78 бетті оқу.

Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер. «Шешенге қойылатын талаптар» тақырыбы бойынша жоба жасау. 5 минут.

·         Жеке жұмыс.

·         Жұптық жұмыс.

·         Топтық жұмыс.



Жобаны қорғау. Әр топқа 1 минут/ 4 минут.

Бекіту.

Шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып берілген тақырыптың біреуін таңдап көпшілік алдында тосылмай шешен сөйлеп көрейік. Тақырыптар:

1.      Компьтер заманында шешендік өнер қажет пе?

2.      «Соңғы қоңырау» жиынында сөйленетін сөзің.

3.      Асылым, ардағым – ана тілім!

4.      Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны



Әр топ стикер түсін таңдайды, онда жасырынған тақырыптың нөмірі тұрады.

Жобаны қорғау. Әр топқа 1 минут/ 4 минут.

Шығармашылық тапсырма: 4 топқа әр түрлі тапсырма беріледі.

1-топ.

Мақалдың тиісті сөзін қой.

1.      Ердің сыншысы - /кім?/

2.      Оқу - /немен?/ құдық қазғандай.

3.      Көп сөз – көмір, аз сөз - /не?/

4.      Өлімнен /не?/  күшті.

5.      Атаңның баласы болма, /кімнің?/ баласы бол.

6.      Ер жігіттің екі сөйлегені - /не істегені?/

7.      Жеті рет өлшеп, /неше?/ рет кес

8.      Досы көпті жау /не істейді?/

9.      /Қандай?/ үй базар, /қандай?/ үй - мазар.

10.  /Не?/ отбасынан басталады.



2-топ

Шешенге қойылатын талаптардың бірі - сөз әуезділігі.

/мақам, кідіріс, тыныс алу, орфоэпиялық нормамен сөйлеу, ой екпіні, дауыс ырғағы, үн әуезділігі/  Осы талаптарды ескере отырып мәтінді көрініспен мәнерлеп көрсету.

3-топ

Сөйлем талдау.

1. Ұстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл. (Берілген сөйлемдегі деректі зат есімге дыбыстық талдау жаса)

2.  Тура сөз темірді тесер,

 Жұмсақ сөз қылышты кесер. (Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар)

3. Көп сөйлеген дәмсіз сөйлейді. (Берілген сөйлемді құрамына қарай талда)

 

4-топ



«Тіл + химия» тапсырмасын орындайды. Формуланы сөзге айналдырып жазу керек.

      Бұл   H2O   туған жердікі болған соң ба өзгеше дәмді көрінді. Мұғалім қолындағы ақ    CaCO3   маған аппақ көбелектей көрініп, ұстағым келіп қызығып кеттім. Құрамында   NaCl   жоқ болғандықтан не ішіп, не қойғанымызды сезіне алмадық.        Cu тиындар – тарихтың қоржынынан түскен таңғажайыптар.

Hg бағаны жылылық деңгейін көрсетуде.

 

Бағалау. Өзін-өзі бағалау. 2 минут.



Мұғалімнің қорытынды сөзі: Сонымен, қорыта айтқанда, шешенге қойылатын талаптарды саралап шықсақ: /               /

Бірақ адамның жүрегінде мейірім болмаса, сені ешкім қабылдамайды. Жүрегіңде мейірім болса, айналаңа ізгілік нұрын шашсаң, жүрегің сезімге бай болса ғана сені шешен ретінде халық қабылдайды, адам ретінді адамның жүрегінің төрінен орын аласың.



Үй тапсырмасы: 75-жаттығу. 80-81бб.

Бағалау. (Ең көп смайлик жинаған топ жақсы бағаланады)

Кері байланыс. 1 минут. (Әр оқушы стикерге сабақ бойынша өз пікірін жазып, әсерлерімен бөліседі)

Жігіттер:Ассалаумалейкум,биаға!                                                                                        

  Шешен:Уалейкумассалам!Жолболсын,жігіттер!                                                              Жігіттер:Би аға,сізге сәлем беруге,өзімізді сынатуға келдік.    Шешен:Олай болса,менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер.

-Тәттідене тәтті?                                                                                                                              -Қаттыда не қатты?                                                                                                                             -Жұмсақта не жұмсақ?                                                                                                                                1-жігіт:Тәттіде бал тәтті.                                                                                                              Қаттыда тас қатты.                                                                                                                        Жұмсақта мамық жұмсақ                                                                                               Шешен;Ай,балам-ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші.

2-жігіт: Тәттіде ананың сүті тәтті.                                                                                                   Қаттыда атаның жүрегі қатты.                                                                                                     Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.                                                                                          Шешен:Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің!                                                                      Жарайсың, балам.Мұратыңа жет, қатарыңның алды бол. 

 

3-топ



Сөйлем талдау.

1.      Ұстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл. (Берілген сөйлемдегі деректі зат есімге дыбыстық талдау жаса)

2.      Тура сөз темірді тесер,

                        Жұмсақ сөз қылышты кесер. (Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар)

3.      Көп сөйлеген дәмсіз сөйлейді. (Берілген сөйлемді құрамына қарай талда)

 

4-топ



«Тіл + химия» тапсырмасын орындайды. Формуланы сөзге айналдырып жазу керек.

      Бұл   H2O   туған жердікі болған соң ба өзгеше дәмді көрінді. Мұғалім қолындағы ақ    CaCO3   маған аппақ көбелектей көрініп, ұстағым келіп қызығып кеттім. Құрамында   NaCl   жоқ болғандықтан не ішіп, не қойғанымызды сезіне алмадық.        Cu тиындар – тарихтың қоржынынан түскен таңғажайыптар.

Hg бағаны жылылық деңгейін көрсетуде.

 

Бағалау. Өзін-өзі бағалау. 2 минут.



Мұғалімнің қорытынды сөзі: Сонымен, қорыта айтқанда, шешенге қойылатын талаптарды саралап шықсақ: /               /

Бірақ адамның жүрегінде мейірім болмаса, сені ешкім қабылдамайды. Жүрегіңде мейірім болса, айналаңа ізгілік нұрын шашсаң, жүрегің сезімге бай болса ғана сені шешен ретінде халық қабылдайды, адам ретінді адамның жүрегінің төрінен орын аласың.



Үй тапсырмасы: 75-жаттығу. 80-81бб.

Бағалау. (Ең көп смайлик жинаған топ жақсы бағаланады)

Кері байланыс. 1 минут. (Әр оқушы стикерге сабақ бойынша өз пікірін жаып, әсерлерімен бөліседі)

 

 

 



 

 

 



Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне бір сөзбен сипаттама береді.

 

 



 

 

Топқа бөлініп, оқу-құралдарын дайындайды.



 

 

 



 

 

 



 

 

Жаңа сабақтың тақырыбын болжайды.



 

 

 



Оқушылар сандықшада жасырынып тұрған сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар формативті бағаланады. (дұрыс жауапқа смайлик беріледі)

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Оқушының көшбасшылығы.Сұрақты шешуге әрекеттенеді. Оқушылар жеке ойланады, топта сұрақты талдайды. Осыдан кейін өз ойларын айтады. (Әр топтан бір оқушы).

 

 

 



 

 

 



 

Жаңа материалмен танысады, жеке, жұптық, топтық жұмыс.

 

 

 



 

 

 



 

 

Сұрақты шешуге әрекеттенеді. Оқушылар жеке ойланады, топта сұрақты талдайды. Осыдан кейін өз ойларын айтады. (Әр топтан бір оқушы).



Топта тапсырманы орындайды.

 

Әр топ шығармашылық тапсырманы орындайды.



Қорытынды шығаруға атсалысады.

 

 



 

Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Дереккөздер және жабдықтар:

АКТ-ны пайдаландым. (топқа бөлінген кезде, жаңа тақырыпты меңгерту барысында презентацияны қолдану), әдістемелік журнал, Қазақ тілі 11-сынып, М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде», ғаламтор (оқушыларға таратылған ресурс), флипчарт, стикерлер, маркерлер.



Сабақты бағалау

 

 



 

·         Оқушыларды мадақтау, марапаттау. (смайлик беру).

·         Өзін-өзі бағалау.

·         Кері байланыс. (формативті бағалау)

·         Қорытынды баға. (жиынтық бағалау)















 

КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЙЛЕНЕТІН СӨЗДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ (ПРЕЗЕНТАЦИЯ)

ADMIN · ИЮН 11TH, 2014 · 0 COMMENT

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,

Бегалы орта мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Нургалиева Айгуль Владимировна




Қазақ тілі

11-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы

Жалпы мақсат:

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы туралы білім бере отырып, тілдерін,сөздік қорларын, сыни көзқарастарын дамыту, адамгершілік қасиеттердің құндылығы туралыбіліктерін шыңдау

Сілтеме:

Қазақ тілі(оқулық)

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

«Қызықты қазақ тілі» жинақ

Интернет материалдары



Оқу нәтижесі:

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын білудің  маңыздылығын түсінеді,  тілдері, сөздік қорлары, сыни көзқарастары дамиды, рефлексия жасайды, адамгершілік қасиеттердің құндылығын сезеді

Түйінді идеялар:

Бұл материалдан алған білімдерінің қажеттілігі туралы ойланады, «өзім» емес «өзіміз» деудің маңыздылығын ұғады

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақта

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

АКТ


СТО

1.Диалог

2.Жұптық жұмыс

3.Топтық жұмыс

4.Жеке жұмыс



Дерек көздері:

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Тапсырмалар:

Сұрақтар, салыстыру, зерттеу, түйіндеу

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық

 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс- әрекеті



I.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Коучтің іс- әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

2 минут

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу)

Сұраққа жауап береді, өздерін өздері бағалайды

3 минут

Сергіту «Гүлдер»

Слайдты көреді, тыңдайды, өз көңіл күйлерін көтереді

II.Үй тапсырмасын сұрау

7 минут

Ой толғау



  • көпшілік алдында сөйлеуге дайындық

  • сөйлеуге дайындық шарттары

  • ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениеті

  • көпшілік алдында сөйлеу әдістері

жеке жұмыс жа-сайды, өз білім-дерін жүйелейді, сөйлеп жаттығады, өзгені тыңдайды, әркімнің пікірінің құндылығын ұғады

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма

8минут


  • Берілген материалдарды оқыңдар (ЖИГСО)

  • Өздерің білгендеріңді өзгелерге түсіндіріңдер

  • Постер жасаңдар

(аралап жүру, бағыттау, талдауға көмектесу, формативті бағалау, музыка қосып қоя)

Өз беттерімен жұмыс жасайды, білімдерін шың-дайды,өзгеге тү-сіндіреді, жауап-кершілікті сезеді

2-тапсырма

5 минут


Жасаған постерлеріңді кубизм әдісі бойынша талдаңдар

  • Суреттеңіз

  • Салыстырыңыз

  • Байланыстырыңыз

  • Талдаңыз

  • Қолданыңыз

  • Дәлелдеңіз

Өз ойларын тия-нақтайды, қорыта- ды, салыстырады, талдайды,қолдана- ды, дәлелдейді, байланыстырады

3-тапсырма

10 минут


Аяқталмаған сөйлем әдісі

«Егер мен…»

(ауыл әкімі, аудан әкімі, облыс әкімі, депутат, т\б болсам)

(жазу кезінде қарап жүру, бағыттау)



Өз ойларын жи- нақтайды, жазады, жүйелейді, көпші-лік алдында сөй-леуді үйренеді өз-дерін жақсы сезі-неді

4-тапсырма

5минут


« Мектеп ережесі үнемі сақтала ма?» тақырыбында пікірталас

Жеке жұмыс жа-сайды , өз ойларын еркін айтады

Рефлексия

3 минут


Power Point көрсетілімі, талдау

Ойланады, жауап береді

Бағалау

2 минут


 Жиынтық (сумативті) баға қою

Марапаттар қабылдайды

Сабақтың тақырыбы: Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің биік шыңы-шешендік өнердің мәні мен адам өміріндегі маңызын таныстырып өту.Осы бағытта толғамды ой, түйінді пікірлермен жұмыс істеуіне мүмкіндік тудыру. 
2.Дамытушылық: Материалдармен жұмыс барысында сөз саптау, сөйлеу мәдениетінің жарасымды үлгілерін танытуға дағдыландыру.Пікір еркіндігі мен ойын жүйелі жеткізуге баулу.
3.Тәрбиелік:Халық даналығының қайнар көзі-шешендік сөздердің тағылымын бойға сіңіріу, сөз мәдениеті, тіл мәдениетінің құдіретіне деген құрмет, тіл болашағына деген жауапкершілік сезімінің артуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: семинар сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу-сұхбат, ой тастау, ізденістік, шығармашылық тапсырмалар, проблемалық тапсырмалармен жұмыс.
Жұмыс формалары: ұжымдық,топтық, жұптық, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: сызба кесте, пікір парақшасы, плакат, түсті қалам түрлері,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1) Сыныпты 3-топқа бөлу
Оқушылар ортаға шығып «Шаттық шеңберін жасайды» шеңбер бойында тұрып бір-біріне тілек тілейді.
Маңдайларына (ұпай сандарын жабыстыру – 100 б, 120 б, 125 б) 

Топтың 7- алтын ережесімен таныстырып өту:
1. Топ алдында өз-өзіңді ұстауыңа ,еркіндігіңе назар аудар
2. Тіл сауаттылығы(қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық, орфоэпиялық нормаларын сақтау)
3. Ой жүйесі, дәлелділігі
4.Ойды айқын да түсіндіре жеткізу
5.Сөйлеу техникасы (дауыс екпіні, ырғағы,әуезділігі)
6.Тыңдаушыны баурап алу 
7.Киім кию мәдениеті, жүріс-тұрысы.


2) Оқушылардың сабаққа қатысуы, дайындығын тексеремін. Оқушы зейінін сабаққа аудару мақсатында 
Жүсіп Баласағұнидың сөзімен бастаймын:
Ақылды іздегеннің өзі-нағыз ақылды,
Білімді іздегеннің өзі –нағыз білімді.
Ж.Баласағұн
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ
Тауып айтсаң -мереке қылады,
Таппай айтсаң –келеке қылады.
Досбол би 
Тіл-ақылдың көрінісі,
Бірліктің кілті.
Халық даналығы 

ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру: 
3.Оқушылар бүгін біз сабағымызды семинар сабақ түрінде ұйымдастырғалы отырмыз.
Сабағымыздың мақсаты сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің биік шыңы-шешендік өнердің мәні мен адам өміріндегі маңызын таныстырып өту.Осы бағытта толғамды ой, түйінді пікірлермен жұмыс істеуіне мүмкіндік тудыру. 
4) 3 топқа бірдей тапсырма: Проблемалық тапсырма тақырыбы: 
1.Көпшілік алдында сөйлеу әдебі мен мәдениет шарттары.
«Постер» құрау

2.«Тіл мәдениетінің әліппесі» тақырыбында «Постер» құрау.
Жеке плакаттар, түрлі-түсті маркерлер таратып беру
Бағалау, ынталандырып отыру үшін смайликтер беру, түрлі-түсті стикер тағу.

5) Сергіту сәтін өткізу
«12 мүше сөйлейді» деп аталады. Музыка қойылады
1.Баспен 6 санын салу; 2.Құлақпен 5 санын салу;
3.Белмен 2 санын салу; 4.Иекпен 3 санын салу;
5.Қолмен 44 санын салу; 6.Аяқпен 7 санын салу; т.б
6. 3 топқа бірдей тапсырма:
«Ерекше пікір» деген тақырыпта сөз жарысын ұйымдастыру


Келісемін:

Сыныбы:11-«А,Б» 9.01.2017

Сабақтың тақырыбы: Пікірталастың түрлері


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1.Білімділік  Тақырыпты меңгеру,шығармашылық қабілеттерін  жетілдіру.

2.Дамытушылық Ойлау қабілеттері  мен есте сақтау дамыту, әдеби тілде өз ойларын жеткізе білу тілдерін дамыту.

3.Тәрбиелік Шығармашылық пен жұмыс істеуге шапшаңдыққа сүйіспеншілікке әдеби тілде сөйлеуге баулу.

Сабақтың түрі: Танымдық әрекетті дамыту,топтық жұмыс,пікірталас.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,ашық тест,ойбөліс,пікірталас 

Көрнекті құралдар: интерактивті тақта,үлестірмелі қиындылар,сызбалар.

Пән аралық байланыс: әдебиет, шешендік өнер, қоғамтану.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:

а)Оқушыларды түгелдеу;

ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы;

б)"Ой қозғау"

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау,ойларын бір ортаға жинақтау мақсатында ой тастау.

- Құрметті 11 сынып оқушылары,біздің бүгінгі, ертеңгі және болашақтағы мақсатымыз не? 

( Мектепті жақсы бітіру,ҰБТ ны нәтежелі тапсыру,өз өмірімізге қызымет ететін  мамандық таңдау,мемлекетіміздің  саналы азаматы болу)Міне біздің үй тапсырмамыздың барысы осы тақырыптар төңірегі екенін сіздірдің естеріңе түсірдім.

ІІ.Үй тапсырмасы: "Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы"

Қызығушылығын ояту. Ашық тест.Тапсырма Жауабы

1.Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы 2.Кіріспенің тыңдаушылар үшін маңыздылығы 3.Негізгі бөлімде логикалық жүйелік  пен материалдарды  орналастырудың ерекшелігі. 4.Қорытынды сөз тыңдаушыға әсерлі болу үшін.

 ІІІ Мағынаны тану (жаңа сабақ)   Тақырып: Пікірталастың түрлері

- Демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі не? (сөз еркіндігінің өріс алуы)

- Бұл нені айтқын келсе, соны айту деу ме? (жоқ.Жеке ой пікірлері ұтымды,өзіндік көзқарасы қалыптасқан адамдарға,топтарға өзін танытуға мүмкіндік беру) -Өмірде адамдардың барлығы бірдей ойлай ма, бірдей көзқараста бола ма?(жоқ.Әр түрлі көзқарастан,әр түрлі ой туындайды)Демек біз пікірталастың бірнеше түрі бар екендігін,олардың өзіндік мақсаты мен ерекшеліктері бар екенін білуіміз керек.Олар:

1-тапсырма. Іздендіру сәті (Таңдау қиындылармен жұмыс жасау,таңдаған тақырыпшаларының мағынасын ашу)Пікір алмасу-латын сөзі (discussio),беретін мағынасы "зерттеу", "талқылау","талдау".Пікір алмасу көпшілік арасында өтеді.Мақсаты-әр түрлі  қозғалыстарды  салыстыра зерттей отырып,шындық  пікірді көрсету, талас мәселенің  шешімін іздеп табу.Пікір алмасу-дұрысттықа көз жеткізудің  ең тиімді тәсілі,  өйткені қатысқандар көзі жеткендіктен де бір пікірге  өздері келеді. Ойталқы сөзі латын тілінен алынған (disputatio), мағынасы-"ой жүгірту","жарыс сөз","айтыс".Ойталқы ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы.Сөз жарысына қатысқандар белгілі бір пікірге тоқталады.

Пікірсайыс – көне гректің сөзі. (polemikos) мағынасы- "жаулық", "дұшпандық".Әрине бүгінгі мағынасы басқаша:бірдеңені талқылау мақсатында жиналыстарда,баспасөз беттерінде  орын алатын сайыс.Мұнда қарсы жақты жеңіп шығу,өз пікірінде қалып, соны бекіту.Сайысшылар әлеуметтік мәселелерді шешеді,қоғамның дамуына жол бермей  отырған кедергілермен күреседі.Ойбөліс-француз сөзі (debat), мағынасы - "айтыс","жарыссөз".Ойбөліс-көпшілік алдында екі адамның не екі топтың  бірдеңе туралы ой пікірлерін ортаға салуы.Сөзталас-орыс сөз (прения),мағынасы бірдеңені,қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау.Сөзталас, ойбөліс сияқты, баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда , жиналыстар мен конференцияларда орын алады.Айтыс-қазақтың сөзі.Мағынасы-екі адамның, екі топтың арасында  суырыпсалма өлеңмен  кезектесе айтылатын сөз жарысы,өнер сайысы. 2-тапсырма. Кітаппен жұмыс (Таңдау тақырыпшаларына сәйкес жаттығу жұмыстарының бірін таңдау) 1.89-91-93 беттердегі 83-жаттығу, 84-жаттығу, 85-жаттығу, 86-жаттығу, 87-жаттығу, 88-жаттығуларды берілуі бойынша орындау.

 Сергіту сәті (мақалмен жауап)Әзіл сұрақтар:

1. Қар жана ма? 2. Түкіріктен көл құрала ма? 

3. Тауық түс көре ме? 4. Адамда арқау бола ма?

5. Қайтсең тегін ішесің? 6. Қандай бас аяққа  тыным бермейді?

7. Тойды бүлдіретін кім,Бар болса ол қандай адам? 8. Бес ешкісі бар кісінің өзге қызметі бола ма  3-тапсырма.Пікірталас ( екі топтың қоғамдық пікір қалыптастыру үшін таңдауы)

 Топтар: Жетекшілер ( үкімет,оппозиция)  Тақырыбы: Дипломмен жұмысқа 

 Кілт сөздері: Диплом-адамның өмірі үшін қызмет көзі.  Дәлелдеме: (3 минут) Жетекші 

 Шешімі: Нәтиже ( тақырып бойынша оқушылар өз ойымен қорытынды жасайды)

 Сабақты бету,қорытындылау: Бір ауыз сөзбен ой түйіндеу. Үйге тапсырма: Бүгінгі жастар жағы ескі халық әндерін түрлендіріп орындап жүр.Осы жайында жазбаша пікіріңіз.

Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. 


Келісемін: Сыныбы:11-«А,Б» 04.10

Сабақ тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар


Сабақ мақсаты: - шешенге қойылатын талаптарды білу, шешен сөйлеудің әдістерін меңгерту;
- шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіре отырып, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру;
- тіл тазалығын сақтай отырып, әдеби тілде сөйлеуге баулу;
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту;
Сабақ әдісі: түсіндіру, талдау, ой қозғау, ой қорыту; ой жүйелеу, баяндау, шығармашылық жұмыс,  қайталау, интерактивті тақтамен жұмыс, кітаппен жұмыс, сатылай комплексті талдау, электронды оқулықпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, химия, математика
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. 
Құрметті 11 сынып оқушылары алдарыңызда үлкен мақсат тұр. Ол:
- мектепті жақсы, абыройлы бітіру;
- ҰБТ-ны  нәтижелі тапсыру;
- мемлекеттік грант иегері атағын жеңу;
- өміріңе қызмет ететін мамандық иесі атану;
- мемлекетіміздің дамуына өзіндік үлес қосатын саналы, парасатты азамат болуға тілегімді білдіре отырып бүгінгі сабағымызды бастаймыз. 
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар. Бұл сабақтан сендер шешен болу үшін қандай талаптар қойылады және шешендердің шешендік сөздерін оқи отырып тіл тазалығын сақтап, әдеби тілде сөйлеуге үйренеміз.
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты есімізге түсіріп, қайталап өтейік.
Үй жұмысы: 1. Шешендік өнер грекше қалай аталады?
2. Шешендік өнердің теориясын жасаған кім?
3. Қазақ шешендік өнерін зерттеген кім?
4. Ұлттық шешендік өнердің өкілдері кімдер?
5. Шешендік түрлерін ата
№ Шешендік сөз тектері Шешендік сөз түрлері Стильдері 
1 Әлеуметтік-саяси шешендік Баяндама, үгіт-насихат Публисцистикалық, ресми, ғылыми 
2 Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік Мерейтойдағы тілек, көңіл айту, естірту т.б. Көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу 
3 Академиялық шешендік Ғылыми баяндама, дәріс Публисцистикалық, ресми, ғылыми
4 Сот ісінде қолданылатын шешендік Айыптаушы мен қорғаушының сөзі Публисцистикалық, ресми
5 Діни шешендік Уағыздар мен иман сөздер Көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу 

6. Шешендік сөздің сапаларын кім атап береді?


Тілдің тазалығы Ой жүйелілігі Сөздің мазмұндылығы Сөз қысқалығы  Сөз түсініктілігі
  Сөз әуезділігі Сөз байлығы Сөз анықтылығы   Сөз дұрыстығы Сөз дәлдігі
7. Шешен – кім? / ел билеу ісінің тұтқасы, отағасы, ру басы, би ағасы, ауыл ақсақалы, билік шешуші, психолог, т.б/
Байланыс: Не себепті біз суырылып шешен сөйлей алмаймыз? Себебі, шешенге, шешендік сөзге қойылатын талаптарды біле бермейміз. 
Жаңа сабақ: Шешенге қойылатын талаптар үш түрлі бөліктен тұрады. 
1. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық.
2. Білімін көтеру.
3. Сөйлеу мәдениетін көтеру
Кез-келген адам ортаға шығып сөйлерде қатты толқиды, өзіне – өзі сенімсіздік білдіреді. Тіптен білімдар, қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді билік иелерінің өзі де кей жағдайда көпшілік алдында қысылып, үзіп-жұлып жүйесіз сөйлеп жатады. Ондай жағдайды болдырмас үшін:
Қатты ойланбау керек Өзіне-өзі сену керек Психологиялық дайындық керек
Көңіл-күйі мен сезімін билей алу керек
Сөйлеуге жақсы дайындалсаң, өзіңе сенімді боласың. Сөйлеуге дайындық – жауапты іс. Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза, және образды, эмоционалды сөйлеу керек. Сабақ кезінде, достарыңның, туыстарыңның арасында жиі сөйлеу қажет. Ол сені дамытып, сөйлеу мәдениетін көтереді. 
Білімін көтеру. Шешен адам тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып дәл сөйлеу керек, тауып сөйлеу керек. Ол үшін ойың айқын болу керек. Білімің терең болса, ойың айқын болады. Білімің терең болу үшін көп оқу керек. Көп оқу үшін іздену керек. Іздену үшін рух мықты болу керек. Рух мықты болса ғана жолда кездескен кедергілерді жеңе аласың. 
Сөйлеу мәдениетін көтеру.  Ең бірінші кезекте тіл тазалығын сақтауымыз керек. Керегі жоқ жерде жөн-жосықсыз орыс сөздерін кіргізбеу керек. Қыстырма сөздерді көп қолдану сөйлеушінің тілін кедейлендіріп, тыңдаушыны мезі қылады.  
   Жаргон сөздерді, дөрекі, тұрпайы сөздерді айтудан аулақ болу керек. Адамның тәрбиесі, мәдениеті, сауаттылығы оның сөйлеу тілінен аңғарылады.  Мәдениеті жоғары, білімді, тәрбиелі оқушы ауызекі сөйлегенде де әдеби тілдің нормаларын сақтап, дөрекі, жаман сөздерді араластырмай ойын мәдениетті түрде жеткізеді. Сөйлеу мәдениетің жоғары болса, жақсы өмір сүресің және шешендікке қол жеткізесің. Сол себепті шешендік - тіл мәдениетінің жоғарғы формасы болып табылады.
Бекіту: Шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып берілген тақырыптың біреуін таңдап көпшілік алдында тосылмай шешен сөйлеп көрейік. Тақырыптар:
1. Компьтер заманында шешендік өнер қажет пе?
2. «Соңғы қоңырау» жиынында сөйленетін сөзің.
3. Асылым, ардағым – ана тілім!
4. Агенттің пайдасы мен зияны
5. Еркін тақырып

Бұл тапсырманы тілге өнерге бейімі бар балалар орындайды, ал техникалық мамандыққа бейінді оқушылар «Тіл + химия» тапсырмасын орындайды. Формуланы сөзге айналдырып жазу керек. 


      Бұл   H2O   туған жердікі болған соң ба өзгеше дәмді көрінді. Мұғалім қолындағы ақ    CaCO3   маған аппақ көбелектей көрініп, ұстағым келіп қызығып кеттім. Құрамында   NaCl   жоқ болғандықтан не ішіп, не қойғанымызды сезіне алмадық.        Cu тиындар – тарихтың қоржынынан түскен таңғажайыптар.
Hg бағаны жылылық деңгейін көрсетуде. 

Сөйлеу тілді көркем ететін нәрселерді ата!


1. Тұрақты сөз тіркестері
2. Мақал-мәтелдер
3. Эпитет
4. Теңеу
5. Метафора
6. Метонимия
7. Омоним, синоним, антоним
Көп нүктенің орнына тұрақты сөз тіркестерін қойып оқу.
1.Талайға дейін естерін жиып, ..... жаба алмады. 
2. Екі жүйенің кеңінен етек .....   . 
3. Ұзақ уақыт бойына  Орталықьан қалған аймақтарды ....ұстаудың үш түрлі тәсілін пайдаланды. 
4. Алайда ондай адамдар өзі сенетін мұраттарды көздің ..... қылуға тырысқандарымен, қорғап қала алмады.
5. Ондай даңғойлар әбден уланып біткен  Семей жерін көрмейді. Қарадай қыршынынан ..... жатқан жазықсыз жандардың тауқыметін түсінбейді. 
6. Анық стратегия мен айқын мақсаттар керек. Басты мақсат тайға .... айқын көрініп тұруы кажет. 
7. Алайда тарих дариясының жағасында алыстан көз ..., құр бақылап отырғаннан да ештеңе бітпейді. 
8. Ол мәселені шешуге бастапқы кезде Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің барлық органдары ат .....
9. Бір ғасыр бойы халықты ашса ..... ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді. 

Электронды оқулықпен жұмыс.


 Мақалдың тиісті сөзін қой. 
1. Ердің сыншысы - /кім?/
2. Оқу - /немен?/ құдық қазғандай.
3. Көп сөз – көмір, аз сөз - /не?/
4. Өлімнен /не?/  күшті.
5. Атаңның баласы болма, /кімнің?/ баласы бол.
6. Ер жігіттің екі сөйлегені - /не істегені?/
7. Жеті рет өлшеп, /неше?/ рет кес
8. Досы көпті жау /не істейді?/
9. /Қандай?/ үй базар, /қандай?/ үй - мазар.
10. /Не?/ отбасынан басталады.

Шығармашылық жұмыс.  Ойды өзіңше аяқта 


Тату болса, ағайын жақын.
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын.
Инабатты болса, келінің жақын. 
.....

Арадан шыққан жау қиын,


Таусылмайтын дау қиын,
Шанышқылаған сөз қиын
Жазылмаса дерт қиын.
......

Ой толғау.  Шешендерше жауап беру.


Дау мұраты не?
Саудагер мұраты не?
Қыз мұраты не?
Жол мұраты не?

Қол бастау қиын ба?


Жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба?

Жерден ауыр не?


Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не? 
Мәнерлеп оқу, есте сақтап, сұраққа жауап беру. Электронды оқулықтан жоғары деңгейлі №3 тапсырманы орындау. Бір оқушы мәнерлеп оқиды. Шарты есте сақтап алу керек. Соңынан мәтінді жауып сұрақтарға жауап беру. 
Баяғыда, дана үш бидің халықтың бірлігін нығайту жолында «жарғақ құлақтары жастыққа тимей жүрген» кездері борлса керек. Бірде Төле би отырып: - Он түрлі санау жұмбағым бар, соны шешіңдер, - депті. 
Әйтеке би: Айтыңыз, - депті.
Төле би:
- Айтсам жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, - депті.
Сонда Қаз дауысты Қазыбек би: 
Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман,
Үш дегеніміз – үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман,
Төрт дегеніміз – төсектен безген ер жаман,
Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман,
Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман,
Жеті дегеніміз – жесір қалған жас жаман,
Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман
Тоғыз дегеніміз – торқалы той топырақты өлімге бас көрсетпесе, сол жаман,
Он дегеніміз -  оңалмас кәрілікке дауа болмас деп түсінемін, - депті
Сұрақтары:
1. Қандай  ел жаман?
2. Төле би кімдерге сұрақ қояды?
3. Сұрақтарға кім жауап береді?
4. Үшке бөлінген ағайын қандай?
5. Қандай дерт жаман?
6. Тоғыз дегеніміз не?
7. Неге кәрілікке дауа болмайды?
Шешенге қойылатын талаптардың бірі - сөз әуезділігі. 
/мақам, кідіріс, тыныс алу, орфоэпиялық нормамен сөйлеу, ой екпіні, дауыс ырғағы, үн әуезділігі/  Осы талаптарды ескере отырып мәтінді көрініспен мәнерлеп көрсету.
Жігіттер:Ассалаумалейкум,биаға!                                                                                           Шешен:Уалейкумассалам!Жолболсын,жігіттер!                                                              Жігіттер: Би аға,сізге сәлем беруге,өзімізді сынатуға келдік.                                      Шешен:Олай болса,менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер.
-Тәттіде не тәтті?                                                                                                                              -Қаттыда не қатты?                                                                                                                                        -Жұмсақта не жұмсақ?                                                                                                                                1-жігіт:Тәттіде бал тәтті.                                                                                                              Қаттыда тас қатты.                                                                                                                        Жұмсақта мамық жаұмсақ                                                                                               Шешен;Ай,балам-ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші.
2-жігіт: Тәттіде ананың сүті тәтті.                                                                                                   Қаттыда атаның жүрегі қатты.                                                                                                     Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.                                                                                          Шешен:Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің!                                                                      Жарайсың, балам.Мұратыңа жет, қатарыңның алды бол.                                                         Міне,балалар, үш жүзге аты мәлім Төле би талай сыннан сүрінбей өтіп бата алған, халқына қалаулы жан болған екен
Сергіту сәті (мақалмен жауап)
Әзіл сұрақтар:
1. Қар жана ма?
2. Түкіріктен көл құрала ма? 
3. Тауық түс көре ме?
4. Адамда арқау бола ма?
5. Қайтсең тегін ішесің?
6. Қандай бас аяққа  тыным бермейді?
7. Тойды бүлдіретін кім,Бар болса ол қандай адам?
8. Бес ешкісі бар кісінің өзге қызметі бола ма?
Оқулықпен жұмыс.  Кітапта берілген 58, 59, 60 жаттығуларды үш қатарға бөліп беру. Оқып, мазмұнын айту
Сөйлем талдау. Интерактивті тақтада жазылған сөйлемдерді талдау. /фонетикалық, морфологиялық синтаксистік талдау/
Бір дауысты, бір дауыссызға ауызша сатылай комплексті талдау жасау.
1. Ұстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл.
2. Тура сөз темірді тесер,
                        Жұмсақ сөз қылышты кесер.
3. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. 
4. Тіл түйгенді тіс шеше алмайды.
5. Көрінбей келген қазадан сақта, арамза туған баладан сақта.
6. Жақсы шешен болғың келсе, алдымен жақсы адам бол.
7. Көп сөйлеген дәмсіз сөйлейді.
8. Билік айту оңай, біліп айту қиын.
Қорыту: Сонымен, қорыта айтқанда, шешенге қойылатын талаптарды саралап шықсақ
Бірақ адамның жүрегінде мейірім болмаса, сені ешкім қабылдамайды. Жүрегіңде мейірім болса, айналаңа ізгілік нұрын шашсаң, жүрегің сезімге бай болса ғана сені шешен ретінде халық қабылдайды, адам ретінді адамның жүрегінің төрінен орын аласың.
Үйге тапсырма: Фонетиканы қайталау,  «Дипломмен – жұмысқа» деген тақырыпта шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып, көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу. 
Білім бағалау:

Келісемін:



Қазақ тілі, 11-«А,Б»сынып 22.12

Сабақтың тақырыбы: Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы.

Жалпы мақсат: Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы туралы білім бере отырып, тілдерін, сөздік қорларын, сыни көзқарастарын дамыту, адамгершілік қасиеттердің құндылығы туралы біліктерін шыңдау.

Сілтеме: Қазақ тілі(оқулық),қазақ тілін оқыту әдістемесі, интернет материалдары

Күтілетін нәтижесі:Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын білудің  маңыздылығын түсінеді,  тілдері, сөздік қорлары, сыни көзқарастары дамиды, рефлексия жасайды, адамгершілік қасиеттердің құндылығын сезеді.

Сабақтың типі: Жаттығу – талдау, баяндау.

Оқыту әдістері: АКТ, СТО, Жеке жұмыс, іздену, талдау.

Түйінді идеялар:Бұл материалдан алған білімдерінің қажеттілігі туралы ойланады, «өзім» емес «өзіміз» деудің маңыздылығын ұғады

Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайд, өлең мәтіні. Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдасытру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу)Психологиялық дайындық: (3 мин)

II.Үй тапсырмасын сұрау: сұрақ-жауап әдісі: (5 минут)



  • Жұрт алдында дайындалу жолдарының сатыларын атаңыздар;

  • Психологиялық дайындық дегеніміз не?

  • Нақты сөзге дайындық дегеніміз не?

  • Күнделікті сөзге дайындық дегеніміз не?

  • Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдарын атаңыздар.

Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады, Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ,- деген екен Бұқар жырау.

Үй тапсырмасы бойынша: 179-тапсырма:

  • Байлық пен мансап туралы;

  • Денсаулықты сақтау;

  • Ғаламтор;

  • Соңғы мода туралы

ІІІ. Жаңа сабақ:

Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы



Кіріспе:

Тәжірибелі шешендер тыңдаушының назарын аудару үшін тартымды сөз оралымдарын қолданады: «Құрметті әріптестер...», «Ханымдар мен мырзалар...», «Танысып қоялық...», «Сіздермен кездесу мүмкіндігі туғанына өте қуаныштымын...», т.б.

Кіріспе сөздің міндеті – тыңдаушының назарын сөз мазмұнына бұру, ойына түрткі жасау арқылы негізгі бөлімде айтылар тұжырымдарды қабылдауға дайындау.

IV. Тақтамен жұмыс:

Тапсырмалар:

№1: Мәтінді түсініп оқып жоспар құрыңыздар:

... Уа Жалпақ! Ергенекті ел елімізді екі рет шапты. Бірінде мен тоналдым, бірінде сен тоналдың. Мен малымды бердім, сен жаныңды бердің, жаныңды бергенің емей немене, қырық жетіні қырқа матап бүгіп отырған қалыңдығыңды бергенсің! Білетін бе едің? Ол кезде сен жас едің. Қазір сен Жалпақ балуан атандың. Ол кезді қалай ұмытып жүрсің?-дейді.

Жоспар:


  1. Ергенекті елді шабуы

  2. Жалпақтың жас кезі

  3. Қалыңдығынан айырылуы

  4. Бала бидің шындықты айту

№2

Мақал-мәтелдердің сыңарын тауып, тақырыптарын атаңыз, сәйкестендіріңіздер.



Туған жердей ел болмас Алтын бесік

Жаманға айтқан ақылың Ормансыз бұлбұл

Аз сөз алтын- Баққанға бітеді

Туған жер Көп сөз-көмір.

Отансыз адам, Туған елдей ел болмас

Мал Далаға атқан оқпен тең.

№3.


Сөйлемдерге синтаксистік талдаулар жасау:

  1. Сен өзіңнің жағымды, жағымсыз қасиеттеріңді тани біл.

  2. Өзіңнің кемшіліктеріңді жеке басыңның туы біткен қасиеттері деп санама, оны жоюға тырыс.

  3. Өз әрекеттерің туралы сыннан қорытынды шығар, бірақ өз басыңды сынауға жол берме.

V. Рефлексия: (3 минут) Сабақта қандай жұмыстар жасадық?

Не құрдық, не білдік, не үйрендік?

VІ. Сабақты бекіту сұрағы:


  • Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы неше бөліктен тұрады?

  • Жоспардың түрлерін атаңыз.

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынды

VІІ. Үйге тапсырма: 186-тапсырма: Газет-журналдардан өздеріңізге ұнаған шешендік сөздерді жинап, ондағы кіріспе бөлімді ажыратыңыздар. Оларға талдау жасаңыздар. Кіріспенің жетістігі мен кемшілігін дәлелдеңіздер.

Бағалау: Жиынтық (сумативті) баға қою

№1: Мәтінді түсініп оқып жоспар құрыңыздар:



... Уа Жалпақ! Ергенекті ел елімізді екі рет шапты. Бірінде мен тоналдым, бірінде сен тоналдың. Мен малымды бердім, сен жаныңды бердің, жаныңды бергенің емей немене, қырық жетіні қырқа матап бүгіп отырған қалыңдығыңды бергенсің! Білетін бе едің? Ол кезде сен жас едің. Қазір сен Жалпақ балуан атандың. Ол кезді қалай ұмытып жүрсің?-дейді.

№2 Мақал-мәтелдердің сыңарын тауып, тақырыптарын атаңыз, сәйкестендіріңіздер.



Туған жердей ел болмас Алтын бесік

Жаманға айтқан ақылың Ормансыз бұлбұл

Аз сөз алтын- Баққанға бітеді

Туған жер Көп сөз-көмір.

Отансыз адам, Туған елдей ел болмас

Мал Далаға атқан оқпен тең.

№3.Сөйлемдерге синтаксистік талдаулар жасау: Сен өзіңнің жағымды, жағымсыз қасиеттеріңді тани біл.Өзіңнің кемшіліктеріңді жеке басыңның туы біткен қасиеттері деп санама, оны жоюға тырыс.Өз әрекеттерің туралы сыннан қорытынды шығар, бірақ өз басыңды сынауға жол берме.

№1: Мәтінді түсініп оқып жоспар құрыңыздар:

... Уа Жалпақ! Ергенекті ел елімізді екі рет шапты. Бірінде мен тоналдым, бірінде сен тоналдың. Мен малымды бердім, сен жаныңды бердің, жаныңды бергенің емей немене, қырық жетіні қырқа матап бүгіп отырған қалыңдығыңды бергенсің! Білетін бе едің? Ол кезде сен жас едің. Қазір сен Жалпақ балуан атандың. Ол кезді қалай ұмытып жүрсің?-дейді.

№2 Мақал-мәтелдердің сыңарын тауып, тақырыптарын атаңыз, сәйкестендіріңіздер.



Туған жердей ел болмас Алтын бесік

Жаманға айтқан ақылың Ормансыз бұлбұл

Аз сөз алтын- Баққанға бітеді

Туған жер Көп сөз-көмір.

Отансыз адам, Туған елдей ел болмас

Мал Далаға атқан оқпен тең.

№3.Сөйлемдерге синтаксистік талдаулар жасау: Сен өзіңнің жағымды, жағымсыз қасиеттеріңді тани біл.Өзіңнің кемшіліктеріңді жеке басыңның туы біткен қасиеттері деп санама, оны жоюға тырыс.Өз әрекеттерің туралы сыннан қорытынды шығар, бірақ өз басыңды сынауға жол берме.

Келісемін:

20.12

Қазақ тілі

11-«А,Б»сынып

Сабақтың тақырыбы:

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы

Жалпы мақсат:

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы туралы білім бере отырып, тілдерін,сөздік қорларын, сыни көзқарастарын дамыту, адамгершілік қасиеттердің құндылығы туралыбіліктерін шыңдау

Сілтеме:

Қазақ тілі(оқулық) Қазақ тілін оқыту әдістемесі

«Қызықты қазақ тілі» жинақ Интернет материалдары



Оқу нәтижесі:

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын білудің маңыздылығын түсінеді, тілдері, сөздік қорлары, сыни көзқарастары дамиды, рефлексия жасайды, адамгершілік қасиеттердің құндылығын сезеді

Түйінді идеялар:

Бұл материалдан алған білімдерінің қажеттілігі туралы ойланады, «өзім» емес «өзіміз» деудің маңыздылығын ұғады

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақта

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа

Әдістер АКТ СТО



1.Диалог 2.Жұптық жұмыс

3.Топтық жұмыс 4.Жеке жұмыс



Дерек көздері:

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Тапсырмалар:

Сұрақтар, салыстыру, зерттеу, түйіндеу

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс- әрекеті

I психологиялық ахуал туғызу

Коучтің іс- әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

2 минут

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу)

Сұраққа жауап береді, өздерін өздері бағалайды

3 минут

Сергіту «Гүлдер»

Слайдты көреді, тыңдайды, өз көңіл күйлерін көтереді

II.Үй тапсырмасын сұрау

7 минут

Ой толғау



  • көпшілік алдында сөйлеуге дайындық

  • сөйлеуге дайындық шарттары

  • ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениеті

  • көпшілік алдында сөйлеу әдістері

жеке жұмыс жа-сайды, өз білім-дерін жүйелейді, сөйлеп жаттығады, өзгені тыңдайды, әркімнің пікірінің құндылығын ұғады

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма

8минут


  • Берілген материалдарды оқыңдар (ЖИГСО)

  • Өздерің білгендеріңді өзгелерге түсіндіріңдер

  • Постер жасаңдар

(аралап жүру, бағыттау, талдауға көмектесу, формативті бағалау, музыка қосып қоя)

Өз беттерімен жұмыс жасайды, білімдерін шың-дайды,өзгеге тү-сіндіреді, жауап-кершілікті сезеді

2-тапсырма

5 минут


Жасаған постерлеріңді кубизм әдісі бойынша талдаңдар

  • Суреттеңіз

  • Салыстырыңыз

  • Байланыстырыңыз

  • Талдаңыз Қолданыңыз

  • Дәлелдеңіз

Өз ойларын тия-нақтайды, қорыта- ды, салыстырады, талдайды,қолдана- ды, дәлелдейді, байланыстырады

3-тапсырма

10 минут


Аяқталмаған сөйлем әдісі

«Егер мен...»(ауыл әкімі, аудан әкімі, облыс әкімі, депутат, т\б болсам)

(жазу кезінде қарап жүру, бағыттау)


Өз ойларын жи- нақтайды, жазады, жүйелейді, көпші-лік алдында сөй-леуді үйренеді өз-дерін жақсы сезі-неді

4-тапсырма

5минут


« Мектеп ережесі үнемі сақтала ма?» тақырыбында пікірталас

Жеке жұмыс жа-сайды , өз ойларын еркін айтады

Рефлексия

3 минут


Power Point көрсетілімі, талдау

Ойланады, жауап береді

Бағалау 2 минут

Жиынтық (сумативті) баға қою

Марапаттар қабылдайды



Каталог: uploads -> doc -> 0390
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0390 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев" Қыс". 4-сынып Сабақтың мақсаты
0390 -> Сабақ жоспары І сабақ мақсаты
0390 -> Сабақтың өту мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты
0390 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға үйрету; оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет