Сабақ жоспары. Мектептің әдістемелік тақырыбы



Дата08.09.2017
өлшемі52,44 Kb.
#30844



Қазақ тілінен сабақ жоспары.

Мектептің әдістемелік тақырыбы:

«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында білім сапасын арттыру құрал ретінде оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыр» Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында коммуникативті дамыған және тұлғаны функционалдық сауаттылығын қалыптастыр» Жеке әдістемелік тақырыбым: «Қазақ тілі сабағында модульдық оқыту арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру» Күні:

Сынып: 6 Пән:Қазақ тілі. І. Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға тақырып бойынша мәлімет беріп, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіру, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. ИКТ- ны қолдану арқылы пәнге қызығушылығын арттыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру;
мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой – өрісін кеңейту.
б) тәрбиелік: спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу;
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІҮ. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, диалог, сөзжұмбақ, рөлге бөліп оқу, топтастыру
Ү. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд
ҮІ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дене тәрбиесі
ҮІІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй жұмысын сұрау
Қызық құм мазмұның айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
1.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. «Спорт» топтастыру.

3. 1 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар.
1. Менің әуес ісім -... шұғылдану.
2. Спорттың... көп.
3. Мен аптасына екі рет футболға....
4. Біз баскетболдан... орын алдық.
5. Спорттың қай - қайсысы да денсаулыққа....

4. 2 - тапсырма. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Шұғылдану, денсаулық, әуес ісім.

5. 3 - тапсырма. Берілген өлеңді оқып, Қанаттың мінезіне сипаттама беріңдер.


Футбол түгіл, хоккейді
Біледі ғой көп адам.
Допты қыздар теппейді,
Ал мен болсам, тебе алам!-
Дейді Қанат, мақтанып.
Білгішін - ай, мынаның!
Жылауға да шақ қалып,
Мен ренжіп тұрамын.
Менде оның ісі жоқ,
Оған «мақтау» керегі.
Көп білетін кісі боп
Көрінгіі келеді.

6. Суретті диктант «Спорт».




7. 5 - тапсырма. Берілген диалогты оқып, Гүлнәрдің шахматқа әуестігі туралы өз түсінгендеріңді айтыңдар.
Шахматшы Гүлнәр

- Фәния апай, сәлеметсіз бе, Гүлнәр үйде болса, телефонға шақырып жіберіңізші.
- Есен - саусыз ба, таң атпай жатып телефон шалып тұрған кім дейін?
- Мен ғой, апай! Аида Мүсілімқызымын!
- Ә, Аида апайы екенсің ғой, қазір шақырайын.
- Гүлнәр! Айда апайың сені телефонда тосып тұр.
- Гүлнәр, сүйінші! Киев қаласында өтетін чемпионатқа сен баратын болдың. Шахмат федерациясынан жеделхат менің жатыр.
- Менімен бірге сіз де барасыз ба?
- Ол жағын білмеймін, оны республикалық спорт комитеті шешетін болады. Кіммен барсаң да, әйтеуір, үлкен шах - матқа жолың енді ашылды білем. Ал қазір уақыт тығыз, комитетке тез кел.
- Қазір жетемін, апай!

8. Сергіту сәті «Берілген спортшыларды спорт түрлерімен сәйкестендір»

9. 6 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді мағынасына қарай құраңдар.
1. Шахмат V ғасырда...
2. Шахматтан тұңғыш рет дүниежүзілік бірін - шілік...
3. Шахматтан дүние жүзінің тұңғыш чемпионы...
4. Лондонда әйелдер арасында...
3. Вильгельм Стейниц болды.
4. дүниежүзілік біріншілік өтті.
2. АҚШ - та өтті.
1. Индияда пайда болған

ІІІ. Қорытындылау


ІҮ. Үйге тапсырма
4 - тапсырма, 152 - бет.
Ү. Бағалау



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет