Сабақ жоспары «Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі



бет1/9
Дата22.06.2017
өлшемі1,46 Mb.
#19616
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жаңартылған білім мазмұны бойынша дүниетану пәнінен сабақ жоспары


«Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Ашимова Нургул Толегеновна





Пән: дүниетану

Сынып: 1Б

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің үйім

Оқу мақсаты

Баспана түрлерімен танысу; «жайлылық» ұғымын түсіну; өз үйіндегі бір бөлмені сипаттауды және сұлбасын салуды үйренy.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: баспана түрлерімен танысу; Оқушылардың басым бөлігі: «Жайлылық» ұғымын түсіну; Кейбір оқушылар: өз үйіндегі бір бөлмені сипаттауды және сұлбасын салуды үйренy.

Ресурстар:

«Қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй» тақырыбына таныстырылым, әртүрлі баспана суреттері (киіз үй, ағаш үй, лашық) презентация, киіз үй суреттері, ватман, түрлі-түсті қағаз, қайшы, үй құрастыруға геометриялық фигуралар түріндегі үлестірме парақшалар, киіз үй макеті.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мәдениетті құрметтеу, жақындарына, туыстарына, қамқор болу, тұрмыстағы ұқыптылық сияқты құндылықтар дамиды.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, математика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Тілдік құзыреттілік

Баспана, мекенжай.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру




Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, , алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейік.

БАРЛЫҚ ІСТЕ САҒАН СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН! РАХМЕТ!


Жұптасу







-Қане, есімізге түсірейік, қандай тақырып өттік? (Менің отбасым. Отбасындағы дәстүрлер) -Өткен тақырып бойынша қоятын сұрақтарым бар.

-Менің қолымдағы не? (Геометриялық фигуралар) Атаңдар: үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, дөңгелек

-Бұлар қандай фигуралар? (Жазық фигуралар) Ендеше, осы жазық фигураларда суреттер, сұрақтар бар. Соларға жауап беріп, оларды тақтаға жапсырамыз.

Үшбұрыш:Отбасы дегеніміз.........

Шаршы: Отбасы мүшелерін ата.

Тік төртбұрыш:Отбасындағы дәстүрлерді атаңдар.

Шаршы (терезе): Отбасыңмен атап өтетін мереке.

Тік төртбұрыш (есік): «Сүйінші сұрау» деген не?

Геометриялық фигуралардан не құрастырдық? (Үй)

-Үй дегеніміз не?

«Үй» сөзі латынның «домус» деген сөзінен шыққан, бұл «баспана», «шаруашылық» дегенді білдіреді. Сондықтан адамдар өмір сүретін, тіршілігін жасайтын мекенді үй деп атайды. Адам баласы үшін үй – баспана, қорған және жайлылық мекені.

Бүгін сен:



  • Баспана түрлерімен танысасың;

  • Өз мекенжайыңды білесің.




Сабақтың ортасы


Бұрынғы және қазіргі баспана. Оқушылардың назарын әртүрлі үй суреттеріне аудару. -Мына үйлер туралы не айта аласыңдар? қандай үй түрлерін білесіңдер?

Олардың жауаптарын әр елдің баспаналары туралы ақпаратпен толықтыру.



Дәстүрлі тұрғын үйлер. Үйді салған кезде елді мекеннің табиғи жағдайы есепке алынады. Әр

халыққа тән тұрғын үйдің көптеген түрлері бар: Арабияда –шатыр, Америкада – вигвам, типи, хоган, Бразилияда – хижина (лашық), Гренландияда – иглу, Испанияда – пальясо, Қырғызстанда, Монғолияда – киіз үй, Қытайда – фанзай, Ресейде – изба (ағаш үй), Украинада – хата (там).




Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет