Сабақ жоспары: Педагогикалық зерттеу жұмыс типтерінің ерекшеліктері



Дата19.05.2020
өлшемі19,93 Kb.
#69720
түріСабақ
Байланысты:
гылыми зерттеу жұмысының типтері-1
гылыми зерттеу жұмысының типтері-1, Аружан ПШН

3.6. Ғылыми-зерреу жұмыстарының типтері және оларға қойылатын талаптар

Сабақ жоспары:

  1. Педагогикалық зерттеу жұмыс типтерінің ерекшеліктері:

  2. Пелагогикалық зерттеу типтеріне қойылатын талаптар.




  1. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпириялық, теориялық және әдіснамалық. Пелагогикалық зерттеу типтерінің ерекшеліктері.

Педагогикалық зерттеу тиянақты және ұзақ дайындықты қажет етеді, оның барысында мыналар жүзеге асырылады:

  1. Тақырыпты бөліп алу, зерттеу мәселесін алдын ала анықтау.

  2. Әдебиетті таңдау мен талдау.

  3. Мәселелерді, болжам мен зерттеу міндеттерін анықтауды нақтылау.

  4. Зерттеу әдістерін іріктеу, әзірлеу және сынау.

  5. Ұйымдастыру кестесін таңдау және эксперимент өткізу.

  6. Алынған мәліметтерді өңдеу және талдау.

  7. Эксперимент дайындау мен өткізу.

  8. Алынған мәліметтер қорытындысы мен тәжірибелік ұсыныстар негізінде құрастыру.

Аталған зерттеулерн кезеңдері кез келген жекелеген тәуелсіз зерттеу ретінде жүргізіле алады. Осыған байланысты педагогикалық зерттеудің мына типтерін айыруға болады:

  1. талдау шолу;

  2. сындық шолу;

  3. теориялық;

  4. эмпириялоық суреттемелі;

  5. эмпириялық түсіндірмелі;

  6. әдістемелік.

Талдау шолу

Зерттеу тақырып бойынша қажетті әдебиетті сұрыптап оқуды, одан әрі бұл материалдарды жүйелі түрде мазмұнын ашып, талдайды. Бұл алынған тақырыпқа арналған зерттеулерді толық көлемде беріп, сыни түрде бағалауға жол ашады. Мұндағы негізгі міндеті – қолданылатын әдебиет арқылы істің жалпы ахуалын білу, жауаптары дайын сұрақтарды бөліп алу, жауап күттіретін сұрақтарды да ерекше көңілге алу керек.

Әдебиетті оқу нәтижесінде, жинақталған ақпарат, ғылыми реферат ретінде ұсынылып, өткізілген зерттеулер мен оның нәтижелерінің қысқаша мазмұнына шолумен қатар бар деректердің тыңғылықты талдауы да беріледі.

Реферат қорытындысмында қойылған мәселенің іс-жағдайына жататын қорытынды шығарылады: таңдалған тақырыпқа байланысты атқарылған шаралар, алда орындалатын істер айқындалады.

Талдау-шолу зерттеулері, сын түрінде де ерекшеленіп, сыни шолу деп аталады. Бұл жағдайда міндетті шолу талданбалы бөлігінен басқа осы мәселе бойынша нелер орындалғаны жөнінде егжей-тегжей және дәлелді сын да, осыған сәйкес қорытындылар да ұсынылуы тиіс. Сындық талдауда реферат авторының дербес ойлары, сонымен қатар алға қойылған мәселені шешу мүмкіндігіне қатысты идеялары көрініс табуы тиіс.

Теориялық зерттеуге әдебиетке шолу мен сындық талдау жасаумен қатар, қойылған мәселені шешуге бағытталған автордың теориялық ұсыныстары жатады. Бұл автордың шешуге тиіс мәселе – теориясына қосқан үлес салмағы, оның жаңа қырлары, ерекше көзқарасы.

Эмипириялық немесе тәжірибелі зерттеулер негізін әдеби деректер, ұғымдар емес, нақты, соны фактілер құрайды. Эмпириялық зерттеулер қажетті деректерді анықтау мен жинау үшін жасалынады, экспериментті жағдайларды тудыруға алға қоймайды. Мұндай типтегі зерттеуде ғалым немесе тәжірибеші олардың тікелей қатысуынсыз өмірде болған жағдайларды қадағалайды, бекітеді, суреттейді, талдайды және қорытынды шығарады. Эмпириялық зерттеулер суреттемелі және түсіндірмелі болады.

Бірінші типтегі зерттеуде жазылған нысандар мен құбылыстарға қатысты кейбір жаңа фактілер тәжірибелі түрде табылып, суреттеледі.

Түсіндірмелі эмпириялық зерттеу – жинақтау мен талдау ғана емес, алынған деректерге түсініктеме берумен ерекшеленеді. Мұндай түсіндірмелер деректер арасында себептер мен себеп салдарын құрайды.

Ерекше топқа әдістемелік зерттеулерді жатқызуға болады. Бұлардың негізгі мақсаты – кейбір жаңа әдістемелерді тәжірибелерде дайындау мен негіздеу, олардың сенімділігі мен дәлелдігі тұрғысында тексеру, немесе анықталған белгілерін құрастыратын әдістемені дүниеге келтіру.



  1. Теориялық ерекшеліктері зерттеулер мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Қолданылатын ұғымдар анықтамасының дәлдігі мен логикалылығы, пайымдаулардың қарама-қайшылықсыздығы.

  2. Реферат мәтінінің қисындылығы мен сауаттылығы, оның дұрыс толтырылуы мен қазіргі заманға дәл библиографиялық талаптарға сай келуі.

  3. Жұмыс мазмұнындағы алғашқы дереккөздердің өңделу тереңдігі.

Эмпириялық ерекшеліктегі зерттеулерге мынадай талаптар қойылады: ұсынылатын әдістемелер қажеттілік, сенімділік, анықтамалық пен бірмәнділік талабына сай болуы тиіс.

Егер жасалынатын әдістеме қалыптастырушы типте болса, онда кең көлемде теориялық негіздеме ұсынылуы және қалай әдістеме көмегі арқылы қалыптасатыны көрсетілуі, сонымен бірге бұл әдістемені тәжірибеде қайда, қалай және қашан қолдануға болатыны айқын көрсетілуі тиіс.




Зерттеу түрлері


Әдістемелік



Эмпириялық түсіндірмелі



Эмпириялық суреттемелі


Теориялық



Сыни шолу




Талдау-шолу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет