Сабақ жоспары пән: Азаматтық іс жүргізу құқық Күні: 25. 11. 2015 ж Топ : ҚТ-31



бет1/4
Дата26.08.2017
өлшемі0,7 Mb.
#28592
түріСабақ
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей көп салалы колледжі


«Бекітемін»

Семей көп салалы колледжі

директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

________О.И.Мачахина

«____» ______ 2015ж

Азаматтық іс-жүргізу құқығы пәнінен

ҚТ-31 тобына арналған ашық сабақ әзірлемесі

Тақырыбы:Азаматтық істі сотта қарау.


Арнайы гуманитарлық

пәндер циклдік комиссия

отырысында қаралып бекітілді.

Хаттама № «___»_______2015ж.

ПБК жетекшісі Садуакасова А.Т.

Оқытушы: Абдрахманова М.Б.

Семей 2015 жыл

САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән:Азаматтық іс жүргізу құқық

Күні: 25.11.2015 ж

Топ: ҚТ-31

Сабақтың тақырыбы: Азаматтық істі сотта қарау

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік:Азаматтық іс қарау сатысының мәні және құрылымы туралы түсінік беріп, оқушыларды сотта іс қарау бөлімдерімен істі қарауды кейінге қалдыру тәртібімен азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік:Оқушыларды өзісіне жауапты, тәртіпті болу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, мәселені шешу жолын іздеуге, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетін дамыту мен пәнге деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке топтық, есеп шығару, өз ара бағалау, «Хат қоржыны».

Пәнаралық байланыс: ҚР конституциялық құқығы, ҚР Азаматтық құқығы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы, отбасы құқығы, Еңбек құқығы, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу т.б.

Сабақтың жабдықтары: сабақтың эпиграфы, сабақ жоспары, презентация «Microsoft Point», жағдаят есептер, таратпа материалдар, кодекс, компьютер, мультимедиалық тақта.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Нұрмашев Ү., Нұрмашева Ф. Қазақстан республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқу құралы.-Алматы: Жеті жарғы, 2009ж-400 бет.

2.Егембердиев Е.О. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқулық.-Астана: Фолиант,2006-388 б.

3. ҚамбароваН.Ш. Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оқу құралы (альбом-кесте).-Алматы:Заң әдебиеті, 2009-108 б.

4.Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі-Алматы: Юрист, 2015-121б.
Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин

2.Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин(фронтальді)

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30 мин

4.Сабақты бекіту-10мин(сұрақ-жауап)

5.Сабақты қорытындылау: 2 мин

6.Білімдерін бағалау– 3мин

7. Үйге тапсырма– 2мин

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі(3 мин)


  • Сәлемдесу

  • Түгендеу

  • Сабаққа кірісу

2.Үй тапсырмасын тексеру:Фронтальді, топтық әдіс- 30 минут

2.1«Өткенді шолу» сұрақ-жауап(5 мин).

1. Азаматтық іс жүргізу құқығы

2.Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі

3.Жалпы бөлім қандай институттардан тұрады

4.Ерекше бөлім қандай институттардан тұрады

5.Азаматтық сот ісінің сатылары

6.Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қарым-қатынастардың туындауының алғы шарттары

7.Азаматтық іс жүргізу кодексі қабылданған жыл

8.Азаматтық сот ісінің түрі

9.Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері

10.Азаматтық іс жүргізу кодексі неше бөлім неше тарау неше баптан тұрады

11.Іске қатысушы тұлғалардың құрамы

12.Азаматтық сот ісіндегі тараптар

13.Соттағы өкілдік

14.Өкілдің соттағы өкілдігі және олардың ресімделу тәртібі

15.Соттылық ұғымы мен оның түрлері

16.Сот шығындары

17.Мәжбүрлеу шаралары

18.Талап қою

19.Талап қоюдан бас тарту

20.Қазақстан респуликасы заңдары бойынша істер қарастыруға құқығы бар органдар

2.2 Тақырыпқа байланысты қысқаша баяндама (5 мин).

Азаматтық істі сотта қарау.



2.3 «Жағдайаттарды шешу» кодекспен жұмыстаратпа материал түрінде есеп (15 мин).

Есеп Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар және олардың субъектілері
Морозова үйге меншік құқығын мойындау жөнінде сотқа талап арызбен барды. Өтінішінде ол 1990 жылы бірінші некеден туған қызы Галинамен (жауапкер) бірігіп сол үйді сатып алғанын жазған. Үй талапкер атына тіркелген, қызымен арасының суып кетуіне байланысты әрі қарай тұра алмайды, сол себепті қызының үлесіне тең сомма ақша беруге келісімді.

Сот отырысында Морозова екінші күйеуі тұратын жақтан жаңа пәтер сатып алғысы келетіндігін мәлімдеді. Сондықтан қызынан ақшаны талап етіп отырғанын айтты.



Сот бұл жағдайды қалай шешу керек? Талаптың элементтерімен түрлерін атаңыз.

Есеп Азаматтық іс жүргізудегі тараптар

Р. Б. Трушина өз міндеттерін белгісіз себептермен орындамағаны үшін №58 мектеп әкімшілігімен жұмыстан шығарылды.

Жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санаған ол сотқа талап арызбен жүгінеді.

Қай тарап жұмыстан шығарылғандығының заңдылығын (заңсыздығын) дәлелдеуі керек?

Бұл тарап сотқа қандай дәлелдемелерді көрсетуі қажет(нақты құжаттарды көрсету)?

Есеп Сотта өкілдік

Ханс Кельц Қарағанды облысының Михнево аулында құрылыс

компаниясында жұмыс істеген.Кельц ЖШС «Краснов и К» жүргізушісінің

кінәсінен болған жол апатынан ауыр дене жарақатын алды, бұл сот үкімімен айқындалған.Кельц ЖШС -ға зардапты өтеу туралы талап арызын көрсеткен.

Сот белгілеуімен өтініш қабылданбады, себебі арызданушы Германия мемлекетінің иазаматы болып табылады, ал ҚР мен Германия ароасында қылмыстық азаматтық істер бойынша көмек көрсету туралы келісім жоқ.

Судьяның әрекеті заңды ма?



Есеп іс жүргізушілік мерзімдер

Азамат, Ибраев Серік Сапарұлы әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімін құраңыздар.



Есеп сот шығындары мен айыппұл

Ковшова Марианна Павловна деп жазу орнынаКовшова Марина Павловна деп жазған АХАЖ бөлімінің қателігін анықтау туралы сот шешімін құрастырыңыздар.



Есеп Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу

Дрогова Наталья Ивановна 11 жастағы Ковалев Денисті асырап алу туралы сотқа өтініш жазған. Істі қарау күні Дрогова НИ келген жоқ, ионың орнына өкілі Камалов А.Х келді.Дрогова өз өтінішінде Ковалев Денисқа мұрагерлікке қалған пәтерге меншік құқығын қорғау туралы сұраған.Ковалевтің өзі іске қатысқан жоқ.

Сот өтінішщті қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Бала асырап алу туралы өтініштің мерзімі қандайц?

ҚРАІЖК –нің нормалары бұзылды ма?

Бала асырап алу туралы өтінішті құрастырыңыз?



Есеп азаматтық іс жүргізудегі дәледемелер

2001ж.6 шілдесінде Ақсу қаласының аудандық соты Сарсееваның талап арызын қанағаттандырмау туралы шешім шығарды.

Келіспеген ол шілденің 21-і күні апеляциялық наразылығын почтамен жіберді, облыстық сотқа 24 күні келіп түсті.

Сот өтінішті қабылдай ма не қабылдамай ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

Апеляциялық өтінішті құрастырыңыздар.

Есеп жеке кәсіпкер Ахметов сізден заң кеңесін алуға жүгінді. Ол заңды тұлғаданбелгіленген вексель қарсылығы бойынша қарызын өндіріп алу үшін сот бұйрығын алу туралы өтінішпен сотқа жүгінгенін айтты

Келесі сұрақтарға жүгініп консультацияны беріп көрініз

Бұл іс экономикалық соттама, әлде юрисдикциялық сотта қаралама?

Сотта бұйрық алу үшін жүгіну тәртібі қандай



Жауабы:ҚР АІК бойынша 1). 43-тараудың қадағалау тәртібімен іс жүргізу 384 бап 2 тармақ 2) 385 бап 2 тармақ

2.4 «Хат қоржыны» талап-арыз жазудың үлгілері хаттамалар(өкілдік және сенімхат) - 5 минут бейне суреттен көрсету.

____________________облысының

                                                                     _______________аудандық (қалалық) сотына

                                                                    Талапкер_____________________________

                                                                                  ( Азаматтың аты-жөні,  тұрғылықты жер)і

                                                                    Жауапкер______________________________

                                                                       (Ұйымның аты, орналасқан жері, банктік    реквизиттері)

                                    Ар намыстықорғаутуралыталапарыз

 _____________________________________________________________________

Талапкердіңпікірінше, оның ар намысынаіскерлікбеделіне, нұқсанкелтіретінмәліметтеркімменжәнеқашантарағанын, неге оныншындыққажанаспайтындығынкөрсетуқажет, негізболатындәлелдеркелтіругеболады

 Жауапкердіңәрекеттерісалдарынанмағанкелтірілген  шығынды _________________   

                                                                                                (Есепайырысуларұсынылсын)

мөлшерінде,  сондайақ  моралдық  зиянды _________________тенгеге  бағалаймын.

                                                                                        (физикалық  күйзеліс)

ҚР АК 143 бабына сәйкес,

Өтінемін:

1.   _________________________________________менің ар намысына іскерлік

( азаматтың аты жөні, ұйымның аты)

беделіме келтірген мәліметтерді теріске шығаруға міндеттеуді.

2.     Жауапкерден ___________________теңге моралдық зиян өндіруді.

  Талапты растайтын куәгерлер ________________________________ шақырылсын.

                                                   ( Аты-жөндері, мекен жайы)

  Қосымша:

1.     Талапкердің ар намысына іскерлік бееліне, нұқсан келтіретін мәліметтердің таратылуы туралы дәлелдер (баспасоз  беттерінен, жиналыс хаттамаларынан үзінділер, т.б.)

2.   Мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек көшірмесі

3.    Талап арыз көшірмесі 

Қолы                                                                                                        Күні

                                                                               Қостанай облысының____________

                                                                    ---------аудандық қалалық  сотына

                                                                  Талапкер------------------------------------ 

                                                                  Жауапкер------------------------------------

                                                                  Талап  құны--------------------------------

 

Талап арыз берешекті өндіріп  алу туралы


Жауапкер ________________________20___жылдан _____20____ жылға дейін

 __________________________________________________________________жұмыс жасады



(Жауапкердің жұмыс орны мен лауазымын көрсету қажет)

_____20_____ жұмыстанбосатылды. Босатылғаннанкейін  ол ____________________________________________________________

 (Берешексебебін, жолсапарғаберілген аванс т.б. көрсетуқажет)
мөлшеріндеберешекболды.

 Берешектідаусызтәртіптеұстау ______________________байланысты  мүмкінболмады      

                                                            (Себебінкөрсетуқажет)

                                                           ҚР  Заңының 91 бабынасәйкес,

                                                                       

ӨТІНЕМІН:
_______________________________         ____________________________________________

(Жауапкердіңатыжөні )                             (талапкердіңатауы)

Пайдасынаберешектіөтеуүшін ---------------------------------теңге, -------------------сот  шығындарынөндіріпалуды.

 

Қосымша:

1. Қызметкерді   босатутуралыбұйрықкөшірмесі

2. Қызметкердіңсоманыалғанынрастайтынқұжаттаркассалық ордер, төлемведомстволарыт.б.

3.Мемлекеттік бажтөлеутуралытүбіртек

4. Талапарызыныңкөшірмесі

Қолы


 

Күні


 
 

Еңбекдаулары

 

 

__________________________облысының



                                                      _____________ аудандық (қалалықсотына

                                           Талапкер ______________________________

                                                   Жауапкер ______________________________

 

                                                      Талапарыз



 

Жұмысқақайтаалужәне  амалсызданжұмысқашықпағанкүндері  үшінтөлеутуралы

 

 Мен   _______________________________________________________20___ жылдың



                   (лауазымы,  уйымныңаты)

бастапжұмысістедім.

_________________________________________________жұмыстанбосатылдым.  

________________________________________жұмыстанбосатудызаңсыздепсанаймын



(негіздер)

  

20____жылдың «____»__________ бастап  жұмыстанбоспын.



 

ҚР еңбектуралыЗаңының 29 бабынасәйкес,

      

                                                                      Өтінемін;



 

Мені ___________________________________________жұмысқа  қайтаорналастыруды.

          (лауазымы,  кәсіпорынатауы)

 

1.      _________________________ амалсызжұмыссызжүргенкүндерімүшінменіңпайдама ____________________тенге  өндіруді .



 

Қосымша:


1.      Жұмысқаалутуралыбұйрықкөшірмесі

2.      Жұмыстанбосатутуралыбұйрықкөшірмесі

3.      Кәсіподақкомитетініңмәжілісхаттамасынанүзінді

4.      Соңғыекі айжұмысыүшінжалақыкөлемітуралыанықтама

5.      Талапарызкөшірмесі

 

Қолы                                                                                           Күні



3. Жаңа тақырыпты түсіндіру-кестемен -20 мин

Жоспары:


  1. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы

  2. Істі қарауды кейінге қалдыру

  3. Сот отырысының хаттамасы

3.Сабақты бекіту : (10 мин)




Аты-жөні







Жауабы (+-)

Бағасы

1







2







3







4







3. 1 Сотта іс қарау бөлімдері

3.2 Істі қарауды кейінге қалдыру

3.3 Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

3.4 Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы

3.5 Сот отырысының хаттамасы

4. Сабақты қорытындылау: (2 мин)

«Азаматтық істі сотта қарау» тақырыбы бойынша студенттердің өзін-өзі бағалау парағы


Білемін

Не білдім

Білгім келеді










5. Білімдерін бағалау: (2 мин)

Сабаққа қатысқан және берілген тапсырманы орындаған балаларды сабақ соңында бағалау



6. Үйге тапсырма беру: (2 мин)

- Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы 168-203 беттер. Азаматтық істі сотта қараутуралы конспект толықтыру.

- ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 175-259 дейінгі баптарды жаттап келу.

- Тақырып бойынша тест сұрақтары мен жағдаят есептер құрастырып келу.



Пән оқытушысы: Абдрахманова М.Б

  1. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы

17-тарау. Соттаісқарау

      174-бап. Азаматтықістердіқараудыңжәнешешудің мерзімдері

Азаматтық істер iстi сот талқылауына әзiрлеу аяқталған күннен сәттен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. Жұмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер бір айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. Азаматтық істердің жекелеген санаттары үшін заңдарда өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін.

175-бап. Сот отырысы. Азаматтық істі қарау іске қатысушы адамдарды міндетті түрде хабардар ете отырып, сот отырысында жүргізіледі.

      176-бап. Сот отырысында төрағалық етуші. Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады. Төрағалық етуші істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және объективті анықталуын, іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктің және тәртіптің сақталуын, процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруын және олардың өз міндеттерін орындауын, процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық жасайды, қаралатын іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастайды. Процеске қатысушылардың қайсыбірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді. Төрағалық етуші сот отырысында тиісті тәртіптің қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар қолданады. Оның өкімі процеске қатысушылардың барлығы үшін, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар үшін міндетті.

      177-бап. Сотта іс қараудың тікелей және ауызша жүргізілуі. Істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: тараптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды көруге, ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдарының материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды. Істі қарау ауызша жүргізіледі. Істі қарау процесінде судья ауысқан жағдайда істі қарау басынан бастап жүргізілуге тиіс.

      178-бап. Сот отырысындағы тәртіп. Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады. Іс шешім шығарусыз аяқталатын сот шешімін немесе сот ұйғарымын сот отырысы залындағы жұрттың барлығы түрегеп тұрып тыңдайды. Процеске қатысушылар судьяға түрегеп тұрып жүгінеді және өздерінің айғақтары мен түсініктемелерін айтады. Осы ережені орындамауға төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін. Процеске қатысушылар, сондай-ақ сот отырысы залындағы барлық азаматтар белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

      179-бап. Сот отырысында тәртіп бұзушыларға  қолданылатын шаралар. Істі қарау кезінде тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды. Тәртіпті қайталап бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстырады. Іске қатыспайтын және істі қарау кезінде қатысушы азаматтар тәртіпті қайталап бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі. Істі қарау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.



2.  Сотта іс қарау бөлімдері

2.1 әзірлеу бөлімі

 180-бап. Сот отырысын ашу. Істі талқылау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етеді. Сот аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланған жағдайда төрағалық етуші ол туралы хабарлайды.

      181-бап. Процеске қатысушылардың келуін тексеру. Сот отырысының хатшысы осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенін, келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды. Төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді.

      182-бап. Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру. Төрағалық етуші аудармашыға - оның сот жүргізіліп отырған тілді білмейтін адамдардың түсіндірмелерін, айғақтарын, мәлімдемелерін, ал бұл адамдарға іске қатысушы адамдар мен куәлардың түсіндірмелерінің, айғақтарының, мәлімдемелерінің, жария етілетін және істе бар құжаттардың, дыбыс жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья өкімдерінің, сот қаулылары мен шешімдерінің мазмұнын аудару міндетін түсіндіреді. Төрағалық етуші аудармашыға көрінеу дұрыс аударма жасамағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауапкершілік жөнінде ескертеді. Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Аудармашы сотқа келуден немесе өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жаза белгіленуі мүмкін.

      183-бап. Куәларды сот отырысызалынаншығару. Келгенкуәлар сот отырысызалынаншығарылады. Төрағалықетушіжауапалынғанкуәлардыңжауапалынбағанкуәларменсөйлеспеуінешараларқолданады.

      184-бап. Сот құрамынжарияетужәнеқарсылықбілдіруқұқығынтүсіндіру. Төрағалық етуші сот құрамын жария етеді, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы ретінде кімдердің қатысатынын хабарлайды және іске қатысушы адамдарға олардың қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді. Қарсылық білдіру үшін негіздер, мәлімденген қарсылықты шешу тәртібі және осындай мәлімдеулерді қанағаттандыру салдарлары осы Кодекстің 40-43-баптарымен айқындалады.

      185-бап. Іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға және өкілдерге олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде тараптарға дауды шешу үшін аралық сотқа жүгіну не дауды медиация тәртібімен шешу құқығын және осындай әрекеттің салдарларын түсіндіреді.

      186-бап. Соттың іске қатысушы адамдардың өтініштерін шешуі. Іске қатысушы адамдардың және өкілдердің істі қарауға байланысты мәселелер жөніндегі өтініштері іске қатысушы басқа адамдардың пікірлері тыңдалған соң сот ұйғарымдарымен шешіледі.

      187-бап. Іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сот отырысына келмеу салдарлары. Іске қатысушы адамдар келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бұл себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.   Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса, істі қарау кейінге қалдырылады.  Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді деп танылған жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жауапкер болмаған жағдайда, сырттай іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу себептері туралы мәліметтер жоқ болса не сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тапса, не жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, сот істі қарауға құқылы. Тараптар соттан істі олардың қатысуынсыз қарау және оларға шешімнің көшірмесін жіберу туралы жазбаша өтінуге құқылы. Егер бұл істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады. Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы адам өкілінің келмеуі істі қарауға кедергі бола алмайды. Іске қатысатын адамның өтініші бойынша сот оның өкілі дәлелді себептермен келмеуіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыра алады.

      188-бап. Сот отырысына куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдарлары.   Сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда сот іске қатысушы адамдардың істі олар жоқта қарау мүмкіндігі туралы пікірін тыңдап, сотта іс қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны ауыстыру мүмкіндігі болмаса, сот істі қарауды кейінге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Егер шақырылған куә, сарапшы, маман немесе аудармашы сот отырысына сот дәлелді емес деп таныған себептер бойынша келмесе, олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарға сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Осы Кодекстің 119-бабына сәйкес олар сондай-ақ мәжбүрлеп келтірілуі де мүмкін.   Сотта айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә осы Кодекстің 17-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 353-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.

189-бап. Істі қарауды кейінге қалдыру. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер сот процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі, қарсы талап қою, қосымша дәлелдемелер ұсыну немесе талап ету, іске қатыстыруға басқа адамдарды тарту қажеттігі, өзге де әлдеқандай іс жүргізу әрекеттерін жасау қажеттігі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп тапса, істі қарауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жіберіледі.

      190-бап. Істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу. Егер сот отырысына тараптар қатысып отырса, істі қарау кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға құқылы. Бұл куәларды жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға қажет болған жағдайларда ғана жол беріледі.

      191-бап. Сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.      Төрағалық етуші сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сарапшыға көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.


Каталог: uploads -> doc -> 001b
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
001b -> Сабақ: Дастарқан жасау. Мектеп: Ново-Троицк орта мектебі Күні
001b -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың жер бетіндегі байлықтың бірі нан туралы білімдерін кеңейту
001b -> Сабақтың тақырыбы Батырдың нар тұлғасы Сабақ негізделген оқу мақсаты
001b -> Ұлттың ұлы бола аламыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет