Сабақ жоспары Пән: Биология 8 сынып



Дата21.04.2017
өлшемі76,7 Kb.
#14238
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пән: Биология 8 сынып

Сабақ №28 Күні , айы, жылы

Сабақтың тақырыбы: Қан, үлпа сүйықтығы және лимфа-организм ішкі ортасының құрам бөліктері. Олардың айналымы және байланысы. Қанның құрамы: плазма және формалы элементтері - эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер.

№10 зертханалық жұмыс. Адам қанының микроскоптық құрылысы.



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қанның құрамы, қан жасушалары, олардың құрылысы мен қызметі туралы білім беру.

Міндеті:

Білімділік: оқушыларға қанның құрамына және қан жасушаларына тоқталу арқылы алған білімдерін меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың ой- белсінділігін арттыру алған білімдерін білуге машықтандыру.

Тәрбиелік : Өзін - өзі танып білуге, жеке бас гигиенасын сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Жекелеме

Құрал–жабдықтар: плакат, тірек-сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А)Сәлемдесу



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Тақтадағы денені қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер, қолдың екі басты және үш басты бұлшық еттеріне (суреттеріне) қарап отырып, үй тапсырмасын сұрау:


1.Бұлшық еттердің негізгі топтары.
2.Бас пен мойынның бұлшық етт
3.Тұлғаның бұлшық еттері.
4.Арқа бұлшық еттері.
5.Көкіректің бұлшық еттері.
6.Құрсақтың бұлшық еттері.
7.Қолдың бұлшық еттері.
8.Аяқтың бұлшық еттері.
9.Бұлшық еттердің қажуы.


ІІІ. Жаңа сабақты талдау үшін қойылатын жұмылдыру сұрақтары.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.

Қанның қызметі:

1) жасушасын бір-бірімен өзара байланыстырады;

2) оттекті өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады;



3) қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;

4) ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;



5) дене температурасының тұрақтыльнъш сақтайды;

6) ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;



7) ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;

8) жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;

9) қорғаныштық қызмет атқарады (қанның ұю қабілеті).

Ересек адамның орташа қан көлемі 5-6 л.



Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағъша байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады

Қан плазмасы - қанның сарғыштау түсті сүйық бөлімі. Егер ерітінді қосылған ұйымайтын қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты - плазма. Плазманың құрамын-да 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок;) 0,12% глюкоза; 0,7-0,8% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүт қышқылы, ферменттер мен гормондар бар. Плазмадағы нәруыздар 3 топқа бөлінеді: алъбуминдер (4,5%); глобулиндер(1,7-3,5 %) фибриногендер (0,4%). Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нөруызы болмайтын қан плазмасын қанның сарысуы (сыворотка) дейді.

Плазма мен сарысудың айырма шылыгы: плазма қанның сүйық болігі, сарысу ұйыган қаннан кейінгі сұйықтық (қан ұйығының сығындысы). Альбумин мен глобулин нәруыздары жасушадағы су мен денедегі сұйықтықты реттеуге қатысады. Минералды заттардан натрий, калий, кальций, магний тұздары болады. Нәруыздар қан ұюына катысып, плазмаға тұткырлык (вяз-кость) қасиет береді.Глюкоза - жасушалар ушін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0,04%-дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшық-еттер жиырылып, тырысып (судороги) қалады. Глюкозаның концентрациясы тым азайып кетсе, қанайнальшы мен тынысалу бұзылып, адам өліп кетуі мүмкін.

Қан жасушалары. Ыдыста тұндырылған қанның екінші және үшінші қоңыр-қызыл қабаты қан жасушалары. Қан жасушаларына - эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады

Әритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше «егуйігоз» -қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді. Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болған-дықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады. Пішіні - ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Піпшннің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйыктығының ағынмен жылжиды.Адамның эритроциттерінің диаметрі 7,5 мкм, қалыңдьпы 1-2 мкм. Қанның 1 мм3-де шамамен 4,5-5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм3 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Гемоглобин - қанның қызыл түсті пигменті. Эритроциттер оттегін тынысалу мүшелерінен ұлпаларға, көмірқышқыл газын ұлпалардан тынысалу мүшелеріне тасуды қамтамасыз етеді. Адамның 100 мл канында шамамен 15 г гемоглобин болады.Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 120 күндей. Оның шамамен 2,5 млн көкбауыр мен бауырда жойылып, осынша мөлшері сүйек кемігі майында кайта түзіледі. Көкбауыр мен бауырдың кантамырлары кабырғасының эритроциттерді тұтып калып, ерітіп жіберетін касиеттері бар. Эритроциттердің мөлшері әр түрлі физиологиялык жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Жазда бұлтттыкеттердің жұмысы күшейсе, шамадан асыңкырайды. Қаны аз адам мен жұқпалы аурумен ауырған адамдарда мөлшері кемиді. Оттекпен косылған гемоглобинді –оксигемоглобин дейді. Оксигемоглобинмен каныққан қан - алкызыл түсті артерия каны, ал көмірқышқыл газымен қанықканы - күңгірт-кызыл түсті вена қаны.Қорыта келгенде, эритроциттер оттегін өкпеден ұлпаларға, көміртегі қос тотығын ұлпалардан тынысалу мүшелеріне тасиды (жеткізеді).

ІV. Бекіту.










Т

Р

О

М

Б

О

Ц

И

Т

























Э

Р

И

Т

Р

О

Ц

И

Т




О

К

С

И

Г

Е

М

О

Г

Л

О

Б

И

Н

























Л

Е

Й

К

О

Ц

И

Т




Г

Е

М

О

Г

Л

О

Б

И

Н


































Г

О

М

Е

О

С

Т










И

М

М

У

Н

И

Т

Е

Т


































Я

Д

Р

О












Жаңа сабақты жинақтай келе мына сөзжұмбақты шешеміз.


1. Қан пластинкалары.
2. Қанның қызыл түйіршіктері.
3. Оттекпен қосылған гемоглобин.
4. Қанның түссіз жасушасы.
5. Қанның қызыл түсті пигменті.
6. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы.
7. Ағзаның қорғаныштық қабілеті.
8. Эритроциттерде қандай органоид жоқ.
№10 зертханалық жұмыс. Адам қанының микроскоптық құрылысы.


V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма:§27. Оқу.
Каталог: uploads -> doc -> 130f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
130f -> Сабақтың тақырыбы : Алгоритм және оның қасиеттері. Мұғалімнің аты-жөні: Коргулиев Алихан Күні: 07-12. 11/2016 ж
130f -> Сабақтың тақырыбы: §13 Қыпшақ хандығы (XI-XIII ғасырдың басы) Сабақтың мақсаты
130f -> Сабақтың түрі: Ашық сабақ Сынып 7 «б» Қатысқандар 16 Қатыспағандар 0


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет