Сабақ жоспары Пән мұғалімі: Жарылқасынова М. М. Сынып: 8 «Ә» күні: 15. 04. 2014



бет1/3
Дата27.04.2017
өлшемі0,62 Mb.
#15198
түріПрактикум
  1   2   3
Информатика пәнінен ашық сабақ жоспары Пән мұғалімі: Жарылқасынова М.М.

Сынып: 8 «Ә» күні: 15.04.2014.

Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ЕХСЕІ кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін өздігімен қалыптастыру.

Тәрбиелік: Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың көре және ести отырып, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту, ойындар арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: топтық жұмыс, топтар жаңа тақырыпты түсіндіреді, өзін-өзі бағалау

Пән аралық байланыс: тарих

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Практикум элементерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Өткен тақырыптар бойынша оқушыларға жеке карточкалар беріледі, онда бірінші бағандағы тақырыпқа сай, екінші бағандағы дұрыс анықтаманы сызып көрсету керек.



1-нұсқа

  1. Компьютерлік графика дегеніміз?

Компьютердің көмегімен жасалатын барлық суреттер, анимациялар, видеолар, диограммаларды, кестелерді айтады

  1. Растрлық графика көбіне қайда қолданылады?

Графика көбіне интернетте қолданылады

  1. Векторлық графика?

Негізгі элементі сызық болатын графиканың екі өлшемді түрі

  1. Фракталды графика өлшемі немен анықталады?

Графика өлшемі математикалық формулалармен анықталады.

  1. 3Д (үшөлшемді графика)?

ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық объектілерді компьютерде үлгілеу облыстарында кең таралған графика

4-5 сұрақ дұрыс болса — «5»

3 сұрақ дұрыс болса — «4»

1-2 сұрақ дұрыс болса — «3»

Бағасы:

Оқушы:

Мұғалім:

2-нұсқа

  1. Компьютерлік графика түрлері?

Екі өлшемді: векторлық, растрлық, фракталды

  1. Растрлық графика?

Негізгі элементі нүкте болып келетін графиканы түрі

  1. Векторлық графиканың негізгі элементі?

Негізгі элементі сызық, доға, геометриялық фигуралар

  1. Фракталды графика?

Негізгі элементі математикалық формулалар бола алатын графика

  1. 3Д (үшөлшемді графика)?

ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық объектілерді компьютерде үлгілеу облыстарында кең таралған графика

4-5 сұрақ дұрыс болса — «5»

3 сұрақ дұрыс болса — «4»

1-2 сұрақ дұрыс болса — «3»

Бағасы:

Оқушы:

Мұғалім:

Топтастыру: (топты таныстырады)

Процессор.

Лидер, яғни жұмыстың басы. Бір тақырыпты түсіндірмес бұрын, өмірдегі қарапайым мысалдардан бастағанды ұнатады. Компьютердің миы болғандықтан, барлық жұмыс осыдан басталады.

Негізгі қасиеттері: шыдамдылық, сыпайы және барлығына басшы бола алады.
Монитор.

Бұл негізгі жұмыстың бет бейнесі. Ол алдына нақты мақсат қойып, соған барлық қабілетін шоғырландырады. Ол өзінің және қарамағындағылардың жұмысын басшылыққа көрсете біледі. ең басты қасиеті өзіне сенімділік.


Пернетақта.

Барлық құрылғылардың ішінде ең жақсы қарым қатынасқа түсуші және тыңдаушы. Оған тән қасиеттердің бірі жоғары эмпатиясының дамығандығы мен сезімталдық. басқалардың қуанышы мен қайғысы өзінің басынан кешкендей сезінеді. Басты қасиеті адамдарға қолынан келгенше әрдайым көмек береді.


Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушыларға үйге жаңа тақырыпты өздігімен оқып, түсіндіру берілген. Сол бойынша оқушылар, яғни топтар жеке-жеке жаңа тақырыпты түсіндіреді.Тақырып бойынша дайындалған презинтация арқылы түсіндіру.
1 топ. Процессор.

Балалық шақта біз, қоршаған ортаны зерттеу кезінде, ең алғаш сандармен қақтығысамыз. Қарапайым тапсырмаларды шеше бастаймыз: мысалға, сенде мынанша кәмпит бар, сен оның мынаншамасын досыңа бердің, сонда сенде қанша кәмпит қалды дегендей.

Өсе келе біз одан да қиын тапсырмаларды шеше бастаймыз. Егер әр өткізген күнімізге қарасақ, олардың біреуіде математикалық есептеулерсіз өтпеген. Мысалы, дүкенде ақша санаймыз, қоңырауға қанша уақыт қалғанын, және сол сияқты есептеулерді біз мида есептейміз.

Егер сіздер қаржыгер, бухгалтер немесе менеджер болсаңыздар?

Ол кезде онша қиын емес есептеулерді шығарғанда калькуляторды пайдаланасыздар, ал одан да қиын есептеулерге кездескенде, электрондық кестелерге жүгінесіздер.

Сонымен, электрондық кестелер, бізге әртүрлі математикалық операцияларды тез шығаруға және оларды басқаруға мүмкіндік береді.


Ал енді біз бүгін кестелік процессор EXCEL туралы айтамыз.
2 топ. Монитор.

MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office – тің құрамына кіретін программа. MS Excel - дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400 - ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.



MS Excel-дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. MS Excel қосылғаннан соң MS Excel терезесі ашылады (1 сурет). Бас мәзірде негізінен, басқа да MS Office программаларындағы бөлімдерден құрылған. (1 сурет)


111

Оның Word мәзірінен өзгешелігі,


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет