Сабақ жоспары Пәні: Геометрия Сыныбы: 9 «А». Пән мұғалімі: Калтаева Жамила Биртановна



Дата18.03.2017
өлшемі111,54 Kb.
#11720
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Геометрия

Сыныбы: 9 «А». Пән мұғалімі: Калтаева Жамила Биртановна.

Күтілетін нәтиже:

  • Косинустар және синустар теоремасын біледі;

  • Есептер мен мысалдарды шығарады, құрастырады;

  • Үшбұрыштардың белгісіз элементтерін анықтай біледі.

  • Геометриялық білімдерін күнделікті өмірде де пайдалана алуы туралы түсінік қалыптасады.

  • Теореманы пайдаланып есептерді шешу дағдысы қалыптасады.

  • Пәнге деген қызығушылықтары арттырылады.

Сабақтың тақырыбы: Косинустар және синустар теоремасын пайдаланып есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Косинустар және синустар теоремасын пайдаланып есептер шығару алгоритмін білу, осы тақырып бойынша білімдерін тиянақтау.
Міндеті:

Білімділік: Косинустар және синустар теоремасын дәлелдей біледі. Теореманы пайдаланып есептерді шешу дағдысы қалыптасады, үшбұрыштардың белгісіз элементтерін анықтай алады
Дамытушылық: Өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, геометриялық білімдерін күнделікті өмірде де пайдалана алуына , атап айтқанда инжинерия және құрылыс саласында маңызды екендігі туралы түсінік қалыптасады.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтары арттырылады, өй-өрістері кеңейеді, ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттері қалыптасады.

Сабақ түрі: қайталау қорытынды жасау
Типі: аралас сабақ
Әдісі: Блум түймедағы , Қалай оқу керектігін үйрету ,топтық және өзіндік жұмыс(мини тест), дискрипті бағалау, «Әліпби» желісі әдісі, Раундробин әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті қағаздар, рефлексия , стикерлер.
Ұйымдастыру формасы: топтық жұмыс

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Постер, түрлі-түсті қағаздар, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:1) Ұйымдастыру кезеңі:
a) Сәлемдесу
b) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (дәптерлерін, оқулықтары дайындау)
2) Үй тапсырмасын тексеру №434, №436

в) Оқушыларды геометриялық фигуралардың пішініне байланысты 3-топқа бөлу (үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш). Топтағы мүшелер топ басшылары мен таймгипер, хатшыны сайлайды. Топтардағы топ басшыларына бүгінгі сабақ бойынша жасалған бағалау парағы таратылып беріледі.



Критерийлер

Оқушының


аты-жөні

Блум түймедағы

Ашық сұрақ

Оқулықпен жұмыс

Сұрақтарға жауап беруі

Мини тест

Деңгейлік Тапсырма


Жалпы ұпай

Мұғалімнің бағасы

1.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

2.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

3.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

4.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

5.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

6.

 

 


 




 

 

 

 

 

Сабаққа кіріспе: 3) Өткен тақырыпты қайталау: (5-минут) БЛУМ түймедағы бойынша өткен тақырыпты қайталау, БЛУМ түймедағы 6-күлтешеге бөлінген, онда 6-түрлі деңгей бойынша сұрақтар беріледі .

4) БЛУМ түймедағы сұрақтары:

1) Қарапайым сұрақ: Синустар теоремасы қандай формуламен анықталады?

2) Анықтайтын сұрақ: Косинустар теоремасы қайсы формуламен анықталады? ( Слайдтан тест түрінде көрсетіледі, 5-жауаптың біреуін таңдау керек.)

3) Бағалау сұрағы: Өзеннің екі жағында орналасқан А және В пункттерінің арақашықтығын қалай анықтауға болады?

4) Шығармашылық сұрақ: Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың

биіктігін қалай анықтаймыз?



5) Кіріктірілген сұрақ: Үшбұрыштарды шешуде көбінесе қандай тригонометриялық формулалар жиі қолданылады?

6) Практикалық сұрақ: Үшбұрыштың қабырғалары 3м, 4м,5м болса

үшбұрыштың түрі қандай?




Қарапайым

сұрақ




Практикалық

сұрақ




?



Анықтайтын сұрақ

Кіріктірілген

сұрақ




Бағалау сұрағы

Шығармашылық

сұрақ



5) Бұл тапсырма орындалғаннан кейін 3-топқа бірдей төмендегі ашық сұрақ беріледі.(2-минут)

Ашық сұрақ

Косинустар теоремасы Пифагор теоремасының

жалпыламасы болады, өйткені….

ЖАУАБЫ: γ=900 десек онда cos γ=cos 900 =0 және



c2=a2+b2-2ab cos γ; c2=a2+b2 болады.

6) Оқулықпен жұмыс .(Қалай оқу керектігін үйрету).

Мұнда 3-топтың оқушыларына төмендегі тапсырмалар бөлініп беріледі. Постерде жұмыс. (6-минут)



І топ

  • Егер үшбұрыштың қабырғалары 5см, 4см және 4 см болса, онда үшбұрыштың бұрыштарына қатысты түрін анықтаңдар.

ІІ топ

  • Егер үшбұрыштың қабырғалары 17см, 8см және 15см болса, онда үшбұрыштың бұрыштарына қатысты түрін анықтаңдар.

ІІІ топ

  • Егер үшбұрыштың қабырғалары 9см, 5см және 6 см болса, онда үшбұрыштың бұрыштарына қатысты түрін анықтаңдар.

Жоғарыдағы тапсырмаға 7-минут уақыт беріліп, әр топтан 1-оқушы шығып, постерді қорғайды. Орындалған тапсырманы топтан 1-оқушы шығып, дискриптр бойынша бағалайды. Дискрипті бағалау алдын-ала тақтада көрсетіледі, әр топ бірін-бірін бағалауға 2-минут уақыт беріледі.

Дискрипті бағалау

7-8 ұпай -«5» 5-6 ұпай-«4»

4-3 ұпай-«3» 3 ұпайдан төмен-«2»

А.

В.

С.

Д.

Есеп шарты талданып, сызбасы дұрыс сызылған.

1ұпай

Ізделінді шама жалпы түрде дұрыс өрнектелген. Есеп шарты дұрыс құрылған.

2 ұпай

Белгісіз шаманы анықтау үшін қажетті формулалар жинақталған.

2ұпай

Есептеулер дұрыс жүргізілген және дұрыс жауабы бар.

3 ұпай

7) Сергіту сәті ретінде Әліпби желісі әдісін пайдалану. ( 5-минут) Әр топқа төмендегі әріптерден басталатын бүгінгі тақырыпқа байланысты сөйлем құрастыру тапсырылады.

1-топ

К,Т, Б, Е, Ш

2-ТОП

С, Т, Ү, Ш,Қ

3-ТОП

Ү, Ш,П,Т,Қ

8) Мини тест. Дәптермен жұмыс. Оқушыларға өткен тақырыпқа байланысты тест жұмысын орындау ұсынылады.(5-минут) . Тест орындап біткен соң оқушылар слайдтан көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша өзін-өзі бағалайды. Жоғарыдағы дискрипті бағалау шкаласын басшылыққа алады.

Тест тапсырмасы 9класс

Әр сұрақ 1-ұпайдан бағаланады.

1.Үшбұрыштың 11см қабырғасына қарсы жатқан бұрышы 1500 . Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңы.

А. 10см В. 5.5 см. С. 22см Д. 13см. Е. 11см.

2. АВС үшбұрышында А бұрышының шамасы 450 , ал биіктігі АС қабырғасын АД =6 см, ДС=8см кесінділерге бөледі.АВС үшбұрышының ауданын тап.

А. 42см2 В. 43 см2. С. 22см2 Д. 13см2. Е. 11см2.

3.А(1;-1), В(0;1),С(4;3) нүктелері АВСД паралеллограмының төбелері болып табылады. Д төбесінің координаттарын табыңыз.

А. Д(-5;1) В. Д(6;1) С. Д(-6;1). Д. Д(5;1). Е. Д(5;-1).

4.Үшбұрыштың екі қабырғасы 6см және 10см-ге, арасындағы бұрышы 1200. Үшінші қабырғасын табыңыз.

А. 16см В. 12 см. С. 14см Д. 9см. Е. 15см.

5.Дұрыс алтыбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы 12 см. Алтыбұрыштың периметрі неге тең?

А. 72см В. 48 см. С. 68см Д. 24см. Е. 36см.

6.Тең бүйірлі трапециясының үлкен табанына түсірілген 7 см және 19см кесінділерге бөледі. Трапецияның орта сызығын табыңдар.

А. 16см В. 21 см. С. 18см Д. 17см. Е. 19см.

7. у=4х+2 және у=-х+7 түзулерінің қиылысу нүктесінің координатасын табыңыз.

А. (4;1) В. (2;4) С. (1;6). Д. (2;3). Е. (1;2).

8.Қабырғалары 18см, 24см және 30см болатын үшбұрышқа сырттай сызылған дөңгелектің ауданын тап.

А. 215π см2 В. 210π см2. С. 225π см2 Д. 282π см2. Е. 214π см2.

9. Е(3;) және Т(4;) нүктелерінің арақашықтығын табыңыз.

А. 4 В. 8. С. 5 Д. 1. Е. 6.

10. х22-14х+6у+33=0 теңдеуімен берілген шеңбердің радиусын табыңыз.

А. 3 В. 8. С. 5 Д. 25. Е. 16.

9) Тапсырма ретінде әр топқа деңгейлік есептер беріледі.

10) Бағалау: Топ басшылары өз тобындағы мүшелерді бағалайды. Мұғалім топ басшыларынан бағалау парағын жинап алып, талдау жасау арқылы өзінің қорытынды бағасын сәйкесінше «5»,«4», «3» деген бағаларды қояды.

11) Сабақты қорытындылау: Раундробин әдісі арқылы бүгінгі сабақты оқушылар өздері қорытындылайды. Кері байланыс алынады.



12) Үйге тапсырма:1) №448, 450

2) Шығармашылық тапсырма: Тригонометрияның шығу тарихы және косинустар, синустар теоремасына 4-есеп құрастыру.



Сабақ соңында «Тілек сөздер» слайд-шоу көрсетіліп сабақ аяқталады.
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет