Пәні
|
Математика
|
Сынып
|
6
|
Сабақтың тақырыбы
|
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
|
Сабақтың мақсаты
|
Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын , қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу.
|
Оқу нәтижелері
|
Оқушылар сабақ барысында:
Перпендикуляр түзу анықтамасын біледі және перпендикуляр түзулерді сыза біледі ;
Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіруді үйренеді;
Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба біледі;
Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.
|
Бағалау критерийлері
|
перпендикуляр түзулердің ережесін білу және құралдарды пайдаланып перпендикуляр түзуді сызып орындай алу;
Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіру және нүктеден түзуге дейінгі арақашықтықты таба білуі;
Техникада, тұрмыста кездесетін перпендикуляр түзулерге мысалдар келтіре алу.
|
Дерек көзі
|
Оқулық, дидактикалық материалдар, ғаламтор,
|
Тапсырмалар
|
топтық жұмыс;
СТО
Деңгейлік тапсырмалар;
Рефлексия.
|
Ресурстар
|
Компьютер;
Көрмелер;
Сызу құралдары;
Тапсырмалар;
А3, А4 парақтар;
Бағалау парағы;
Оқулық;
Жапсырмалар;
Бағдаршам түстері/ фигуралар/
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезең-дері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс- әрекеті
|
Бағалау
|
Кіріспе
8 мин
|
1.Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу,топқа бөлу, бағалау парағы таратылады
|
1. Мақал –мәтелдің жалғасын табу арқылы 4 топқа топтасады
1-топ:Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады.
2-топ: Бір тал кессең, он тал ек.
3-топ: Жеті жұрттың тілін біл;
Жеті түрлі білім ал.
4- топ:Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
2. Сәлемдесу тренингі
Қатар тұрған екі оқушы бір- біріне амандасудың бір неше түрін айтып амандасады, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
|
мадақтау
|
2. Қызығушылықты ояту
|
Қызықты логикалық есептің жауабын табады
Есеп: Тік төртбұрышты аулада 7 алма ағашы өсіп тұр. Үш түзу сызығының көмегімен 7 бөлікке бөлу керек. Әр бөлікте бір алма ағашы қалатын болсын.
|
Қол шапалақ
|
3.Үй тапсырмасын өзара тексеру тапсырылады
|
Қатар отырған екі оқушы өзара тексереді (жұптық жұмыс) №1092
Шешуі:∠EDC=120°-90°=30°
∠ADE=90°-30°=60 ;
Жауабы: 30°, 60°
№1097∠COF=∠KOF-∠KOC=90°-50°=40°
∠FOB=∠COB-∠COF=90°-40°=50°
Жауабы:
|
Кері байланыс
|
Тұсау-кесер
10 мин
|
4. Математикалық диктант
|
Сұрақтарға жауап жазады және қатар отырған екі оқушы бір- бірін тексереді.
Сағат 9 болса, сағат тілі қандай бұрыш жасайды? Тік бұрыш
Төрт бұрышты столдың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш болады? Бес бұрыш
Бұл не?/сызба құралдары/
Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштың бірі 65° болса, қалған бұрыштары неге тең? 115°,65°,115°
Жазыңқы бұрыштың 1/6 -і неге тең? 30°
Перпендикуляр сөзі латынның қандай сөзінен алынған? Тік бағыт
Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі?
Тік бұрыш.
|
|
5. Cұрақ -жауап.
Әр топқа сұрақ қойылады
|
Берілген сұрақтар бойынша әр топ А3 параққа жазып, не сызып жауап береді.
Тік бұрышты сызғыш немесе транспортирді пайдаланып тік бұрыш сызып көрсетеді;
Перпендикуляр түзудің анықтамасын айтады, белгіленуі мен жазылуын көрсетеді ;
Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіру алгоритмін пайдаланып, сызып көрсетеді;
Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты табуды көрсетеді.
Техникада, тұрмыста өзара тең төрт бұрыш жасап қиылысатын түзулерге мысалдар келтіреді./суреттер/
|
бағдаршам
|
Негізгі бөлім
20 мин
|
Деңгейлік тапсырмалар Қай топ 1-ші дұрыс шығарады , сол топ тақтаға есептің шешуін жазады.
|
1-деңгей. Тапсырма 1.
№1087
AB⊥CD, ∠AOE=35°, ∠KOB=20°
Шешуі:
∠EOD=90°-35°=55°
∠KOC=90°-20°=70°
Жауабы: 55°,70°
2- деңгей. Тапсырма 2.
Қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың бірі екіншісінен 4 есе артық. Пайда болған бұрыштардың әрқайсысының шамасын табыңдар
Жауабы:36°,144°
3-деңгей. Тапсырма 3. №1098
∠AOB=90°, ∠AOF=125°, CD⊥EF
Шешуі:
∠AOE=180°-125°=55°
∠FOB=180°-35°=145°
Жауабы: 55°,145°
|
бағдаршам
|
8.Сергіту сәті, музыка қойылалы
|
Оқушылар музыка ырғағымен бой жазады
|
|
9.Әр топқа тапсырма беріледі (топтық жұмыс) А3 параққа сызып көрсетеді
|
І топ. а түзуіне түзуден тыс жатқан В нүктесі арқылы перпендикуляр сыз.
ІІ топ. С нүктесінен в түзуіне дейінгі арақашықтықты тап.
ІІІ топ. Бұрыштардың шамасын тап
IV топ. Қандай түзулер перпендикуляр болады?
|
бағдаршам
|
5 мин Қорытынды
|
Сабақты қорытындылау
|
Ассоциация
|
Әр топ бір біріне «екі жұлдыз, бір тілек айтады»
|
10.Оқуға арналған тапсырмалар
|
1. Тақырып бойынша қайталап оқу
2. № 1099
|
|
11. Рефлексия
|
Не үйрендім?
Мен үшін қиын болды
Мен үшін қызықты
|
|