Сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы: «Жаяу көкпар»



Дата25.03.2017
өлшемі36,82 Kb.
#12248
түріСабақ
Сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: «Жаяу көкпар» ойыны

І. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жылдамдығын арттыру.

А) Білімділік: өнер,ғылым,спорт-бұлардың бәрі байланыса келіп, ақыл-ой дарындылықтың формасына айналатынын оқушыларға түсіндіру.

Б) Тәрбиелік: оқушыларды ойын ойнаушының ерік-жігері, қиялы ұстамдылыққа тәрбиелеу.

В) Дамытушылық: оқушыларды ойын ойнауда жан-жақты үйлесімді ойлауды дамыту.

ІІ. Сабақ өтетін орын: Спорт алаңы

IІІ. Сабақтың көрнекілігі: ысқырғыш.

Сабақтың барысы мен мазмұны






Сабақтың мазмұны

Өтілетін уақыты

Әдістемелік нұсқау

Сабақтың барысы




І. Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Спорт жетекшісінен оқушылар жөнінде мәлімет алу. Журнал бойынша тексеру. Спорт киімдерін тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсаты мен мазмұнын түсіндіру. Сапта орындалатын жаттығулар. Бір орнында оңға, солға бұрыл, кері айнал.


5 мин

Сабақты уақтылы бастау, форма кимеген оқушыларға ескерту жасау.


Дайындық бөлімі



ІІ. Спорт алаңында айнала жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулары.
Б.қ. Аяқ арасы иық кең – де, қол мықында

1 – 4 мойынды оңға, солға қарай айналдыр.



Б.қ. Аяқ арасы иық кең – де, қол иықта

1 – 4 иықты қолмен бірге алға, артқа айналдыр.



Б.қ. Аяқ арасы иық кең – де, қол кеуде тұсында

1 – 2 қолды артқа соз, 3 – 4 оңға, солға қарай кер.



Б.қ. Аяқ арасы иық кең – де, қол мықында

1 – 4 белді оңға, солға қарай айналдыр.



Б.қ. Аяқ арасы иық кең – де, қол тізеде

1 – 4 тізені қолмен бірге ішке, сыртқа айналдыр.



10 мин

Жүгіру кезінде өз жолымен жүгіруін қадағалау.

Қолдың артқа керуін қадағалау.

Тізені ішке, сыртқа айналдыруын ескерту





Негізгі бөлім

ІІІ. Оқушыларды бастапқы қалыпқа келтіріп, сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауларын үйрету.



«Жаяу көкпар» ойыны.

Ойын күні бұрын белгіленген орында өткізіледі. Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды.

Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды (түйілген орамалды) екі жүз, төрт жүз, әрі кеткенде бір шақырымдай жердегі екінші көмбеге кім бұрын жеткізсе, сол ұтқан болып есептеледі. Егерде бір ойыншы көкпарды алып бара жатқан баланы орта жолда қуып жетіп, басып озатындай шамасы болса, көкпар оған ешбір қарсылықсыз беріледі. Қуып жеткен бала ілгері оза береді. Көкпарды кім мәреге жеткізсе, сол жеңімпаз атанады.

25 мин

Бастапқы қалыпқа келуін қадағалау.

Оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерді сақтауларын ескерту.

Ереже бойынша ойнауларын қадағалау.


Қорытынды бөлім


IV. Оқушыларды бастапқы қалыпқа келтіріп, өтілген сабақты қорытындылау. Жіберілген қателіктерін түсіндіру. Сабаққа жақсы, ынталы қатысқан оқушыларға баға қою. Оқушылармен қоштасу.

5 мин







Д/т пән мұғалімі: Ж. Давлетов .
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет