Сабақ жоспары [Ш] дыбысын қою мұғалім- логопед: Жумагалиева К. Ж



Дата22.08.2017
өлшемі340,52 Kb.
#24480
түріСабақ
«Қосалқы мектеп - интернат» КММ

Логопедиялық сабақ жоспары

[Ш] дыбысын қою

мұғалім- логопед: Жумагалиева К.Ж.

Семей қаласы

Тақырып: «Ш» дыбысын қою.

Мақсат: [Ш] дыбысын сөз ішінде анық айтуға үйрету.

[Ш] дыбысының артикуляциялық позициясын көрсетуге үйрету.

[Ш] дыбысын дұрыс шығаруға көмектесу, үйрету.

Дем алу гимнастика жаттығулары арқылы ауыз қуысын [Ш] дыбысының артикуляциясын дайындау.



Жаңа сөздер: Ағаш, шырша, алаша.

Көрнекіліктер: орман суреті, жапырақтар (табиғи материалдар), желдің үрлеу суреті, артикуляциялық жаттығулар (тіл,тіс суреттері).

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) амандасу

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

2) сабаққа дайындалу кезеңі.

Логопед :- Мен шықтым орманға,

-Тауып алдым тұқымды ,

-Жерге отырғыздым,

-Тұқымға су құйдым.

(балаларды бір-бірден залдың ортасына отырғызады)

2.Жалпы моторика және қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар.

1) Күн шықты, жерді жылытты

2) Ағаш өседі -балалар ақырындап тұрады

3) Жел ағашты тербетеді. –қолдарды тербетеміз

4) Ағаштың тамыры мықты, -аяқ басынан өкшеге дейін дөңгелету

5) Бұтақтары күнге тартылады -қолымызды жоғарыға көтереміз

6) Бұтақтарда жапырақ көп -саусақты сілкеміз

7) Орманда ағаш көп -жан-жақты көрсетеміз.



Жаңа сабақ:

ОРМАН



-Кәне балалар суретке қарайық! (орман суреті)

-Орманда нелер тұрады? (түлкі, аю, торғай, үкі)

-Орманда не өседі? (Ағаш, ағаштар,саңырауқұлақтар)

-Қандай ағаштар өседі?(Шырша, қайың, )

-Шырша қайда?

-Шыршаның түсі қандай?(жасыл)



- Жапырақтардың түсі қандай? (сары) –табиғи материалдар (сарғайған жапырақтар)

-Жапырақтар неге сары? (Өйткені күз келді)

«Күз» туралы тақпақ тыңдайық!

Күз келді,

Жапырақ сарғайды,

Жаңбыр жауады,

Қатты жел соғады!!!

3. Демалу гимнастика жаттығулары. (желдің үрлеу суреті)

«Қатты жел».

-Жел қалай соғады? (Терең дем аламыз, шығарғанда үстел үстіндегі жапыраққа үрлейміз. Жапырақ арқарай ұшу керек).

-Орманда қатты жел соқты. Ағаштардың басы қозғалды (балалар

қолдарды жоғары көтеріп тербетеді: ш-ш-ш).

-Алдымен дұрыстап [Ш] дыбысын қайталайық.


  1. Артикуляциялық жаттығулар. (Тіл,тіс суреттері)

Айнамен жұмыс.

«Мықты тіс»- тістерімізді көрсетеміз.

«Тіс тазалау»- тілдің ұшымен, жоғарғы және астыңғы тістердің үстімен жүргізу.


  1. Дыбысты қою және әріппен салыстыру (артикуляциялық профилін түсіндіру):

- [Ш] дыбысын дұрыс айтайық!

[Ш] дыбысы-дауыссыз дыбыс. Аузымызда кедергі кездеседі.

[Ш] дыбысының артикуляциясы.

Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді, бүйірлері жоғары азуларға тиеді. Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығынқы келеді. Тістер не қысылған, не жақындаған кезде арасында 1-2 мм санылау қалады тыныс тілдің арасынан бір қалыпты шығады: алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі.

(Балаларға [Ш] дыбысын артикуляциясын көрсетіп, логопедпен бірге қайталайды)


  1. Сергіту сәті. «Ұшты-ұшты»ойыны.

(Балалар ұшатын затты естісе қол көтереді, ұшпайтын затты естігенді қолды көтермейді)

Ұшты-ұшты тұлпар ұшты

Ұшты-ұшты қаз ұшты

Ұшты-ұшты үйрек ұшты

Ұшты-ұшты бүйрек ұшты

Ұшты-ұшты ұшақ ұшты

Ұшты-ұшты арба ұшты

7. [Ш] дыбысын автоматизациялау.

-Енді кәне ұйқас тақпақ жаттайық!



Ұйқас жаттау. «Алаша».
Ша, ша, ша

Жерде жатыр алаша

Ша, ша, ша

Алашамыз тамаша

Шық, шық, шық...

Төрге шық!

Іш, іш, іш...

Сусын іш!

Қорытынды:

-Балалар біз бүгін сабақта не істедік? (сурет қарадық, жаттығу істедік)

-Қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?( [Ш] дыбысы)

- Жақсы балалар!



Балаларды бағалау.

Үй жұмысы: [Ш] дыбысын артикуляциясын позициясын қайталау. «Алаша» ұйқасты жаттау.
Каталог: uploads -> doc -> 09f7
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09f7 -> Сабақтың тақырыбы Жабайы және үй жануарлары Сілтеме Дүниетану
09f7 -> 6 сынып. Математика Сабақтың тақырыбы: Осьтік симметрия және центрлік симметрия
09f7 -> Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. «№7 орта мектеп»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет