Сабақ жоспары сыныбы Сабақтың өткізілетін күні Пән аты: Биология



Дата13.08.2017
өлшемі34,31 Kb.
#23327
түріСабақ
29 САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сыныбы










Сабақтың өткізілетін күні










Пән аты: Биология

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің өсуі және дамуы.Оның қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі.Өркен мен тамырдың өсуге бағытталуы.Өсімдік дамуының кезеңдері(ұрықтық,жетілу,қартаю).Өсімдік тіршілігінің ұзақтығы.

Оқыту әдісі: Баяндау, дәстүрлі,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану,зоология

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Өсімдіктердің көбеюі жайлы білімді қалыптастыру, биология пәні бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
2. Тәрбиелік : Оқушыларды өсімдіктерді қорғауға үйрету,адамгершілік тәрбиесін беру, еңбекке тәрбиелеу, экологиялық мәдениет пен эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
3. Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, жалпы қабілеттілікті дамыту, ерлікті дамыту, қабілеттілікпен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңе білуге тырысу. Танымдық қызығушылықты дамыту, сезімді дамыту.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Өсімдіктің өсуі сызбалары, кестелер

Сабақтың құрылымы мен мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,сынып дайындығын тексеру, сабақтың жоспарымен, мақсатымен таныстыру

ІІ.Оқушыларға өткен тақырып бойынша білімін тексеру: барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындалғанын тексеру, жекеленген тапсырманы орындамау себептерін анықтау.

Тексеру әдісі:Ауызша жазбаша.

Сұрақтар:

1.Көбею анықтамасы

2.Көбею түрлері

3.Өсімді көбею

4.Ұрықтану



ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру

Түсіндіру әдісі: Ауызша түсіндіру,баяндау, көрнекіліктерді пайдалану.

Өсімдіктер өзінің тіршілік әрекеті барысында органикалық затты синтездеп топыраққа тамыр массасы түрінде, ал беткі бөлігі өлгеннен кейін өсімдік қалдықтары түрінде таратады. Өсімдік қалдықтарының құрамдас бөліктері минералданғаннан соң топыраққа сіңіп, топырақтың үстіңгі көкжиегіне тән қара рең беретін шіріндінің түзілуіне ықпал етеді. Сонымен бірге өсімдіктер топырақтүзуші жыныстарда аздаған мөлшерде болатын, бірақ өсімдіктердің қалыпты тіршілігіне сондай қажетті жекелеген химиялық элементтерді бойына жинайды (аккумуляциялайды). Өсімдіктер өліп, қалдықтары ыдырағаннан кейін бұл химиялық элементтер топырақта қалып, біртіндеп оны байытады.

IV. Жаңа материалды бекіту: (қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар)

Сұрақтар:

1.Өсімдіктің өсуі және дамуы.

2.Өсімдіктің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі.

3.Өркен мен тамырдың өсуге бағытталуы.

4.Өсімдік дамуының кезеңдері(ұрықтық,жетілу,қартаю).

5.Өсімдік тіршілігінің ұзақтығы.



V. Қорытындылау (білімін бағалау): Өсімдік тіршілігіндегі көбеюдің ролі жайлы өтілген сабақтың ұғыну сапасы мен деңгейін анықтау және түсінбеген жерлерін түзулеу, жоспарланған сабақ барысын толық ұғынғанына көз жеткізу.

VІ. Үй тапсырмасы: Өсімдіктің өсуі және дамуы.Оның қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі.Өркен мен тамырдың өсуге бағытталуы.Өсімдік дамуының кезеңдері(ұрықтық,жетілу,қартаю).Өсімдік тіршілігінің ұзақтығы.

Биология пәнінің мұғалімі: _______ Г.Е.Ускенова

Биологиялық диктант





  1. Өсімдіктерде________,___________,________,_______әрекеті болады.

  2. Фотосинтез________,ал тыныс алу________жүреді.

  3. Жер бетіндегі өсімдіктер жылына ________СО 2 сіңіреді.

  4. ________,_________,__________ өсімдіктің өсімді мүшесі.

  5. Жер үсті мүшелері: ______,_________,___________.

  6. Көбею мүшелері: ______,_________,___________ .

  7. Жапырақта жарықта______________ әрекеті, ________пластидтерінің қатысуымен жүреді

  8. Өсімдіктер ________ағза.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет