Сабақ жоспары Сынып: 7 а 23\11 Сабақ тақырыбы



Дата25.01.2017
өлшемі58,39 Kb.
#7636
түріСабақ

Зейтова Анар Амантаевна 7 сынып қазақ тілі П.Корниенко атындағы ЖББОМ

№ 44cабақ

пән

Қазақ тілі, Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сынып: 7 А 23\11

Сабақ тақырыбы:

Ұялы телефон арқылы ғаламторға шығу

Мақсаты


Ұялы телефон арқылы ғаламторға шығу туралы білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, сөйлем құрай білуге дағдыланады, мәтіннен нақты ойды белгілейтін сөйлемдерді таба алады.

міндеттері

оқылым: оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Интернетпен жұмыс істеуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;

айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің Интернетке қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Интернетке қатысты терминдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Интернетте жасайтын жұмыстары туралы әңгіме құра білуге жаттықтыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру

- Телефонмен сөйлесудің әдептерін тәрбиелеу



Күтілетін

нәтижелер




Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, қазақ тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды

Көрнекіліктер, құралдар

карточкалар, оқулық, фломастерлер, А4 қағаздар, стикерлер, ұялы телефондары

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім балалармен сәлемдесіп, жаттығу ұйымдастырады



Психологиялық ахуал туғызу

«Қыстың ауа райы»

Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ғаламтор» сөзімен әр септікте сөйлем құрастыру

Топқа бөлу

Сыныптың оқушыларын топқа бөлу.

Жұмыс ережесін қайталауды ұсынады

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді

Интернетке не арқылы шығуға болады? Сұрақтар арқылы Сабақтың тақырыбы мен мақсатына әкелу.

Сөздікпен жұмыс. \карточка \


Топтық жұмыс

Мұғалім жұмыс ережесін түсіндіреді

Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау

Басқа топтарда жұмыс істеу

Презентация жасау

Мақсаты:


Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Музыка қою, әр қимылды атап отырып көрсету

Жұппен жұмыс

Ұялы телефонның пайдасы мен Зияны туралы диалог құрау \ Нұсқаулықтармен жұмыс\

Тапсырманың орындалу ережесін түсіндіру

Кластер жасап дәлелдеу

Рефлексия


  • Телефонмен сөйлесудің әдептері туралы әңгімелесу

  • Кері байланыс

Үйге тапсырма: телефон арқылы орындайтын жұмыстар туралы әңгіме құрастыру

Бағалау.

Мұғалім бағалайды.



Оқушылардың іс-әрекеті

Оқушылар мұғаліммен амандасып, орындарында жаттығу орындайды

Кезекші сабақта жоқ оқушыны атайды, себебін айтады\ егер болса\

Оқушылар түсіндірілген ереже бойынша жаттығу орындайды
Жұмыстарын қорғайды \

«Үлкен саусақ»
оқушылар берілген пазлдардағы дүкендер суреттерін жинау арқылы топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады..

Оқушылар ережелерді қайталап, естеріне түсіреді.

Өз ойларын айтады, сабақтың тақырыбына келеді

Өзіне ұнайтын тағам туралы туралы әңгімелеседі

Жұппен жұмыс жасайды Әр жұп өз ойымен бөліседі

Тапсырманы жұппен орындайды. Диалог жазады. Әр оқушы оқиды.


Интернетте ұялы телефон арқылы не істеуге болатыны туралы тапсырмалар жасау. Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді.

Басқа топтарды аралап, жұмыстарымен танысу, әр топта бір оқушы басқа топтарға өз жұмыстарын таныстырады

Оқушылар топтан бір оқушыны таңдап өз жұмыстарын қорғауға жібереді, басқа топтар жұмыстарын бағалайды

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы

Оқушыларға шаршағандарын бастыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.

Оқушылар орнында әр түрлі қимыл жасайды.

Оқушылар жұппен берілген тапсырма орындайды

Диалогтарын қорғайды

диалогты бағалау \ +,-, қызықты\ стратегиясы бойынша

кластерлерін жасап қорғайды


телефонмен сөйлескенде қандай әрекеттер жасауға болмайтыны туралы әңгімелеседі
өз пікірлерін жазып тапсырады
Күнделікке жазып алады

Топ басшылары топ мүшелерінің бағаларын айтады, мұғалімнің, оқушылардың пікірлерін тыңдайды

Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды


Ұялы телефон

Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.



Қарағанды қаласында тұратын Марат сабақтан кейін спорттық секцияға барады. Спорт кешені Мараттың үйінен алшақ жерде орналасқан. Ол үнемі қоғамдық көліктермен жүреді және кесіп өтеді. Ата-анасы сол уақытта жұмыста болғандықтан, баласына алаңдап отырады. Сол себепті мәселені жеңілдету үшін ұялы телефон әпермек болады. Алайда телефонның бала денсаулығына зиян екеніне тағы алаңдайды. Сол себепті Маратты ұялы телефон туралы нұсқаулықтармен, талаптартармен таныстыруды жөн санайды

Нұсқаулықтар:

  • Ұялы телефонды денеден аулақ ұстау;

  • Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеу;

  • Сөйлесіп болған соң құлақтың түбінде сөндірмеу;

  • Ұйықтаған кезде 1,5-2м алыс жерге қою;

  • Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минут сөйлесу;

  • Жаңбырлы күнде телефонды қоспау;

  • Телефонды төсекке алып жатпау

Телефонмен сөйлесудің әдептері:

  • Мезгілсіз уақытта қоңырау шалмау;

  • Телефонды көтермеген жағдайда қайта-қайта қоңыраулатпау;

  • Әңгімені сәлемдесуден бастау;

  • Қоңырау шалушы өзін таныстыруы қажет;

  • Қажет жағдай болмаса,

әңгімені тым ұзартпау;

  • Қоңырау шалушы сөзді бірінші болып аяқтау;

  • Телефон соғылса, жауапсыз тастамау;

  • Қоңырау даусына жағымсыз әуендерді қоймау

1-тапсырма. ата-анасы баласына ұялы телефонды не мақсатта әпермек болды?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма. Маратқа берілген нұсқаулықтардың қажеттілігі туралы қандай пікір айтуға болады? Сіз осыған келісесіз бе, жоқ па?

Себебін түсіндіріп берсеңіз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



3-тапсырма. Қандай жағдайда телефонмен сөйлесуде шектен тыс сыпайылық ерсі болып саналады деп ойлайсыз?

  1. тым кеш немесе тым ерте телефон соққанда;

  2. телефон арқылы анықтама алғанда немесе телефонистпен сөйлескенде;

  3. телефонда ұзақ отырып, достарыңызбен сөйлесу.




Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет