Сабақ жоспары Тақырыбы «Сызбалар, эскиздер, техникалық суреттер туралы түсінік»



Дата25.08.2017
өлшемі265,89 Kb.
#25893
түріСабақ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

ШҚО білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КҚМК
Сабақ жоспары
Тақырыбы «Сызбалар, эскиздер, техникалық суреттер туралы түсінік»

Сыныбы: 9 «а»

Әдіскер: Айтқожин М.К,

сызу пәнінің оқытушысы

Машықкер: Аргингазин Қ.М,



0107000 «Технология» мамандығының ІІІ – курс студенті
Семей, 2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Сызбалар, эскиздер, техникалық сурет туралы түсінік»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сызбалар, эскиздер, техникалық сурет туралы малімет беру және оларды жасауға үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, шеберліктерін дамыту Тәрбиелік: Шеберлікке, тазалыққа, әсемділікті сезіне білуге уйрету Күтілетін нәтиже: Оқушылардың тақырыпты толық менгеріп оны болашақта колдана білуі Сабақтың көрнекіліктері: Сызбалар, эскиздер, техникалық суреттер Оқушылардың құрал жабдығы: Сызуға арналған құрал-жабдық, интербелсенді тақта

Сабақтың типі: Жаңа сабақ



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: ауызша, сұрақ – жауап, көрнекті - иллюстративті оқыту

Сабақтың құрылымдық жосапры: I.Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа әзірлігін тексеру, түгендеу.
II.Өткен тақырыпты қайталау

«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау.
III.Жаңа тақырыпты түсіндіру

а) Теориялық түсінік беру.

б) Көрнекілікпен, тақтамен жұмыс.

IV.Сабақты қорытындылау

a) Бекіту сұрақтарын қою.

б) Оқушыларға эскиз,сызба,техникалық сурет салдыру.
V.Үй жұмысын беру

a) Өздеріне ұнайтын сурет немесе бұйымның эскизін, сызбасын немесе техникалық суретін салып келу.
VI. Бағалау

Салған эскиз, сызба, техникалық суреттеріне байланысты бағалау.



Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа әзірлігін тексеру, түгендеу.



II.Өткен тақырыпты қайталау

Сендермен жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыпты қайталап отеиік. Ол үшін біз сендермен кәзір «Ыстық орындық» ойынын ойнаймыз.Ортада тұрған орындыққа кез келген оқушы өз еркімен келіп отырсын.Енді барлығымыз қосылып осы оқушыға өткен тақырыптан сұрақтар қоямыз.(Осылай бірнеше баладан сұрап шығамыз)



III.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Енді жаңа сабаққа көшсек. Бүгін біз сызбалар,эскиздер,техникалық суреттер» деген не екенін және оларды қайда қолданатындығы туралы өтеміз.



Сызба — бұйымды жасап шығару немесе құрастыру үшін керекті ақпараттар түгелдей келтірілген құрылымдық құжат; КҚБЖ бойынша анықталатын шартты белгілеулер ережелерін сақтай отырып бұйымдарды проекциялар жазықтықтарына кескіндеп түсіру; бұйымдарды, негізінен алғанда машина,ғимараттар мен олардың бөлшектерін әзірлеу үшін олардың қажетті өлшемдері,маштабының құрамын көрсетіп, сызбалап бейнелеу.Сызбада бұйымның кескіндері көрсетіледі, ал кескіндерді өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялау әдісімен орындайды. Кескіндерге өлшемдер түсіріледі және келісілген шартты белгілерді пайдаланады. Сызба конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесіне (КҚБЖ) қатысты стандарттардың талабына сай орындалады. Сызбаның негізгі түрлері: жалпы түр сызбасы; кешенді сызба; құрастыру сызбасы; тетік сызбасы.(оқушыларға сызбалар салынған беттерді көрсетемін)

Деталь сызбасы

Нобай, эскиз  (фр esquіsse – алғашқы долбар сурет) – көркем сурет  туындыларының, құрылыстардың, механизмдердің тұтас немесе жеке бөліктерінің алдын-ала жасалған жоба суреті; қолмен, масштабы көз мөлшерімен есептеленіп жасалынатын сызба.

Нобай салынатын нысанның жалпы тұрпаты мен негізгі белгілерін қамтиды. Нобай еркін әрі жылдам салынады. Ежелгі суретшілер, сәулетшілер әр алуан қимыл-қозғалыстағы денелердің қайталанбас сәтін дәл бейнелеп, долбар суреттерді, сызбаларды көптеп салған (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти). Кескіндеме мен мүсін өнерінде де Нобай қолданылады. Нобай суреттер қас-қағым сәтте қайталанбас көріністі беруде таптырмас тәсіл. Осындай суреттерді Ш.Уалиханов көп салған (“Ұйғырдың бейнесі” 1856, “Қоғадай мен Тоғалдай” 1856, “Мырзалар” 1863, т.б.). М.Кенбаев, Қ.Телжанов, т.б. Қазақстан суретшілерінің Нобай суреттері бар(оқушыларға Эскиздер салынған беттерді көрсетемін).





Техникалық сурет дегеніміз-бұл аксонометрия ережелері бойынша, пропорцияны көз мөлшерімен сақтай отырып, қолдан орындалатын кескін. Бұл жағдайда аксонометриялық проек-цияларды салғандағы ережелерді сақтау керек: осьтерді сондай бұрыштар жасай орналасты-рады, ал өлшемдерді осьтер бойына немесе оларға параллель етіп түсіреді. Техникалық суреттерді тор көзді қағазға орындаған қолайлы.



IV.Сабақты қорытындылау кезеңі

Оқушыларға сурет таратып, соның эскизін, сызбасын немесе техникалық суретін салдырамын.

Бекіту сұрақтары:

1 Сызба дегеніміз не?

2 Эскиз дегеніміз не ?

3 Техникалық сурет дегеніміз не?



V.Үй тапсырмасы

Үйден өздеріне ұнайтын сурет немесе бұйымның эскизін, сызбасын немесе техникалық суретін салып келіңдер.



VI. Бағалау

Сыныпта отырып салған эскиз, сызба, техникалық суреттеріне қарап бағалаймын
Каталог: uploads -> doc -> 068d
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
068d -> Тақырыбы: Еңбегімен ерекшеленген Елбасы
068d -> Сәлеметсіңдер ме, балалар!
068d -> Сабақ Тақырыбы: «Тұрақты тіркестер»
068d -> Сабақтың тақырыбы: «Машина жасау өнеркәсібіне жалпы шолу. Машина жасаудың экономикадағы рөлі» Уақыты: 19. 12. 2015


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет