Сабақ жоспары Тақырыбы: Сөйлем мүшелері (пмбаи тыңдаушыларына көрсетілген сабақ) 8-сынып 24 қыркүйек 2010 жыл Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Узбен А



Дата27.08.2017
өлшемі87,15 Kb.
#29839
түріСабақ
Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: Сөйлем мүшелері

(ПМБАИ тыңдаушыларына көрсетілген сабақ)

8-сынып


24 қыркүйек 2010 жыл

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі Узбен А.

Ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Білімділік мақсаты: Сөйлем мүшелері жайлы жалпы

мағлұмат беру. Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілері мен құрамына қарай түрлерін ажыратқызу.


Дамытушылық мақсаты: Проект технологиясы бойынша жаңа білімді өздігінен меңгерту. Тіл байлығын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлы ақын-жазушылардың тіл туралы

өлеңдерінен үлгі-өнеге беру.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: Зерттеу жұмыстары, проблемалық

сұрақ, талдау, ой қорыту.


Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекілік: интерактивті тақта, оқулық, бор.

Сабақ барысы:


Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Шығармашылық ізденіс жұмыстары

Мұғалімнің әрекеті

Уақыт


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар сабаққа дайындалады.




Түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.




ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне тоқталады.




Сұрақтар:

1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

2. Сөйлемнің айтылу мақсатына түрлері мен жасалу жолына тоқтал.





ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

Бекіту кезеңі:

V. Қорыту кезеңі:

VІ. Үй тапсырмасын беру кезеңі:


VІІ. Оқушы білімін бағалау кезеңі:

1. Сабақтың мақсат-міндетін ашады.

2. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды.

3. Проект технологиясы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Жоба тақырыбы: Сөйлем мүшелері.

Мақсат: Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін, құрамы мен атқаратын қызметіне қарайтүрлерін анықтау.

Міндет: Оқулықтағы теориялық білімді талдау, модульдерге салу, проектіні қорғау.

Өзекті мәселе: Сөйлемнің құрамына қарай түрлері: күрделі, үйірлі мүшелерді ажыратудағы қиыншылықтар.

Әдіс-тәсіл: Негізгісін бөліп алу, түсініктерді анықтау, сызбалар, модульдер дайындау.

Болжам: Ғылыми мағлұмат берілген тақырыпты мұқият талдап, тірек сызбалар арқылы негізгісін бөліп алсақ, білім тиянақты, жүйелі терең меңгеріледі.

Жоспар:


1. Сөйлем мүшелері сөзінің мағынасын ашу.

2. Сөйлем мүшесінің белгілеріне тоқталу.

3. Анықтама шығару.

4. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздерді анықтау.

5. Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай түрлерін ажырату.

6. Сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметіне қарай жіктелуі.

№1. Сөйлем мүшелері дегеніміз – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.

№2. Сөйлем мүшесінің белгілері.

1. Толық мағыналы сөз болуы керек.

2. Сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек.

3. Сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап беруі керек.

№3. Сөйлем мүшелері дегеніміз –

сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап беретін, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын толық мағыналы сөздер.

№4. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер:

Одағай сөздер, шылау сөздер, қаратпа, қыстырма сөздер, көмекші етістіктер.

№5. Сөйлем мүшесі құрамына қарай


дара күрделі үйірлі

мүше мүше мүше

Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше дейміз.

Күрделі сөзден, тұрақты тіркестен, шылаулы тіркестен болған мүшені күрделі мүше дейміз.

Мысалы: Көп балалы үй – базар.

Екі немесе одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобын үйірлі мүше дейміз.

Мысалы: Жаны сұлу жан ешкімге жамандық жасамайды.

№6. Атқаратын қызметіне қарай:


тұрлаулы тұрлаусыз

бастауыш баяндауыш анықтауыш

толықтауыш

пысықтауыш

1-тапсырма

34-жаттығуды орындайды.

2-тапсырма

Берілген мақалдардағы дара, күрделі, үйірлі мүшелерді тауып, кестені толтыр.

Қолы қимылдамағанның аузы қимылдамайды.

Адаммның сырты – алдамшы.

Түсі игіден түңілме.

Жолы болар жігіттің желі оңынан тұрады.

3-тапсырма

Берілген сөйлемдерге сатылай кешенді талдау жаса.

Мінез тағдыр дауылдарында сыналады. Кішіпейілдің абыройы асады. Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді. Ханның да, қараның да рухани өзегі – тәуелсіздік. Өзегінен айырылған ел өледі. Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, тәуелдінің тұншықпасы арылмайды.

І саты. Ацтылу мақсатына қарай.

ІІ саты. Құрылысына қарай.

ІІІ саты. Сөйлем мүшелеріне қарай.

ІV саты. Сөз тіркесіне қарай. еркін, тұрақты.

V саты. Сөздердің байланысу түрлері, тәсілдері, қатынасына қарай.

Оқушылар теория мен практикалықжұмыстарды жасау барысында нені меңгергендігін қорытындылайды.

Қорқыт атаның нақыл сөздерінен үйірлі мүше қатысқан сөйлемдерді теріп жазу.


Тілдер мерекесіне орай “Тіл – тәуелсіздік тірегі” тақырыбына дара, күрделі үйірлі мүшелерді қатыстыра отырып шығарма жазу.

Шығарманы аяқтау.



1. Оқушыларды өтілетін жаңа тақырыппен таныстырады.

2. Сабақтың мақсаты мен міндетін ашқызады.

3. Оқушыларға жобаны қорғату арқылы тақырыпты меңгертеді.

Сөйлем мүшелері дегеніміз – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.

Сөйлем мүшесі болудың шарттары:

1. Толық мағыналы сөз болуы керек.

2. Сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек.

3. Сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беруі керек.

Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер:

Одағай сөз, шылау сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, көмекші етістік.

Сөйлем мүшесі құрамына қарай
дара күрделі үйірлі

мүше мүше мүше

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

Көп балалы үй – базар.

Жаны сұлу жан ешкімге жамандық жасамайды.

Билеті барлар орындарына жайғасты.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай:

тұрлаулы тұрлаусыз

бастауыш баяндауыш анықтауыш толықтауыш

пысықтауыш

1) 34-жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау.

а) Өлеңді мәнерлеп оқу.

ә) Әр сөздің сөйлем мүшесі болып я болмай тұрғанын анықтау.

2) Берілген мақалдардағы дара, күрделі, үйірлі мүшелерді тауып, кестені толтыр.

Қолы қимылдамағанның аузы қимылдамайды.

Адаммның сырты – алдамшы.

Түсі игіден түңілме.

Жолы болар жігіттің желі оңынан тұрады.

3-тапсырма

Берілген сөйлемдерге сатылай кешенді талдау жаса.

Мінез тағдыр дауылдарында сыналады. Кішіпейілдің абыройы асады. Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді. Ханның да, қараның да рухани өзегі – тәуелсіздік. Өзегінен айырылған ел өледі. Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, тәуелдінің тұншықпасы арылмайды.

І саты. Ацтылу мақсатына қарай.

ІІ саты. Құрылысына қарай.

ІІІ саты. Сөйлем мүшелеріне қарай.

ІV саты. Сөз тіркесіне қарай. еркін, тұрақты.

V саты. Сөздердің байланысу түрлері, тәсілдері, қатынасына қарай.


Сонымен бүгінгі сабақта нені меңгердік?

Сабаққа қатысқан оқушыларға баға қою.






Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет