Сабақ жоспары Тақырыбы: «Тамақтану тәртібі»



Дата22.06.2017
өлшемі32,05 Kb.
#19507
түріСабақ
Қазақ тілі сабағының күнделікті сабақ жоспары

Тақырыбы: «Тамақтану тәртібі»

5-сынып
Бельгибаева Мадина Кенжебековна

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі

«№4 орта мектебі»КММ

Көкшетау қаласы



Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту сабағы.

Сабақтың мақсаттары:

1)білімділік: өткен тақырып бойынша өз ойларын жүйелі түрде 


әңгімелеуге үйрету; 
2) дамытушылық: оқушыларды сауатты жазуға, ой-өрісін, 
қисынды ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын нығайту; 
3) тәрбиелік: әр мамандықтың пайдасы туралы айтып, еңбекті 
құрметтеуге тәрбиелеу;

Көрнекілік:сөздік, мамандықтарға байланысты суреттер, парақтарға жазылған сөздер, 
текшелер.

Сабақ барысы:

Сабақ сайыс түрінде өтеді. Сынып екі топқа бөлінген, әр топтың жетекшісі өз тобымен таныстырады. Сайыстың әр тапсырмасы текшелермен бағаланады. Екі текше тапсырма дұрыс әрі тез орындалса беріледі, бір текше – қателер болса, көмек қажет болса. Сайыс соңында жалпы текше саны анықталып, көп текше жинаған топ жеңіске қол жеткізеді.

1. Бір сөзбен айт: 
Әр топқа 6 парақ қағаз беріледі. Парақтарда оқу құралдары, пәндер, мамандықтар, жемістер,үй жануарлары, азық-түліктер, дене мүшелері, көкөністер,түстер, аңдар, киімдер, отбасы мүшелері деген сөздер жазылған. Оқушы қолына тиген парақтағы сөзді оқып, сол сөзге қатысты бірнеше сөз айту керек. Топтағы келесі оқушы сол естіген сөздерді бір сөзбен айту қажет. Мысалы: парақтағы сөзде оқу құралдары деп жазылған, 
оқушы дауыстап оқымай, біраз ойланып кітап,қалам,өшіргіш, қарындаш, сызғыш дейді. Топтағы 2-ші бала естіген сөздерді топтастырып бір сөзбен айту керек,яғни оқу құралдары деп.

I -топ 
кітап,қалам,өшіргіш, қарындаш, сызғыш – оқу құралдары 


математика, қазақ тілі, орыс тілі, дүниетану – пәндер 
құрылысшы, дәрігер, мұғалім, әнші, биші – мамандықтар 
алма, алмұрт, анар, ананас – жемістер 
сиыр, түйе, қой, жылқы – үй жануарлары 
айран, нан, сүт, шұжық, кәмпит – азық-түліктер 
II-топ 
көз, мұрын, құлақ, аяқ, бас, қол – дене мүшелері 
картоп, пияз, қияр, қызанақ, сәбіз – көкөністер 
қызыл, көк, жасыл, қоңыр, ақ, қара – түстер 
аю, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан, кірпі – аңдар 
көйлек, жейде, шалбар, құлақшын, тон - киімдер 
ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, сіңлі –отбасы мүшелері

2. «Мені жалғастыр» - жұптық жұмыс. 


Ұсынылатын тақырыптар: күз, қыс, көктем, жаз, мамандықтар, Отан, мектеп, отбасы, қала,ауыл. Әр жұпқа бір тақырып беріледі. Жұптағы 1-ші оқушы берілген тақырыпқа байланысты бірнеше сөз айтады, 2-ші оқушы әр сөзбен сөз тіркесін құрастырады. Бірігіп 2-3 сөйлем құрастырады, сол сөйлемдерді дәптерлеріне жазады.

3. Сөйлемдерді аяқта: 


Әнші ән ... . 
Құрылысшы үй ... . 
Биші би ... . 
Сауыншы сиыр ... . 
Наубайшы нан ... . 
Аспаз тамақ ... . 
Дәрігер адам ... . 
Мұғалім сабақ ... .
Сергіту сәті. 
Мұғалім мамандықтарға байланысты суреттер көрсетеді, оқушылар мимика арқылы сол мамандықтың иесін көрсету қажет.

4.Сөйлемдер құрастырып жаз.

1. Аспаз. 
2. ------ ------ . 
3. ------ ------ ------- . 
4. ------ ------ ------ ------ . 
5. ------ ------- ------ ------ ------ .

1. Дәрігер. 


2. ------ ------ . 
3. ------ ------ ------- . 
4. ------ ------ ------ ------ . 
5. ------ ------- ------ ------ ------ .

5. Сөз жарысы 


Әр топтан 3 оқушы қатысады. 1 минут ішінде әр оқушы неше сөздің аудармасын айтып үлгеретінін анықтау қажет. Қай топ көп ұпай жинайды, сол топ сөз жарысының женімпазы атанады.

I -нұсқа 


1 Родина –Отан 
2 гимн – әнұран 
3 знамя – ту 
4 государственный – мемлекеттік 
5 комплекс - кешен 
6 краски - бояу 
7 шить платье – көйлек тігу 
8 предмет – пән 
9 тема – тақырып 
10 молодой - жас 
11 небольшой – шағын 
12 прыгаю - секіремін 
13 профессия – мамандық 
14 строитель – құрылысшы 
15 пекарь – наубайшы 
16 ответственный – жауапты 
17 ловит - аулайды 
18 поет - ән айтады 
19 не спеша - асықпай 
20 жители – тұрғындар

II- нұсқа 


1 Родина –Отан 
2 столица – астана 
3 герб – елтаңба 
4 гостиница – қонақ үй 
5 музей – мұражай 
6 рассказ - әңгіме 
7 интересный – қызықты 
8 пластилин - ермексаз 
9 художник -суретші 
10 дружный – тату 
11 урок труда – еңбек сабағы 
12 художник - суретші 
13 профессия – мамандық 
14 повар - аспаз 
15 закаляюсь - шынығамын 
16 ответственный – жауапты 
17 доит – сауады 
18 строит – үй салады 
19 варит – пісіреді 
20 ценить – қадірлеу

Қорытынды.



- Бүгінгі сайыста қандай тапсырмалар әсіресе саған ұнады? 
- Кім, сенің ойынша, ең белсенді қатысты? 
- Қай топ жеңіске жетті деп ойлайсың? 
Оны анықтау үшін әр топтың сайыс бойы жинаған текшелерін санайық.

Бағалау 
Оқушыларға бағу қою.Жеңімпаз топқа мадақтама беру.
Каталог: uploads -> doc -> 0bfd
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bfd -> Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 1 Aims of the lesson


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет