Сабақ жоспары Тақырып: Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық



Дата21.07.2017
өлшемі70,07 Kb.
#21721
түріСабақ
Өмір қауіпсіздігінің негіздері

Сабақ жоспары
Тақырып: Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық-

құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары


Мақсаты :

Білімділік: Оқып-үйретілетін сұрақтардың жалпы мазмұны бойынша, оқушыларға апатты жағдайлардың негізгі сипаттарын және құтқару жұмыстарын бейнелеп беру.

Дамыту : АҚ оқу – материалдық базасын пайдалана отырып. Оқушылардың біліктілігін дамыта отырып АҚ арналған кинофильмдерін пайдалана отырып « Төтенше жағдай туралы» деректі видио-фильм арқылы жан-жақты ашып талқылау.

Тәрбиелік: Оқу сұрақтарының барысында оқушыларға тек білім беруғана емес, оларды АҚ шыңдап қолға алу керектігіне сендіру қажет.

Уақыты - 45 минут.

Сабақты өткізу орны : 11 сынып АӘД бөлмесі.

Сабақтың оқыту әдіс – тәсілі : - әңгімелеу, сұхбаттасу , көрсету.

Сабақты жабдықтау көрнекі құрал-жабдықтар : АӘД оқулығы , деректі фильм (видиофильм).
Сұрақтары:

  1. Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары қандай мақсатпен жүргізіледі ?




  1. Халықты құтқару аумақтары мен шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға әсер ететін факторларды атаңдар.




  1. Зақымдану ошақтарындағы апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндагі іс-шараларды атаңдар.




  1. Зақымдану ошақтары мен табиғи зілзалалар аудандарындағы апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын кімдер орындайды және міндеттерді шешу үшін қандай күш топтары пайдаланылады ?




  1. Азаматтық қорғаныс тобы орындайтын жұмыстардың реті мен түрлері туралы әңгімелеңдер.




  1. Азаматтық қорғаныс күштері тобының соғыс уақытындағы ерекшеліктері туралы айтыңдар.


1.Ұйымдастыру кезеңі - 15 минут.

Оқушылармен әскери сәлемдесу, сырт көрінісін тексеру. 10 мин. Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.


2.Негізгі кезеңі - 25 минут. Сабақ барысы :
Сұрақтары: 1 оқу – сұрағы :

  1. Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары қандай мақсатпен жүргізіледі ?

Зақымдану ошақтарындағы апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын ( АҚ және ЖҚК) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі іс-шаралар алдын ала жоспарланады және дайындалады, апат туындағаннан кейін нақтыланады және қалыптасқан мән-жайлар есепке алына отырып өткізіледі.

Зақымдану ошақтарындағы мән-жайды болжамдау жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді, халықты құтқару аумағы мен шаруашылық объектілерін қорғау бойынша міндеттердің орындалуына әсер ететін заманауи зақымдау құралдарының зақымдаушы факторларын сипаттайтын мәліметер негізінде жүргізіледі.
2.Халықты құтқару аумақтары мен шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға әсер ететін факторларды атаңдар.
Бұл факторларға:


  • Физикалық-географиялық, метеорологиялық, сейсмологиялық, басқа да экзогенді құбылыстар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар;

  • Адам және материалдық ресурстардың болуы;

  • Инфрақұрылым, қалалардың және басқа елді мекендер құрылысының сипаты;

  • Қорғаныс құрылыстарымен,қорғану құралдарымен қамсыздандырылу;

  • Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарымен болуы;

  • Қауыпті өндірістердің болуы және басқалар жатады.

Бұған қоса, халықтың мүмкін болатын шығындары (жалпы,санитарлық,қайтарымсыз); ғимараттар мен құрылыстардың, көліктік коммуникациялардың, коммуналдық-энергетикалық желілер мен байланыс құралдарының қирау дәрежесі; сондай-ақ, тұтастай алғанда,аудан,қала,облыс бойынша құтқару және басқа да шұғыл сипаттағы әрекеттер мүмкіндігі болжанады. Одан кейін Азаматтық қорғаныстың апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті күштері мен құралдарын есептеу жүргізіледі.
3.Зақымдану ошақтарындағы апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндагі іс-шараларды атаңдар.
Зақымдану ошақтарында апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі аса маңызды іс-шаралар мыналар:
-мән-жайды бағалау;

- апаттық-құтқару және ЖҚК жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдау;

-апаттық-құтқару және ЖҚК жұмыстарын өткізуді жоспарлау;

- апаттық-құтқару және ЖҚК жұмыстарын жүргізу барыснда Азаматтық қорғаныс күштерін басқару және жан-жақты қамтылған,өзара ұйымдасқан әрекеттер жүргізу;

- Азаматтық қорғаныс күштері әрекетін жан-жақты қамтамасыз етуді, өзара әрекетті ұйымдастыру және ЖҚК жүргізу барысында оларды басқару.

Құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қабылданған шешімге сүйене отырып, алдын ала топтасқан күштерді құру мен зақымдану ошақтарындағы алдын ала белгіленген учаскелерде (нысандарда) оларды пайдаланудың тәртібі жоспарланады.




  1. Зақымдану ошақтары мен табиғи зілзалалар аудандарындағы апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын кімдер орындайды және міндеттерді шешу үшін қандай күш топтары пайдаланылады ?

Азаматтық қорғаныстың топтасқан күштері алдығы болатын әрекеттің түпкі мақсатына жауап бере алатындай болуы және мынадай міндеттерді қамтамасыз етуі қажет:



  • Ең қиын жағдайларда тапсырмаларды орындау үшін күштерді тез арада дайындық әрекетіне келтіру мүмкіндігі;

  • Күштердің құтқару жұмыстарын өткізу орындарына дер кезінде жетуі, құтқару жұмыстарын тез арада кеңейтіп, оларды үздіксіз жүргізу, негізгі күштерді басты мақсаттарды шешуге шоғырландыру;

  • Барынша қысқа уақыт ішінде құтқару жұмыстарын жүргізу үшін барлық күш пен құралдарды пайдалану мүмкіндігі;

  • Кезектегі келетін ауысым, эшелондар мен резервтер есебінен күштерді арттыру, жұмыс барысында күш және құралдармен маневрді жүзеге асыру мүмкіндігі;

  • Азаматтық қорғаныс күштерінің жеке құрамын қорғау;

  • Күштерді тұрақтылықпен басқару және олардың арасындағы өзара әрекетті ұстап тұру, сондай-ақ апаттық-құтқару және ЖҚК жұмыстарын жүргізу барысында күштер әрекеттерін жан-жақты қамтамасыз ету.

5.Азаматтық қорғаныс тобы орындайтын жұмыстардың реті мен түрлері туралы әңгімелеңдер.


Топтасқан күштерді құру үшін пайдаланылатындар :

-ұйымдарда (нысанда) ұйымдардың (нысандардың) құрамалары, сондай-ақ қаланың (ауданың) аумақтық құрамалары, селолық аудандардың (Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатпайтын қалалар) құрамалары мен ұйымдардағы (нысандарда) тапсырмаларды орындау үшін Азаматтық қорғаныстың аға бастығының шешімі бойынша бөлінген басқа да күштер;

-аудандарда- ұйымдардың (нысандардың) топтасқан күштері, ауданның Азаматтық қорғаныс аумақтық құрамалары, сонымен бірге Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері мен Қарулы Күштерінің басқа да бөлімдері;

-ведомстволық арнайы құамалар мен бөлімшелер, жақын жердегі аудандардың (ауылдық) құрамалары, аудан аумағындағы тапсырмаларды орындау үшін Азаматтық қорғаныстың аға бастығының шешімі бойынша бөлінген басқа да күштері;

- аудандарға бөлінбеген қаларларда - ұйымның топтасқан күштері, қалалық, облыстық Азаматтық қорғаныстың аумақтық құрамалары, Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, сонымен қатар өзара әрекет ету жоспары бойынша бөлінген басқа да күштер.

6. Азаматтық қорғаныс күштері тобының соғыс уақытындағы ерекшеліктері туралы айтыңдар.

-аудандарға бөлінген қалада - ұйымдардың топтасқан күштері, қала, облас аудандарындағы Азаматтық қорғаныстың аумақтық құрамалары, Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, әскери гарнизонның бөлімдері мен бөлімшелері, өзара әрекет ету жоспары бойынша бөлінген басқа да күштері;

- облыстарда - қалалардың, ауылдық (селолық) аудандардың топтасқан күштері. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, әскери гарнизонның бөлімдері мен бөлімшелері, сондай-ақ өзара әрекет ету жоспары мен Азаматтық қорғаныс аға бастығының жоспары бойынша бөлінген басқа да күштер;

- республикада - республикалық мәні бар қалалардың, облыстардың топтасқан күштері және республиканың резервтері.

- Күштер тобын Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы басқарма органдар келісімі бойынша бекітіп, өз мүлдесіне сәйкес күштер бөледі.




  1. Қорытынды кезеңі - 10 минут.

Сұрақтармен - тапсырмалар :

  1. Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары қандай мақсатпен жүргізіледі ?




  1. Халықты құтқару аумақтары мен шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға әсер ететін факторларды атаңдар.




  1. Зақымдану ошақтарындағы апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндагі іс-шараларды атаңдар.




  1. Зақымдану ошақтары мен табиғи зілзалалар аудандарындағы апаттық-құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын кімдер орындайды және міндеттерді шешу үшін қандай күш топтары пайдаланылады ?




  1. Азаматтық қорғаныс тобы орындайтын жұмыстардың реті мен түрлері туралы әңгімелеңдер.




  1. Азаматтық қорғаныс күштері тобының соғыс уақытындағы ерекшеліктері туралы айтыңдар.


АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы, майор ________________ Б. Сыздыков
Каталог: uploads -> doc -> 0414
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0414 -> 5-сыныпқа тест тапсырмалары “Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет