Сабақ жоспары: Уақыты: қазан айы 2015



Дата08.07.2017
өлшемі76,47 Kb.
#20940
түріСабақ



Сабақ жоспары:

Уақыты: қазан айы 2015

Пәні: әдебиеттік оқу

Сынып: 4 «Г»

Cабақтың тақырыбы: Кішіпейілділік

Пәнаралық байланыс: дүниетану,бейнелеу

Негізгі түсініктер: халқымыздың жазушылары батырлары,адам портреті арқылы фотосуреттерін суреттейді

Өткен сабақпен байланысы: Жүсіпбек Елебеков әншілік өмірі және ұстазы Әміре Қашаубаевтың ықпалы.

Бағалау:

  • Бақылау

  • Жұмысты бағалау

  • Сапалы білімді бағалау, -өзін-өзі бағалау

Керекті құрал жабдықтар: интерактивті тақта, слайд,портрет оқулық,мақал- мәтелдер, жағдаяттық суреттер, мәтін.




Сабақтың әдісі: диалогтік оқыту, жұптық, топтық жұмыс, ой толғаныс, миға шабуыл, ассоциация, ой қозғау әдісі.














Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға «Кішіпейілділік» мәтінін оқыта отырып негізігі ойды,идеяны ұғынады. «Ой қозғау»стартегияcын пайдалана отырып оқушыларға сұрақ қою арқылы жан жақты ойлауға топпен жұмыс жасауға үйренеді. Бірлесіп жұмыс жасай отырып,бір-бірінің пікірін тыңдауға, ойын қорытынды жасай біледі.Тақырыпқа қатысты тапсырмаларды орындау арқылы сыни тұрғысынан ойлауы, ой-өрісі дамиды.



Табыс кретерийлері:

  1. Өздеріндегі субьект тәжірибелерін ескере отырып, тақырыпты жоспарлайды, талдайды және қорытынды жасай алады.

  2. Ұжымдық оқыту әдісі арқылы оқушылар тақырып көлемінде талдау жүргізеді және өз пікірлерінен тұжырымдама жасайды.

  3. Ақпаратты өз бетінше меңгеріп, бірлесе отырып шешім қабылдайды.






Үш деңгейлі оқушылар: сыныптағы «А» тобындағы Құралбай Аружан, «В» Аман Нұрай, «С» Ниязбек Алишерді сабақ кезіндегі іс-әрекеттерін қадағалау.

Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің рөлі

Қолданған модульдер:



Оқушының рөлі

Басталуы:

(білім)


5 мин


Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық

1.1Сәлемдесу

Қайырлы күн балалар!Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Мен сіздерге жақсы көңіл күй тілеймін.

Оқушыларды жазушылар,әншілер,ақындар,батырлар деген жазуы бар қима қағаздар арқылы топқа бөлу (топтық, жұптық жұмыс)

Топтарға 1-топ «Әншілер», 2-топ«Ақындар», 3-топ«Жазушылар»,4-топ«Кеңес Одағының батырлары» деген ат қою.Топ басшысын тағайындау,топ мүшелерінің өкілеттілігін тағайындау



Ынтымақтас-

тық атмосферасын қалыптастыру



Оқушылар-

дың белсенділігі артады



Үй жұмысын тексеру

7 мин



Бүкіл сыныптың жұмысы: оқушылардың сабаққа назарын аудару.Үй тапсырмасын сұрау.

1-топ Үйге берілген тапсырма бойынша сөздіктің мағынасын ашу

2-топ Мәтіннің қысқаша мазмұнын айту

3-топ «Өнерлі болғым келеді» эссені оқу

4-топ Мақал-мәтелдердің мағынасын ашады

Бұл жұмысты жүргізудің басты мақсат: сөздік қорларын молайту, оқушылар ойларын толық анық жеткізеді.

Өткен сабақпен жаңа сабақтың байланысы Слайдтан кішіпейілділікке байланысты суреттер көрсету


Оқушылар-

дың қызығушы-

лығын ояту


Өткен материалды еске түсіреді, қорытынды-

лайды.


Сабақтың барысы:

3 мин


Түсіну

7 мин


Сергіту сәті:3 мин

Қолдану


5 мин

Талдау


10 мин

Қорытын-


ды:

3 мин


2 мин

Рефликсия2 мин



«Ассоциативті қатар»

Оқушыларға тақырыпқа байланысты әуен тыңдату. Мәтіннің автор туралы айту. Бұл жұмыс түрінің мақсаты: оқушы мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субьекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.



«Ой шақыру»

  • Оқушыларға тақырыпқа қатысты түрлі суреттер көрсетіледі. Әрбір топ суреттерді көру арқылы топта талдайды, талқылайды және ортақ шешімге келіп пікірлерін білдіреді. оны қалай атауға болады деп мәтінің атын шығарып алу, мәтінің негізігі идеясын ашу

  • Бұл жұмыс түрінің мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын жеткізу, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді жазып мағынасын ашу.мысалдар келтіру

2-тапсырма. Оқулықтағы мәтін 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандарға, 3 нөмірлі 3-ші бөлігін,4санын алғандар 4-бөлігі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті топ мүшелеріне түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.

Сергіту сәті Интерактивті арқылы көрсету «Қаражорға» биін билеу



«Кім тапқыр?».

1-топқа тапсырма Мұхтар Әуезовтің адамдармен қарым-қатынасынан қандай жақсы қасиеттер байқадыңдар?

2-топқа тапсырма Ұлы жазушының адам мінезі туралы айтқан нақыл сөзін тауып оқыңдар?

3-топ Жазушы бағалаған ауыз әдебиетінің не екенін есіңе түсір, Әуезов сөзін дәптеріңе көшіріп жаз.

4-топ Мәтінен кейіпкер портретін тауып оқы Жазып қой.
«Көршіңді тап!».

Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыздар.


  • Отан отбасынан ....................................

  • Отансыз адам.........................................

  • Отан- оттан да ........................

  • Туған елдің қадірін ............................

  • Өзге елде сұлтан болғанша,.........................

  • Туған елдей ел болмас,...............................



Сабақты бекіту.

Жаңа сабақта алған білімдерін тексеру мақсатында оқушыларға мақал-мәтелдердің мәнін ашу

Үй тапсырмасы:

Шығармашылық жұмыс: «Менің парталас сыныптасым» тақырыбында портретін жазып шығу.



Бағалау.

Оқушылар бағалау парақтары бойынша өзара және өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыста «Қарлы кесек» әдісін қолдану.


Мағынаны тану

Ой толғаныс

Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану

ЖИГСО әдісі

Дарынды оқушы көмектеседі

Мұғалім жұмыстарын тексеріп жүреді

Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету

Көшбасшыны анықтау

Мұғалім сабақты қорытынды-

лап


оқушыларды критерийлер бойынша бағалайды

Сыни тұрғыда ойланады.

Диалогтық әдіс арқылы пікірлеседі

Бір-бірін оқытады,бір

лесіп ойланады,талдайды, ортақ шешімге келеді.

Венн диаграммасын жасау

Топтық жұмыс барысында дарынды оқушы белсенділік танытады

Оқушылар бірлесіп ойланады, талдайды, ортақ шешімге келіп, пікірлерін білдіреді.

Оқушылар алған білімдерін қорытынды-

лап, бағаларын тексереді

Рефлексия арқылы оқушы негізгі ойды түйіндейді.



Алматы қаласы, Әуезов ауданы «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Сарколова Жанар Салымбаевна
Каталог: uploads -> doc -> 11f3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11f3 -> Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар»
11f3 -> Сабақтың тақырыбы Қалада. Көмекші етістіктер Сілтеме Қазақ тілі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет