Сабақ жоспарының бөлімі Тығыздық Мектеп: Семей қаласы, «Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» кмм



Дата04.07.2018
өлшемі91,87 Kb.
#46609
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді сабақ жоспарының бөлімі 7.2. Тығыздық

Мектеп:Семей қаласы, «Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Күні: 2.06.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Жумаханова Галия Ануаровна

Сынып: 7 Пәні: Физика

Қатысқандар:15

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:

Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу

Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.12. әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар бөліктерінің құнын анықтай алады, Оқушылардың көпшілігі: оларды қолдануды үйренеді және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшейді.

Кейбір оқушылар: мысал келтіріп күнделікті өмірде қолдана алады.

Бағалу критерийі

  1. Әртүрлі пішінді қатты денелердің немесе сұйықтардың көлемін мензурканың көмегімен өлшейді.

  2. Аспаптың бөлік құнын анықтайды.




Тілдік мақсаттары

Оқушылар орындай алады: дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеуде келтірілген мысалдарды ауызша және жазбаша түрде сипаттай және өлшей алады.




Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Дұрыс және емес пішінді денелер,геометриялық денелер: цилиндр,шар, параллелипед,куб, көлем.






Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

– неліктен дененің көлемі массаға тәуелді,

себебі ...

– Дұрыс немесе дұрыс емес пішінді

денелерді өлшеуде сызғышты қолданбаймыз, себебі ...


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» атты тармағындағы идеялардың физикалық құралдармен дұрыс жұмыс істей білу арқылы еңбекке баулу.

Пән аралық байланыс

Геометрия,технология

Алдыңғы білім

Масса және денелердің массасын өлшеу.

Жоспар




Жоспарлаған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық ахуал:дене мүшелері арқылы амандасу.(бас,көз,қас,ерін,иық,қол,аяқ) дене мүшелерінің көлемдері әр түрлі



Білім дағдысы: БТ

Белсенді оқыту:«Сұрақты қағып ал» әдісін қолдану арқылы үй тапсырмасын тексеру

  1. Масса скаляр әлде векторлық шамама?

  2. Массаның өлшем бірлігі ХБЖ қандай?

  3. Дененің массаны қандай құралдармне өлшейміз?

  4. Дененің инерттілігін білдіретін шама қалай аталады?



ҚБ: смайлик



Топқа бөлу: жеміс-жидектердің қиындыларын жинау: алмұрт,алма, банан.(пішіндеріне қарай)

Жемістер арқылы 3 топқа бөлу



Білім дағдысы: БТ

Белсенді оқыту: «Ойлан-топтас-бөліс» 1- тапсырма топтық -алдарыңыздағы тас және судың көлемдерін қалай өлшейсіздер?Берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып,жұп болып пікірлермен бөліседі;бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.

Сабақтың мақсаттары мен жетістік критерийлері таныстырылады.



ҚБ: екі жұлдыз, бір тілек

Жіп,тас,су,мензурка



Сабақтың ортасы

25 минут

Білім дағдысы: қолдану

Белсенді оқыту:«Кедергіге қарсы басқару»

  1. Анықтау алдындағы тапсырма: топтық,жұптық

-оқушыларға үш түрлі геометриялық дене беріледі. Олардың көлемін анықтау үшін қандай құралдар қолданар едіңіз?Өлшеу әдісін сипаттаңыз. Тапсырманы орындау кезінде сізге не кедергі болды?

Сіз тапсрыманы орындау барысында өзіңіз қолданған әдістен нені өзгертер едіңіз?

Сіздің тапсрыманы орындауға не көмектесті?

Сергіту сәті:



  1. Эксперименттік тапсырма:

Қасық,шанышқы,пышақтың көлемін анықтаңыз.

ҚБ: жұлдыз (бес жұлдыз,төртбұрыш,үшбұрыш)

Н.А.Закирова, Р.Р.Аширов

«Физика» оқулығы







Сабақтың соңы

6 минут

Білім дағдысы: қолдану

Белсенді оқыту:«Серпілген сауал»:

жеке

тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін оқушылардың арасында сұрақтарды лақтыру.



Тапсырма:

  1. Мензурканың көмегімен дененің көлемін анықтауға болады?

  2. Әр түрлі мензуркалардың көмегімен дене көлемін анықтаймыз?

  3. Аспап қателігін қалай білуге болады?

ҚБ: бас бармақ




Рефлексия

6 минут

Мен ....білемін

Мен.... түсінемін

Мен.....жасай аламын


Табыс сатысы



Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Физика кабинетінде қауіпсіздік техникасын сақтау ережесін білу.

Эксперименттік тапсырма:

Барынша қолдау көрсету: оқушыларға әртүрлі дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердегі мысалдар арқылы өзара байланыс орнату.

Орташа қолдау: тапсырманың бастама нұсқауларын пайдаланыз.

қолдау көрсету аз: күнделікті тұрмыста қолданыу мысалдарын келтіріңіз.



Екі жұлдыз,бір тілек, бас бармақ



Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сергіту сәті.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы,қолжетімді болдыма?Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса,неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты дұрыс пайдаландыңыз ба?Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Сабақ мақсаттары шынайы, қолжетімді болды.


Барлық оқушылар оқу мақсатына тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізді.


Сабақ кезеңдерінде уақытты дұрыс пайдаландым.

Сабақ жоспарында ауытқулар болған жоқ.

Қосымша 1



Физика 7-сынып

Бөлім

Тақырып


Тығыздық

Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу



Оқу мақсаты

7.2.2.12. әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу.қолдану

Бағалау критерийлері

  1. Әртүрлі пішінді қатты денелердің немесе сұйықтардың көлемін мензурканың көмегімен өлшейді.




Тапсырма

  1. Суретте уш түрлі дене берілген.Олардың көлемін анықтау үшін қандай құралдар қолданар едіңіз? Өлшеу әдісін сипаттаңыз.




Бағалау критерийі

Дескриптор

Денелердің көлемін анықтауда қажетті құралды қолданды.

Денелер көлемін өлшеуге қажетті құралдарды анықтайды;

Көлемді анықтау әдісін сипаттайды.


Қосымша 2



Физика 7- сынып

Бөлім

Тақырып


Тығыздық

Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу



Оқу мақсаты

7.2.2.12. әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу.қолдану

Бағалау критерийлері

  1. Әртүрлі пішінді қатты денелердің немесе сұйықтардың көлемін мензурканың көмегімен өлшейді.

  2. Аспаптың бөлік құнын анықтайды.

Тапсырма

  1. Қасық,шанышқы,пышақтың көлемдерін анықтау

Бағалау критерийі

Дескриптор

Денелердің көлемін анықтауда қажетті құралды қолданды.

Денелер көлемін өлшеуге қажетті құралдарды анықтады;

Көлемді анықтау әдісін сипаттады.




Каталог: uploads -> 2018 -> post01
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы
post01 -> Сабақ№ Мектеп: Күні: Сынып: 7 Мұғалімнің аты-жөні
post01 -> Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады
post01 -> Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
post01 -> Программа кружка «Туған жерім мақтанышым!» для учащихся 4классов
post01 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі : оқушыларға"С" дыбысы мен әрпін таныстыру. "С" дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. "
post01 -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
post01 -> Занятие по рисованию с использованием элементов критического мышления Группа: подготовительная логопедическая


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет