Сабақ жоспарының үлгісі 2-сынып, қазақ тілі пәні Тақырыбы



Дата08.09.2017
өлшемі116,5 Kb.
#30261
түріСабақ
Сабақ жоспарының үлгісі

2-сынып, қазақ тілі пәні
Тақырыбы: Қатемен жұмыс
Мақсаты:Қазақ тілі сабағында жазу жолында кеткен қателерді жоюдың әдіс-тәсілдерін көрсету.
Міндеттері:Оқушыларға орфографиялық ережелерді меңгертіп, қатесіз жазуын қалыптастыру.

Ойлау қабілетін, орфографиялық сауаттылығын, ой-орісін дамыту.

Еңбексүйгіштікке,пәнге қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл ,

Өз тіліңді құрметте!
Көркем жазу
Қатені жою жолдары:

Төл дыбыстарды табу мақсатында «Кім жылдам» ойыны :

Оқушылар төл дыбыстарды табады. Әр дыбысқа сөз ойлап, сөйлем құрайды.

Ә (әтеш), І (ілгіш), Ң(аң), Ғ(ғарышкер), Ү(үйрек), Ұ(ұшақ), Қ(қала), Ө(өгіз), Һ(Қаһарман).


Қай әріпті жоғалттым?

Көл...к бәт...ңке

Домб...ра д...птер

Дәріг...р жаңб...р


Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз.

Сурет ( -шы, -ші)

өнер ( -лі, - лі)

көңіл (-ды, -ді)

күй ( -ші, -шы)
Тасымалдана ма, тасымалданбай ма?

Есек, қала, етік, терезе, кеме, отан, тау, қора, ала, шеге, кемпір, гүл.


Қалай оқыса да бір сөз:

е...е н...н

і...і а...а

к...к қ...қ


я-ю әріптерінің жазылуын еске түсіру:

қо...н а...

қи...р о...
Сергіту сәті.

Білсеңде й мен жәй у-ды,

Жаза алмас едің аюды.

Ою, тою, қоюға,

Ұмытпа Ю-ды қоюды.

Сөйлемді дауыс ырғағымен оқу, талдау

Қандай ыстық.

Қандай ыстық?

Қандай ыстық!

Сөйлем түрлеріне байланысты сөйлем құрау.

Бүгін киноға барма.

Сенде қарындаш бар ма?
Жұмбақ

Дыбыс емес, таңба

Оқылмайды, жазылмайды,

Біраз сөзден табылады,

Ол қай әріп еді,

Ойлап көрші, есіңде бар ма?


Тауда жоқ, сайда бар,

Атта жоқ, тайда бар,

Биеде жоқ, түйеде бар,

Қозыда жоқ, қойда бар

Жиында жоқ, тойда бар,

Осындай тағы қайда бар?



Сөйлемді дұрыс жаз.

құстарға ұя жасады оқушылар.

шөп Ернар шапты шалғымен.
«Жаз» сөзіне әртүрлі мағынада сөйлем құрау.

Маған жаз мезгілі ұнайды.

Арнұр жазуын жазды.
Адасқан әріптер

р о б


а ш а ғ

қ ы ы з қ

і м б л і

Сөйлем құрау

Қорыту.


  1. Қандай сөздер тасымалданбайды?

  2. Жұрнақ дегеніміз не?

  3. Туынды сөз дегеніміз не?

  4. Сөйлем түрлерін ата.

  5. Қазақ тілінде қанша әріп бар?

  6. Қанша дыбыс бар?

30 мектеп-гимназияның бастауыш сыныптар мұғалімі



Ерікбаева Жадыра Дарханқызы

Астана қаласы

Сабақтың тақырыбы: Логикалық тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту

Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін шыңдау және дамыту.

Міндеттері: Өз ойын ашық, дұрыс жеткізуге, ойын дәлелдеуге үйрету.

Ой –өрісін, байқағыштық, шапшаңдық қабілеттерін дамыту.Топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

І.Психологиялық көңіл-күй

«Қаңқа» биін билеу.

Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде, конкурс, викториналар шешу арқылы өтеді. Біз ол үшін топтарға бөлінеміз.

Түрлі-түсті стикерлер арқылы топқа бөлу.

ІІ. Ойындар, конкурстар

1.Логикалық тапсырмалар шешу.

Сандармен берілген әріптерден сөз құрау.

Р А Б Қ С Д О М Т П Л

12 34 5678 910 11

І- топ ІІ-топ ІІІ-топ ІV-топ

4 2 11 2 8 10 2 1 9 2 3 2 11 9 2 5 2 3 2 4

2.Топтарға тапсырма

Тез орында. Төмендегі сандардың ішінен:

А) бірдей екі санды тауып, көк түске боя;

Ә) қосындысы 150 – ге тең болатын екі санды тап және қызыл түске боя.






3.Жаттығулар.

а)Жиырма төрт сағат, немесе қалай айтамыз?

ә)Санды белгілейтін таңба?

б) Дыбысты белгілейтін таңба?

в) Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?

4.Жұппен жұмыс.

Сөздердің әріптерінің орнын ауыстыру арқылы жаңа сөз жасау.

Вена- нева ағат –таға

Қатар – тарақ күрке – күрек

Алуа – аула кесе – есек

Қарта – қатар рота – отар

Аршын – шынар орақ – қора

5.Арифметикалық амалдарды қолдана отырып сөз жаса

Қазан – ан + ақпан –пан =

Алақан – қан + тауық – ық =

Алма- а + мұрат – ат +т =

Көкшіл – шіл + терек – рек + м =

6. «Шаршыны толтыр». Сандар жазылған шаршыны көрсетіп, қайта жасырып қою.1 минуттың ішінде шаршыдағы сандарды есте сақтай отырып, толтырып шығу.

9

5

11

14

25

17

3

21

7

18

12

6

8

5

10

7. Есте сақтау қабілеттерін тексеру.

Мен 6 жұп сөздер оқимын. Ол сөздердің арасында мағыналық байланыс бар. Сол сөздерді есте сақтап қалу. Содан кейін мен бірінші сөзді оқимын, оқушылар екінші сөзін тауып жазу керек.

Көпір – өзен мектеп - ұстаз

Орман – аю сахна -әнші

Үстел – түскі ас

Мектеп – оқулық

8.Ойнайық та, ойлайық.

Инспектор екі көмекшісімен қылмыскерлердің ізіне түседі. Ол із оларды бір жертөлеге алып келеді. Олар арқан арқылы жертөлеге түседі. Енді одан шығайын десе, арқан сыртта қалып қойды. Олар пирамида құру керек деп шешеді. Ең бойы ұзын адамды астына , одан кейін орташа бойлы адамды ортасына, бойы қысқасын ең үстіне шығарады. Бірақ терезе ернеуіне дейін қолы 5 см жетпей тұрады? Не істеу керек?

9. Не болуы мүмкін?

- оқушы қаламын жерге түсіріп алды...

- мұғалім сынып журналын ашты...

- терезеден бөлме гүлі құлап кетті...

- қоңырау соғылды...
10. «Сандық таяқшалы тапсырма»

Х + Х =І Х – ІХ= І

VІІІ+ ІІ =V VІІІ - ІІ = VІ

11. Жеке тапсырма. Суреттерді мұқият қарап, ұқсамайтын етіп, қайта салу керек.

12. Жұмбақтар.

Термометр аяз болғасын үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градусты көрсетуі мүмкін?

Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Самат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Екі бала шахматты 2 сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

Допты лақтырса сол ізбен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

ІІІ. Қорытындылау. І , ІІ , ІІІ орындармен марапаттау.

Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспарлау

Сынып 4 «А»

Әдістемелік мақсат: Пысықтау сабағында 7 модулді қолдана отырып сабақ өту.

Тақырыбы:Бір және екі таңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін қайталау

Мақсаты:Бір және екі таңбалы сандарды көбейту, бөлу дағдысын жетілдіру. Есептерді шығара білу, ауызша есептей алу,теңдеу шешу дағдыларын нығайту.

Логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту

Бірін-бірі тыңдай білуге, сыйлауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: тапсырманың орындалу тәсілін, жолын, тәртібін түсіндіре алуын. Өмірде көбейту мен бөлудің адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді


Этап

уақыт

Жұмыс түрі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау түрлері

Ұйым.кезеңі






Оқушыларды бақылау







Математикалық жаттығу



Математикалық диктант

Оқушыларды бақылау. Орындалу тәртібін түсіндіру. (Орындап болған соң, тақтадағы дұрыс жауап арқылы бірін-бірі тексеру

Оқушылар сұраққа жауап береді. 3600 санын 9 рет көбейт

240 минутта қанша сағат бар

Алқаптың ені 30м, егер оның ауданы 1800м2 тең . Алқаптың периметрін тап.

Балабақшада 40 бала бар.Балалардың сегізден бір бөлігі келмей қалды. Балабақшаға неше бала келмей қалды?

7000-нан 5 есе кем санды жаз.


Жұппен бірін-бірі тексеру

Сабақтың мақсатын анықтау



Өрнектің үлгісін көрсету

9033:3 25840: 17 4635* 4 4635*15




Оқушыларға сабақтың мақсатын анықтау мақсатында өрнекті көрсету.

1.Сандар қалай оқылады?

2.Көбейту мен бөлудің компоненттерін ата.


Оқушылар сұраққа ауызша жауап береді

Қол шапалақтау

Тапсырма орындау барысында

амалдарды орындау тәртібін пысықтау





Тапсырма орындау

Тапсырманы орындамас бұрын , оның талабына көңіл аудару керек.Тапсырма жазылған қағазда тарату

Тапсырманы жұппен ақылдаса отырып шығару.Орындау шарты:Бірінші амалдардың орындалу тәртібін анықтайды.

(345 + 543)•23 – (12327 + 21345) :23 = 18960 :





Өзін-өзі бағалау

1.Амалдардың орындалу тәртібін дұрыс тапса 1 балл

2.Қатесіз орындаса 2 балл

3.Көркем жазылса 1балл



Есеп шығаруды пысықтау

15м

Топпен жұмыс жасау

(диалогтік оқыту, Сыни тұрғыдан ойлау, Дарынды бала)

бақылау


Топқа есеп беріледі. Дүкенде 85кг кәмпит және 248кг печенье сатылды. Сатудан түскен түсім 66880 теңгені құрайды. Егер 1кг печенье 160 теңге тұрса, онда 1кг кәмпиттің бағасы неше теңге тұрады?

160 • 248 =39680тг– печеньенің құны

66880 - 9680 = 27200тг – кәмпиттің жалпы құны

27200 : 85 = 320 тг – 1кг кәмпиттің бағасы



1.Бірінші топта есептің берілгенін оқиды.

2.Екінші есептің шартын жазып отырады. Қалғандары дұрыстығын тексереді.

3. есепті шығарып, жауабын жазады. Орталарынан спикер таңдайды. Ол басқа топқа барып есептің орындалу жолын түсіндіреді.


Ең үздік спикерді таңдайды

Сергіту сәті




Жаттығу орындау

Бірге орындау

Әуеннің ырғағымен орындау

Қол шапалақтау

Білімдерін тексеру



Деңгейлеп жеке тест орындау

Тесттің орындалуы мен бағалау тәртібін түсіндіру

І-деңгей

705:3-(596-576)=215



ІІ-деңгей

(х+20)*45=3105

Х+20=3105:45

Х+20=69


х= 69-20

х=49


(49+20)*45=3105

ІІІ-деңгей

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 26дм, ауданы 624дм2. Тіктөртбұрыштың ені мен периметрін тап.




Оқушылар тапсырманы орындайды

Бірін-бірі бағалау

Бірінші – «3»

Екінші- «4»

Үшінші – «5»




Рефлексия






бақылау

Мен орындадым...........

Мен үйрендім........


Маған қиын болды......




Бағалау



Сабақты қорыту

Бағаның қалай қойылғаны туралы айту

тыңдайды

Баға қойылады

Үй тапсырмасы



Орындалу жолын түсіндіру

Тапсырма беру

Тапсырманы жазып алу




Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет