Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі


Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындаңдар



бет16/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32

Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындаңдар.

  1. «Балам, білім ізде!» мәтіні бойынша білімнің қандай пайдасы барын айтыңдар.

  2. «Сен ғылымға...» деген Ш.Құдайбердіұлының өлеңін жат­тап алыңдар.

  3. Кейінді ықпал кезінде сөзде қандай өзгерістер болады?

  4. «Атыңа ауыр жүк артпа,

Анаңа ауыр сөз айтпа» деген мақалдың мағынасын ашып беріңдер.

  1. Адамға жақсы сөз бен жаман сөз қалай әсер етеді?

  2. «Бақытты отбасы» деген шағын шығарма жазыңдар. Өзіңнің отбасың туралы мысалдар келтіріңдер.

Үйге тапсырма. Қайталау.

Бағалау


І-тоқсан. 23-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІІІ модуль. ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДА ТҰРУ

ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АТАУЛАР. КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР

Тақырыбы: Үлкенді сыйлау — ұлылық

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Өлеңді түсініп оқыңдар.

Ата айтады

Ауыл басы ақсақал

Теріс билік айтпаған.

Болса да ауыр іссапар,

Қорқып жолдан қайтпаған.

Ата-анасын жылатып,

Ұлы тастап кетпеген.

Аға жолын көлденең

Іні кесіп етпеген.

Аға адамдар алдында

Жастар ойнап, күлмеген.

Үлкендердің үстіне

Баса-көктеп кірмеген.

Кіші ұмтылып үлкенге

Айбат шегу болмаған.

Ағайынды екі адам

Екі жерге қонбаған.


Әке тұрып, ұл сөйлеу Қазақта әсте болмаған.

Әке тұрып, ұл сөйлеу

Қазақта әсте болмаған.

Шеше тұрып, қыз сөйлеу

Көкейге еш қонбаған.

(К.Құмарұлы)

2-тапсырма. Жоғарыдағы өлең бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Халқымызда қандай жақсы салт-дәстүрлер болған?

  2. Үлгілі ұл бала мен қыз бала қандай болады?

  3. Өлеңде айтылған әдет-ғұрыптар қазіргі отбасында сақталған ба?

  4. Өлеңде қазақтың туыстық қарым-қатынасы қалай дәріптелген?

  5. Өлеңде қандай мақал бар?

3-тапсырма. Берілген ережелерді оқып, есте сақтаңдар. Есте сақта!

Көмекші есімдер — негізгі сөздермен тіркесіп, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, сырт, бас, бет, шет, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ, сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын- алыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы); қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркесіп келіп, оларды мезгілдік жағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы, т.б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны - терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш.

Көмекші есімдер негізгі сөздермен тіркесіп келіп, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұрады. Мысалы: алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, сырт, бас, бет, шет, тұс, бой.

3-тапсырма. Өлеңдегі айтылған ойлар мен мақал-мәтелдерді сәйкестендіріңдер. Өлең жолдарындағы көмекші есімдерді табыңдар.

Ауыл басы ақсақал

Теріс билік айтпаған.

Аға адамдар алдында

Жастар ойнап, күлмеген.

Ата-анасын жылатып,

Ұлы тастап кетпеген.

Әке тұрып, ұл сөйлеу

Қазақта әсте болмаған.

Ағасы бардың жағасы бар,

інісі бардың тынысы бар.

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

Ата тұрып ұл сөйлегеннен без.

Ақылды қария - ағын дария

5-тапсырма. Әңгімені рөлдерге бөліп оқыңдар./Үлкенді сыйлау — ұлылық/

Бір күні Қабылбай қарт шаршап-шалдығып келе жатқанда, анадайдан жалғыз үйді көзі шалып қалады. Шөлін қандырғысы келіп, үйге бас сұғады. Киіз үйдің іші мұнтаздай таза, тиянақты жиналған. Әрбір заты қазақы ою-өрнекпен жасалған. Бұл не де бол­са қазақ отбасының үш, қыз баласы қылықты, ұл баласы ұлықты болды-ау шамасы деген ой келді қартқа.

Сондай ойда тұрғанда, сырттан «Бұл кім екен?» деген қыздың дауысы естіледі. Қабылбай қарт:

  • Аманбысың, балам!-Аманбыз, сіз кімсіз? Біздің үйде қайдан жүрсіз?-Балам, шөлдеп су ішейін деп келгенмін.

  • Біздің үйде су таратып жатыр ма екен?-Бұл жауапты естіген қарт үндемей шығып жүре берді. Әлгінде ойлаған ойының қате екенін түсініп, басын шайқап келеді. Сөйтіп ой үстінде келе жатып, екінші бір үйге кез болады. Бұл үйге тіпті тоқтағысы келмей кетіп бара жатса, есік алдында тұрған бала:-Ата, тоқтаңызшы, мына бір ожау суды ішіп жіберіңіз, жақсы болып қаласыз, - деп қарттың қасына жүгіріп келді.-Менің су ішкім келгенін сен қайдан білдің?-Түріңіз шаршағанға ұқсайды, содан білдім.

  • Өзіңнің атаң, әкең бар ма?-Иә, әкем бар, қой бағуға кеткен.-Рақмет, балам, өркенің өссін! Үлкенді сыйлай біледі екенсің.-Иә, ата, әкем маған үнемі үлкенді сыйлау - ұлылық, үлкенді сыйласаң, алғысқа бөленерсің деп ұғындырып отырады.

Қабылбай қарт үйдің ішіне кірмесе де, сыртынан-ақ бұл қазақ отбасындағы балалар үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету дәстүрінде тәрбиеленгенін ұқты. Іштей қатты риза болды.
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 6-тапсырма. Үзіндіден көмекші сөздерді тауып, қандай жалғау жалғанғанын анықтап, көшіріп жазыңдар.

Киіз үйдің мұнтаздай таза, тиянақты жиналған. Бұл үйге тіпті тоқтағысы келмей кетіп бара жатса, есік алдында тұрған бала:

  • Ата, тоқтақызшы, мына бір ожау суды ішіп жіберіңіз, жақсы болып қаласыз, - деп қарттың қасына жүгіріп келді.

Қабылбай қарт үйдің ішіне кірмесе де, сыртынан-ақ бұл қазақ отбасындағы балалар үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету дәстүрінде тәрбиеленгенін ұқты.

Бағалау



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет