Сабақ көрнекілігі : Үш бидің портреті, «Қазақтың жүз биі»



Дата22.06.2018
өлшемі137,7 Kb.
#44137
түріСабақ
«Сөз мәдениеті. Шешендік өнер»

Сабақтың мақсаттары:



Білімділік: Сөзді дұрыс қолдану, қазақ халқының атақты шешендері туралы білу, олардың халық арасында кең тараған шешендік сөздерін тыңдау,мазмұнын  талдау.

Тәрбиелік: Шешен адамдардың өмірін үлгі тұту,шешендік сөздерін түсініп оқып, өміріне сабақ қылу.Адамгершілік, шыншылдық, туған елді, жерді сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: дербес шығармашылық жұмыстар, өзіндік ізденіс, оқу, танып білу, жазған жұмыстарын айта білуге үйрену, сөз саптау, ой еркіндігі, оқушы шеберлігін шыңдауға баулу.

 Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет, ағылшын тілі.



Сабақ көрнекілігі : Үш бидің портреті,  «Қазақтың жүз биі» кітабы, ұлттық киімдер, презентация, нақыл сөз жазылған плакат,

І. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сөзден тәтті нәрсе жоқ

Сөзден ащы нәрсе жоқ

Сөзіңді тіліңе билетпе

Ақылыңа билет.

Сөзіңді ақылсызға қор етпе

Ақылдыға айт

Кімге қай кезде, қай жерде қалай сөйлейтініңді біл.,-

                                                                          деген екен   Бөлтірік шешен

 

 

ІІ. Ендеше бірінші мына сұрақтарға жауап беріп көрейік:



-Сөз дұрыстығы дегеніміз не?

- Сөз байлығы  деген не?

- Сөз тазалығы деген не?

- Тіл көрнекілігі дегеніміз не? (өтілген тақырып бойынша әр сұраққа оқушыларжауап береді)

 Өтілген тақырыпты пысықтау үшін оқушылармен  «Мен бастайын...» ойынын ойнау. (мына сөз тіркесінің мағынасы нені білдіреді?)..

Қой аузынан шөп алмайды-

Жүрек жалғап алу-

Төбе шашы тік тұру –

Қырғи қабақ –

Тонның ішкі бауындай –

Бармағын тістеу –

Аузына құм құйылу. –

Қыздың жиған жүгіндей.-

Бетінен оты шықты.-

Ит терісін басына қаптады.-

Жер соғып қалды.-

Қолды болды.-

Осы сұрақтарға сқушылар өз сөздерімен жауап береді.

 ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Т а п с ы р м а: тұрақты тіркестердің «дұрыс» , «бұрысын» анықтау.143 бет.

 IV - Сөз дұрыстығы, байлығы, тазалығы, көрнекілігі –сөйлеу мәдениеті. Ал сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы – шешендік өнер.

Б.Адамбаевтың зерттеуінде қазақ  шешендік өнерін мына кезеңдерге бөледі:

1.          XI – XIII  Майқы би Мәнұлы, Аяз би

2.         XIV – XVI  Асан қайғы, Жиренше шешен

3.         XVIII          Үш би ( Қазыбек би.  қойылым)

4                 XVIII- XIX  «Хан сұлтандарға қарсы шешендер» :Байдалы би, Ер Жәнібек,Тіленші би

      5   «Бек-болыстарға қарсы шешендер». Сырым Датұлы, Балаби Есенілі (27 б)

Әр кезең бойынша қысқаша тоқталып, сол кезең өкілдерінің шешендік сөзінен үзінді оқу. Мысалы: Майқы би Мәнұлы, Асан қайғы, Жиренше шешен,  Қазыбек би, Төле би, Мөңке би.

V. Тосын қонақ.  Оқушы « Жиренше мен Қарашаш» туралы аңыз әңгімені айта келіп, мынандай сұрақ қойды:

- Жиренше басындағы шашын сипағанда не айтты?

- Қарашаш жерде төселген тақыр тулақты сипап не деп жауап берді?

 

V Мөңке бидің шешендік сөзін оқып, өз заманында шешеннің болашаққа айтқан болжауын қазіргі өмірмен салыстыру.



VІ. Тақтада жазылған сұрақтарға жауап беру

        1.Сіздің ойыңызша шешен би батырлардың ортасында қандай ортақ      

            қасиеттеі бар?

        2. Шешен би, батырлар не үшін қажет?

        3. Нені үйренуге болады?

 

 VІІҚорытынды: 1 Бүгін біз не туралы айттық?



                                 2. Не ұнады?

                                  3. Өзің қандай ой түйдің?

 

VІІІСабақты бекіту. Білімдерін бағалау.



Халқымыздың аталы сөзді, шешендік өнерді аса қадір тұтқанын, дау-жанжалдарды, тіпті кейбір жағдайларда жауларының өзін бір ауыз сөзбен тоқтатқанын бүгінгі сабағымызда көрсетіп дәлелдедік. Шешендік өнердің тәрбиелік мәнінің зор екеніне, оның ұрпақтан –ұрпаққа жалғаса беретін құдіретті күш екеніне сеніміміз мол.

 

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев.



Сабақтың мақсаты: Мұқағали өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, қазақ поэзиясына, шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімдерін ояту.

Білімдік: тақырыпты және оның өзіндік ерекшеліктерін таныту;

Тәрбиелік: туған жерінің, Отанының әсем табиғатын қорғауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Дамытушылық: тіл үйренушілерге шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері: ой қозғау, сұрақ – жауап.

Көрнекілік: интерактивті тақта, Мұқағали суреті, Мұқағалиға қатысты кітаптар, бүктемелер.

Жаңа сабақ.
Сын есім тудырушы жұрнақтар

Сын есім заттың түр-түсін, сын-сипатын, сапасын, салмағын білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: қандай?қай?

Әкем жігерлі адам. Менің жаздық киімім көп.

Есім сөзден туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:


Зат есім+


Лы,лі,ды,ді,ты,ті

орманды



Сыз,сіз

сусыз



Ғы,гі.қы,кі

Жазғы,күзгі




Лық,лік,дық,дік,тық,тік

балалық



Шыл,шіл

кекшіл



Шаң,шең

бойшаң



Дай,дей,тай,тей

Тастай,таудай




Қор,паз,кер,гер

өнерпаз



И,ы,і

Тарихи,қазақы




ЖАЗЫЛЫМ

1.Кестеде берілген қосымшаны қажетті орынға қойыңыз.

1.шыдам......

2.ақыл......

3.күш.....

4.әл.......

5.қайырым.......

6.жауап......

7.күз......

8.талант.....

9.қыс......

10.көңіл....

11.мейірім....

12.ұйқы......

13.жігер.....
2. Сөздерді мағынасымен сәйкестендіріңіз. Қазақ тілі В1 118-бет, 3-тапсырма.
3.Берілген сөздерді қолданып, сөйлемдерді толықтырыңыз.


Көңілді,жағымпаз,еріншек,дарынды,оқымысты,қысғаншақ,

бойшаң,жауапты,жігерлі,шыдамсыз,көпшіл,сөзшең,көпшіл


1.Жанат өте .................. адам. Жұмысқа уақытында келіп, барлық жұмысын өз уақытымен аяқтайды.

2.Менің әкем бір нәрсе сұраса, тез жауап беруің керек. Асықпай жауап бергеніңді күте алмайды. Ол ............... адам.

3.Әсемнің сіңлісі .................. Үйінде ештеңе істемейді.

4.Асқардың баласы ................. Үнемі қолынан кітап түспейді.

5.Аружан өте .............. қыз. Қашан көрсең,әрқашан күліп жүреді.

6.Қызыңыз .................... екен. Домбырады тамаша ойнайды ғой.

7.Бақыт тым ................. адам. Бір нәрсесін сұрасаң, ештеңесін бермейді.

8.Ләйлә бастыққа үнемі сыйлықтар беріп, жағдайын сұрап жүреді. Ол ..................... адам.
ТЫҢДАЛЫМ

4 №5 диалог. 
ОҚЫЛЫМ

5.  Мұқағали Мақатаев



Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

Хронологиялық кесте


  • 1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;


  • 1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;


  • 1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;


  • 1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;


  • 1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;


  • 1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;


  • 1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;


  • 1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;


  • 1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;




Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.

Қорытынды. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Фариза» әнін орындату.Видео Роза Әлқожаның орындауындағы ән көрсетіледі.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет