Сабақ үлгерімінің төмендегеніне және соңғы айда кг-ға жүдегеніне шағымданады



Дата17.05.2020
өлшемі17,9 Kb.
#69251
түріСабақ
Байланысты:
Akerke Alimova
Akerke Alimova

Әлімова Ақерке 316 A

Тапсырма



1.Науқастың негізгі шағымдары: Жүдеулік, көңілін жинақтаудың қиындығы, сабақ үлгерімінің төмендегеніне және соңғы 6 айда 5 кг-ға жүдегеніне шағымданады.

2.Қарағанда табылған патологиялық белгілер: Тері жамылғысы ылғалды, жылы. Жүрек тондары қатты, ырғағы сақталған,   жүрек ұшында, Боткин нүктесінде систолалық шу бар. Жүректің соғу  жиілігі минутына 110 рет, АҚҚ с.б.б 130/50. Қарағанда қалқанша безі көрінеді,  мойынның алдын өзгерткен.

Пальпацияда: екі бөлігі және мойыны үлкейген, қалқанша без жайылмалы жұмсақ – эластикалық тығыздықты. Ромберг қалпында қол саусақтарының жиі ұсақ амплитудалы треморы.

3.Табылған патологиялық белгілерді түсіндіру:

  • Тері жамылғысының жылы болуы тер бөлінудің жоғарылауымен байланысты.

  • Жүректегі өзгерістер тиреоидты гормондардың жүрек-қантамыр жүйесінің әсеріне, негізгі алмасу мен оттегі қолданудың жоғарылауына байланысты пайда болады.Тахикардия үнемі болады. Жүректің минуттық соққысы және қан айналысының жылдамдығы жоғары болады. Систоликалық артериялық қан қысым – жоғары, диастоликалық – төмен болады. Жүрек тондары жылдамдаған, І тон хлопающий сияқты. Бұл қан айналсының жылдамдауына және папиллярлы бұлшық ет тонусының өзгеруіне байланысты. Бұдан жүрек жетіспеушілігі және ең ауыр жағдай жыбыр аритмиясы болады.

  • Салмақтың жоғалуы көпэнергияны қажет ететін жылу алмасудың күшеюінен туындайды.

  • Қалқанша бездің гиперфункциясы  болып қалқанша бездің көлемі өскен. Пальпацияда диффузды, әртүрлі тығыздықта, қозғалмалы, ауырсынусыз. Асқынған жағдайда жыныс бездерінің гипофункциясы байқалады.

4. Мен қосатын белгілер: Гипертиреоз кезінде  қозғыштық, тез шаршағыштық,көңілшектік, ұйқының бұзылуы, бұлшықеттің әлсіздігі, тырнақ пен шаштың сынғыштығы, дене температурасының жоғарылауы, аяқ – қолдың және иектің, еріннің, дененің дірілі; бауыр қызметінің  бұзылуы, көздің қышуы немесе тітіркенуі, терінің қышуы, жүрекайнуы немесе құсу, көздің ұясынан дөңестеніп шығып тұруы (экзофтальм), терінің қызаруы байқалады.

ЖКТ: аппетит жоғары, асқазан сөлі мөлшері яғни құрамындағы қышқыл және пепсин азайған, перистальтикасы жылдамдаған. Понос болады. Ұйқы безінің инкреторлық және экскреторлық қызметі төмендеген. Гипергликемия, стеаторея болады. Асқынған жағдайда науқаста бауырдың майлы дистрофиясы болуы мүмкін.

Бұлшық ет әлсіздігі. Бұл фосфирлену процесінің бұзылысына байланысты. Энергия көп жиналып, бұлшық ет оны пайдалана алмауынан ол жоғарылаған телопродукция ретінде жұмсалады.

5.Табылған клиникалық синдромдар: Артериялық гипертензия синдромы.Гипертиреоз синдромы. Жүрек жеткіліксіздігі синдромы.

6. Зерттеулержүргізу: қандағы ТТГ және тиреоидты (бос Т3 және Т4) гормондардың деңгейін анықтау, УЗИ, қалқанша без сцинтиграфиясы.

Жалпы қан анализі: анемия болуы мүмкін, лейкопения, лимфоцитоз

Биохимиялық қан талдауы: йод мөлшері жоғары, холестерин мөлшері төмендеген, кей жағдайда глюкоза жоғары, Трийодтирониннің (Т3) және тироксиннің (Т4) қандағы жоғары мөлшері.

УЗИ: қалқанша без үлкейген.

Сканограммада: Көлемінің үлкегенін, ошақтарды табуға көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет