Сабақ «Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері»



бет1/2
Дата17.02.2017
өлшемі305,84 Kb.
#9653
түріСабақ
  1   2
Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп

Ашық сабақ

«Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері»

Сынып: 7 «А»

Пән: Биология

Өткізген: биология пәнінің

мұғалімі

З.М. Мырзагожина


2015-2016 оқу жылы



Сынып: 7 «А»

Күні:

Пән: Биология

Сабақтың тақырыбы: Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлулар типінің құрылысымен танысу, түрлерін ажырату және адам, табиғат өміріндегі маңызы

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбие және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, кестелер, сызбанұсқалар, суреттер

Сабақтың барысы:

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, топпен жұмыс, жеке дара

Сабақтың түрі: қайталау

I. Ұйымдастыру кезеңі:(3 мин)

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:(3 мин)

Сөзжұмбақты шешіңдер:




1

 

 

 

 

 



















2

 

 

 

 

 

 

 













3

 

 

 

 

 

 

 

 










4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5




 

 

 

 

 

 

 










6

 

 

 

 

 

 

 













7

 

 

 

 

 



















1. Денесінде қылтандары болмайтын буылтық құрт.

2. Құрамы нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат.

3. Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт.

4. Әрі аталық, әрі аналық жыныс мүшелерінің бір құрттың бойында болуы

5. Көпқылтанды буылтық құрт

6. Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі.

7. Шұбалшаңның қанның түсі



Жауаптары.

1. Сүлік 5. Құмқазар

2. Гирудин 6.Нереида

3. Шұбалшаң 7. қызыл

4. Гермафродит

Оқушыларды 2 топқа бөлінеді. Бауыраяқтылар және Қосжақтаулылар.



ІІI. Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денсі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.

Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.

Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.

Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.

Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.



Ұлулар типі

Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Басаяқтылар



  • Бауыраяқты ұлулар класы.

Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік тееттін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошмармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын – жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз.


  1. жүзімұлу; 2 – тоспаұлу, 3 – жалаңаш шырышты, 4 – қошқармүйіз




  • Қосжақтаулы ұлулар класы.

Бұлар – Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. құрлықта кездеспейді. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып – жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған.


Мидия

Гребешок


Устрица


Айқұлақ
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет