Сабақ. Мағжан Жумабаев: «Алашта талай-талай ерлер өткен, Ерлерде Кенекеме кім бар жеткен»



Дата18.06.2017
өлшемі79,28 Kb.
#19407
түріСабақ
Кенесары Қасымұлына арналған «Арманда кеткен асыл-Ер» атты апталығында өткізілген ашық сабақ.

Мағжан Жумабаев:

«Алашта талай-талай ерлер өткен,

Ерлерде Кенекеме кім бар жеткен».

Сүйремей елін өрге, көрге сүйреп,

Ер емес, «ершіктер» ол елді еңіреткен.

Жалғыз-ақ Кенекем гой қайрат қылған,

Қазақты құтқарам деп қалың өрттен...

Арқада Бурабайдай жер болмайды,

Алашта Кеенекемдей ер болмайды.

Кене Арыстан мезгілсіз мерт болды гой,

Алашқа бұдан да зор шер болмайды.

Сабақ 11-сыныпта өткізілді.

Пән мұғалімі: Набиева Клара Абдикаликовна

Наурызбай төре кеткен соң,

Бастан ауды бағымыз.

Кенесары кеткен соң,

Иесіз калды тағымыз.

Бұлбұлдай сайрап жүр едік,

Байланды тіл мен жағымыз.

Артында қалған жетім ел,

Келіспей кетті сәніміз,

Ақырында әлеумет,

Осындай болды халіміз....

Нысанбай жырау

Сабақтың тақырыбы: «Кенесары-епті, өзіндік ерекшелігі бар саясатшы.»

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: 1930-40 жылдарында бүкіл Қазақстанды қамтыған ұлт-азаттық көтеріліс жайлы толық мағлұмат бере отырып, хан Кененің саясатшыл бейнесін ашу терең ойларына талдау жасай отырып, ірі қайраткер екендігіне тоқталу.

Дамытушылық: Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер жайлы білімдерін толықтыра отырып, қазақ халқының түпкілікті арман, ой-мұраттарын ашып көрсету, тәуелсіздік күнінің оп-оңай келмегеніне көздерін жеткізу.

Тәрбиелік: Туған еліне, өскен жеріне, Отанына деген ыстық сезімін тәрбиелеу. Отаншылдық (патриоттық) тәрбие беру.
Сабақтың түрі: диалог- «пікірлесу»

Сабақтың көрнекілігі: карта, бейнефильм «Астана», Кенесары хаттары, қосымша әдебиеттер.

Сабақтың жоспары:

І Кіріспе

ІІ Кенесары-епті, өзіндік ерекшелігі бар саясатшы.

А) Кенесары-айлакер, парасатты саясатшыл, қайраткер.

Ә) Кенесары-епті, терең ойлы, ой-пікірін білдіруден тайынбаған саясатшы.



І Кіріспе.

Патша өкіметінің отаршыл саясатына қарса азаттық күрес мәселелерін зерттеушілеріміз шын мәнінде енді қолға ала бастады.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың зерттеулерінде бұрынғы патша офицері А.К.Рязановты, академик М.П.Вяткинді атайды, аталған 2 ғалым С.Датов көтерілістеріне байланысты зерттеулерімен мемлекеттік сыйлыққа ие болып, тарих ғылымында жаңа белес табалдырығын аттаса, тарихшы профессор Е,Бекмаханов Кенесары қозғалысының көптеген мәселелеріне терең талдау жасап, тарихшыларға жаңа бағыт сілтеді.

Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс ХІХ ғасырдағы өлкеміздегі ең ірі көтеріліс еді.

Көтеріліс 1837-1847 жылдарды қамтитын бүкілқазақтық көтеріліс.

Кенесары-айлакер, парасатты саясатшыл, қайраткер.

Орынбор губернаторы, граф В.А.Перовский арқылы патшаға жеткізген хаты.

«Өзі бастаған азаттық қозғалысты тоқтатудың бірден-бір шарты-өлкемізде бекіністер салуды, қалалар тұрғызуды, округтарды ұйымдастыруды 35 жылға тоқтата тұру.»

2.Ұлытау мен Кішітау өңіріне сібір шептеріне әскер жібермеуіңізді өтінемін. Мәселені басқаша шешсеңіздер, біздің әйелдерімізбен балаларымыз ығысып қалады, патша ағзамға қызмет ете алмайды.

3. Осы хатымды қандыбалақ патша Николай-І-шіні «шахин-шах» (патшалардың патшасы) деп мадақтайды.

Мақсаты: қазақ өлкесіне қалайда болмасын Ресей әскерлерін жолатпау.

4. 1839 ж. І айында 16 да полковник Ладженский: «Бірінші» Бүкілроссиялық дара билеуші патша ағзамға, бүтін қырғызды билеген Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлынан.

«Тақсыр! Төмендегі жағдайға көңіл аударсаңыз өзімді бақытты санаймын. Сіздің ата-бабаларымыз, бізде-менің атам Абылай хан билей төстегенде халық тыныш өмір сүрді. Оған еш пенде қолын сұққан жоқ, екі жақта саудаласты, жайлы өмірді сақтады. Біздің елімізден ешкім алым-салық жинамайтын. Кейінгі кезде бізден салықты жөнсіз сыйыра бастады, әр түрлі жәбір көрсетуді сезіп отырмыз

Бұрынғы бейбіт келісімді бұзып, сіздің төмендегі бұрынғы басқарушыларыңыз, ақиқатты аяқпен таптай, барша қырғыз (қазақ) халқын Ресейдің уысында деп қарайды. Менің марқұм атам Абылайдың иелігіне кіретін өңірде сіздің адамдарыңыз сегіз дуан (округ) ашқанына қатты қынжыламыз. Барша қырғыз халқына қысымды тоқтату және бұрынғы тыныш өмірді қалпына келтіру үшін сізден, ұлы патша, өмірімізге қол сұқпауыңызды, сегіз дуанды және басқа да данамызда салған қоныстарыңызды жоюды өзіңізден өтінуді бақыт санаймын.»

Қорытынды:


  1. Кенесары терең ойлы-саясатшы. Басты тілек-тыныш өмір.

  2. Айлакер, нағыз шығыстық саясатшы. Бал тамған тілмен, баданадай тошайтар білдіру.

  3. Епті, өзіндік ерекшелігі бар саясатшы. Талабымдағы айбарлық- Менің марқұм атам иелігіндегі-құрылған дуандар, алым, салық т.б.-... бұдан былай көне алмаймыз....

Хат 4 талаптың орындалуын өтінумен аяқталады.

  1. Ақтау бекінісін жермен-жексен ету;

  2. Ақмола округін тарату;

  3. Далалық өңірдегі үкіметтің басқада қоныстарын жою.

  4. Қапаста отырган көтерілісшілерді босату.

Хаттың соңы: «Менің құлағымның шалғаны көршілеріміз Қақаш және Бұқара иеліктеріне жақындығымыз, біздің осы елдермен байланыстарымыз сіздерді сескендіретін тәрізді.»

(Оқушылармен пікірлесу)

2.Кенесары-епті, терең ойлы, өзінің ой-пікірін білдіруден тайынбайтын саясатшы.

Дәлел-Патша губернаторлары мен алмасқан хаттарынан;

1.а) Кенесары Сібір және Орынбор губернаторлары арасындағы кикілжіңді әрқашан көтерілістің мүрдесіне шебер пайдаланады. Сібір генерал-губернаторы князь В.Д.Горчаков Ресейдегі ең лауазымды ақсүйектер тұқымынан.

Мақсаты-бар мүмкіндікті іске қосып, қозғалысты тезірек қарумен жаншу.

Дәлел-Ресейдің соғыс министріне жодаған хатында (1840. 18.10.)

«Егерде қауырт шаралар қолданылмаса, Кенсары келесі жылдың көктемінде күшейіп алып, батыс округты қамттып, де бермей кете ме деп қорқамын. Қам жемей жата берсек, оны қолдайтын қырғыздардың көбейіп кететіні сөзсіз.»

Кенесары-«Ұлытаумен Кішітау өңіріне Сібір шептерінен әскер жібермеуіңізді өтінемін.»

2.ә) Сұлтан Әбділда-Абылайұлы (Кенесары)

Орынбор генерал-губернаторы граф В.А.Перовский империяның ақсүйек билеушілерінің бір кілегейі.

А.С.Пушкинге жақын

1836-1838 ж. Исатай тайманов көтерілісін күшпен басқан, алайда Кенесары басқарған жаппай халық көтерілісін күшпен басудың қиындығын түсінді.

Дәлеле-1842ж. 30.03. В.Д.Горшоковқа хаты: Кенесары «бүлікшіні» өзініңде жақтырмайтынын айта келіп, «Кеенсарыны шындығында менңіде алғым келмейді. Сұлтанды жазалауға ешбір қарсылығымызда жоқ. Алайда оған ауыр жала жабуға себептерде жеткіліксіз бе деймін.

Орынбор қырғыздары арасында оның бүлік шығарып отырғанын тіпті көре алмай отырмын.

Құрметті князь! 1841 жылы қазан айының 10-дағы 1842 жылы наурыз айының 21-мен қараша айының 17-дегі сіздің маған жазған хатыңыздағы сұлтанның Сібірдегі тонаушылыққа қатысы жөніндегі мәліметтеріңіз кейбір қайсақтардың сөздеріне негізделген; дәлелдеме ретінде оларға сүйеніп, шешім қабылдау жөн болар ма екен?»

Түйін:


  1. Граф В.А.Перовскийдің патша үкіметінің саясатына көзқарасы.

  2. Орынбор өлкесінің губернаторы ретінде қазақ халқының өмірі мен Қазақстандағы ахуалды жете түсінуі.

1842 жылы граф В.А. Перовский Орынбор генерал-губернаторлығынан босап, патшаның жақын нөкері (генерал адьютант) болып тағайындалады. Орнына-В.А.Обруиев.

В.А.Обруиевке тарихшылар сипаттамасы:

«Перовскийден айырмашылығы В.А.Обруиев қысқа ғана бойлы, арық келген шал еді. Даусы да жағымсыз, жұпыны киінетін, Николай заманындағы көне шинелін тастамаушы еді, оның жүріс-тұрысын төңірегіндегідер мысқылдайтын.»

Мақсаты: жоспарын князь В.Д.Горнаковпен үйлестіріп, Кенесары көтерілісін жылдам жаншу.

1843 ж. Обруиев жай Кенесарыны бүлікші деп жариялап, патшадан оған қарсы әскер жіберуге рұқсат алады.

Кенесары: Өз адамдары, сенімді өкілдерінен Обруиев шешімін білді, Торғай өзеніне қарай шегінді. Обруиевті өзімен келіссөз жүргізуге тұратын патша өкілі екенін танығысы да келмеді, оны «Орынборда отырған генерал» деп мысқылдады.

В.А.Обруиев: 1843 ж. шілде 29 да Кенесарыға хат жолдары. «Өткен жылдың қыркүйек айының 2-дегі хатымда сіздің Ресей өкіметіне қарсы қимылдарыңызды дәлелдейтін әр түрлі мәліметтерге көңіліңізді аударған едім... біздің мемлекетімізге өзіңіздің берілгендігіңізді көрсеткіңіз келсе, Орынбор шебіне жақындай көшіңіз, шекаралық комиссия нұсқаған өңірде ғана қоныстануыңыз жөн.»

- келіссөз жалғасып, уақыт ұту-күш жинау.

Кенесары-1841ж. 21 қарашада Орынбор генерал губернаторы В.А.Перовскийге өтініші-«Ұлытауда қыстап, Кішітауда жазда көшіп, өмір сүрудеміз, патша ағзамға қызмет етуге әрқашанда дайынбыз...»

Мақсаты-туыстарын азаттан құтқару.

1841 жыл қазанның 14 де Орынбор генерал губернаторы «Туыстарыңыз Нұржан Сашекинді, Ғубайдулла және Мақым Батырашұлын босатқанымыз-сізге деген құрмет. »

Осы хат қолыңызға тиісімен тәртіп бұзушылығыңызды тоқтатарсыз деп үміттенемін. Кешіктірмей хат жолдай отырып, император ағзамның еркін орындауға дайын екендігіңізді білдірсеңіз» Орынбор генерал губернаторы.

Күнімжан ханша тағдыры.

Кенесары бәйбішесі (ұлдары –Жапар, тайшық, Ахмет) 1844 ж-ауыл тұтқын.

1845 жылы сәуір айында ІІ-де еліне қайтарылады-Күнімханға сый-күміспен 60 сом;

Паршадан-кафтан, камшаттың бағалы терісімен көмкерілген киім-елшіл, талабы.

Кенесарыға хат:

Елшілік талаптарында естігісі келмеді;

Кенесары өзіндік ерекшелігі бар саясатшы емес.


  1. Түркістан өлкесінде ірі әкімшілік қызмет атқарған. «Кенесары барлық жаңа тәртіпке бойұсынбағандарды, әсіресе сұлтандарды өзіне тарта білді. Олар Кенесарыға семьяларымен, мал-жайылмдарымен қосылды, өздерінің елінің қожасы сезінді. Қазақ билеушісінің өзін қолдамаған руларын тонағанын, күшпен соңынан еріткенін, ешкім оған кедергі жасай алмағанын»-жазды.

«Қасіретке душар еткен қандыбалақ»

  1. Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай»-дастан

Он екі мың кісінің

Көбі дулат халқы екен.

Ерегескенде мұқату-

Хан Кененің салты еді.

Патшалық Ресей тегеуріні қатты екенін біле тұра, аумалы-төкпелі заманда алпауыт аузынан аман қалам ба деп, қазақ елінің еркіндігін аңсаған Кенесары Қасымұлы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып қана қойған жоқ, 1841 ж. қыркүйек айында қазақ руларының өкілдері ата-баба салтымен Кенесарыны ақ киізге көтеріп хан сайлады.

Кенесары жайлы дұшпандарыда жоғары баға бере білді.



Орынбор қаласының әкімі Н-середа «Кенесары өз сарбаздарының парасатты билеушісі бола білді. Оларды қанаттандырған рухани жігер-қуатын көрсе, Еуропа әскери қолбасшыларының кез келгені қызғаныштан күйіп кетер еді.»

1847ж-Қырғызстанға кірді. «Кезенген жаумен кескілесіп тұрып өлісуге шыдайтын ұл болмаса, сондай ұлды туғызып тұрған ел болмаса, қазақтың қай ісі өрге басар дейсің?!» Кенесары
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет