Сабақ Мақсаты : Балаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру



Дата28.06.2017
өлшемі20,09 Kb.
#20526
Тақырыбы: «Достық – асыл қасиет» тренинг- сабақ

Мақсаты: Балаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру. Адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққы, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу. Өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, әуендер, доп, сыйлықтар

Тренинг барысы:

І. Амандасу. «Достық торы» жаттығуы.

Балаларға шеңберге шақырып ойынның нұсқауымен таныстыру. Балалар шеңберге жиналады. Бір - біріне допты ұсынып, тілектер айтып «достық торын» құрастырады.

Мақсаты: ««Достық», «Өзара сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. 

ІІ. «Кел, ойланайық, пікірлесейік!»

1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Шын досты қалай білуге болады?

3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?

4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

ІІІ. Ойын «Достық неден басталады,достыққа не жарасады»?

Егер мен айтқан оймен келіссеңдер қолымызды көтеріп алақанымызды соғамыз, егер келіспесеңдер аяқтпен еденді ұрамыз.

-Достық танысудан бастала ма?

-Достыққа қамқорлық жараса ма?

-Достық төбелестен бастала ма?

-Достыққа мейірімділік жараса ма?

-Достық ренжісуден бастала ма?

-Достыққа адалдық жараса ма?

-Достыққа татулық жараса ма?

-Достық ұйымшылдықтан бастала ма?



-Достық бірліктен бастала ма?
IV. «Досқа сыйлық сыйлау» ойыны

Екі топтың әрқайсысынан бір ұл, бір қыз шығарылады. Досымызды ортаға жұппен биге шақырып әуен тоқтаған кезде орыңдықта тұрған сыйлықты жүгіріп әкеліп досымызға сыйлаймыз. Қай топтағы ұл сыйлықты бірінші сыйласа, сол жұп жеңімпаз атанады. Осылайша ойын жалғасады.
V. Рефлексия

Тренингтен алған әсерін смайликтер арқылы көрсету.
Каталог: uploads -> doc -> 04af
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04af -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы «Аяулым» ортаңғы тобы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет