Сабақ мақсаты: Қазақстанның көрікті жерлері туралы мағлұматтарын толықтырады; туристік бағытты құрастыруға не қажет екенін біледі



Дата30.01.2023
өлшемі14,61 Kb.
#166743
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабақ дүниетану


ұғалімнің аты-жөні: Байдилдаева Жанна
Пән/Сынып: Дүниетану 4 сынып
Күні : 05.05.2021ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің туристік маршурутым
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаты 4.2.4.1 - ақпараттың қолжетімді көздерін (ғаламтор, кітаптар, БАҚ) пайдалана отырып, жалпы Қазақстан бойынша туристік бағыт құру
Сабақ мақсаты: Қазақстанның көрікті жерлері туралы мағлұматтарын толықтырады; туристік бағытты құрастыруға не қажет екенін біледі;
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты тыңдау арқылы
үйрету Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
Сабақтың барысы
Кезеңдері Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Басы Жайлы ынтымақтастық ахуал қалыптастыру. А) Ұлы Жеңіске 76 жыл толуына байланысты құттықтау өлеңін оқу; Жеңіс дейміз жалауымыз желбіреп, Көктем күні нұрын төксе елжіреп, Тап осындай бейбіт күнге жеткізген Әкелер мен ағалар ғой ержүрек. Тыныштығым тұп-тұнық мөлдіресін, Елім деп ет жүрегің елжіресін. Жеңіс күні баршаға құтты болсын, Көк байрақ көк аспанда желбіресін. Тарихы бар әр тауымда әр тасымда, Қайтпас ерліктің нарқы осында. Әлемде біз бақытты елге айналдық, Бақадүр бабалардың арқасында. «Еркін микрофон» Алдыңғы білімді еске түсіру; Менің құқықтарым мен міндеттерім; Қазақстан азаматы ретінде қандай құқықтарға иесіңдер, кезекпен атап Оқушылар Ұлы Жеңіске 76 жыл толуына байланысты өлең оқиды Билет сұрақтарына жауап береді ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. Қызыл – 3-6 балл Сары -7-8 балл Жасыл – 9-10 балл құттықтау, ашық хат ҚР Конституция баптары
шығыңдар; Алғашкы Ата Заң (1993 жылы 28 ақпан). • Соңғы Ата Заңның қабылданған уақыты (1995 жылы 30 тамыз). • Қандай тәртіппен қабылданды? (Бүкілхалықтық референдум негізінде). 37-бап Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
Ортасы
Миға шабуыл... Туризм деген не? Турист деген кім ? Маршрут деген не? Мұғалім: - Бүгінде көптеген адамдар дүниежүзі елдерін аралауға саяхатқа шығып жатады. Алайда туристерге арналған дайын туристік бағыттар əрдайым кездесе бермейді, сондықтан көбісі өзінің саяхатына арнап туристік бағыт құрастырады. Туристік бағытты дұрыс таңдау үшін елдің көрікті жерлерінен хабардар болу керек. Қазақстан жері табиғат, тарих жəне мəдениет ескерткіштеріне өте бай.Туристік бағыт – туристер жүріп өтетін бағытты күні бұрын жоспарлау арқылы тарихи орындар мен мəдениет ошақтарын аралап танысуға бағытталған,сонымен қоса табиғат ескерткіштерімен танысуға байланысты жол. Бағытты туристік фирма немесе туристің өзі дайындайды. Егер туристік бағытты туристік фирма ұйымдастыратын болса, онда туристер экскурсия жетекшісінің қызметіне, сондай-ақ басқа қызметтерге, мысалы, көлік қызметіне ие болады. Бағыт кезінде туристер жаяу немесе атпен жүруі, велосипед, автокөлік, су көліктерімен қозғалуы мүмкін. Саяхатқа туристердің тобы немесе жалғыз турист шығуы мүмкін. 1 – тапсырма: Дескриптор -жауап береді жəне жауаптарын негіздейді, дəлелдер келтіреді. Туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты; Турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға; Туристік маршрут - туристің (саяхат кезінде) танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. ҚБ: . 1-10 баллдық жүйе Қызыл – 3-6 балл Сары -7-8 балл Жасыл – 9-10 балл
Еліміздің сан ғасырлық тарихы бар тарихи жерлері бойынша туристік бағыт жасамақпыз... 1- бағытымыз Киелі Түркістан болмақ... 2-бағытты Тараз жерінің - тұнған тарихына арнайық... 3-бағытымыз Маң дала, маңғаз дала – Маңғыстау өлкесінде болмақ... «Дереккөз» тәсілі қолданылады Әр өлкенің ғажайыптарын таныстыратын гидтердің қызметін пайдаланамыз. Гид (гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға; де мақсаттармен өту, қарау үшін белгіленген барлық географиялық мекендердің, болу объектілерінің тізбесін көрсететін жүру жолы; Гидтер: 1- бағыт Киелі Түркістан 2-бағыт Тараз жерінің - тұнған тарихы 3-бағыт Маң дала, маңғаз дала – Маңғыстау өлкесі жайлы таныстырылым дар жасайды...
Бекіту Дәптермен жұмыс. 1.Туристік маршрутты жоспарлау үшін қандай құралдар қажет? 2.Елордамыз Нұр Сұлтан қаласы бойынша туристік маршрут құрыңдар. Тапсырмаларды орындайды Қызыл – 3-6 балл Сары -7-8 балл Жасыл – 9-10 балл Дәптерге маршрут кесте сызу
Кері
байланыс Кері байланыс: «Білім сандығы» әдісі бойынша өткізіледі. Сабақтан бүгінгі алған білімдері мен үйренгендерін айтады.
Іздену
жұмысы Үйге тапсырма: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрастырған туристік бағытында көрген білген деректерімен бөлісуге дайындалып келу; Нұр-Сұлтан қаласы бойынш

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет