Сабақ мақсаты: Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу. Міндеттері



Дата01.04.2017
өлшемі71,57 Kb.
#12911
түріСабақ
Фамилиясы, аты – жөні: Айқынбаева Майраш Амировна

Білім беру мекемесінің атауы:№ 68 МИББ кешені

Тақырып: Өмірің өз қолыңда!

Сынып: 6

Құндылық: Дұрыс әрекет, сүйіспеншілік.

Қасиеттер:Адалдық, әділдік, шыншылдық


Сабақ мақсаты: Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу.

Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға адам бойындағы ізгі қасиеттері туралы ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығы туралы білімін кеңейту.

Дамытушылық: Әр оқушының өз мүмкіндігін танып дамытуына ықпал ету;
Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, рухани ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Өзін-өзі тану. Оқулық. 6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010.

(Интерактивті тақта,слайд музыка,бейне баян, карточка,кағаз,

Карындаш, маркер)




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Жағымды күйге келу

Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi: «Орманға ойша серуен»
(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастауға тыныштық керек).
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

(Жайлы, баяу музыка ойнап тұрады)

Сұрақ:-Балалар, қандай сезімде болдыңдар?

-Әсерлерің қандай болды?

Ой түйіні: Олай болса, ішкі тыныштығымызды сақтайық



Сабақ барысын талдау, ескертулер


Өзін-өзі тану. Оқулық. 6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010.
Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Денсаулықтың он құпиясы» Адам Дж.Джексон.

Сұрақ:

  • Денсаулықтың құпиясын іздеудің мәні неде?

  • Сүйіспеншіліктің денсаулыққа әсері қандай?

  • Денсаулықты ақыл-оймен байланыстырудың себебі неде?

Қорытынды:

Ендеше, оқушылар, жан саулығы тән саулығымен байланысты екенін ескере отырып, ниетімізді, жан дүниемізді таза сақтайық!



Бейне баян көрсетіледі.
Өзін-өзі тану. Оқулық. 6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010
Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint


3. Дәйексөз.

Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен.

Тағдыр қылды дегенді

Шығарамын сөзімнен.

С. Торайғыров.



Сұрақ:

1.Дәйексөздің мағынасын ашыңдар?



Қорытынды: Олай болса оқушылар, адами ізгі қасиеттерді бойымызға жинай отырып, өмірден өз орнымызды табуымызға тырысайық.

Өзін-өзі тану. Оқулық. 6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010
Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint


4.Әңгiмелеу, оқиға айту (әңгіме)

(Мұғалімнің сыйы)

Видеоролик бойынша өз ойларын, пікірлерін білдіру.



Сұрақ:

1.Видеороликтен қандай ой түйдіңіздер?

2. Өмір сүрудің мәні неде деп ойлайсыңдар?

3. Адамға жүктелген міндеттерге лайықты болу үшін қандай адамгершілік құндылықтар мен қасиеттер қажет?



Қорытынды : Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам өмірдің қызығын сезіне алмайды.

Қ. Мырза Әлі.


Интерактивті тақта


Презентация
PowerPoint


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Тапсырма:

1 топ «Болашағым» тақырыбында сурет салу.

2топ «Егер бастық болсам...»деген тақырыпта эссе жазу.

Дәптермен жұмыс



Қорытынды: Олай болса балалар, адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады, өмір сүруге талпынысы артады.


Өзін-өзі тану жұмыс дәптері.

6 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010


Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint


6.Топпен ән айту.

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

Қ-сы: Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!

2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.

Қ-сы: Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!
Қорытынды: Біз өз бойымыздағы жағымды қасиеттерімізді, ізгі ниеттерімізді дамыту барысында өзімізді тәрбиелей аламыз.


Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint

Музыка


7.Үй тапсырмасы.

№ 24-25 сабақ 87 беттегі Абайдың «он жетінші қара сөзін» оқып, мағынасын эссе түрінде жазып келу.



Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint


8.Соңғы тыныштық сәтi. Сергіту сәт.

«Айна» тренингі

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату

Мазмұны: Жүргізушінің нұсқауымен сыныптағы екі оқушы тақтаға шығады. Олардың біреуі отырғандарға қарсы тұрады, екіншісі артқы жағымен тұрады, сонда екі қатысушы бір-бірлеріне қарсы тұрады. Әрі қарай жүргізушінің ымдауымен сыныптағы бір оқушы келіп жаңағы артымен тұрған оқушының артқы жағына келіп тұрады, ал бері қарап тұрған қатысушы соңғы келген оқушының бойындағы қасиеттерін, қабілеттерін айтып, екінші қатысушыға жасырады (мұнда түр-келбетін, екінші есімін, оқу үлгерімін айтуға болмайды). Екінші оқушы артындағы оқушыны 3 мүмкіндік бойынша табуы керек. Осындай бағытпен сыныптағы оқушылардың көпшілігі тренингке қатысып шығуы керек.

Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен сүйіспеншілік пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет! Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!



Интерактивті тақта
Музыка бейне баянмен

Каталог: uploads -> doc -> 044c
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
044c -> Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme : Баубақша. Гүлзар. Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: Жаңа сабақ
044c -> Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау жолдары
044c -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар Сабақтың мақсаты: Білімділік: о қушыларға жұмбақтар туралы
044c -> Туынды ұғымының шығу тарихы туралы мәліметтерді оқыту әдістемесі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет