Сабақ мақсаты: Оқушылардың шындық туралы ұғымдарын кеңейте отырып, «ақиқат» құндылығының мәнін ашу; Міндеттері



Дата25.06.2018
өлшемі21,16 Kb.
#44191
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағының жоспары 


Мектеп №2 Аманқарағай орта мектебі Мерзімі:17.03.2017ж

Тақырыбы № 26: « Шындық шыңы - ақиқат»

Мұғалім: Мұхтарова Д.Д

Сынып: 6 Оқушылар саны: 19 
Құңдылық: « ақиқат»

Қасиеттер: шыншылдық, жақсыдан жаманды ажырата білу, өз-өзіне адал болу




Сабақ мақсаты: Оқушылардың шындық туралы ұғымдарын кеңейте отырып, «ақиқат» құндылығының мәнін ашу; 
Міндеттері:

Оқушылардың «шыншылдық» туралы түсініктерін кеңейту;

Оқушыларды жақсыдан жаманды ажырата білуге дағдыландыру;

Оқушыларды шыншылдыққа, жақсыдан жаманды ажырата білуге, өз-өзіне адал болуға тәрбиелеу;

Ресурстардыбыс жазба, бейне жазба, слайд,  

Сабақ барысы: 
Ұйымдастыру кезеңi. 
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.
Тыныштық сәті. Терең тыныс алу

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.  Жаймен көзіңізді ашуға болады.


3 мин

Үй тапсырмасын тексеру

«Шындық-шыңы ақиқат» тақырыбында 2 шумақ өлең құрастыру немесе эссе жазып келу

5мин

Жаңа тақырып: «Шындық шыңы – ақиқат»

Дәйексөз

Шындық бір сөз, өтірік мың сөз

Халық даналығы

Мұғалім бір рет дауыстап оқиды, қыздар бір рет, ұлдар ре, барлығы бірге қайталап оқиды.

Дәйесөзді дәптерге жазы алады.

5 мин

Әңгімелесу.Мұғалім сыйы

Шындыққа жетер жол қайда 
Ол кезде 6 сынып оқитын едім. 22-наурыз мейрамы болатын сол күні. Анам маған 10 000 теңге берді, қыдырып қайт қыздарыңмен саябаққа шығып деді.Негізі 5 000 теңге бермекші болған, бірақ ұсақ ақшасы болмай ,10 000 бере салды, жартысын қайтып әкеліп бер деген еді. Түсіріп алдым ба, ұрлатып алдым ба сол ақшаны жоғалтып алдым әйтеуір. Үйге келіп анама 
-Құрбым ақша сұрады , соған бердім деп өтірік айттым. Бірақ сұмдық қызарып кеттім, сол күннен бастап ішкенім ірің, жегенім желім болды. Арада бір апта өтеді анам: 
-Әлгі құрбыңнан ақшаңды алып келсеңші,- деп жіберді мені. Мен үйден шығып кеттім де, сәлден соң 
-құрбым үйінде жоқ екен ,-деп келдім. Сен өтірік айтып жүрсің қызым , мұның не дейді. Сол жерде жылап жібердім. Ол басынан ақша жоғалтып үйге келгенімді білгенін, құрбыма да қарыз бермегенімді білетінін айтып берді. Өтірік -өрмекшінің торына ұқсайды деді әжем. Бір өтірікті жабу үшін екіншісін айтасың, сөйтіп өріп кете бересің де өзің адасып қаласың ішінде. Сол оқиға еш есімнен кетпейді,өтірік шынымен де өрмекшінің торы секілді.Шындықты сол сәтте айтпағаным үшін іштей өкіндім. 

Сұрақтар:
1. Оқушы шындыққа жетер жолды неліктен таба алмады? 
2. Әжесінің айтқан сөзінен нені ұғуға болады? 
3. Өз-өзіңе адал болам десеңіз шындықты дер кезде айту қажет пе?

5 мин

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар 3 топқа бөлінеді

1-топ. Жалын

2-топ. Болашақ

3-топ. Сұңқар
Әр топқа карточкалар таратылып беріледі.Карточкада тапсырмалар берілген.Сол тапсырмалар бойынша жұмыстар жасайды.
1-топ. «Шындық» туралы өлең жолы беріледі. Бос нүктенің орнына қажетті сөздерді тауып,өлең жолдарын құрастыру керек.

Шындық

------------ көзге шұқиды қашаннан да,


Шыбын жаның ----------- қаша алған ба.
---- - --------  үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.
Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да,
Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.
Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,
-------------   алмасы суынған ба!
--------  -  ---  - шымылдық біреулерге,
Қалқа қылып ----------  жүрер пенде.
Шымылдығын ----------- кеп жұлып алса,
Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.
2-топ. «Шындық» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

Ш

Ы

Н

Д

Ы

Қ

3-топ. Жағдаятты талдап сахналау қажет.

Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек.
* Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Берілген тапсырманы орындап болғаннан кейін әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Бірінші топ құрастырған өлең жолдарын оқиды. Екінші топ құрастырған сөзжұмбақты қалған топтарға жасырады. Үшінші топ жағдаятты сахналайды(көрініс).
Тренинг
(Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды. )

10 мин

5мин

2мин


Топпен ән орындау

«Көңілді күн» Сөзі:Айгерім Қалаубаева

1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,

   Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

   Сенің думан тойыңның әнін естіп,

   Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

 

         Қ-сы:



   Бүгін қандай тамаша 

   Көңілді күн 3-рет

   Сені қуанышыңмен құттықтаймын 

   Бақытты бол, жан досым!

 

2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,



   Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

   Есігіңнен мен кіріп келгенімде

   Қуандың ау балаша мені көріп.

 

           Қ-сы:





2 мин

Үй тапсырмасы

Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.

2 мин

Соңғы қорытынды тыныштық сәті

\Баяу әуен қосылады\

Денемізді түзу ұстап, көзімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақтан не үйрендік есімізге түсірейік. Өздеріннің істеген іс-әрекеттеріңді еске алыңдар, егер де, дұрыс істемеген жағдайлар, өтірік айтқан кездерің болса, онда келесі жолы дұрыс істеуге, тек қана шындықты айтуды ғана ойлаңыздар.

Көздерімізді ашуға болады.

Барлықтарыңызға рахмет!

2 мин

Каталог: uploads -> 2018 -> post03
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы
post03 -> Мұнай және газ химиялық өнеркәсіптің дамуы
post03 -> Сабақ тақырыбы: Адамның дене мүшелері Қатысқандар саны: 25 Қатыспағаны: 0 Оқу мақсаттары
post03 -> Сабақ. Мен не үйрендім? Мұғалімнің аты-жөні: Молдамсеитова Г. О
post03 -> Сабақ №31 Мерзімі: Пән мұғалімі: Байжанова Бибісара Жолдасбекқызы Сабақтың тақырыбы
post03 -> Пәні: Ағылшын тілі Сыныбы: 9


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет