"Сабақ мақсатын дұрыс қою" Сабағымызды бастамас бұрын сіздерге сұрақтар ұсынамын



Дата08.02.2022
өлшемі2,15 Mb.
#121989
түріСабақ
Байланысты:
malysh-chitaet-knigu

"Сабақ мақсатын дұрыс қою"

Сабағымызды бастамас бұрын сіздерге сұрақтар ұсынамын.

  • Мұғалімдер сабақтың мақсатын қою оңай деп ойлайды. Сіз осы пікірмен келісесіз бе? Себебі?
  • Дұрыс қойылған мақсат оқыту тәжірибесін жақсартады деген пікірмен келісесіз бе?
  • Сабақты жоспарлауда қандай да бір қағидаттарға сүйенесіз бе? Неліктен?

Мақсат туралы пайымдау сұрақтары

  • Сабақтың мақсаты деген не?
  • Сабақтағы мақсат пен міндеттің айырмасы неде?
  • Мақсаттың негізгі қасиеттері, белгілері қандай болады?
  • Ол нақты ма? Өлшеуге келе ме?
  • Оқыту мақсатының оқу мақсатынан айырмасы бола ма?
  • Болса қандай?
  • Қазіргі оқыту тәжірибесінде оқыту мақсаттарын қою
  • тәсілдері қандай?

Мақсатқа байланысты негізгі ұғымдар

  • Мақсат – адам болашақта белгілі бір іс-әрекет негізінде қол жеткізетін алдын ала жоспарланған нәтиже.
  • Сабақ – мақсат қою мен мақсатты жүзеге асыру үдерістерін орындау барысы.
  • Мақсат қою – мақсатты тұжырымдау және оны ашып көрсету үдерісі.
  • Мақсатты жүзеге асыру – барысында мақсат ішкі ниеттен сыртқы әрекетке айналып, оның соңында түлкі нәтиже қалыптасатын үдеріс.
  • Мұғалім мақсаты – сабақ мақсатын әдістемелік тұрғыдан дұрыс тұжырымдап, оған жету құралдары мен жолдарын жобалау.

Мақсат қоюға қатысты жалпы талаптар

Мақсат қоюға бағытталған жалпы дидактикалық талаптар қандай?

Дәстүрлі дидактика бойынша білім берудегі мақсаттар мынадай болуы керке:

– диагностикаланатын;

– нақты; – түсінікті;

–саналы;

–күтілетін нәтижені сипаттайтындай;

–шынай.

Мақсат қою алгоритмі

Педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген оқыту мақсаттарын дұрыс қою талаптарын іске асыру немесе мақсат қоюа лгоритмі төмендегідей:

-Жағдайды талдау (оқу жағдайы);

-Сәйкесті құжаттарды есепке алу;

-Құжаттар негізінде қанағаттандыруы тиісті мұқтаждықтар мен қызығушылықтарды тағайындау;

-Оған қажетті ресурстарды айқындау;

-Тиімді әдістемелерді таңдау;

-Мақсатты тұжырымдау.



Оқыту мақсаттарын қою тәсілдері

Қазіргі оқытуда жиірек кездесетін оқыту мақсаттарын қою тәсілдері мынадай:

1)Мақсатты игерілетін мазмұнмен анықтау. Мысалы, параграф мазмұнын оқу, теореманы түсіну деген сияқты дәстүрлі сипаттағы сөздермен берілген мақсаттар. Ғалымдар бұл нақтылығы мен өлшенуі жағынан бұларды анықтау өте қиын деп санайды.

2)Мақсатты мұғалім іс-әрекетімен анықтау.

Мұндай мақсаттар оқушыларға таныстыру, көрсету деп келеді. Кемшілігі мұғалім өз жұмысына назар аударып, оқытудың нақты нәтижелерін назардан тыс қалдырады.

Оқыту мақсаттарын қою тәсілдері

3)Мақсаттарды оқушылар тұлғасының дамуы арқылы анықтау.

Бұл мақсаттар оқушылардың икемділіктерін қалыптастыру, танымдық дербестігін дамыту деп беріліп, жалпы білім беру мақсаттарын бейнелейді. Мұндай мақсаттарға бір емес, бірнеше сабақта да қол жеткізу мүмкін емес.

4)Мақсаттарды оқушылардың оқу іс-әрекеті арқылы анықтау.

Бұл мақсаттар орындау, жасау, деген сипатта беріледі. Мұндай мақсаттар сабақты жоспарлау мен өткізуде белгілі бір нақтылық береді.

Мақсат қоюда жіберілетін кемшіліктер

1.Мақсаттардың диагностикалық тұрғыдан қойылмауы. Бұл жағдайда мақсатты тұжырымдау мақсатқа қол жеткендігін дәл анықтауға мүмкіндік бермейді.

2.Жаһандандыру - оқушыларда адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу. Мұндай жағдайда мақсаттың нақты болмайтыны белгілі, себебі бір сабақта оған қол жеткізу мүмкін емес.

3.Мақсат қою деңгейін төмендету немесе аясын тарылту. Мұндай жағдайда әлеуеттік мүмкіндіктер бола тұра, әлсіз мақсаттар қойылады.

Мақсат қоюда жіберілетін кемшіліктер

4.Оқушыларға қызықсыз мақсаттар қойылуы. Мұндай жағдайда қойылған мақсат бүгінгі шынайы өмірмен байланыссыз,оқушылар қызығушылығы аясынан тыс,тәжірибелік мәні мен маңызы түсініксіз болады.

5.Мақсат қоюдағы жалпыламалылық. Мақсатты жалаң ұранмен алмастыру, мақсатты тілекке айналдыру да үлкен қателіктердің бірі болып табылады.

6.Мақсатты міндеттермен немесе тақырыппен алмастыру. Мұндай жағдайда мақсат күтілетін нәтиже емес, үдеріс немесе оның белгілі бір бөлігі ретінде беріледі.

Қате тұжырымдардың түрлері

Қателердің негізгі түрлері мен қате тұжырымдардың мысалдары

Мақсатты мазмұнмен алмастыру.

Мысалы: «Оқушыларды … (мазмұнмен) таныстыру»

Мақсатты әдіспен алмастыру. Мысалы:«Балаларға … (тақырыпты) айту, түсіндіру».

Мақсатты әрекетпен алмастыру. Мысалы:«Оқушылардың … (тапсырмаларды) орындауы»

Қорытынды

Қорыта келгенде, сабақтағы оқыту мақсаттын талаптары бойынша қою арқылы мұғалім басты назарды оқушылардың не білгеніне ғана емес, не үйренгеніне аудара алады және оқушылар мен сабаққа қатысқан мұғалімдер алдында қойылған мақсат пен қол жеткен нәтиже арасындағы байланысты ашып көрсете алады.

Сондықтан сабақтағы білімдік мақсатты ғана емес, тәрбиелілік және дамытушылық мақсаттарды да осы талаптары арқылы қоюға біртіндеп үйрену керек.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет