4-БӨЛІМ. ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ МЕН ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ
Сынып: 5
|
Мектеп: Екібастұз қаласы, №4 ЖОББМ
|
Тақырыбы: Төрт түлік
|
Мұғалім: Токтаргазина Эльмира Бериковна
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.Т/А6.коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогқа даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру;
5.Ж2.жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданады
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
диалогқа даярлықсыз қатысады, өз пікірін білдіреді
|
Кейбір оқушылар орындай алады: жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазады
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: Төрт түлік жануарлар туралы түсініктері кеңейіп, нақты ақпараттар алады
|
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопан ата, Қамбар ата, төрт-түлік жануарлардың шақыруы, жарнама, хабарлама, өркеш
|
|
Диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Келіңіздер! Көріңіздер! құрметті, басталуы, өтетін орны.
|
Алдыңғы оқу
|
«Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақтар қойылады
(Слайд арқылы көрсетіледі)
Төрт-түлік жануарларға қандай жануарлар жатады?
Қазақ халқының өміріндегі төрт түлік малдың рөлі қандай?
Төрт-түлік малдың қандай пайдасы бар?
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы
10 мин
|
«Сандықтағы суреттер» әдісі
Оқушыларға сандықтан суреттерді алу ұсынылады. Оқушылар суретті таңдап алғаннан кейін, топқа бөлінеді (түйе, жылқы, қой, ешкі, сиыр)
І топ: «Зеңгібаба» тобы
ІІ топ: «Ойсылқара» тобы
ІІІ топ: «Шопан ата» тобы
ІҮ топ: «Қамбар ата»тобы
Тапсырма
Берілген сурет бойынша ақпарат жинап, пирамида әдісіне салыңыз (ТЖ)
Пирамида мынадай бөліктерден болу керек:
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Коммуникативтік жағдаяқа сай одағай сөздерді тиімді қолданып, өз пікірін еркін білдіріп, диалогқа еркін түседі.
|
Сурет бойынша нақты ақпарат жинайды;
|
Бөліктердің реттілігін сақтайды;
|
Пирамиданы толықтырады.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |