Сабақ мақсаттары Дұрыс көпбұрышты үшбұрыштарды анықтамасын біледі



Дата25.12.2021
өлшемі70,63 Kb.
#105089
түріСабақ
Байланысты:
ср11, 1558034518, 1558034518, 03.02,21. 3-пар. Кәрімова Ботагөз , 03.02,21. 3-пар. Кәрімова Ботагөз , еңбексүйгіштік және отаншылдық

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Шеңбер. Көпбұрыштар



Мектеп: С. Меңдешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Беккалиева

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс көпбұрыштар олардың қасиеттері және симметриялары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.2.2. Дұрыс көпбұрыштардың анықтамасын және қасиеттерін білу


Сабақ мақсаттары

-Дұрыс көпбұрышты үшбұрыштарды анықтамасын біледі

-дұрыс көпбұрыштар қасиеттерін қолданып берілгені бойынша есептер шығара алады.

-дұрыс көпбұрыштардың қасиеттерін пайдаланып есептерді шығарып талқылайды және зерттейді


Бағалау критерийлері

Дұрыс көпбұрыштардын анықтамасын біледі.

Дұрыс көпбұрыштардың қасиеттерін біледі.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Дұрыс көпбұрыштардың қасиеттеріне есептер шығару жолдарын түсіндіреді

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- көпбұрыш түрлері;

- дөңес, дөңес емес көпбұрыштар;

- ішкі бұрыштарының қосындысы;

- сыртқы бұрыштарының қосындысы;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

-дұрыс көпбұрыштар....

-көпбұрыштар деп........

- көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы.....;

- көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы....;

- егер ... болса, дөңес көпбұрышты дұрыс деп айтуға болады.





Құндылықтарды дарыту

Азаматтық жаhандану, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу,

Пәнаралық байланыстар

Сызу. математика

Бастапқы білім


Көпбұрыштар периметрімен ауданы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


Ұйымдастыру кезеңі ( амандасу, оқушылар түгендеу, жаңа сабаққа бейімдеу) Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында төмендегідей «Крассворд» шешу.   (көлденеңнен) 



  1. Кез келген дөңес n-бұрыштың ... бұрыштарының қосындысы (n-2)*1800-қа тең.  (ішкі)        
    2. Егер көпбұрыштың кез келген қабырғасының созындысы көпбұрыштың басқа қабырғаларын қиып өтпейтін болса, онда мұндай көпбұрыш ...көпбұрыш деп аталады. (дөңес)
    3. Жай тұйық сынық сызықпен шектелген фигураны ... деп атайды. (көпбұрыш)
    4. Тұйық сынық сызықтың төбелері көпбұрыштың ... деп аталады. (төбелері)
    5. Кез келген сынық сызықтың ұштарын кесінділермен қоссақ ... сынық сызық шығады. (тұйық)
    6. Тұйық сынық сызықтың буындары көпбұрыштың ... деп аталады. (қабырғалары)
    7. Егер көпбұрыштың әрбір қабырғасы белгілі бір шеңберді жанайтын болса, онда бұл көпбұрыш шеңберге ... сызылған деп аталады. (сырттай)
    8.Егер әрбір төбесі белгілі бір шеңбердің бойында жататын болса, онда көпбұрыш шеңберге ... сызылған деп аталады. (іштей)                     

ҚБ: « Шапалак»                                                                    

Өзін–өзі тексеру

Әр топ рет бойынша бір-бір сұраққа кезекпен сұрақты оқып,жауабын тақтаға жазады.




Сабақтың ортасы


Көпбұрыштардың ішінде дұрыс көпбұрыштармен жеке танысу себебіміз табиғатта және техникада, тұрмыста дұрыс көпбұрыштар көп кездеседі және қолданылады. Оның көп кездесу себебі дұрыс көпбұрыштар симметриялылығымен ерекшкленеді. Әсіресе сәндік-әсемдік жұмыстарында, сәндік архитектурада қолданылады. Сондықтан дұрыс көпбұрыштарды білуге және сыза білуге адамдар ертеден құштар болған. Табиғаттың өзі әсемдікпен сәндіктен құралған екен. Химиядан білеміз бинзол молекуласы дұрыс алтыбұрышты кристалдар. Алманы қақ ортасынан кесіп бөл де, дәндеріне қара ,олар бесбұрыш құрайды. Қар ұшқындары алтыбұрышты мұз кристалдардан тұрады, сонымен бірге әрбір қар ұшқыны қайталанбайды. Бал аралар балды алтыбұрышты қуыстардан тұратын арнайы торда сақтайды, олар карез деп аталады.

Енді тақырыпты жазайық «Дұрыс көпбұрыштар»


Оқулықты ашып жаңа тақырыптағы анықтамаларды оқыңдар.
Топтарға ортақ сұрақ:
Дөңес көпбұрыштардың дұрыс болу шартын айтыңдар.
1. Барлық қабырғасы тең.
2. Барлық бұрыштары тең.
I топқа сұрақ:
Үшбұрыштың түрлерін айт. Қайсылары дұрыс көпбұрышқа мысал болады?

II топқа сұрақ:


Төртбұрыштың түрлерін айт. Қайсылары дұрыс көпбұрышқа мысал болады?

Екі топқа ортақ сұрақ: Ортақ қасиеттерін айт. (Жауап:Тең қабырғалы үшбұрыш және квадрат. Барлық бұрыштары және қабырғалары тең.)


Сұрақ: Қандай дұрыс көпбұрыштың түрлері бар екен? (Дұрыс көпбұрыштарды көрсетеміз.)
Көпбұрыштар қабырғалары көбейген сайын неге ұқсап бара жатыр? (шеңберге). Демек шеңберді сансыз көп қабырғалы көпбұрыш деуге болады екен.
Стреометриядағы геометриялық фигуралар дұрыс көпбұрыштардан жасалған:                  






2 мин


I топқа тапсырма

№384 


1) Дұрыс көпбұрыштың әрбір бұрышы 1350 болса, онда оның неше қабырғасы бар?

Шешімі:    (n-2)*1800  = 1350*n     (8)

№386

1)  Дұрыс көпбұрыштың әрбір сыртқы бұрышы 360 болса, онда оның неше төбесі бар?



Шешімі:   36* n=360     (10)                                 

II топқа тапсырма

№384

2) Дұрыс көпбұрыштың әрбір бұрышы 1500 болса,онда оның неше қабырғасы бар?



Шешімі:  (n-2)*1800  = 1500*n     (12)

№386


2) Дұрыс көпбұрыштың әрбір сыртқы бұрышы 240 болса, онда оның неше төбесі бар?

Шешімі:  24* n=360     (15)             

                    


https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/tortburyshtar/lesson/synyq-syzyq-kopburysh-zhane-onyng-turleri

14 мин

I топқа тапсырма. Бесбұрыш сызыңдар.

1) Ішкі бұрыштарының қосындысын тап.

2) Әр бір ішкі бұрышы неше градусқа тең екендігін тап.

3) Әр бір төбесіндегі сыртқы бұрышы неше градусқа тең екендігін тап.

4) Периметрі 30см болса, қабырғаларының ұзындығы неше сантиметр?

II топқа тапсырма. Алтыбұрыш сызыңдар.

1) Ішкі бұрыштарының қосындысын тап.

2) Әр бір ішкі бұрышы неше градусқа тең екендігін тап. 

3) Әр бір төбесіндегі сыртқы бұрышы неше градусқа тең екендігін тап.

4) Периметрі 30см болса, қабырғаларының ұзындығы неше сантиметр?          






Әр топқа бірдей сұрақ.

Табиғатта, техникада және тұрмыста кездесетін көпбұрыштарға мысалдар келтір. (құрақтар, шайбы, карез, қар т.б.)






Сабақтың соңы














Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?



1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет