Сабақ мақсатты-дамытпалы құрылым



Дата08.09.2017
өлшемі12,85 Kb.
#30779
түріСабақ
  • Сабақ -
  • мақсатты-дамытпалы құрылым
  • Бөлімі
  • Сабақ саны
  • Модуль мазмұны
  • Уақыты
  • Кіріспе
  • 1
  • Модульге кіру
  • Модуль мазмұнын түсіндіру
  • Оқулықпен жұмыс
  • 5 минут
  • 25 минут
  • 15 минут
  • Сөйлесу бөлімі
  • 2
  • 1. Оқулықпен жұмыс
  • 2. “Өрмекші” ойыны
  • 15 минут
  • 30 минут
  • 3
  • “Дауыссыз дыбыстар елінде” ойыны
  • 45 минут
  • Қорытынды
  • 4
  • Сынақ
  • 45 минут

Нені білуі тиіс :

  • ● Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері;
  • Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.

Нені үйрену қажет :

  • Дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме беру;
  • Дауыссыздардың жасалу жолдары.

Кіріспе бөлімі (модульге , тақырыпқа енгізу)

  • Модуль мазмұнын түсіндіру
  • Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Дауыссыз дыбыстардың қасиеттері :

  • Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды;
  • Дауыссыздар сөздерді буынға бөле алмайды;
  • Дауыссыз дыбыстардың кейбіреуінде ғана дыбыс желбезегінің аздаған кедергісінен пайда болған бәсең үн болады.
  • Қатаң дауыссыздар тек салдырдан жасалады : п, т, с, ш, к, қ, х, ф, ц, ч, щ, һ
  • Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыр басым : б, в, д, ж, з, г, ғ
  • Үнді дауыссыздарда салдырдан гөрі үн басым : л, м, н, ң, р, й, /у/.
  • Дауыссыз дыбыстар өз ішінен үн мен салдырдың қатысына қарай 3 топқа бөлінеді.

Дауыссыз дыбыстар жасалу орнына /дыбысталу мүшелерінің қатысына қатысына/ қарай былайша жіктеледі

  • Ерін дауыссыздар : б, п, м, /у/
  • Тіс дауыссыздар : з, с, ж, ц.
  • Тіл ортасы : й, к, г.
  • Көмей дауыссызы :һ
  • Тіс пен ерін дауыссыз
  • дар : в, ф.
  • Тіл алды дауыссыздар : ш, щ, ч, н, л, р.
  • Тіл арты дауыссыздар : қ, ғ, ң, х.
  • Тіл мен тіс дауыссыздары : т, д.

Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

  • Блум жүйесі
  • Білу
  • Түсіну
  • Қолдану
  • Талдау
  • Жинақтау
  • Бағалау

Білу

  • Мәтінді оқып, осындағы әр сөзде қанша дауыссыз дыбыс бар екенін анықтаңдар.
  • Адам ата-анадан туғанда, есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің аттқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. (Абай.)

Түсіну

  • Мәтінді көшіріп жазып, қатаң дауыссыздардың астын бір, ұяң дауыссыздардың астын екі, үнді дауыссыздардың астын ирек сызықпен сызыңдар.
  • Бүгін күн ерекше шайдай ашық. Аспанның көгілдірлігінен көз алмай қарай бергің келеді. Шап шақ қана терезенің шыныларында көптен бері сіресіп тұрған қырау жіпсіп, бусана бастады. Шатырдың етегіндегі еріген сүңгі мұздың тамшысы тырс-тырс естіліп тұр. Аспанның әсері ме, қар да аққудың көгілдіріндей әсем. Таудың өркештері қарайып көрінсе, қарлы шыңдары аппақ. Ақ жіпке қара моншақ тізгендей, ұзыннан ұзақ созылып жатқан әдемі тізбек. (Ш.Мұртаза.)

Қолдану

  • “Өрмекші” ойыны.
  • Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топ өздері отырған столдағы тапсырмаларды бірлесе отырып орындайды. Орындап болған соң, келесі столға көшеді. Осылай әр топ төрт столдағы тапсырмалардың бәрін орындап шығады.
  • Тапсырмалар:
  • І стол. Қатаң дауыссыздан басталатын қазақтың ұлттық киімдерінің, ұлттық саз аспаптарының аттарын жазыңдар.
  • ІІ стол. Ұяң дауыссыздан басталатын бірнеше биологиялық терминдердің атын жазыңдар.
  • ІІІ стол. Бірдей дауыссыздардан басталатын сөздерден тұратын сөйлем құраңдар.
  • ІҮ стол. Ұяң дауыссыздарға аяқталатын сөздер бар ма? Тауып көріңдер.

Талдау

  • Мақалдағы дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме беріңдер.
  • Оқуын тапса, білім қонар.
  • Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз.

Жинақтау

  • Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерінен бірыңғай дауыссыз дыбыстан басталатын өлең-жырлардан үзінді келтіріңдер.

Бағалау

  • Дауыссыз дыбыстар туралы грамматикалық ертегі жазыңдар.
  • Тест үлгілері Балама жауаптары бар тест.
  • 1. Дауыссыз дыбыстар сөздерді буынға бөле ала ма?
  • а) иә в) жоқ
  • 2. Дауыссыз дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырай ма?
  • а) иә в) жоқ
  • Қорытынды бөлімі
  • (бақылау)

Таңдамалы тест.

  • 1. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
  • А) ш, щ, ф, й
  • В) п, ц, ч, з
  • С) х, с, ж, р
  • Д) қ, к, т, с
  • 2. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдыңқатысына қарай неше топқа бөлінеді?
  • А) 2
  • В) 5
  • С) 4
  • Д) 3

Сәйкестілік тестісі

  • Дұрысын белгілеңіз
  • Қатаң а) п, т, с, к.
  • Үнді в) в, г, ғ, ж, з.
  • Ұяң с) р, л, м, ң.
  • Жауаптары :
  • а) 1а, 2в, 3с
  • В) 1в, 2с, 3а
  • С) 1а, 2с, 3в.

Толықтыруды қажет ететін тест

  • Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды ............................................................. дейміз.
  • Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, .............................................. пайда болады.

Қорытынды

  • Оқушының пәнге қызығушылығы артады;
  • Танымдық процестері (жады, ойлау, зейін) дамиды;
  • Белсенді сөздік қоры, ауызша және жазбаша тілі дамиды;
  • Шығармашылық қабілеті артады.

Каталог: uploads -> doc -> 0eba
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0eba -> Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев. Алатау Сілтемелер Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
0eba -> Сабақ тақырыбы: Химиялық өлшеуіш құралдармен танысу Сабақ мақсаты: Білімділік
0eba -> Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, жемістер Сабақтың барысы
0eba -> Сабақ тақырыбы: Тұрақты токты электр машиналары Оқу тобы: тж-14-9, тж-15-11 Өткізілетін күні: 13. 11. 2015


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет