Сабақ: Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып



Дата27.01.2020
өлшемі0,75 Mb.
#56566
түріСабақ
Байланысты:
Қазақ тілі мен әдебиеті 6-сынып 8-тарау 7-сабақ ҚМЖ 1-нұсқа
сор, сор, Қазақ тілі мен әдебиеті 6-сынып 8-тарау 5-сабақ ҚМЖ 1-нұсқа, Қазақ тілі мен әдебиеті 6-сынып 8-тарау 7-сабақ ҚМЖ 1-нұсқа, Қазақ тілі мен әдебиеті 6-сынып 8-тарау 7-сабақ ресурс 1-нұсқа (1), Қазақ тілі мен әдебиеті 6-сынып 8-тарау 7-сабақ ресурс 1-нұсқа (1), 3. КТЖ Қазақ тілі Т2 4 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы



Болашақ мамандықтары

А.Машанов «Жер астына саяхат» әңгімесі

Есейгенде кім боламын?


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.2.1 Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу.

6.5.1.5 Етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану.



Сабақтың мақсаттары

Мамандықтар туралы ойланады, сөздерді көптік формаға айналдырады, жіңішке, жуан сұрақтар құрастырады

Бағалау критерийлері

  • Тақырып бойынша диалог құрастырады

  • Ауыспалы келер шақ формасын сақтайды.

Дескрипторлар

  • диалог құрастырады

  • ұлттық сөз әдебін сақтайды

  • сөйлеу этикеті формаларын біледі

  • етістік шақтарын дұрыс қолданады

Құндылықтар

Мамандық туралы тәжірибе жинақтау, өзара құрмет, ынтымақтастық

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта визуалды материалды демонстрациялауға қолданылады

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, дүниетану

Тілдік мақсаттар

Болғым келеді, боламын, емдеймін, ұшамын, сұранысқа ие, қызықты, қажетті, арманым, қабілет, қызығушылық.

Осыған дейін меңгерілген білім

6.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру.


Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут


Айтылымалды тапсырма:

Сұрақ-жауап алаңы

- Қандай мамандықтарды білесіз?

- Қазір қандай мамандар сұранысқа ие?

- Болашақта қандай мамандар пайда болады?

- Өскенде сіз кім болғыңыз келеді?



Таныстырылым

Сабақтың ортасы

10 минут


20 минут


1-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз, ауыспалы келер шақтағы сөздерді тауып айтыңыз.

Мамандық таңдау

«Мен инженер боламын,

Жерден алтын табамын.

Жолын қуам әйгілі

Академик ағаның»,
-Деп Арман бір қуанды

Сергек, ұшқыр көңілмен.

Қоштадым да құп алдым

Бұл талабын оның мен.


«Мен ғарышкер боламын,

Жұлдызға ұшып барамын.

Жолын қуам атақты

Тоқтар сынды ағаның»,-


Деп Серік бір қуанды

Сергек, ұшқыр көңілмен.

Қоштадым да құп алдым

Бұл талабын оның мен.


«Мен дәрігер боламын,

Үлкеннің де, баланың

Қиналғанда қасына

Бірінші боп барамын»,


Деп ботам бір қуанды

Аппақ, адал көңілмен.

Қоштадым да құп алдым

Бұл талабын оның мен.


«Ал мен ақын боламын,

Сусылдаған қаламым.

Адамдардың жүрегін

Жырмен жаулап аламын»,


- Деді Қамбар қуанып

Аңқылдаған көңілмен,

Тұрдым іштей құп алып

Бұл талабын оның мен.

«Бірің алтын іздесең,

Бірің жазсаң өлеңді,

Жұлдыздардан біреуің

Жолдап жатсаң сәлемді.


Бірің болып дәрігер,

Емдеп жатсаң ауруды,

Құрмет тұтып қалың ел,

Сыйлап жатса бар гүлді,


Бәріміз де жейтұғын,

Ең алдымен нан керек.

Көтеруге ел туын

Қуат керек, әл керек.


Нан беретін баршаға

Жер маманы болам мен.

Барып жүрмін бақшаға

Агроном ағаммен.


Гүл егемін жеріме

Осындай ой бар менде.

Жер жемісін еліме,

Сыйлап өтсем арман не»,


- Деді Құрман ойланып.

Мен құп алдым айтқанын.

Ал өзім-ақ қой бағып

Дайындармын ет жағын.

(Тұманбай Молдағалиев)
Айтылым тапсырмасы:

Жағдаят. Мектепте мамандық таңдау тақырыбы өте қызықты ұсынылды. Мұғалім сендерге үй жұмысы ретінде болашақ мамандықтары туралы ойланыңыздар деді.

Тапсырма. Өз қызығушылықтарың мен қабілетіңді ескере отырып, «Есейгенде кім боламын?» тақырыбына жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. Етістік шақтарын дұрыс қолданыңыз.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Тақырып бойынша диалог құрастырады

  • диалог құрастырады

  • ұлттық сөз әдебін сақтайды

  • сөйлеу этикеті формаларын біледі

Ауыспалы келер шақ формасын сақтайды

  • Етістік шақтарын дұрыс қолданады


Тірек сөздер: болғым келеді, боламын, емдеймін, ұшамын, сұранысқа ие, қызықты, қажетті, арманым, қабілет, қызығушылық.



https://www.zharar.com/kz/takpak/10379-profession.html


Сабақтың соңы

5 мин



Рефлексия

«Менің термометрім» бойынша бүгінгі сабақтан алған дағдыларын көрсетеді. Олар стикерге аты-жөндерін жазып өз меңгерген деңгейі бойынша жапсырады.



Таныстырылым

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет