Сабақ мектепте оқыту жұмысын ұйымдастыруының негізгі формасы ретінде Сабақтың түрлері



бет1/6
Дата25.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#7873
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Дәріс №1. Географияны оқытуды ұйымдастыру формалары. 2сағат.
Негізгі сұрақтары:

  1. Мектепте географияны оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары

  2. Сабақ мектепте оқыту жұмысын ұйымдастыруының негізгі формасы ретінде

  3. Сабақтың түрлері


Географияны оқыту әдістемесі — педагогика ғылымның бір саласы. Оның зерттейтін негізгі пәні болып, болашақ ұрпақтарды кейбір ғылымдардың (геология, экономика, демография және тағы басқалары) элементтерімен байланысты физикалық және экономикалық географияның негіздерін оқыту қоғамдық процесі саналады.

Географияны оқыту әдістемесінің проблемалары. Географияны және экологияны оқыту әдiстемесi курсында оқытушы студенттердi алуан түрлi iскерлiктермен және әдiстеме ғылымының теориялық негiздерiмен, шығармашылық шешуге қамтамасыз ететiн алғашқы педагогикалық жаңа технология бiлiмдермен қаруландыруы керек.



Бұл әдiстеме курсы студенттердiң педагогика ғылымына, әдiстерін ойлауды, iскерлiктi жүйемен ұйымдастыруда, iскерлiктi жоспармен үнемдеп пайдалануды, ғылыми жұмысқа, географияны әдістемеге сай оқыту жолдарын қалыптастырады.

Географияны оқыту әдістеме курсы студентерді педагогикалық ғылымға, әртүрлі топпен жұмыс істегенде тәсілдерді ойлауға, алуан түрлі міндеттердіә әдіспен шешуге педагогикалық іскерліктерін, педагогикалық мамандану жүйесінде жүргізуге тек географияны оқыту әдістеме дұрыс бағыт бере алады.

Дидактика – педагогикалың бір саласы, оқыту үрдісіндегі негізгі теориялық ұйымдасуын, заңдылықтарын, принциптерін әдістерін зерттейді.

География пәнін мектеп курсында оқытудағы негізгі мақсат: оқушылардың адамның өмір сүру ортасы ретіндегі географиялық ортаға қатысты көзқарастары, принциптері мен тәртіп нормалары жүйесін және алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білу.

Географияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен: география, дидиктика, психология, философия т.б. байланысы. Географияны оқыту әдістемесінің практикамен байланысы. Әдістеме ғылымының зерттеу әдістері. Зерттеудің теориялық әдістері: жүйелілік талдау, типологиялық тәсіл, тарихи, салыстыру, математикалық тәсіл. Әдістер: мектеп практикасын оқып үйрену, алдыңғы қатарлы әдістерді қарастыру, педагогикалық эксперимент. Әдістемелік зерттеуді құру логикасы. Әдістеме ғылымының қазіргі кезеңдегі даму ерекшелігі: зерттеудің ғылыми-теориялық негізі. Оқушылардың географияны оқыту әдістемсі бойынша зерттеу жұмыстарына қатынасу жолдарын үйренулеріне толық мүмкіндік береді.

Білім беру мен тәрбиенің жалпы зандылықтарын дидактика пәні зерттейді. Жеке оқу пәндерінің әдістемелерінің дамуының басты себебі — дидактиканың ортақ зандылықтарының бұл мектеп пәндерінің білім беру мен оқытуының нақгы ерекшеліктерінен алшақ болып тұруы табылады. 
Географияны оқыту процесінің бірнеше ерекшелігі бар, оның басты себебі, жоғарыда айтылғандай - дидактиканың жалпы зандылықтары оқыту процесінен алшақ болуы, ол география ғылымның тек қана зерттеу әдісін, маңызын, проблемасын, пәнін көрсетеді. Сондықтан, мысалы, географияны оқыту әдістемесінің негізгі міндеттерінің қатарына төмендегі проблемалар жатады: біріншіден, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың табиғи-ғылыми негіздері туралы білімдерді сараптау; екіншіден, ғылыми географиялық зерттеудің маңызы мен проблемасына сәйкес келетін білімнің калыптасу әдісін зерттеп дайындау. Географияда картаның және картографиялық әдістің маңызы үлкен болғандықган, көптеген әдістемелік зерттеулер, картографиялық кұралдар жүйесін құрастыруға және олардың географияны оқыту процесінде қолдану әдісін дайындауға арналған.

Географияны оқыту әдістемесі келесі проблемаларды зерттейді:

1) оқыту мақсатын (неге оқыту?);

2) географиялық білімдердің мазмұнын(қандай тәсілдермен оқыту?);

3)оқытудағы әдістер мен түрлері (қалай оқыту?);

4) географияны оқыту құралдары (ненің көмегімен оқыту?);

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әдістемелік ғылымның келесі теориялық және әдістемелік проблемалары жанадан қарастырды: педагогика ғылымның жүйесіндегі орналасуы, практикамен байланысы, даму зандылығы, логикасы, зерттеу әдістері және әдістемелік зерттеудің иәтижесі. Тарихи-әдістемелік және салыстырмалы-әдістемелік зерттеулер кеңінен дами бастады. Бірінішінің зерттеу пәні болып география және әдістемелік ғылымдардың тарихы саналса, салыстырмалы-әдістемелік зерттеудің пәні болып шет елдердегі географияны оқыту әдістемесі келеді.
Білім - әдістемелік және басқа да ғылымдардың нәтижесі болып келеді. Бұл білімдерді практикалық жағдайда, бағдарламалар, атластар пен географияны оқытуда көрнекілік кұралдарды, сондай-ақ, мұғалімдерге арналған көмекші құралдарды басып шығаруда қолданады. Қазіргі кезде оқыту сапасына қойылатын жоғарғы талаптар бойынша, мұғалім сабаққа дайындалғанда, жалғыз ғана география окулығымен шектелмейді. Әдістемелік ғылым мұғалімге география пәннің мазмүнын, мақсат-мүдесін ашады, оны ғылыми негізделген білімдермен және тексеруден өткен әдістері мен түрлерімен таныстырады. Сонымен қатар, әдістемелік ғылым, мұғалімдерді оқыту құралдар жүйесі, түрлері, мазмүны және өлкетану мен сыныптан тыс жұмыстардың әдістерімен таныстырады.

Сондай-ақ, практика да әдістемелік ғылымның дамуына өте үлкен әсер етеді. Көптеген әдістемелік оның жұмыстардың әдістерімен таныстырады. Көптеген идеялар, мүғалімнің тәжірибесін оқыту, талдау негізінде және практикалық қажет тілегінен туындайды. Сол себептен пайда болған әдістемелік ұсыныстар мектептерде қолдана бастады.

 Еліміз тәуелсіздік алғалы жас қауымға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп жатқандығы айқын сезіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 науырыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Жолдауында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Оеспубликасында білім беруді дмытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті  кәсіби құзіреттіжеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруге назар салып айтқан болатын.

«Білім берудегі жаңа технология» АҚШ-та 40-жылдары пайда болды. Алғашқы кезде жаңа техникалық құрал жабдықтарды (инженерлік ақыл-ойдың жетістіктерін) оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мағанасында қолданылып жүрді. Кейінірек «Оқыту технологиясы» дегеніміз ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде оқыту қызметін оңайландыру мағанасы ие болды.

Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» оқытушының практикалық қызметіне іске асатын (моделі). Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі үздіксіз географиялық білім беру, оның алдына қойған негізгі мақсаты:


  • Біріншіден, адамдардың өмірінің әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасау;

  • Екіншіден, адамдардың өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен қызмет етіп, тез өзгергіш өмірге бейімделуіне жағдай жасау;

  • Үшіншіден, оқушыладың жаңалықтарды тез қабылдауын қалаптастыру. Жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету.

Жалпы білім беру жүйесіне енгізілген жаңалыққа оқушыладың білімін тексеруде:

- топпен жұмыс істеуді ұйымдастыру

- оқушының өзін-өзі тексеруі

-  оқушылардың бірін-бірі тексеруі

-  оқытудың модельді жүйесі

- дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану жатады

Соңғы жылдары көптеген мектептерде оқытудың жаңа формасы – блокпен сабақ беру іске асырылуда. Блок түрінде оқытқанда оқытудың арнайы міндеті, тәрбиелеу және дара тұлға тәрбиелеу бірден іске асады.

Оқу материалын блокпен немесе модульмен беру көптеген географиялық, экологиялық, экономикалық проблемаларды біртұтас беруге мүмкіндік туғызады.

Блок (модуль) ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасы негізінде жүргізіледі.

География сабағына қажетті көрнекілік, жаңаны тану ретінде де, ой немесе әңгімені елестету үшін де, аңғарымдылығын дамыту үшін де, материалды еске сақтау үшін де қолданылады. Көрнкілік құралдар оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа білімді хабарлаған кезде, кейде мұғалім жаңа білімді хабарлауы орнына (мысалы, кинофильмді көрсету, тәжірибе жасау); білімді орнықтыру жәнеіскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде сызбаларды сызу, кестелерді жасау, суреттемелерді орындау және т.б.; меңгеруді бақылаған кезде (мысалы, карта, кесте бойынша айтып беру, аспаптар құрлысын түсіндіру). Көрнеккілік оқушылардың жас ерекшілігін ескере отырып пайдаланылады.

Әлеуметтік тәжірибені, ақпараттарды игеруде, ұрпақпар арасындағы рухани құндылықтардың бір-біріне берілуін сақтауда, тұлғаны әлеуметтендіруде, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруде – білімнің орны ерекше. Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі дежан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі. Кез келген кәсіптегі  маманды  қалыптастыруда мамандыққа  сай  білім алу  қаншалықты  өткір  мәселе  болса,  сонымен  қатар  «жеке  маман  тұлғаны»  өзіндік  дамытуда  оны  шығармашылықпен  терең  іргетасын  дайындау  соншалықты  алғышарт.

Білім беру жүйесіндегі негізгі талап – сабақта білім берудің жаңа технологиясы әдістерін қолдана отырып, халықтық педагогикамен ұштастыру және оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын  деңгейге жеткізу. Соңғы кезде мектеп оқушыларының оқу пәндеріне деген қызығушылығы мен белсенділігі әр түрлі себептерге байланысты біршама төмендеп барады. Оқушы мұғалімнің сабақ кезінде берген материалдарын түсініп, келесі сабақта ең үлгірімі нашар оқушының білімі «үш» — деген бағаға сай келу керек екендігін өмір дәлелдеп отыр. Үлірімі нашар оқушыларды осындай дәрежеге жеткізу үшін сабақ кезінде мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас байланысы болу қажет. Сабақ кезінде әр оқушы пән мұғалімімен бірге сабақта берілетін материалдарды бірлесіп талқылап, тұжырымдап, қорытындылап және кейбір жағдайда мұғалімнің айтайын деген ойын әрі қарай жалғастырып отыратын күйге жеткен кезде ғана тақырыптың негізгі мазмұны түсінікті болуы мүмкін. Мұғалім мен оқушылардың байланысы 45 минут ішінде үзілмеуі  баланың пәнге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттырады. Оқу үрдісін мұндай деңгейге жеткізу үшін, мұғалім өз ісінде ең жоғарғы шеберлігін көрсетіп, бар ынта-шынтысымен әр түрлі әдістерді қолдана отырып сабақ өткізіп, маңдай терін төгуді қажет етеді. Көп жағдайда сабақтың жақсы немесе нашар өтуі мұғалімнің ұйымдастыру кезеңін дұрыс, біркелкі ретке келтірмегендігіне де байланысты.

Қазақстанда қазір білім берудің ұлттық моделін орнату жүріп жатыр. Бұл процесс білім беру парадигмасының өзгеруімен қатар жүріп жатыр (парадигма грек тілінен «мысал, үлгі». Теориялар мен әдістемелердің негізгі жетістіктерінің жүйесі үлгіге алына отырып білім және пән бойынша зерттеу практикасы ұйымдастырылуда.

Жаңа білім беру парадигмасы бала тұлғасын, білім, оқыту, тәрбиелеу арқылы дамытуды бірінші орынға қояды.Жалпы білім беретін мектептердегі жұмыс барысында болып жататын өзгерістер оқытуда, оқушылардың оқу әрекетінде де дәстүрлі түрлерін өзгертуді және жаңа түрлерін пайдалануды ұсынады. Бүгінгі күні теорияда және жұмыс практикасында оқыту-тәрбиелеу процесінің көптеген нұсқалары бар. Әрбір автор және орындаушы педагогикалық процесіне өзінің жеке ойларын, түзетулерін енгізеді. Соған байланысты әрбір нақты технология авторлық болып саналады.

Оқыту технологиялары -  жоспарлау, жүйелеу әдісі. Оқытудың тиімді формаларына жету  үшін  адамдық және техникалық ресурстарды меңгеру керек және олардың өзара байланысын ескере отырып білімді процесте қолдана білу қажет.

Оқыту технологиялары – оқыту мақсаттары тиімді іске асуын қамтамасыз етуі керек; әрбір педагог кез келген білім беру мекемесінде пайдалана алатындай болу керек; оқытудың жаңа технологияларының психологиялық мәні – оқыту үрдісін жоспарлау керек немесе оқыту психологиялық бағытталған болуы қажет.

Оқу процесінде қолданылатын ең тиімді  технологиялардың бірі – оқу жүйесі арқылы іске асатын педагогкалық технологиялар болып табылады. Бұл жағдайда оқу процесін  ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ өзгереді. Оның өзгеруі мектептің білім беру тұжырымдамасының згерімен байланысты. Сабақтың басты мақсаты – ұстаз оқушыларға білім беру кекрек болатын, ал мұнда оқушыларды өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге жүйелі түрде баулу  болады.

Қазіргі сабақтардың ерекшеліктері бірлесе жұмыс істеу атмосферасы, оқушылармен қарым-қатынастыағы өзгеріс, оларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру. Сондықтан да ұстаз сабақ барысында күшін оқушылардың танымдық әрекетін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсайды. Егер де сабақты шығармашылық бағытта өткізсе, сабақ біркелкі, күнделікті, жалықтыратындай болмайды. Ол әрекеттің әр түрлі формаларын қамтуы керек, сондықтан  сарамандық сабақты саяхат-сабақ, конференция –сабақ түрлерінде өткізуге болады. Осылайша, сабақты өзгертудің бір бағыты – сабақтың негізгі дидактикалық бағыттарының ерекшеліктері бойынша ғана емес, оның өткізу тәсілдеріне де байланысты.

Соңғы кезде сарамандық сабақтарды ойын түрінде өткізілетін сабақтар көп қолданылуда. Географияны оқыту әдістемесінде дидактикалық танымдық ойындар бұрыннан белгілі, бірақ бүкіл сабақта қолданылмады (тек психологиялық, физикалық шаршағанды басу үшін эпизодтық түрде қолданылды). Сарамандық сабақтардағы ойын әрекеттері танымдық әрекеттермен қатар оқу үрдісініңнегізі бола алады. Оқыту барысында ойындар әрқашан оқу материалдарымен байланыста болады, әрі оқушыларды қызықтыратын жағдай туғызады. Ол оқушыларға оқу мәліметтерін тез әрі жеңіл қабылдауға көмектеседі.

Дидактикада оқыту әдістемесі деп – мұғалімнің басшылығымен оқушылардың білім, білік, дағды, дүниетануы, танымдық қабілеттерін дамытуды айтамыз.

Қазақстан Республикасы «Білім беру» туралы заңы бойынша вариативтілік ұстанымды бекітілген. Педагогтерге, ұстаздарға оқытудың тиімді әдістерін пайдалануға, оқу процесін кез келген модель бойынша (авторлықты қоса) құруға мүмкіншіліктер жасалған.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде оқу-тәрбие жұмыстарының теориясы мен практикасында қолданылатын технологиялар мен оқыту жүйесінің төрт түрі ерекшеленеді:

1. дәстүрлі, негізінде ассоциативті-рефлекторлы таным теориясының тұжырымдамасы жатыр.;

2. тұлғалық-бағытталған, демократиялық және ізгіліктік принциптеріне негізделген;

3.коммуникативті, бұл педагогикалық бірлесе жұмыс істеудің негізін қалайды;

4. ойындық, оқыту мен тәрбиелеудің жеке және ұжымдық формаларымен үйлесетін танымдық әрекеттерді белсендіру принципі негізге алынған.

Ең жақсысы – көрсетілген оқыту жүйелерінің барлығы үйлесімді болуы керек. Бірақ қазір қоғамға ерекше, денсаулығы мықты, қызықты, ойшыл, тәуелсіз тұлғалар қажет. Осылайша, жаңа технологиялар оқыту процесін радикалды өзгертуі мүмкін. Оның мақсаты – оқушыларды оқу барысында қуанышқа бөлеу, жүректерінде өздерін бағалай білетін сезім тудыру болып табылады.

«Педагогикалық технология» түсінігі ғылыми күнделікті қолдануға терең енгенімен, мағанасы әр түрлі талқыланады.  Сонымен бірге барлық түсіндірмелердің түпкі тамыры біреу екнін байқауға болады. Ол мына дефинициядан байқалады: «Педагогикалық технология дегеніміз – бұл білім беру мақсаттарымен біріктірілген пән мен әдістемелердің күрделі және ашық жүйелері; оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемелері мен міндеттері өзара байланысты.».

Географияны оқыту барысында тақырыпты меңгеру деңгейі мына жағдайларда жоғарлайды:

- ойындар өткізу әдістемесінің теориялық негізін жасауда география курсының сызықтық-сатылық логикасы ескеріледі;

- ойындар мектеп курсындағы негізгі экономикалық және экономикалық-географиялық түсініктерді Ашу және қалыптастыру үшін өткізіледі;

- ойынды өткізу процесінде оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыратын  әдістер мен құралдар қолданылады;



- берілген иммитациялық ситуацияда шешем қабылдау ұстанымдары ашылады.
Өзін – өзі тексеру сұрақтары:

  1. Географияны оқытудағы мақсат пен міндет

  2. Географияны оқытудағы технологиялар

  3. Географияны оқытуда ұйымдастыру формалары

Дәріс №2. Географияны оқыту үрдісінде оқушыларда білім мен іскерлік қалыптастыру. 2 сағат

  1. Географияны оқыту үрдісінде қалыптасатын оқушылардың іскерліктері мен дағдыларының сипаты

  2. Географияны оқыту барысында оқу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері



Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.

Орта білім берудегі мақсаты: Өз бетінше білім алу мен оны практикада қолдану қажеттілігімен дағдыларын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға бағытталған;
Елбасы: «келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді», - деген еді. Олай болса, өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге де өз үлесімді қосуым керек деп ойлаймын. Шәкірт тәрбиесіне қажымай талмай еңбектеніп, Қазақстан атты мемлекеттің ертеңгі ұланын, азаматын тәрбиелеу басты мақсат екендігін түсіндім.
Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әр бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі. Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.
«Мұғалім дегеніміз – бұл қолына уақыт аралығындағы байланысты ұстаған алып, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш-қуат пен ақылды, талантты ашқан Колумб, барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе білетін Данагөй, жалынды сөздері жастарды ерлікке жетелейтін Шешен, дүниенің жанды сұлулығын көрсететін Суретші, жан-дүниенің бүкіл болмысын көре білетін адам», деп суреттегендей, білікті де, білімді ұстаз болу – үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті қажет етеді. Бүгінгі жас ұстаздардың ұлағатты ұстазға айналуына үлкен ізденістер мен шығармашылық шыңдалуы қажет.

География сабағын әңгіме, баяндау, тек түсіндіру арқылы оқыту айтарлықтай нәтиже бермейді. Баланы таң қалдыруды ұмытпа: “Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады” дегендей, оқушылардың оқу материалын оқып-үйрену кезінде таным белсенділігі жоғары болатын сабақтар білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Тиянақты білім беру, оқу үрдісін жандандыру түрлі әдіс-тәсілді таңдай білуге, қолда бар көрнекілікке, құрал-жабдыққа, т. б. көптеген себептерге байланысты. Көрнекілік сабақтың танымдық құндылығын арттырады. Сондықтан бүгінгі таңда оқушыны қолдағы сурет пен үлестірме қағаздар қызықтыра қоймайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан, география кабинеті толықтай интерактивті тақта, компьютермен жабдықталса, оқушының сабаққа қызығушылығын артары сөзсіз.

Компьютерлік презентациялар қолдану сабақты көрнекті және жан-жақты етіп, жаңа сабақты жақсы игеруге көмектеседі. Бірақ осының бәрін іске асырып отыруға кабинеттің жабдықталмауынан үлкен кедергі келтіріп отыр. Электронды оқулықтар да бүгінгі таңда оқушының сабаққа ынтасын арттырушы құрал болып табылады. Кейбір сабақтарды қысқаша осы оқулықпен түсіндіріп өтсең де, келесі сабақта оқушының өзгеше дайындықпен келіп отырғанын байқауға болады. Күнделікті әр сабақты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізу арқылы, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуға тез қол жеткізуге мүмкіндік туады.

1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;

3. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

4. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;

5. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

Географиялық білімнің маңызды көзі - географиялық картаны оқып, үйрену, географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру болып табылады. Бүгінде мектепте географиялық карта жоқтың қасы. Ал география сабақтарын картасыз елестету мүмкін емес. Картасыз өткен сабақта тек теориялық білім ғана алады, практикалық тұрғыда ол оның ешбірін жүзеге асыра алмайды.
«Көзбен көріп, қолмен ұста» дегендей, әр сабақта картамен жұмыс оқушының карта бетіндегі географиялық нысандардың есте сақталуына ықпал етеді. Мүмкіндігіне қарай оқулықтармен қоса, атластар мен жұмыс дәптерлері да бірге берілсе, оқушының картамен, кескін картамен жұмыс жасауына үлкен жағдай туғызар еді.

Географиялық білімді игеру процесінде географиялық құралдар, аспаптар басты рөл атқарады.

Жас ұстаз үшін керекті көмек түрлері

1. Онлайн сабақтары жиі өткізу;

2. Сабақтың тиімділігі мәселесі бойынша пәндік семинарлар;

3. География пәнінен қазақша оқу әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдар, есептер жинағы ;

4. Тәжірибе алмасу сабақтары ;

5. Білім мен біліктілік көтеру курстары;

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Бүгінгі таңда жаңа технологияларды сабақта қолдану мен тәжірибелі ұстаздар сабақтарын тамашалауға үлкен мүмкіндік – ол онлайн режиміндегі сабақтар болып табылады. Ол жас ұстаздардың үшін үлкен көмек. Сабақты жаңаша, түрлендіріп өткізуге деген белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

География пәнінен қазақша оқу әдістемелік құралдардың аздығына, оқушы үшін дидактикалық материалдардың және жұмыс дәптерлерінің аздығынан байланысты практикалық жұмыс тапсырмаларын мұғалімнің өзі құрастыруға тура келеді. Тапсырмаларды құруда оқу-әдістемелік құралдарын, «География және табиғат» басылымдарын, электрондық оқулықтарды, Интернеттегі ақпараттарды, т. б. ақпарат көздерін пайдаланудамыз. Көмекші құралдар көп болған жағдайда, жас ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек. Ал бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану. Жаңа инновациялық технологияларды қолдану мен тәжірибелі ұстаздар білімін жас ұстаздарға үлгі етуде, біліктілік көтеру курстары мен тәжірибе алмасу сабақтарының, семинарлардың орны ерекше.

География пәнін оқытудағы қиыншылықтарды жою – білім сапасын арттыруға, оқушының қызығушылық, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау қабілеттерін жетілдіре түсуіне жақсы әсерін тигізеді. Сонымен бірге, кейбір кедергілер мен қиыншылықтарға қарамай, саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін жас ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек.

Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы.

Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:

а) сөздік әдіс (білім негізінде ауызша сөйлесу немесе басылым сөзі жатады);

б) көрнекілік әдіс (көрнекіліктер, бақыланатын, зерттелетін нәрселер құбылыстар);

в) практикалық әдіс (оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігін арттырады);

Оқушылардың таным әрекеттері сипатына қарай ажыртылатын географияны оқыту әдістері: түсіндірмелі көрнекілік, репродуктивті, проблемалық баяндау, ішінара іздену және зерттеу. Әрбір әдістің міндеті оқытушы мен оқушылардың іс әрекеттері, географияны оқыту процесінде қолдану мүмкіндігі.

Оқытудың түсіндірмелі көрнекілік әдісі – оқшылардың білім алуын ұйымдастыру. Әдістің басты бағыты оқушының ақпаратты оқу құралдарын хабарлау арқылы игеруін ұйымдастыру және жақсы қабылдауын қамтамасыз ету. Мұндағы оқушының іс әрекеті берілген ақпаратты қабылдауға, оймен және есте сақтауға негізделген.

Репродуктивті әдістің басты бағыты - алған білімді қолдану мен пайдалнуды білу және дағдыны қалыптастыру. Оқушының әрекеті әртүрлі тапсырмаларды шешуде олардың белгілі бір жаттығуларды орындау амалдарына ие болуға, практикалық іс әрекетке алгоритіиге сүйенуіне тура келеді.

Проблемалық әдістің мақсаты – меңгеретін оқу материалдарына әр түрлі мәселелер мен әдістер және олардың шешімдерін ашып көрсету. Оқушының әрекеті дайын ғылыми нәтижені ойлау мен еске сақтаумен, қабылдаумен қатар шектелмейді, сондай дәлелдеудің логикасын бақылау, оқушының ойлау әрекетіндегі қозғалысты бақылауға да бағытталады.

Ішінара іздену әдісінің негізгі бағыты – оқушының үнемі дайындық үстіндегі мәселені өзіндік қою және мәселені шешуі. Оқушының әрекеті проблеманы қою және шешу жолын табуды меңгеру барысында оқушы белсенді қатысады.

Зерттеушілік әдіс – ғылыми таным әдістерімен қамтамасыз ету, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту және шығармашылық әрекетті ойдағыдай қамтамасыз ету, епті пайдалынатын білімнің тұрақталуын үйрету. Оқушының әрекеті олардың өз бетімен мәселе қойып, оны шешу тәсілін табумен аяқталады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет