Сабақ: «Мемлекеттік тіл -менің тілім!»



Дата22.12.2016
өлшемі46,56 Kb.
#4305
түріСабақ
Сыныптан тыс сабақ:

«Мемлекеттік тіл –менің тілім!»

Өткізген: қазақ тілі мұғалімі: Хумар Г.

 Сайыс сабақ 10 -11 сыныптар аралығында өткізіледі.



I.       Қазақстан Республикасының  мемлекеттік әнұранын айтып, сайыс сабағымызды бастаймыз.

II.    Сәлеметсіздер  ме балалар! Қалдарың қалай? Сайыс сабаққа дайынсыңдар ма? Алдымен сабағымызды бастамас бұрын, бір-біріміздің көзімізге қарап , бір-біріңізге сәттілік тілеңіздер!

III.  Ұйымдастыру кезеңі:

Тақырыбы: Мемлекеттік тіл –менің тілім!

Мақсаты: өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл –қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу. Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық этнос өкілінің ішкі мәдениетінің ажырамас тіліне айналдыру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, тіл туралы мәліметтер, т.б.

Мұғалім: Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар!

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз –қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі –тіл, бірі –ділің жүректегі»- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі ұраны да, тірегі де –сол елдің ана тілі болмақ.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар,» демекші, «Мемлекеттік тіл –менің тілім» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ғабит Мүсірепов тіл туралы былай деген: «Тілін білмеген түбін білмейді».

Сонымен, сайысымызға кезек берсек:

«Кім білімді, өнерпаз, білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші.

Әділқазылар алқасына тек әділдікті,

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші» деп бүгінгі 2 тобымыздың сайысын тамашалаймыз.



1-ші топтың аты: «Тапқырлар», 2-ші топтың аты: «Өнерпаздар».

Әділқазыларды таныстырып кетейік:

1.

2.

3.

Сайыстың белестерімен таныстыру.

1.    «Сәлемдесу» немесе таныстыру.

2.    Тақырыптық әңгіме құру.

3.     «Бәйге» (сұрақтарға жауап беру).

4.    «Шешендік өнер» (мақал-мәтелдер сайысы).

5.    «Білгенге –маржан, білмеске -арзан» (сұрақтарға жауап беру).

6.    Қазақтың ұлттық дәстүрлерінің бірін көрініс ретінде көрсету.

7.    Өнер сайысы.

1-белес. «Сәлем –сөздің анасы »таныстыру.

«Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді» дейді данышпан халқымыз. Бұл белесте әр топ өздерін таныстырады.

1.    «Тапқырлар» тобы

2.    «Өнерпаздар»тобы

2-белес. «Тақырыптық әңгіме құру» сайысы, 5 ұпаймен бағаланады. Берілетін тақырыптар бойынша әңгіме құру: «Қазақстан», «Наурыз», «Қазақ тіл і- мемлекеттік тіл».

3-белес. «Бәйге» (сұрақтарға жауап беру). Сұрақтар кезекпен беріледі. Бір топ жауап бере алмаса, келесі топтың жауап беруіне болады. Жауап нақты әрі тез болу керек. Әр сұрақ  5 ұпаймен бағаланады.

1.    Қазақстан өз тәуелсіздігін  жариялаған жыл? (1991)

2.    Тіл туралы заң қашан шықты? (1997)

3.    Диалог деген не? (екі кісінің сөйлесуі)

4.    Қазақ тіліне тән неше дыбыстар бар? (9)

5.    Үш би? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

6.    Алтын киімді адам қайда табылды? (Алматы облысы, Есік қорғаны)

7.    М.Әуезовтың атақты роман-эпопеясы? («Абай жолы»)

8.    «Қазақстан -2030» кітабының авторы? (Н.Ә.Назарбаев)

9.    Абылай ханның шын есімі? (Әбілмансұр)

10.  100 жасаған ақын (Ж.Жабаев)

11. Қазақтың тұңғыш этнограф ғалымы? (Ш.Уәлиханов)

12. Ұлттық музыкалық аспап? (Домбыра)

13. Қазақтың атақты кинорежиссері? (Ш.Айманов)

14. Діни мейрамдар? (ораза айт, құрбан айт)

15. Қобызда ойнаған күйші? (Қорқыт ата)

16. Абайдың шын аты? (Ибраһим)

17. Оқушы сөзінің синонимі? (Шәкірт)

18. Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады? (тез)

19. Тұрлаулы мүшеге не жатады? (Бастауыш, баяндауыш)

20. Жылқының иесі кім? (Зеңгі баба)

21. Тышқаннан қорқатын аң? (Піл)

22. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын түрі? (Ашық)

23. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?(Түркі)

24. Барыс септігінің сұрақтары? (Кімге,неге)

25. Біріккен сөзге мысал келтіріңіздер? (Аққала)

26. Жалаң сөйлемге мысал келтіріңіздер?(Қыс келді)

27. Мұғалім сөзінің синонимі? (Ұстаз)



4-белес. «Шешендік өнер». (Мақал-мәтелдер сайысы)

Бұл кезеңде мақал-мәтелдердің бірінші жартысын жүргізуші өзі айтады, сайыскерлер толықтырады. Бір ұпаймен бағаланады.

 Мақал-мәтелдер.

1.    Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2.    Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ

3.    Әркімнің өз жері –жұмақ.

4.    Білекті бірді жығады,

Білімсіз мыңды жығады.

5.    Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

6.    Ата –бәйтерек,

Ана- жапырақ.

7.    Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті .

8.    Мектеп –кеме, білім –теңіз.

5-белес.  Келесі сайысымыз – «Білгенге –маржан, білмеске - арзан» деп аталады.

Сұрақтарға жауап беру. Қазақтың бұрыннан келе жатқан салт –дәстүрлері. Осы сөздерді қалай түсінетіндеріңді айтыңдар. Белес 5 ұпаймен бағаланады.

1.    Сүйінші дегеніміз не?

2.    Байғазы дегеніміз не?

3.    Шашу дегеніміз не?

4.    Көрімдік беру дегеніміз не?

5.    Қыз қуу дегеніміз не?

6.    Бәйге дегеніміз не?



6-белес. Қазақтың салт-дәстүрлерін көрініс ретінде  көрсету. Керекті заттар үстел үстінде жатыр. Олар: қуыршақ, ала жіп, қайшы, шара су құйылған,  орамал. Белес  40 ұпаймен бағаланады.

 1-топ «Тұсау кесер» дәстүрін көрсету.

2-топ «Қырқынан шығару» дәстүрін көрсету.

7-белес.  Өнер сайысы. Әр топ өздерінің өнерлерін көрсетеді. Белес 20 ұпаймен бағаланады.

        Әділқазылар алқасы қорытнды жасап, сөз сөйлейді.

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту –бүкіл ата –бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп сүйе білейік  деп «Мемлекеттік тіл –менің тілім» атты сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Қош, сау болыңыздар!

Перекатное орта мектебі

Сыныптан тыс іс – шара

(10 – 11 сыныптар)


Мемлекеттік тіл – менің тілім




Өткізген қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі: Хумар Г.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет