Сабақ МҰҒалімге ақпарат  Тақырыбы: • Су, судың күйі, қасиеті Күтілетін нәтиже



бет1/15
Дата22.08.2017
өлшемі2,62 Mb.
#24587
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
11 сабақ


МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы:




• Су, судың күйі, қасиеті

Күтілетін нәтиже:




Білім

• Өмір сүру үшін адамға қажетті жағдайларды – судың қажеттілігі жөніндегі білімдерін еске түсіреді. Ғаламшардағы сұйық зат - су, оның күйі мен қасиетін сипаттайды.




Түсінік

• Судың күйі температураға байланысты өзгеретінін түсінеді. Судың әр түрлі қасиеттерін айырып таниды.




Қолданыс

• Су қасиетін анықтауға сарамандық жұмыс құралдарын әзірлейді. Тәжірибе көрсетеді.




Анализ

• Судың қасиетін ауаның қасиетімен салыстырады, қасиетінің түрлерін ерекшелейді.




Синтез

• Судың қасиеттері тәжірибеде дәлелденгенін түйіндейді.




Баға

• Су әр түрлі күйде де маңызды деп есептейді.

Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат блогы. (10 мин)

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин)

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы (15 мин)

ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы (10 мин)

V. Күтілетін нәтиже блогы (5 мин)

Оқыту әдісі: Танымдық, ішінара - зерттеушілік

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




• Бастапқы ақпарат береді, оқушыларға қажет болғанда көмектеседі, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын ұйымдастырады, қадағалайды.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:




• Белсенді танымдық.

Танымдық тапсырмалар:




• Сабақтың ЛТ, ЖБЕА және ИТр блогында беріледі.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:




• Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқулық материалын А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; ЛТ блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту; ЖБЕА блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ИТр блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




• Логикалық ойлау, ой қорыту, өздігінен және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, жұмысқа белсенді атсалыса білу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер: су буы, газ күйі, қасиеті

Ақпарат көздері:




1. Дүниетану. Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы.- Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013.-1 б., 3, 6-8 б.б.

2. Дүниетану: Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2-сыныбына арналған оқулық /Аймағамбетова Қ. А., Ким Н. А., Мырзақанова Г. Д.– Алматы: Алматыкітап, 2013.-104 б.

2. Дүниетану: Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2-сыныбына арналған оқулық /Аймағамбетова Қ. А., Идилова Т. С.– Алматы: Алматыкітап, 2009.-128 б.

3. Б. Л. Хаджиева. Дүниетану. Әдістемелік құрал.Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Алматыкітап, 2009. –


112 б.(3 б.)

4. Дүниетану: Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 1-сыныбына арналған оқулық /Аймағамбетова Қ. А., Идилова Т. С.– Алматы: Алматыкітап, 2012.-144 б.



Қосымша материалдар

1. Дүниетану: Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық /


К. Жүнісова, Қ. А. Аймағамбетова, З. Ф. Олейник– Алматы: Атамұра, 1998.-152 б.

2. Дүниетану: Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық / К.Жүнісқызы, Аймағамбетова Қ.А., Н.Нұрахметов – Алматы: Атамұра, 2001.-160 б.

3. «Негеш» балалар энциклопедиясы./Дитрих А., Юрмин Г., Кошурникова Р. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы».-1995.-336 б. -214-215 бб.

4. Б. Л. Хаджиева. Мен әлемді зерттеймін. Жұмыс дәптері. Алматы: Алматыкітап, 2012.-36 б.

5. Қ.А.Аймағамбетова. Мен және бәрі, бәрі, бәрі...: Қоршаған ортамен таныстыру. –Алматы: «Аруна» баспасы.-76 б.(42 б.)

6. Ә. Ысқабаев. 777 жұмбақ.- Алматы: «Ана тілі», ЖШС, 2002. -136 б. – 13 б.

7. Менің алғашқы энциклопедиям. / Құраст.: А. Ү.Сужикова, Ф. С.Лекерова,
М. Қ. Солтанғазина. Алматы: Алматыкітап. -2007.- 392 б.

8. Дүниетану. Бастауыш сынып оқушыларына арналған қысқаша анықтамалық.


1-4 сыныптар. / Құраст. В.П.Слепнева, Ауд. Р.О.Рақымбек. – Көкшетау: Келешек – 2030, 2012. - 158 б.(39-40 бб.)

9. Оқушы анықтамалығы. 1-4 сыныптар. Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2012-640 б, (514-515 бб.)

10. С. В. Кругликова. Дүниетану. Атлас - хрестоматия, 1-4 сынып. Алматы
«Pride Print», 2009.-26 б.-15 б.

11. Р. Б. Нұртазина, А. Д. Сейсенова. Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын! Алматы: Арман - ПВ. – 2006.- 14 б.

12. Орфографиялық сөздік / Құраст.: Н. Уәлиұлы, А. Фазылжанова, Қ. Күдеринова, Ғ. Әнес. – Алматы: Тіл білімі институты, 2007. – 480 бет.

13. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.



Сабақты бағалау:




• Оқушының оқу іс-әрекеті ол сабақтың технологиялық картасындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ИТр блогындағы тапсырманы және үй тапсырмасын орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.

Үй тапсырмасы:




  • Анаң жуылған киімді жайды. Біраздан кейін кепкен киімдерді жинап алды. Ойланшы! Оның бойындағы су қайда кетті? Түсіндіріп айт.

Бонус балл

  • Ертегіні өз қиялыңмен жалғастырып жаз.




САБАҚ БЛОКТАРЫ




і. аҚПАРАТ БЛОГЫ




Тақырып жоспары:

Еске түсіру. Адам өмір сүру үшін қажетті жағдайлардың ішіндегі судың маңызы.

1. Су – маңызды сұйықтық.

2.Табиғаттағы су күйі.

3.Судың қасиеті, оны анықтау жолдары.



Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд

Сабақтың мақсаты






3-слайд

Тақырып жоспары






4-слайд Еске түсіру. Сиқырлы тамшы Бейнежазба

Ертеде бір дәруіш ұзақ жолға шығады. Жүре-жүре шөл далаға кезігеді. Жолындағы құм төмпешіктерден өтеді. Ұзақ жолда құтыдағы суы таусылып, жолаушы - дәруіш әбден шөлдейді.

Амалы таусылып, не істерге білмей отырған дәруіштің көзі алыстағы ағашты шалады. Қураған кәрі ағашқа жақындап келеді. Дәруіш ағаштың басынан бұтағының дәл ұшында жиналып тамғалы тұрған су тамшысын көреді. Дәруіш есі шығып қатты қуанып кетеді. Су тамшысының жерге қарай тамғанын күтіп, біресе аузын, біресе қолын тосады. Тамшы тамбайды. Дәруіш енді жанталасып ағаштың өзіне өрмелеп шығады. Бұтақ басындағы мөлдіреген тамшыға қолын созып енді жете бергенде, тамшы жерге үзіліп түседі.

Дәруіш ағаштан секіріп түсіп, тамшыны іздеп есі шығады. Шөл қысып әбден ыза болған дәруіш тамшы тамған жерді жанталасып қаза бастайды.
Бірақ тамшыны таба алмай шұңқырдан шығып, ағаштың басына қарайды. Сол мезгілде бұтақта тағы бір мөлдіреген тамшы пайда болады. Дәруіш енді сол тамшының аузына тамғанын үлкен үмітпен күтіп отырады. Ал қазылған жерден су шығып, алдымен шұңқыр толады. Біраздан кейін су шұңқырдың ернеуінен асып шөл далаға тарайды.

Дәруіш болса өзі қазған жерге тамған тамшының сиқырлы тамшы екенін білген де жоқ.



Каталог: materialy -> bastaysh4
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
materialy -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
materialy -> Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: Мырқы Исаевтың шығармашылық мұрасы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
bastaysh4 -> Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы №120 жалпы орта мектебі кмм
bastaysh4 -> Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы №120 жалпы орта мектебі кмм
bastaysh4 -> Сабақ тақырыбы 63 + 37, 100 37 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
bastaysh4 -> «Алтыбақан» Қыз қуу
bastaysh4 -> Интеллектуалды ойын Бастауыш сынып мұғалімі: Г. Садирова


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет