Сабақ нөмірі: № Пән атауы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі Оқытушы аты-жөні



Дата25.06.2017
өлшемі108,81 Kb.
#19932
түріСабақ


Сабақ жоспарының конспектісі


Курс:

ІІІ

Топ:




Сабақ нөмірі:



Пән атауы:

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Оқытушы аты-жөні:




Мамандығы/

Біліктілігі:




Уақыты:




Өткізілетін орны:




Сабақтың тақырыбы:

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды оқыту

Қазақ алфавитіндегі әріптердің емлесін оқыту




Сабақ мақсаты:

  • Білімділік:

Оқушылар дауысты және дауыссыз дыбыстарды оқыту ерекшеліктерін үйренеді, жасалу жолдарымен танысады, қазақ алфавитіндегі әріптердің емлесі туралы туралы түсініктерін қалыптастырады.

  • Тәрбиелік:

Оқушыларға туған жерді қадірлеуге, халқына қызмет етуге, ақыл-парасаттылыққа, үлкенді сыйлап, кішіні сыйлауға, сөз қадірін терең ұғынуға тәрбиелейді.

  • Дамытушылық:

Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал етеді, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге, тіл байлықтарын ізденуге, ой қорытуға дағдыландырады.

Сабақ типі:

Білім, білік дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақ түрі:

Лабораториялық сабақ

Оқыту әдістері, тәсілдері, оқыту технологиялары:

Кіріктірілген технология, постер қорғау, табақ тарту әдісі, фишбоун, ментальды карта, топпен жұмыс, кластер, айналмалы бекет әдісі, бес саусақ тәсілі, сұрақ-жауап, таңдау әдісі

Қолданылатын дидактикалық материалдар, техникалық құралдар:

Интерактивті тақта, оқулықтар, сызбалар, ноутбук, плакаттар, маркерлер, тірек-сызбалар

Қолданылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Құлмағамбетова Б.К. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы, 1988

  2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992

Қосымша әдебиеттер:

  1. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001

  2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А. Санат, 1995

  3. Әлімжанов Д. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – А. 1966




Сабақ барысы

Уақыты

Сабақ барысындағы оқытушы

іс-әркеті

Сабақ барысындағы студенттің іс-әрекеті

Қажетті оқу-ресурстық құралдар

1

2

3

4

5

І.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация




  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

  • Оқу-құралдарын тексеру;

  • Топқа бөліп, топ басшысын сайлау.

Сөйлемді жалғастыр” тренингі

Жақсы өмір – бұл ...

Бақытты адам – ол ...

Мен адамдардың ... жоғары бағалаймын.

Менің өмірімнің маңызы мынада ...


Оқушылар сабаққа даярланады.

Қима қағаздағы берліген сөздерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.


Әр топ «Сөйлемді жалғастыр» тренингі бойынша ойларын айтады.


Оқулықтар


Қима қағаздар




ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (өткен сабақпен байланыс)




1.Фонетика саласы туралы түсінік

2.Фонетика саласын оқытуда басшылыққа алынатын принциптер


3.Фонетика саласын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері




І қатар

Оқушылар фонетика саласы туралы мәлімет береді.



ІІ қатар

«Фонетика саласын оқытуда басшылыққа алынатын принциптер» деген тақырыпта постер қорғайды



ІІІ қатар

Оқушылар «Табақ тарту» әдісін қолдана отырып, фонетика саласын оқытудың тиімді әдіс-тәсіл түрлерін ұсынады.


Слайд топтамалары

Постер


ІІІ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер




Сабақтың тақырыбы:

Қазақ алфавитіндегі әріптердің емлесін оқыту

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды оқыту

1 лабораториялық жұмыс

1.Дыбыстардың жіктелуіне тірек-сызба, кесте дайындау

2. Аралас сабақ типі бойынша «Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелуі» тақырыбында сабақ жоспарының құрылымын дайындау

3. 5-сынып оқулығындағы №277, №282, №286-жаттығуларды орындау
1. Дыбыстардың жіктелуіне тірек-сызба, кесте дайындау
1-тапсырма

Қазақ алфавитіндегі әріп пен дыбысқа байланысты ментальды карта үлгісінде тірек-сызба дайындау



2-тапсырма

Кластер әдісі бойынша дауысты дыбыстардың жіктелуіне тірек-сызба дайындау


3-тапсырма

Фишбоун әдісі арқылы дауыссыз дыбыстардың жіктелуіне тірек-сызба дайындау



2. Аралас сабақ типі бойынша «Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелуі» тақырыбында сабақ жоспарының құрылымын дайындау

Негізгі тақырыптар:

  1. Дауысты дыбыстар

  2. Дауыссыз дыбыстар

1-тапсырма

Үй тапсырмасын сұрау мен жаңа сабақты түсіндіру кезеңіне сабақ жоспарын дайындау.


2-тапсырма

Жаңа сабақты бекіту кезеңіне сабақ жоспарын дайындау.


3-тапсырма

Қорытынды, бағалау, бақылау, үй тапсырмасын беру кезеңдеріне сабақ жоспарын дайындау.



ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС
3. 5-сынып оқулығындағы №277, №282, №286-жаттығуларды орындау
277-жаттығу.

Төмендегі жұмбақтардың шешуін табыңдар.

Жұмбақтарда жасырынған затқа тән ерекшеліктерді айтыңдар.

Сөйлемдердегі қатаңнан басталып, қатаңға аяқталған түбір сөздерді теріп жазыңдар.


282-жаттығу. Дәл ортасындағы әріпті өзгерткенде әр түрлі мағыналы сөздер туатын дыбыстар тізбегін табыңдар.

286-жаттығу. Ұяң дыбыстан басталатын бірнеше биологиялық терминдердің атын жазыңдар.


Оқушылар лабораториялық жұмыстың тапсырмаларымен танысады.

Топ басшылары тақтаға шығып, тапсырма таңдайды.

1-тапсырма бойынша қазақ алфавитіндегі әріп пен дыбысқа байланысты ментальды карта үлгісін ұсынып, тапсырма береді.

Кластер әдісі бойынша дауысты дыбыстардың жіктелуіне тірек-сызба дайындап, тапсырма береді.

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуін фишбоун әдісі арқылы дайындап, тапсырма ұсынады.

Топ басшылары тақтаға шығып, тапсырма түрі мен тақырыбын таңдайды.
Әр топ сабақ жоспарын құрастырады. Сабақ жоспарында ұсынған әдіс-тәсілдерін талқылайды.

Әр топ жаттығу жұмыстарын орындайды.


Берілген жаттығулар негізінде тапсырмалар дайындайды.

Интерактивті тақта

Плакаттар
Оқулықтар


Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова

5-сынып, Қазақ тілі,

Алматы: Атамұра, 2015 ж

Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова

5-сынып, Қазақ тілі,

Алматы: Атамұра, 2015 ж


IV.Білімді бақылау, бағалау

«Айналмалы бекет» әдісі арқылы білімдерін бақылаймын.

Оқытушы бағалау парағын топ басшысынан жинап алады.




Әр топ тақырып бойынша өз пікірлерін жазады.

Топ басшысы сабақ кезеңдерінде белсенділігі, сұрақтарға дұрыс жауап беруіне байланысты ұпай беріп, жинақтап оқытушыға тапсырады.



Плакаттар

Қаламсап

Бағалау парағы

V. Қорытынды (рефлексия)




«Бес саусақ тәсілі» арқылы сабақты қорытындылайды.

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?




Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен айналдырып өтеді. Осыдан соң, олар сабақ туралы сұрақтарға жауап береді.


А4 форматындағы парақтар

VІ. Үй тапсырмасын беру

Теориялық тапсырма




Дауысты және дауыссыз дыбыстардың жіктелуі туралы ғалымдар пікірін жинақтау

Оқушылар үш бағытта берілген үй тапсырмаларын жазып алады.

Оқулықтар

Оқу құралдары

Практикалық тапсырма

Дауыссыз дыбыстар емлесі тақырыбында сабақ жоспарын дайындау

Шығармашылық тапсырма

Фонетика тақырыбына ертегі құрастыру

Студенттердің білім көрсеткіші:













Оқытушының өзін-өзі бағалауы:
















Каталог: uploads -> doc -> 0f2f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f2f -> 1 жүргізуші. Қайырлы кеш бүгінгі кешке жиылған қауым! 2 жүргізуші


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет